АО Қант туралы қазақша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:25, отчет по практике

Краткое описание

Сапаны басқару мәселесіне әртүрлі елдердің ғалымдары көптеген зерттеулерін арнаған, сапа менеджменті аймағында айтарлықтай тәжірибе жиналды. Сапа мәселесі жөнінде айта отырып,оның астарында ең жақсы қасиеттерді ғана таңдайтын тұтынушының бар екенін ескерген жөн.

Содержимое работы - 1 файл

АО Қант туралы қазақша.doc

— 170.00 Кб (Скачать файл)


КІРІСПЕ

 

Сапаны басқару мәселесіне әртүрлі елдердің ғалымдары көптеген зерттеулерін арнаған, сапа менеджменті аймағында айтарлықтай тәжірибе жиналды. Сапа мәселесі жөнінде айта отырып,оның астарында ең жақсы қасиеттерді ғана таңдайтын тұтынушының бар екенін ескерген жөн.

Біздің еліміздің кәсіпорындары қазіргі заманға сай сапа менеджменті жүйесінің әдістерін қолдану аймағында әлі де айтарлықтай артта қалуда. Алайда,сапаны жоғарылату,барлық деңгейлерде сапаға қатынас өзгермегенше мүмкін емес. Сапаны жоғарылату жөнінде ұсыныстар әртүрлі деңгейдегі басшылар ИСО 9000 стандарттын қолданбайынша іске аспайды.

ИСО 9000 - бұл жоғары сапалы өнімді (қызмет көрсетуді) өндіруге мүмкіндік туғызатын кәсіпорынды басқару жүйесі. ИСО 9000 сапа жүйесі құжаттарға толы. ИСО 9000 стандарты өндіріс процесінің ұдайы өнімділігін қамтамасыз етуге жүйенің тексерілуіне кепілдік беруге, өндіріс процесі өнімнің сапа аймағындағы, мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталғандығына қызметкерлерді сендіруге, онда қойылған ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін дұрыс шешімдерді қабылдауға бейімделуге, сондай-ақ барлық өндірістік процестердің көрнелілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ИСО стандарттарының негізінде сапа жүйесін енгізу нәтижесінде, кәсіпорындағы өнім сапасын қамтамасыз етудің барлық процестері басқарма бақылауына алынады. Жүйе басқарма әкімшілігімен қабылданған шешімдердің нақты орындаушыларына жеткізіліп, іске асуына кепілдік береді. Басқаша айтқанда, бұл басқарма әкімшілігінің қолындағы құралы және оның қолданылу тиімділігі, оны ұстап тұрғандардың біліктілігі байланысты. Көптеген ақпараттардың мәлімдеуінше, жүйені енгізгеннен бір-бір жарым жыл өткен соң, сапа айтарлықтай жақсарып, өнімнің өзіндік құны төмендей бастады.

Бүгінгі сапа менеджменті күрделі шет корпарациялармен орындалған. Ф.Б.Кросби, Э.Деминг, А.Фергенбаушның, К.Исикованың, Дж.Джурала, сонымен қатар ресейдің оқымыстылары П.Л.Чебышевтың, И.К.Венецковтың т.б.  зерттеу нәтижелеріне негізделген.

Статистикалық бақылау кетесі ішінара бақылау әдісіне негізделген. Атақты американдық оқымыстылар Э.Деминг, Дж.Джуран өндіріске статистикалық ыңғайлауды бір мезгілде белсенді насихаттаған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «Қант» АҚ кәсіпорнының даму тарихы

«Қант» АҚ ретінде 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. 1993 жылдың 17 ақпан айында шаруашылық субьектісі ретінде №10508 куәлігімен тіркеуге алынды. Устав облыстық Юстиция басқармасымен бекітілген. «Қант» АҚ заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Заңдарымен және өзінің Уставы бойынша қызмет етеді. «Қант» акционерлік қоғамының банкте есеп және басқа жеке шоттары, балансы, сонымен қатар кәсіпорынның атауы бар мөрі бар.

«Қант» АҚ қызметінің мақсаты өндірістік қызметінен пайда көру болып табылады. Оның негізгі өндіретін өнімі қант рафинатының ассортименті, жом, сірнелер және әктас. Кәсіпорынның қосымша өндірісіне электр энергиясын, жылу энергиясын, сығылған ауа мен химиялық тазартылған суды реттеу, өндірісті қамтамасыз ету (жылу энергия орталығы), тара материалдарын дайындау және жөндеу, темір - жол транспортының қызмет көрсетулері, механикалық жөндеу ұстаханасы механикаландыру цехы, электр цехы, жөндеу - құрылыс бөлімі және т.б.

