Алеуметтик салык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 14:31, курсовая работа

Краткое описание

Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі – шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
I. НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ-
-----------------------------------------------------------------------------------------------5
1.1 Әлеуметтік саясаттың экономикада алатын орны--------------------------5
1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты--------------------------13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------15
2.1.Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың атқаратын қызметі-
----------------------------------------------------------------------------------------15
2.2.Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ахуалы, қабылданған бағдарламалар -----------------------------------------------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ------------------------------------27
ҚОСЫМШАЛАР-------------------------------------------------------------------------28

Содержимое работы - 1 файл

макро.docx

— 63.39 Кб (Скачать файл)

Альфред Маршалл баға түзу тетігін анықтап, оны сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынасы ретінде қарайды. Бұл  ретте ол сұраныс теориясының  негізіне У.Джевонстың, К.Мңгердің, Э.Бем-Баверктің, Ф.Визердың, Л.Вальрастың және т.б. шығармашыларында зерттелген маржинализмді – шекті  пайдалылық туралы ілімді қалады.

Ұсыныс  теориясының негізіне Маршалл кейіннен Дж.Б.Кларктың шекті өнімділік теориясымен  толықтырылған өндіріс факторлары тұжырымдамасын арқау етті. Бұл ретте  А.Маршалл ең алдымен объективті заңдылықтарды анықтауға ұмтылған батыс саяси экономиясының басқа  классиктерінен өзгеше, шаруашылық жүргізуші  субъектілеріне субъективті баға беруді, яғни таңдау еркіндігін негіз етіп алды. 

Парадигмалар  алмасуы және тұтас алғанда экономика  ғылымында маржиналистік төңкерсіс  екі кезеңде өткендігін атап өте  қажет. Бірінші кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды, екінші кезең  неоклассикалық мектеп атауына ие болды (көптеген ғалымдар маржиналситік төңкерісті бастады, ал кейін неғұрлым терең  неоклассикалық теорияны түзуге ықпал  етті).

Маржиналистер нарықтық экономиканың жалпы тепе-теңдігі  теориясын дамытты. Олардың басты  идеясы экономикада бәрі қым-қиғаш  аралас және өзара байланысты, кез  келген баға беру басқа бағалауларға тәуелді және өз кезегінде оларға әсер етеді дегенге келіп саяды. Құндылық әрдайым салыстырмалы, ол тауарға деген нақты қажеттіліктің  интенсивтілігі мен оны өндіру шығындарын салыстырумен айқындалады. нарықтық экономикада  бұл тұтас алғанда барлық тауарлар мен қызметтер бойынша сұраныс  пен ұсыныстың теңдігі арқылы көрінеді.

 Маржиналистер  тепе-теңдікке қол жеткізудің  басты реттеуші тетігі деп  теңдес бағалар құрылымының өзгеруін  санады. Құндылық пайдалылықтар  мен шығындардың, сұраныс пен  ұсыныстың  теңдігі айқындағаннан  кейін ғана мәлім болады. Тауарлардың  айырбастық құндылықтары дегеніміз  – экономикалық талдау тендеулерінің  белгісіздері, олар теңдеулер жүйесін  шешу жолымен табылады. нәтижесінде  ресурстардың оңтайлы бөлінісіне  және оңтайлы бөлінісіне қанағаттандырудың  барынша жоғары деңгейіне қол  жеткізеді. Шекті өнімділік теориясы  осылайша пайда болды.

Маржиналистердің, әсіресе Вальрас пен Маршаллдың тұжырымдамалық көзқарастары экономика  ғылымында өткір сынға ұшырап отырды. Шекті талдау теориясы бастамашыларының көптеген еңбектері қажетсіз болып  шықты. Оған тән тұжырымның қасаңдығын алғашқыда Йозеф Шумпетер еңсеруге талпынды. ХХ ғасырдың басында-ақ ол, инновациялық процестің кәсіпкерлік пайда, капитал  және пайыз тәрізді маңызды көрсеткіштердің  өзгеруіне әсерін көрсетуге ұмтыла отырып, капиталимнің дамуын динамикалық  модельдеу тәжірибесін қолға  алды.

Адам  Смиттің жаңа ізбасарлары ретінде  маржиналистер де оның «мемлекет  қаскөй ниетсіз-ақ қоғамға зиян келтіруі мүмкін еркіндікті шектен тыс қолданудың алдын алуға тиіс» деген ескертпесін  ескермеді. Бұл оларды «iaisser-faire»  идеологиясына алып келді, ол соңыра өз кезегінде қазіргі заманғы  абстарктілі экономикалық бәсекелестік теориясы мен ілкі әлеуметтік нарықтық экономика теориясына арасында айырмашылықтың пайда болуына алып келді.

