Алеуметтик салык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі – шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
I. НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ-
-----------------------------------------------------------------------------------------------5
1.1 Әлеуметтік саясаттың экономикада алатын орны--------------------------5
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты--------------------------13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------15
2.1.Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың атқаратын қызметі-
----------------------------------------------------------------------------------------15
2.2.Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ахуалы, қабылданған бағдарламалар -----------------------------------------------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ------------------------------------27
ҚОСЫМШАЛАР-------------------------------------------------------------------------28

Содержимое работы - 1 файл

макро.docx

— 63.39 Кб (Скачать файл)

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ  НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ  ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

      2.1 Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік  саясаттың қызметі

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты –  қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір  бағыты. Ол  елдегі  жалпы  экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады.

Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады.

Екінші  жағынан әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп, жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.

Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік  саясат  қоғамның әрбір  мүшесіне заңды түрде анықталып  бекітілген  тұрмыс  деңгейін  қамтамасыз  ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттік принципі іске асады.

Нарық жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүмкіншілігін толық іске асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті болады.

Әлеуметтік  саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды. Халықаралық жіктеу әдісіне сәйкес тұрмыс деңгейін өлшеп-сипаттайтын көрсеткіштер құрамасы мынандай: жиынтық ұлттық өнімдегі (ЖҰӨ) тұтыну қорының үлесі; Ұлттық табыстың жалпы көлемі және халық санына бөлініп есептелген деңгейі; азық-түлік пен өндіріс өнімдері бойынша анықталған нақты тұтыну  стандарты; еңбек жағдайы және еңбекпен қамту деңгейі; денсаулық сақтау және білім беру саласының жағдайы; әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру салаларының даму деңгейі; тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы; тұрғын үймен және тұрмыс қызметтерімен қамсыздандыру деңгейі; коммуникацияның дамуы; экология және адамның өмір сүру ортасының жағдайы және басқалар.

   Енді тәуелсіз Қазақстан мемлекеті ұстанып отырған әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын қысқаша қарастырамыз. Тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының ясы аясында 1997 жылы жүргізілген Зейнеттік реформа елдегі халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастырудың институционалдық алғышартын құрды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлуге негізделген, құрамына мемлекеттік бөлу және жинақтау кіретін әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі енгізілді. Осы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті түрлерін ынталандыру үшін қажетті шаралар да айқындалған.

Әлеуметтік саясатта келесі принциптер қолданылады: орталық Үкімет пен жергілікті әкімшіліктер арасындағы әлеуметтік саясатты жүргізу міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып анықтау; әлеуметтік нормативтерді есепке алып, әр деңгейлі бюджет жүйесін жасау; әлеуметтік нормативтердің негізі ретінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандырулардың мемлекеттік стандарттары  алынады; әлеуметтік қызмет көрсетуші мекемелер мен ұйымдарды мемлекет иелігіне алу немесе жекешелендіру; әлеуметтік қызмет көрсетуде монополиялық жағдайды жою, арнайы рұқсат беру қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында  арнайы  статистикалық  бақылау  және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімдік даму  стратегиясында  халықты  әлеуметтік  қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші  кезекте тұрған негізгі  әлеуметтік мәселе  ретінде атап көрсетілген. Статистикалық  мәліметтер  бойынша  Қазақстанда  Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2011 жылғы 2 тоқсанда 5,9% (972,6 мың адамды) құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 2,3 пайыздық тармаққа төмен. Ауылдық жерлердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі қалалық жерлердегі табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейінен төмен халықтың үлесінен 3 есеге артты және 9,5% (716,4 мың адамды) құрады.         Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында  күрделі де  қарқынды  өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Осы құрылымдық  даму стратегиясы  бір – бірімен байланысты жалпы  ұлттық экономикалық, әлеуметтік және  технологиялық мақсаттар мен  міндеттердің  орындалуын көздеген. Қазақстанда  еңбек  сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс  салаларын  қалыптастыру  және  дамыту; ауыл шаруашылық  шикі заттарын терең  технологиялық  өңдеу және  түпкі  өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан  басым түрде  қолдап – дамыту  мақсаты және міндеті  анықталған. Бұл міндетті  іске асыру: 

  • біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
  • екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және  жалпы экономика тиімділігі артады;
  • үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады;
  • төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.

