Акционерлік қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 14:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзіретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Содержание работы

Кіріспе___________________________________________________________1

І. Акционерлік қоғамға жалпы сипаттама___________________________3
1.1 Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы қысқаша жадынама_________________________________________________________4
1.2 Акционерлік қоғам – заңды тұлға__________________________________7

ІІ. Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы____________________11
2.1 Акционерлік қоғамның жалпы ережелері__________________________14
2.2 ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңдары_____________________16
2.3 Бағалы қағаздар, олардың түрлері________________________________17

ІІІ. Ационерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері_24
3.1 Дауыс беру құқығы____________________________________________26
3.2 Акционерлік қоғамның облигациялары___________________________30
3.3 Сериалды облигациялар________________________________________32

Қорытынды____________________________________________________34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_____________________________

Содержимое работы - 1 файл

Акционерлик когам.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

Облигацияны эмитенттері  мен ұстаушыларына берілген құқтарына  байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі. Қайтарып алынатын облигациялар – эмитенттеріне номи-налдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық бере-ді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым «қайтару бағасы» төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.

Жинақталған қор облигациялары  – бұл пайдадан алына-тын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партия-лармен сатылап жүргізілумен катар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құра-мына номиналдық құннын бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді. Табысты облигцияларға байланысты төлемдер сол қар-жылық жылдағы қоғамның пайдасына тәуелді. 
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға кұқық береді. Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шы-ғару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құкық береді.

 

3.3 Сериалды облигациялар

 

Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын  төлеумен қатар, төленетін пайызды  жылдан жылға жоғары-латуды қамтамасыз етеді. 
Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды акцио-нерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбас-тауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады. 
Ордерлі облигациялар (жыртылатын талонмен) – жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ак облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың 
танымал қағидасы «жүктеме» қолдынылады. Пайыз тұрақты болып табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің пайыз мөлшеріне байланысты, бірақ алдын ала белгілеген минимумнан төмендемейтін облигацияларды сатып алуға болады. Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың акция-лардан айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін, мысалға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса, облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес келгенде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.

Ол облигацияның ажио және дизажио пайызына негіз-делетін  табысының сомасы облигацияның сатып  алу шар-тына баға берудегі маңызды  көрсеткіш болып саналады. Іскерлік әлемде бағалы қағаздармен түсетін табысты рендит сөзімен бейнеленеді. Тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар рендиті мынадай формуламен есептеледі: 
                       Номиналдық пайыз

Рендит = —————————- 100

                  Эмиссиялық бағам 

Мысалға, 5%-дық облигация  номиналдық бағамынан төмен, 100-дің орнына 95-ке сатылса, онда оның рендиті 5,26% (5 • 100/95) құрайды. 
Дұрыс есептеу үшін облигацияның мерзімі мен бағамын 
есепке алу керек. Егер, мысалға, облигацияның бағамы 100 
теңге болып, өтелу мерзімі 10 жыл болса, онда осы 10 жыл 
ііпінде салым иесі пайызға қосымша 5%-ға (100-95) тең шамада бағамдық айырманы алып отырады. Бір жылдағы алатын бағамдық пайда 0,5 пунктке (5:10), ал жылдық рендит сомасы 5,76-ға (5,26+0,5) дейін өседі. Сонымен қатар, кейбір елдерде бағамдар айырмасынан алынған пайдаға, облигациядан алып отыратын ағымдық пайыз түріндегі пайдамен салыстырғанда табыс салығы салынбайды. Бұл жерде салық салынбайтын табыс 
ретінде бағамдық айырмадан түскен шамалар 5 және 5,76% жайлы айтылады. 
Өнеркәсіптік облигацияның көптеген түрлері болады. Иелеріне қарыздарын қайтармай өмірлік пайыз төлеп оты-ратын облигациялар, сондай-ақ шартты облигациялар және т.с.с. түрлері болады. Өнеркәсіптік облигациялардың эмитенттер үшін бірқатар кемшіліктері бар. Өнеркәсіптік облигациялар бойынша төленетін тұрақты пайыз фирма үшін тұрақты шығындар-дың өсуін білдіреді. Өндірістік құлдырау уақытында мұндай шығындар дивиденттерге қарағанда ерекше сезіледі. Тұрақты табысты бағалы қағаздардың бағамы әр түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасында мүдделендіру құралы болып табылады. Мұндай бағалы қағаздардың баға-мының өзгеру себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы қағаздардың шығуына байланыс-ты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздардың бағамдары өзгереді. Төменгі пайыз мөлшерін-дегі облигациялардан, олардың иелері тезірек құтылуға ұмтылып, олардың орнына тұракты пайыз әкелетін бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамындағы өзгерістердің себебі осында. Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай-ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол не зиян шегеді немесе ұтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Акционерлік қоғамда  басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган — басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган — тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы” Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс — дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.

Нарық   жағдайында   маңызды   орынды   акционерлік   қоғамдар   алады. Акционерлік   қоғамдар   өз  қызметін   жүзеге  асыра  отырып, өз  акцияларын   шығару  арқылы   бағалы  қағаздар  нарығының  қызмет  етуін  қамтамасыз  етеді.

Қазақстанда акционерлік  қоғамның қалыптасуы нарықтық  экономика   көшумен  және  мемлекеттік  кәсіпорындарды  жекшелендірумен  байланысты  болды. Басқа  меншік  нысанына  қарағанда   акционерлік  қоғам  ерекшелігі  акционерлік қоғам  формасын, жедел  түрде  ірі  қаржы   ресурсын  жұмылдыру  мүмкіндігі   болып  табылады. Сондай-ақ  қоғамдар  өз  акцияларын  шығара  отырып, бизнесін  жаңғыртады.

Акционерлік   қоғамның   нарықтық   экономика   жағдайында  қызмет  етуінің  экономикалық   пайдалылығы   табыс  табумен   анықталады. Акционерлік   қоғамның  басты  табысы   алдағы  уақытта   әр  түрлі  қаржы   көздеріне  кең  көлемде  қол   жеткізуді  қамтамасыз  ету  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995

2.Қазақстан Республикасының "Азаматтық Кодексі"

3.Бердалиев К.Б//Қазақстан  экономикасын басқару негіздер.Алматы  – 2001. 
4.Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің 
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.

5.Ілиясов Қ. «Қаржы», Алматы – 2003

6.Көшенова Б. «Бағалы  қағаздар нарығы», Алматы –  1999 ж. 
7.Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,Алматы - 2000 
8.Қазақстан Республикасының Заңы // Акционерлік қоғамдар туралы/  
Алматы - 2004 ж. 

9.Мауленова С.С. «Экономикалық  теория». Алматы – 2004 ж. 
10.Мұханалиева И.С. Бағалы қағаздар рыногы және оларды мемлекеттік реттеу, Хабаршы - № 6, 3-2004 ж.

11.Сәбден О. XXI ғасырға  қандай экономикамен кіреміз. –  
Алматы: Қазақстан, 1997.

12.Сахариев С.С. «Жаңа  кезең – экономикалық теориясы».  Алматы -2004  
13.Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж. 
14.Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,  
Алматы -2002 ж.

15.1995 жылдың сәуірінде  «Қазақстан Республикасында акционерлік  қоғамдардың акцияларын шығару  мен өтеудің тәртібі туралы  ереже» 
16.2001 жылы "Акционерлік қоғамдар туралы" Федеративтік заңы 
17. Ахметов К.Ғ. «Менеджмент негіздері», 2005

18. Қашықов Ш.К. «Басқару теориясы», 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Акционерлік қоғам