Жалпы «Қант» АҚ даму тарихы 1932 жылдан басталды. Қаладағы ең бірінші өндірістердің бірі болып табылады. Ең алғаш рет 1932 жылы қаңтар айында құрылыс басталып, өндіріс қызметі тек 1937 жылдың ақпан айынан басталды.

Осы кезең аралығында акционерлік қоғамның аталуы сан өзгерді. Осыған сәйкес кәсіпорынның бағынатын орталығы да өзгеріп тұрды. 1932 жылдың қаңтар айынан бастап «КСРО халықтық құрылыс комиссариатының қант зауытын салу және монтаждау бойынша бүкілодақтық қант тресінің Әулие - Ата қант зауытының құрылыс конторы» - «Қант құрылысы» деп аталады.

1935 жылдың қаңтар айынан бастап «Әулие - Ата зауыты» - ҚазССР Оңтүстік Қазақстан облысының Алматы қант қызылша тресті болды.

1939 жылдың қаңтар айынан бастап, 1993 жылдың қазан айына дейін «Жамбыл қант комбинаты» болып аталынды. Қант кызылшасынан өнім өндірудің алғашқы жылдарында Жамбыл қаласынан басқа Меркіде және Талдықорғанда қант зауыттарының құрылыстары салынды. Ал қант зауытының алғашқы өнімі 1956 жылдың 9 ақпан айында өндірілді.

1993 жылдың қазан айынан бастап «Қант» акционерлік қоғамы болды. Ол «Қант орталығы» ЖШС- нен 5 жылға сенімділік басқармасының қол астында болды, мұнда келісімшарт ары қарай созылуына құқы сақталған. Бизнес - жоспар кәсіпорынның өзінде құрастырылмайды. Кәсіпорынды «Қант орталығы» шикізатпен қамтамасыз етеді: импорт қант шикізаттары және қант қызылшасы әкелінеді. Сонымен қатар, кәсіпорын өзін жеке тулғалармен, шаруа қожалықтарымен келісімшарт арқылы қант қызылшаларымен қамтамасыз етеді. Қызылшаны өңдеген ақысына өңделген өнімнің 30 % кәсіпорында қалады.

Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өңдеп, аз көлемде дайын өнім шығаратын салаға жатады және айтарлықтай көлемде ілеспелі өнім береді. Сондықтан, қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастырған жөн.

Қазіргі кезеңде «Қант» АҚ заманға сай технология, ғылыми технология, ғылыми техникалық жетістіктерді пайдалануды алғы мақсатқа қойған. Сонымен қатар, жыл сайын жұмысшы орындары аттестаттаудан өткізіледі. Кәсіпорынның қамтамасыз ету аймағының кеңеюіне байланысты зауыт аймағы да өсуде. Еңбек өнімділігін арттыру және еңбек тәртібін неғұрлым жеңілдету мақсатында қазіргі заманның талаптарына сай технология мен техникамен жабдықтау, өндіріске енгізу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

 

2 Өндірісті басқару құрылымы

«Қант» АҚ келесі құрылымдық бірліктерден тұрады: қант қызылша зауыты, рафинад зауыты, энергия цехы, механикалық шеберхана, темір жол көлігінің цехы, механизациялау цехы, жөндеу құрылыс бөлімі, шикізат бөлімі. Олардың бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан және қызметтерін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес атқарады.

Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеу аз көлемде дайын өнім шығаратын салаға жатады және айтарлықтай көлемде ілеспелі өнім береді. Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың калдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.

Кез - келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады: басқарылатын және басқарушы. Басқарылатын жүйе деп ретке келтіруді айтады. Басқару  ұйымдасқан жүйеге саналы түрде ықпал жасау оның белгіленген құрылыммен сақтау, қызметтік тәртібі мен мақсатын колдау түрлері заттарды басқару технологиялық процестерді басқару: адамдарды басқару, өндірісті (өндірістік ұжым-дарды) басқару.

Органдар (аппараттық болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар, орындаушылар) басқару техникасы (аппарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) басқарудың материалдық негізі болып табылады. Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістірілетін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны, автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.

Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымының, жекеленген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар талаптар практикада іске асыру құралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімлі практикалық негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қол жеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатысуымен өндіріске немесе қызметтік басқа да саласына ыкпал етеді. Жекеленген жұмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында басқару объектісінің алдында тұрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістердің мынадай топтары қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - әкім беру) әдістер және әлеуметтік - психологиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.

«Қант» акционерлік қоғамының басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:

Атқарушы директор - кәсіпорынның барлық өндірістік шаруашылық қызметіне басшылық етеді. Директорға техникалық директор, президент кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және коммерция бөлімінің басшысы бағынады.

Техникалық директор негізгі өндірісті және көмекші цехтардың жұмыстарын қадағалайды. Оған  құмшекер және шақпақ  кант зауыттарының бас инженері, жылу энергия цехы және ТВК, КИПиА басшылары, электроцехтар, теміржол цехы, жөндеу құрылыс учаскісі және механикаландыру цехы бағынады.

