Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:00, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................3

І. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны…………………………………………………………….............................4
1.1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі..4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы.........................14

ІІ. Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы.....................................................19
2.1.Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау.....................................................................................................................19
2.2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар..............................................................................26

Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..............................................................

Содержимое работы - 1 файл

ҚР шағын және орта бизнестің дамуы.doc

— 228.50 Кб (Скачать файл)

Өндіріске, мемлекеттік емес кәсіпорындарға қаражат тартуды ынталандыру.

шағын және орта бизнесті көтермелеу бағдарламасының әр түрі бойынша заң жеңілдіктерінің жіктелуін қамтамасыз ету.

Коммерциялық тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыратын компаниялар желісін ұлғайту, мемлекеттің катысуымен де, кепіл затының осы мақсаттарға қолданылуын кеңейту.

Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының әмбебап әдісі ретінде салық жүйесі арқылы реттеу зор үлесін тигізеді. Өндірістің дамуының мықты стимулы ретінде дифференсиацияланған ставкасын бекіту және әр түрлі жеңілдіктер көрсету, қазіргі кезде қаржылық және несиелік ресурстарға қажеттілік уақытында көп әсер етпек. Осылайша, салықтық қолдау саясатын осы даму кезінде және болашақта мынандай формаларын қолданған пайдалы:

сальщык; каникулдар /шағын бизнес тіркелгеннең аумақтық және салалық ерекшеліктеріне байланысты бес жылға дейін салықтан босату/;

бюджетке есептелген аударымдар, дифференсацияланған ставканың төмендеуі;

қайтарымдылық негізде салықтық несие беру.

кәсіпкерліктің дамуы үшін, кәсіпкерлер заң шығарушы және орындаушы биліктер деңгейінде өз сұрауларын қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіподақтар мен бір бірдестіктерге бірігіп, өз құқықтарың қорғауы керек Мұндай кәсіпорындар жобалық құжаттар дайындауда, заң шығару процесінде, әсіресе шағын және орта бизнес жайында қатысулары керек. шағын және орта бизнесті  дамыту  басымдылықтары  кешенді  түрде  мемлекетпен  жүргізіліп отырған аумақтық, ішкі экономикалық, өнеркәсіптік саясаттары бір түбірден шығуы керек.

Және де шағын және орта бизнестің іс-әрекетін жедел түрде қайта бағытталуын, делдалдық әрекетпен қарастыру керек. Оның потенциалын өндіріске, тауарлар мен қызметтер көрсету бағытына бұру керек.

Ал, шағын кәсіпорындардың мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім өндіру, өткізу процесіңдегі игіліктерді мемлекет барынша шағын және орта бизнес тарапына бұру керек.  Бұл  ретте мемлекеттің қажетіне керекті өнімді өндіргіш шағын кәсіпорындар, яғңи оларға міндетті минималды квотаны бекіту, оларға осы қызмет пен өнім түрін өткізуге кепіл береді.

Жоғарыда айтылғандарға орай, шағын бизнестің қаржылық фундаментін қалауда үлкен көмек көрсету керегі айқын болып отыр.  Бұл  шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін қорлардың негізгі қаржылық ресурс ретінде одан әрі жетілдіріп дамуын мүмкін қылады. Осыған орай шағын және орта бизнесті қолдау әдісі ретінде әр түрлі кепіл   мен кепілдеме несиесі бойынша, банктік емес капиталдың резервтерінде мёнді болмақ. Бұл ретте шағын кәсіпорындар өзара несиелеу   бірлестіктерін құруға болатыны белглі. Бұған дәлел ретінде 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатында холдингтік компанияларды демонополизациялауын жалғастырды. Тұтынушылар құқығын мемлекеттік қорғау концепциясы мен бағдарламасы құрылды. Республикалық шағын бизнес орталықтарын құру алға қойылып отырғаны белгілі.