 Соңғы  теорияға сәйкес нарықтық экономикада  бәсекелестікті шектеуге ықпал  ететін күштер қайта-қайта туындап  отырады. Басқаша айтқанда, «laisser-faire»   экономикасы жағдайында әрбір  кәсіпкер пайдаға емес, бірінші  кезекте өзіне кейіннен пайданы  еселеп арттыруға, және де нәтижеде  өзінің еркін және тең құқықты  басырында алуы мүмкін болғаннан  асып алуы мүмкін болғаннан  асып түсетін пайда алуға мүмкіндік  беретін монополиялық, яғни билік  позициясына ұмтылады.

Алайда, сөз  жоқ, неокласиктер зерттеп-талдаған шекті  пайдалылық теориясы мен шекті өнімділік  теориясы тұтынушылық құн негізінде  баға түзілу процесін ұғыну мен қоғам  әл-ауқатының аса маңызды құрамдас бөліктері ретіндегі өндіріс  факторларының (еңбек, капитал, жер) өнімділігі айқындалатын құн көзін ұғынуға  үлес қосты. Олардың көптеген қағидалары қазіргі заманғы саяси экономияға енді.

Мысалы, шекті пайдалылықтың берілген функциялары, шекті өнімділіктің берілген функцияларын, бағаның сұраныстың ұсыныстан артуы  көлемінен өзгеруін неоклассикалық ұғыну жалпы тепе-теңдік жүйесін  өзгерту мәселелерінің кейінгі  шешілуі үшін негіз болды. Ол да кезінде  А.Смит қойған қоғамның әл-ауқаты проблемасын  зерделеуге жаңа серпін берді.

Біздің  пікірімізше, экономика ғылымының  теориясында маржинализмнің мыналарға  мүмкіндік берен маңызы кем емес:

Біріншіден, талдаудың әдіснамалық базасы мен  әдістемесін өзгертуге. Классикалық  экономикадан өзгеше, талдауда негізгі  назар шығындар мен шығыстарға емес, өндірістің ақырғы нәтижелеріне аударыла бастады.

Екіншіден, экономикалық теория үшін бастау нүктесі  ретінде индивидтердің экономикалық мінез-құлқының субъективті дәлелдемесі  басым бола бастады; экономика ғылымына тұңғыш рет шектілік принципі енгізілді.

Классикалық ғылым әдетте орташа шамаларды пайдаланды, орташа шамалары пайдаланы, өйкені нақ  солар заңдлықтарды көрсетеі деп  саналды. Алайда маржиналистер елеулі заңдылықары орташа емес, шекті шамалар  крсетеді деген қорытындыға келді. Шекті талдау дүниеге келді.

Үшіншіден, алға міндеттер қою әдіснамасы өзгерді. Маржиналистер класситерен өзгеше екпінді шамалар өзгеріп үлгірмейтін  қысқа мерзімді кезеңдердің статистикалық  сипаттамаларына ауыстырды. Бұл  ретте ресурстарды қажеттіктерді  қанағаттандыру үшін, ең жақсыны аңау үшін пайдаланудың әр алуан амалдары талданады.

Төріншіден, құнылық теориясында тңкеріс  орын алды. Құнылыққа деген классикалық  кзқарас жоққа шығарылады. Маржиналисер құндылықты пайдалы нәтиже дәрежесімен, яғни  қажеттктері қанағаттаныру  дәрежесімен айқындайды.

Сонымен, ХІХ ғасырда нарықтық экономика  теориясының дамуы нарықтық жүйенің  зіндік ішкі реттеушілеріне, экономиканың тиімді дамуын және соның негізіне қоғамық әл-айқаттың артуын қамамасыз  ететін зінік тетіктеріне ие екенігін дәлелдеуге мүмкінік берді. Сонымен  бірге қоғамдық байлықтың өсуі мен  ауқымы еңбекші бұқараның жағдайының арасындағы көпе-көрінеу айырмашылық, сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуына  оқтын-оқтын бой көрсеткен дағдарыстар  көптеген ғалымарды классиктер мен  олардың ізбасарларының экономикалық либерализмін дау айтуға мәжбүр етті.

Экономикалық  теорияда нарықтық реттеушілердің әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудегі рөлін қайта бағамдайтын тұжырымдамалар пайда болд. Бұл негізінен микроэкономикалық талдаудан макроэкономикалық талдауға көшудің шарты болып табылды, бұған ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс тұтас алғанда нарық тетігін және жеке тұрғыда оның әлеумеік құрамдас блігін зерделеу үсінде жүгінде тұңғыш рет мемлекеттің экономикаға араласпауы принципінен бас тарту туралы көзқарастарын Кейнс ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында айта бастад. Алайда неоклассикалық теорияны ол 1936 жылы зінің басты еңбегі «Жұмыспен қамудың, пайыз бен ақшанң жалпы теориясы» атты еңбегінде кеңінен сынға алды.