        Әрине бұл Қазақстанның  ұзақ  мерзімдік  әлеуметтік – экономикалық  және құрылымдық  даму бағдарламасы  екені  түсінікті. Ал нақты   әлеуметтік  жағдайлар, оның ішінде, жұмыссыздықпен табыс табу  мәселесі  күнделікті  және тоқтаусыз   шешімдер мен іс - әрекеттерді  қажет ететіні  де белгілі.  Сондықтан, Президенттің Үкімімен  орталық Үкімет пен жергілікті  әкімшіліктер алдына  басым міндет  ретінде  жұмыссыздық пен кедейшілікті  жоюдың жалпы  мемлекеттік  және әрбір жеке аймақтың орта  мерзімдік және қысқа, әрбір  кезекті  жылға арналған арнайы  бағдарламаларын жасау, олардың  орындалуын қамтамасыз ету, Үкімет  пен президент Кеңестерінің кеңейтілген  мәжілістерінде есеп беру тәртібі  белгіленді.

        Сонымен, бүгінгі күндері Қазақстанда  халықты әлеуметтік қорғаудың  және халыққа әлеуметтік кепілдік  берудің жаңа механизмдері қалыптасуда.  Республикалық және аймақтық  деңгейде, өндіріс ұжымдары мен  жеке адам деңгейінде әлеуметтік  қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер  түрлері мен нормаларын анықтау,  олардың есептеу-жоспарлау әдістемелерін  жетілдіру, заң жүзінде бекіту  жұмыстары жүргізілуде. 

         Әлеуметтік нормативтер жалпы  мемлекет, өндіріс, әртүрлі әлеуметтік  топтар мен еңбек ұжымдары  деңгейінде анықталып, бекітіледі. Әлеуметтік норматив жүйесін  3 салаға бөліп қарастыруға болады:

  1. тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік – экономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қорғаулар;
  2. қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қорғау шаралары;
  3. қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүдделерін қорғайтын және лоарға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары.

 

  

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Қазіргі кездегі Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің          ахуалы, қабылданған бағдарламалар

Әлеуметтік  саясатты жүргізудің негізгі мынадай  принциптері бар: баға көтерілгенде компенсацияның түрлі формаларын енгізіп  және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей  отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық  жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру  үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің  жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға  болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.

Әлеуметтік  мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі  функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда  елімізде бірқатар бағдарлама, құжаттармен  қатар 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепсиясы» қабылданды. 2008 жылы «Әлеуметтік қызметтер туралы ҚР Заңы» қабылданды.  

Қаржылық  дағдарыс жұмыссыздық, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмыс жағдайына тікелей әсер етеді. Осы тұста Қазақстанда  мемлекеттік  саясаттың басым бағыты  әлеуметтік сала болып қала берді.  Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Өткенді сараптасақ, соңғы он жылдағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуында алға басушылық бар. “2000 жылмен салыстырғанда  ІЖӨ көлемі екі еселенді. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің  ең төменгі деңгейінен аз табысы бар  халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі  көрсеткіш­тері жақсарды. Күтілетін  өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін  ұлғайды. Ана өлімі екі есеге  азайды, бала туу бір жарым есеге өсті .  Әрине, экономикалық көрсеткіштердің өсуі әлеуметтік саладағы оң көрсеткіштердің болуына тікелей әсер етеді. Cондықтан да 1993 жылдардан бергі халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының артуын қалыпты құбылыс деп бағалаймын.

Кесте 2  Әлеуметтік саладағы экономикалық көрсеткіштер

 

   
   

   

Халық (2012 жылғы 1 наурызға, мың адам)

 

16 718

Жұмыссыздық деңгейі (2012 жылғы 1 тоқсан, % (алдын ала деректер)

 

5,4

Орташа айлық жалақы (2012 жылғы ақпан, теңге)

 

92 338

     

Инфляция:

   

(2012 жылғы наурыз 2012 жылғы ақпанға, %)

 

0,3

(2012 жылғы наурыз 2011 жылғы желтоқсанға, %)

 

1,1

ЖІӨ (2011 жылғы қаңтар-желтоқсан, % (жедел деректер)

 