Кәсіпкерлік дамуының дэрежесі жетілген немесе жетілмеген болуы мүмкін. кәсіпкерлік қызмет нарықтан шығады, ол нарық қатынастарының сипаты мен көлеміне байланысты. кәсіпкерлікті өркендетудің жағдайларын жасауда жоғарыда айтылғандай бэсекенің орны ерекше. кәсіпкер үшін шаруашылықты жүргізу - осылайша бэсекеге түсу, өндірісті ұйымдастыра отырып, ол бәсекелік күреске әзір болуы қажет, сондай-ақ нарықтың қоғамдық қажеттілігіне сай келмейтін өнім мен қызмет түрін артығын» қиып түсуге әзір брлуы кер.ек, Кез - келген меншік түрі  соның ішінде мемлекеттік те/ прогресс жолына шыға алады. Сонымен қатар кез келген меншік түрі/ соның ішінде жеке меншікте прогресстің күшті стимулы болады, егер ол жасампаз бэсекеге жол ашса.

Күшті нарықтық экономикасы бар елдер тэжірибесі көрсеткеніндей, еркін бэсеке жүйесін реттелетін экономика деуге болады. Ол мемлекетсіз жұмыс істей алмайды, өйткені мемлекет ақша ұсынысын ұйымдастырады, ұжымдық қажеттіліктің бөлігі ретінде өтемдер береді, нарытқық мінездердің тиімсіз жақтарын тежеп, олардың болуына жол бермейді.

Егер, мемлекет ақшаны нарықтық экономика жібергенінен артық шығарса, онда ол қандайда ізгілікті мұрғаттарды басшылыққа алса да, нарықтық процестердің бүзылуына, өндірістің тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Міне, осылайша мемлекет өз функцияларын атқару арқылы, елдегі нарықтық экономика саясатын алға жүргізуші болып, және өзінің экономикалық саясатының басым бағыты - шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуда алатын орны ерекше.

Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жоқ деуге болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзіндегі к;олдаулар көбеюде. Осы ретте шағын бизнесті тэуелсіз түрде жұмыс жасауға ықпал ететін шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің ассосацияларға бірігуі орын алады. Осы ассосациялар нарықтық экономиканың қатаң бұрылыстары мен толқуларын біріге жеңу мақсатында құрылады. Мысал ретінде, Алматы қаласында құрылған «Алматы Кэсіпкерлерінің ассосациясының» /АКА/ жұмысын атап өтуге болады.  Бұл  мемлекеттік емес ұйым және ол шағын және элсіз кәсіпорьщдарды дентеграциялау мәселесін алдына қойып ртыр. Айта қету кереқ, «АКА» бизнес жоспар құрып, құқықтық, қаржылық, салықтық мәселелер бойынша көмекке келуге эзір. Ия,  бұл дай интеграция формасы жақсы қаржыландырылатын, пайдалы заказдар орындалуында шағын және орта бизнестің күш-қуатын біріктіру кең өріс алады деген сенімге арттырады. Қазақстан үшін кәсіпкерліктің өміршең формасы франчайзингті дамыту қолға алынуда. Мұның түбірінде шағын кәсіпорындардың бәсекелестікке сай тауар, еңім өндіруі жрлыңдағы күщтерін ірі де тәжірибелі «донор» жаныңда жүзеге асыру жеңілдірек болып келеді. АҚШ-та және тағы да басқа экономикасы дамыған елдердегі еншілес кәсіпорындардың мүндай формаларда бірігуі,  бұл  істің Қазақстан жағдайы үшін де дәл келуін көрсетіп отыр.

Республиканың экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндірісті басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерістер болып жатқанын байқауға болады. кәсіпкерлік алғырлық, пысықтық қабілеттердің шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының болуы мүмкін емес екенін бірте-бірте түсіндік. Сондықтан қазіргі кезде өз ойлау қабілеті мен еркіндігін мол пайдалана алатын кәсіпкерлікке назарды баса аудармасқа болмайды. шағын және орта бизнес әлеуметтік-экономикалық мэселелердің бірқатарын шепіеді. Яғни, кіші кәсіпкерлік арқылы экономиканың бірден-бір шешуге талпынған мэселесі жұмыссыздықпен күресу де, шағын бизнестің көмегімен жүзеге асырылады. Және шағын бизнестің дамуы тауарларды өндіруді ұлғайтуға және қызмет көрсету аясын дамытуға жол таппады. Сонымен қатар, жоғарыда аталғандай 1997 жылдың 18-ші маусымында шыққан «Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы» заңда шағын бизнес түлғаларынтіркеу процедурасы барынша оңайлатылмақ. Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңілдетілді. Мысалы, бұрын заңды тұлғаны тіркеу үшін кәсіпкерлер ақша мен уақытын шығындап, 10-12 түрлі құжаттар жинауы керек болған. Ал жаңа заң бойынша тэртіп ыңғайлы. Бекітілген үлгі бойынша өтініш тек Әділет Баскармасына ғана көрсетіледі. Бекітілген жарғының біреуі бойынша жұмыс істеуге келісім беріледі және тіркеу үшін екі есе төлем көрсеткіші бойынша салық төленеді. Үш күн ішінде Әділет Басқармасы кәсіпкерге тіркеу куәлігін және статистикалық орган карточкасын және салық инспекцияларына қажетті мэліметтерді беруге міндетті.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы Республиканың барлық азаматтарына қатысы бар күрделі эрі көп қырлы іс. Оңтайлы қаржы институттарын қүрмайынша шағын бизнесті қолдау, оған дэнекер болу мүмкін емес, өмір көрсетіп тұрғандай кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бұрынғы мемлекеттік қор қызметінің басты қателігі оның қаржысының шенеуліктік құрылым арқылы бөлінуінде еді.