Бас бухталтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Ол шиикізаттық, материалдардың дайын өнім және оның сатылуын бағалайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім және орталық бухгалтерия бағынады.

Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның құқықтық мәселелерімен, келісімшарттарды, бұйрықтар, еңбек және өндірістік тәртібін кадағалайды.

Экономика бөлімінін бастығы - «Қант» АҚ-ның экономикалық жұмысын атқарады. Бұл бөлім өнімді өңдеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есептерін құраумен айналысады.

Бас аграном - шикізат бөлімі және шикізат зертханасын кадағалайды. Қант қызылшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары - қызылша өндірушілермен келісімшартқа тұрады.

Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Өткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады. Кадрлар бөлімінің бастығы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл бөлімге жұмысшылардың жеке құрылымының және жұмыс уақытының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.

 

 

29

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - «Қант» АҚ басқару құрылымы

29

 



3 «Қант» АҚ өндірістік ұйымдастыру құрылымы

«Қант» АҚ негізгі және қосымша өндірістік құрылымнан тұрады.

Өндірістің негізгі құрылымына қызылша қанты мен рафинад зауыттары, сонымен қатар, электр және жылу энергиясының, суды химиялық тазалау жатады. Онымен жылу және энергия цехы айналысады.

Жылу энергия цехы зауытқа және басқа объектілерін жылу жәнс энергиямен қамтамасыз етеді. Ал «Қант» АҚ- ның қосымша өндірістік құрылымына темір жол транспортының цехы (ТЖТ цехы), механикаландыру цехы, қант шикізатын тарасыз сақтау қоймасы (КШТСК), механикалық жөндеу бөлімі (МЖБ), құрылыс жөндеу бөлімі ( КЖБ) жатады.

Темір жол транспорты цехы зауытқа түсетін барлық жүктерді тасымалдаумен айналысады. Бұл цехтың жұмысшылары жүктерді тиеу -түсіру жұмыстарымен айналысады және темір жолдарын жөндейді.

Механикаландыру цехы негізгі өндірісті және барлық қосымша цехтарды, бөлімдерді автотранспорттарымен жабдықтайды. Сонымен қатар жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізіп салады, ал жұмыс күнінің соңында үйлеріне тасымалдайды. Қант шикізатын тарасыз сақтау қоймасы импортты қант шикізатын қабылдау, сақтау және оны қант зауытына жеткізумен айналысады.

Механикалық жөндеу бөлімі негізгі өндірісті және қосымша цехтар мен бөлімдерді қамтамасыз етеді, яғни, зауыт пен цехтардағы құрал - жабдықтарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді.

Құрылыс жөндеу бөлімі өндірістік корпустарда, басқа ғимараттары мен цехтарда, басқару ғимаратында жөндеу жұмыстарын жүргізеді. «Қант» АҚ еңбекті қорғау мақсатында медициналық пункт және асхана бар. Олар тәулік бойы қызмет етеді.

 

4 Қант қызылшасын және қантты өңдеу бойынша технологиялық режимі

Тазартылған тұнба қызылша қант зауытынан рафинад зауытының аппараттық зауытына түседі. Тұнбаның температурасы 80%, құрамында құрғақ зат мөлшері 53-55%. Технологиялық  процестегі  сапаны   бақылау 1 –кестеде берілген. Ол келесі операциялардан тұрады:

Өндіріс қайтарымын қолдану:

Рафинад өндірісінің қайтарылымындағы, рафинад ботқасының майын, қалдықтарын, қантты жасауда қолданылатын аппараттарды жуғаннан кейін жиналған суды қабылданған технологиялық жүйе бойынша қайта өңдеуге шұғыл жіберу керек. Егер қайтарылған сұйық сироптардың қышқылдығы төмендесе, сода ерітіндісі енгізіледі. Себебі, ерітінді сироп қышқылының құрамы рН 7,7-7,3 болуы керек. Жиналған жуынды қалдықты аптасына 1 рет формалин ерітіндісімен залалсыздандыру керек.

Рафинад ботқасын тасымалдау:

Центрифугадан алынған рафинад ботқасын шелекпен тасымалдайды. Зауыттың жоғары қабатында рафинад ботқасын құйғыш елегіші бар бақылаушы барабан элеватор орналасқан. Жеке кесектер көлденең тармақ арқылы қазанына жіберіледі. Электен өткізілген рафинал кесектерін ленталық контейнермен ж\әне болат тармақпен пресстеуші бөлшектеуші цехқа жібереді. Лентадан қажетті мөлшерін өлшеп алу үші әрбір процесске оң және сол жақтары конвеерлі айналмалы пышақ орналастырылады.

Информация о работе АО Қант туралы қазақша