107,5

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2012 жылғы қаңтар-наурыз 2011 жылғы қаңтар-наурызға)

 

104,6


 

Қаржылық  дағдарыс  жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттары  аймақтық халықты жұмыспен қамтамасыз ету  мен мамандарды қайта дайындауға, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік  қызметкерлердің жалақысын арттыруға  баса назар аударылып отыр. Осы  бағыттарды қамтыған «Жол картасы» бағдарламасы алғаш рет 2009 жылғы ҚР Президентінің  Халыққа Жолдауында айтылған еді. Өткен  жылғы  бағдарламаның нәтижедлері  бойынша  республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 168,9 млрд. теңгенің 99,6 пайызы игеріліп, тұрғын-үй коммуналдық  шаруашылық нысандары, әлеуметтік, мәдени нысандар мен жол жөндеу,  және жылылау жұмыстары, мамандарды қайта  дайындау, жастар тәжірбиесін ұймдастыру шаралары жүзеге асты. “Жол картасы-2009”  бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде  жобалар  іске асырылып, электр желісі, сумен  жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер  мен ауруханалар, мәдениет пен спорт  нысандары жөнделді.

Бұл ауқымды  әлеуметтік маңызы зор бағдарлама 2010 жылы да жалғасын тапты. Жалпы көлемі 131,8 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Жалпы алғанда 130 мың жұмыс орындарын  ашу күтілуде. Сонымен өатра, әлеуметтік жұмыс орынары мен жастар тәжірбиесі бойынша  53 мың  уақытша жұмыс орындарын ашу көзделген.

 

Кесте 3

Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары

 
             

Индикаторлар

2006

2007

2008

2009

2010

1

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен халықтың үлесі1), %

18,2

12,7

12,1

8,2

6,5

 қала

13,6

6,9

8,1

4,1

3,7

 ауыл

24,4

18,1

15,9

12,1

10,1

2

Табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халықтың үлесі1), %

2,7

1,4

1,2

0,6

0,4

 қала

1,8

0,7

0,6

0,2

0,3

 ауыл

3,8

2,1

1,7

0,9

0,6

3

Кедейліктің тереңдегі 1), %

3,9

2,4

2,3

1,3

1,1

4

Кедейліктің өткірлігі 1), %

1,3

0,8

0,7

0,3

0,3

5

Үй шаруашылықтарының (тұтынуға пайдаланылғын) табыстары, орта жан басына шаққанда, теңге

  13 723  

16 935  

20 037  

   21 348  

26 152

 қала

  16 121  

19 865  

23 365  

   25 008  

30 529

 ауыл

  10 527  

13 687  

16 271  

   17 136  

20 985

6

Тұтынуға пайдаланылған табыстың күнкөрістің ең төменгі шамасымен арасалмағы, %

163,2

175,4

162,1

168,6

193,9

7

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге

  19 152  

25 226  

32 9843)

34 2823)

38 7794)

8

Нақты ақшалай табыстар индексі, %

111,7

118,9

111,83)

96,93)

105,64)

9

Жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары, теңге

  12 602  

15 516  

18 324  

   19 718  

24 459

 қала

  15 535  

19 172  

22 569  

   24 220  

29 754

 ауыл

    8 691  

11 465  

13 520  

   14 537  

18 208

10

Халықтың 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген топтарының арасалмағы (қорлар коэффициенті) 2), есе

7,4

7,2

6,2

5,3

5,7

11

Табыс концентрацияның коэффициенті (Джини индексі)

0,312

0,309

0,288

0,267

0,278

12

Үй шарауашылықтарының орта мөлшері, адам

3,4

3,4

3,3

3,4

3,4

 қала

3,0

2,9

2,9

3,0

3,0

 ауыл

4,1

3,9

3,9

4,0

4,0

             

1) 2006 жылғы деректермен салыстуру мақсатында 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген, күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректер көрсетілген

 

2) 1990-2000жж. – ресурстық баланс бойынша және ауыл шаруашылығының негізгі азық-түлігін тұтыну, 2001 жылдан бастап үй шаруашылықтарының іріктеп зерттеу мәліметтер.

 

3) Деректер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген халықтың атаулы (баға) ақшалай табысын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелді.

 

4) Нақтыланған деректер.

 

Информация о работе Алеуметтик салык