Республика Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның дамуын жеделдету жөніндегі шаралар туралы» Жарғы материалдың өнім өндірумен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне салық және кеден салымдарына байланысты жеңілдіктер беруді көздейді. Экологиялық тұрғыдан қолайсыз және бару қиын шалғай аудандарда өнім өндірумен айнальісатын шағын кәсіпорындарға аумақтық жеңілдіктер жасау - олардан салық жинау, ауылдық жерлерде өнім өндірумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететін шағын кәсіпорындарды салықтан мүлдем босату қарастылырылған. Олай болса заңдық база оған қоса жеке және шағын бизнестің дамуына мемлекет тарапынан көмектесу әсіресе өндіріс саласындағы шағын кәсіпорындардың ілгерілеуіне, өрге басуына жол ашады.

Іс жүзінде экономиканың мемлекеттен тыс секторының құрылуының бірінші сатысы 1988-ші жылдардан басталады. 1990-шы жылға дейін елде 15000 шамасында кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. Олардың құрамында 300000 астам адам қызмет істеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Статистикалық комитетінің мәліметтері бойынша коопертивтік ұйымдардың құрылыс саласында жалпы санының 31,4 % жұмыс жасайтын бөлігі болған. 12 % тү.тьщу тауарлры өңдірісі саласында. Ауыл шаруашылығында 10,6 %. Қазақстан Республикасында кооперативтер қызметтер мен тауарлардың 25,5 % өндірді. 1990-1995 жылдар аралығында кооперативтер саны 15000-нан 2000-ға дейін, яғни 7,5 есеге қысқарған. Сонымен қатар,  бұл  кезде кіші кәсіпорындар қарқындап жеделдете дамыды.  Бұл  ең алдымен кәсіпкерліктің үлгісі мен бағытын айқындайтын салық саясатының ролімен түсіндіріледі. 1995 жылдың басында шағын кәсіпорындардың саны 18300-ге жетті. Оларда шамамен 150000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Олар 1995 жылы шамамен 14,9 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Егер, 1992 жылы кооперативтер шағын кәсіпкерліктің 1/3 құраса, 1997 жылдың басында Қазақстанда 117348 кіші кәсіпорын тіркелді. Олардың тек 96671 ғана жұмыс істейді. Салалар бойынша алсақ, 11,6% өнеркёсіпте,  30,4 % ауыл шаруашылығында,   16,3  % сауда мен қоғамдықтамақтандыру саласында, 9,7 % коммерциялық кәсіппен айналысқан болса, бүгінгі тағда  бұл  мәліметтер сауда коммерциялық бағыттағы іс-әрекеттің күрт өсіп кетіуіне әкеліп отыр. Келтірілген мысалдар жалпы республикада шағын кәсіпкерлік пен орта бизнестің пайда болу процесі жүріп жатқанын көрсетеді. Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған кооперативтер орнына шағын және орта бизнес келді. Ең бір өкініштісі шағын бизнесте жиналған қаражат өндіріс пен оның инфрақұрылымын дамытуға емес, тұрақты валютаға айырбастауға жрісалады.