Кейнс экономика  өндірістік қуаттар толық пайдаланылмайтын және мәжбүрлі жұмыссздық орын алатын тепе-теңдік жағдайында болуы мүмкін деген тұжрымды негізге алды. Бұл  ретте Кейнстің басы теориялық сіңірген еңбегі бірқатар идеяларды ұсынуы болып табылады, олар кейіннен кейнсиандыққа тек болды.

Біріншіден, неоклассикерден өзгеше, Кейнс халықтың жинақ ақшасының көлемі пайыз  ставкасына әуелді емес деп пайымдады. Кейнсің пікірінше, ол табыс деңгейімен, халықтың қалыптасқан үйреншікті әдеттерімен  және басқа да факторлармен айқындалады. Бұл ретте Кейнс жинақ ақшалар  негізгі пихологиялық заңға бағынады деп санады: табыс өскен сайын  адамдар оның көбірек блігін жинақтауға бейілді келеді.

Неоаклассикалық тұжырымдамада инвестициялар мен  жинақ ақшалар пайыз ставкасындағы  өзгерістер арқылы теңдестіріледі: ол жоғарылаған кезде инвестициялар  төмендейді, ал жинақ ақшалар өседі. Кейнсиандық тұжырымдамада жинақ  ақшалар пайыз ставкасна емес, табысқа тәуелді болғандықтан, инвестицияларға  жинақ ақшаларды теңдестірудің  бірден-бір алмалы табысты өзгеруде болып табылады. Кейнс сол сияқты инвестициялар әрдайым жинақ  ақшаларға тең деп санады, бұл  ретте теңдестіру сатылмаған өнім қорларын ұлғайту арқылы орын алу мүмкін .

Екіншіден, Кейнс өзінің жақтаушысы Р.Кан енгізген мультипликатор ұғымын белсенді пайдаланды.

Кейнсиандық тұжырымдама тұтыну табысқа тәуелді  болғандықтан, табыстың ұлғаюы табыстың одан әрі ұлғаю процесінің өрістеуіне алып келеді. Бұл процесс былайша  жүреді: алғашқы сәтте табыс шамасына ұлғаяды дейік, сонда тұтыну артады, мұнда тұтынудың шекті нормасы.

Экономикада іске қосылмаған қуаттар бар жағдайда тұтынудың ұлғаю өндірістің барабар  ұлғаюын өндірісің барабар ұлғаюын  туындатады және, демек, ұлттық табыстың ұлғаюына әкелді, яғни табыс шамасына қосымша артады. Табыстың мұндай өсімі  тұтынудың одан әрі өсуіне алып келеді, мұның өзі өндіріс пен табыстың одан әрі өсуін туындатады. Шексіз арифметикалық прогрессия сомасының  формуласы бойынша, табыстың жалпы  үстелуі. Неғұрлым көп болған сайын, табыстың өсуі де көбірек болады.

 

                 

 

 

 

              

 

 

 

                1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

 

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа  көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.

Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің  табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде  анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек  иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден  мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын  дәл болжап көрсете білген брокердің  табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған  елдерінде мемлекеттен адамдар  үшін әл-уақат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар  кеңінен тарай бастады. Әсіресе  тоерия мен тәжірибеде «берекелі  мемлекет» деген ұғым, яғни ауқымды  әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан  елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде  ғана емес, түрлі табыстар ағындарын  мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде  де бөлінетінін байқадық.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам  өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын  реттеу жөніндегі қызметінінң бір  бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің  жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін  жасау.

 Мемлекеттің  қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында  жүргізетін шаралардың құрамды  бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік  саясаты елдегі бүкіл экономикалық  ахуалмен тығыз байланысты болады.

       Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді .

Қоғам мүшелерінің  табыс дәрежесі, деңгейі олардың  әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені  ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына білім  алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік  береді. Халық табысының мөлшеріне  тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру  және т.б. бар.

Халық табысының  деңгейі мен динамиксын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы  кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.

Номиналды табыс  – жекелеген адамдардың белгілі  уақытта алған ақшасының саны.

Қолдағы табыс – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы  бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.

Нақтылы табыс – белгілі бір уақытта  қолдағы бар табысқа сатып  алған қызме пен тауарлардың  саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп  отырады.

Халықтың  нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың  негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі  жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына  ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта  да жалпы ақша табыстарының көлемін  құруда жетекші рөл атқаратынын  көрсетеді.

Халық табысының  құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан берілетін  төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды  қолдауға әр түрлі жәрлем ақыға қаржы  бөлінеді.

Халық табысында  трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің  арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының  басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді  қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан  берілетін төлемдерді күшейту өндірістік қызметке қатысу деңгейін төмендетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді.

Информация о работе Алеуметтик салык