Жоғарыда айтылғандай қалыптасқан құқықтық ортаның шағын бизнеске тигізетін келеңсіз ыкдалы, біріншіден заңдылық дёйексіздігінен көрініс табады. Өйткені шағын кәсіпкер қызметінің ереже тәртібі, эсіресе салық салу мен сыртқы экономикалық саласында тым жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Екіншіден, заңдылықта елеулі олақылықтар бар. Айталық, меншіктің барлық түрлерінің теңдігіне және жеке меншіктің қорғалуына құқықтық кепілдік өте осал. үшіншіден, шағын кәсіпорындармен көрестілетін шенеуліктер зардабы өте орасан әр түрлі өрт сөндірушілер, полиция, әкімшілік, салықтық органдардың бюрократтылығы/. Жалпы алғанда шағын және орта бизнестің әлі де болса қолайсыз әлеуметтік экономикалық ортада, халықтың жоғарыда аталған топтары тарапынан ұнатпайтын, ықыласы да немқұрайлы ахуалда, яғни күрделі жағдайларда жұмыс істеп жатыр.

Жапондық мамандардың есептеуінше, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде  бұл  елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір ёсер етуші фактор - шағын және орта бизнестің дамуы. Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы - шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады.

Шағын және орта бизнестің бәсекелістік ортада өмір сүруі, Отандық жоғары монополизацияланған экономика үшін ең маңызды құбылыс болып табылады. Үлкен кәсіпорындарға қарағанда екінші жағынан ірі бірлестектердің монополиялық позициясын жоюшы ретінде күшті бәсекелес ретінде түсе алады, оның себебі, шағын және орта бизнес тар мағынада маманданып, өзінің өнім өндіру процесіне жаңа техника, технологияларды қолдануына болады. шағынжәне орта бизнестің нарықтық қатынастарды және әлеуметтік келеңсіздіктерді жұмсартуда алатын орны бөлек. Нағыз шағын және орта бизнес орта класстық қалыптасуының фундаменті бола отырып, элеуметтік дифференциялауға экономикалық тенденциясын бұрады. Осылайша шағын және орта бизнестің осындай және тағы басқа қасиеттері жалпы экономиканың дамуына, оны реформалауының бірден-бір ажырамас бөлігі болады. шағын және орта бизнестің дамыуна тежеу қоятын бірден-бір факторлар елдегі экономикалық жағдай, қаржылық тұрақсыздық және несиелік жүйенің дұрыс жұмыс жасай алмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы соңғы жылдары төмендеп отыр / 1996 ж. қазан айында 35 % болса, ал қазір 8 %/. Және де батыстан келетін шағын және орта бизнесті нессиелеуді пайдаланғаны жөніндегі тиімділік анализі жүзеге асырылған. Бағдарлама бойынша да, оның мақсатты пайдаланғаны туралы мэлімет беретін жүйенің жоқтығы.Қазіргі жағдайда шет елден келетін шағын және орта бизнесті көтермелеу мақсатында капитал ағымын байқауға болады. Бірақ та бұл жобаларды инвестицияны тікелей экелетін біріккен кәсіпорындар арқылы жүзеге асыру керек сияқты. Олар, яғни біріккен кәсіпорындар өздеріне ірі, шағын және орта бизнес түрінде де жұмыс жасай алады. Тәжірібе көрсеткендей біріккен кәсіпорындар өндірісті прогрессивтік ұйымдастыру, ноу-хау еңгізу, бәсекелестікке сай өнімдерді шығаруда олардың тәжірибесі болады. Сондықтан, шағын және орта бизнес негізінде біріккен кәсіпорындарды экономиканың барлық салаларында кздэу қажеттілігі туғандай.

Кәсіпкерліктің жылдам дамуы әсіресе шағын және орта бизнестің кең етек алуы, ең алдымен нарықтық инфраструктура элементтерін дамыту мен құру, шаруашылық субъектілеріне жан-жақты қызмет көрсету түрлерін көбейту, олармен өндірілген өнімді сату, өткізу процесін мейлінше жеңілдету, шикізатқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, кәсіпорындардың сенімділігін арттырып, әрекет етудің тиімділігін көтермелеу арқылы жүзеге асады. Нарықтық инфрақұрылымның пассивті ролі шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін фактор болып табылады. Оның арқасында шағын бизнес үлкен өндірістік шығындарға батып, бэсекелестікті төмендетеді. Осы нарықтық инфрақұрылымның төмен деңгейде ұйымдастырылуы шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен бэсекелесу позициясына кері әсер етеді.

Информация о работе Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы