Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 20:00, курсовая работа
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше
Кіріспе.....................................................................................................................3
І. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны…………………………………………………………….............................4
1.1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі..4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы.........................14
ІІ. Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы.....................................................19
2.1.Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау.....................................................................................................................19
2.2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар..............................................................................26
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..............................................................
Кіріспе.......................
І. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны……………………………………………………………...
1.1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі..4
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны мен маңызы........................
ІІ. Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуы.........................
2.1.Шағын және орта бизнестің дамуы, және оны мемлекеттік қолдау........................
2.2.Қ.Р. шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше. Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тэртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мэселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дэлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Бұл жұмыстың маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл жұмысымда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Сондықтан бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу,болып табылады, яғни оның даму және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
Жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде шағын және орта бизнеске жалпы түсініктеме және де онын экономикада алатын орнын айтып кетсем, ал екінші бөлімінде Қ.Р. шағын және орта бизнестің дамуын яғни өз тақырыбымды аштым.
I. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны
1.1. Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестің мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың эртүрлі формаларын дамытпай қалыптаспайды, оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып табылады. Шағын және орта бизнес-нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа технологияларды енгізуде, Қазақстан Республикасының экономика саласын дамытуда маңызды роль атқарады.
Сонымен, шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткені мемлекеттің жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір рычагы болып табылатыны сөзсіз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс секторларында жұмыс істеуге қаблетті.
Шағын және орта бизнестің субъектісі ретінде кәсіпкер танылатыны айқын. Шағын және орта бизнестің мэні мен мағынасын терең деп білу үшін, ең алдымен сол шағын және орта бизнесті алып жүруші субъект - кәсіпкер терминіне тоқталсақ.
Кәсіпкерлік феномені бағзы заманнан бері экономикалық, элеуметтік ғылымдардың зерттеу объектісіне айналған. Кэсіпкерлік, шағын және орта бизнес негіздері теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф.Кенэ, А.Смит, Ж.Б.Сэй, сосын И.Шумпетер, Ф.Хайск, А.Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негізін қалаған.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой -пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсётеді. Экономикалық мағынада ірі өндірістік немесе күрылыс жобаларын басқарушы деп түсіндірме беруге болады. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пікір қалыптасқан. Алайда, батыстың экономикалық теориясында шағын және орта бизнеске шын мәнінде назар аудару XVIII ғасырдан басталды десек те болады. Атақты экономист, ғалым Р.Кантилон, «кәсіпкер» деп - нкрық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік - экономикалық қүбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнінде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бірақ, шағын және орта бизнестің, яғни кәсіпкерліктің негізі адам қызметінің экономикалық танымында жатыр.
Шағын және орта бизнесті жүзеге асырушы кәсіпкерді-«индивид» түрінде өз бетінше нарықтық жағдайда жоғары шешім қабылдай алатын, жеке меншік иесі ретшде, өзше ешкщнщ көмегінсіз табыс пен пайдаға қол жеткізе білетін және атқарылған қызметтің барлығы өз қимыл іс-әрекетінің жемісі екендігін түсінетін заңды және жеке тұлғаларды айтуға болады.
А.Смит шағын және орта бизнес пен кәсіпкер туралы төмендегідей жазған екен «..ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.».
Кәсіпкерліктің объектісі - адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі қандай? кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты - өз кәсігіорынының пайдасын барьінша жоғарлату немесе шағындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мэселесі.
Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа мүмкіндектері іздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиімді салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып, дамыту; тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерістердің түрлері эр алуан жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескі кәсіпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілщн ( жою, доодификаііиялау . әреқеттерімен байлаңысты нақты өмірде кәсіпкерліктің объектісі - новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндіріс және айырбас пен бөлудің түрлі факторларын комбинациялау болып табылады.
Бизнеспен іскерлік қабілеті жоғары, нарықта өз күш-қуатын жаңа сфераларды іздестіру жолында жұмсаушы субъект ғана айналыса алады. Әрине Мамыров Н.Н.Предпримимательство. Алматы.Экономика-1998ж-
Иә, елімізде нарықтық экономиканың қалыптасқанына да 10 жылдан астам уақыт өтіпті, содан бері мемлекетіміздің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассосациялар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кёсіпорындар, акционерлік қоғамдар ( ашық, жабық) формаларында қайта құрылды.
Елдің кәсіпкерлік стимулын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар базасын құрып, жетілдіру керек. Жалпы кәсіпкерлік кызметтің түрлерін төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасында:
Өндірістік - оның ішінде инновациялық, ғылыми-техникалық тауар өндіру, қызмет көрсету және басқа.
Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлері, тауар биржалары және тағы басқа.
Қаржылық - банктік, сақтандыру, аудиторлық, лизингтік қор биржалары және тағы басқа.
Кеңес берушілік - басқармалық, әкімшілік, маркетингтік, ақпараттық, кадрлар дайындау және тағы басқа.
Біздің Республикамызда қаражылық кәсіпкерліктің банктік түрімен тек қана банктер ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың белсенді қатысушылары - шағын және орта бизнес субъектілері - кәсіпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екені белгілі. Республикамызда шағын жёне орта бизнестің дамуына жан-жақты. шаралар интенсивті түрде жасалылуда.. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншікті жекешелендіру бағдарламасының жүруі, ол өз кезегінде шағын бизнестің дамуының нағыз экономикалық негізі екенін есімізге алайық. кәсіпкер шағын жёне орта бизнес субъектісі ретінде оның іс әрекеті эр кездеде белгілі бағытта ү-йымдастырылады, және оның нақты нысандары бар. кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тэсілі ретінде бірнеше жалпы белгілері бар. Оның ішінде негізгісі - шаруашылық субъектілерінің елсіздігі. Олардың дербестігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тэртіпті қалыптастырады. кәсіпкердің тэуелсіздігі оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндіру процесін ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсіпкердің ойлағанындай өткізе алу құқғын береді. Материалды ресурстар мен ақша капиталының иелері бұл ресурстарды қалауынша пайдалана алады. Әрбір қызметші өзі істей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда, қандай да болмасың еркіңдіқ көптегең жағдайлармен шектелген. Олар сыртқы орта мен субъектілер әрекетінен шығады. Дегенмен, шағын бизнестің басты шарты барлық мүмкіндіктердің деңгейі тұрғысынан шешім қабылдаудағы автономиялылығы. Барынша көп табыс табу жалпы бизнестің қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан әрі кеңейтіледі. Нарық жағдайында өзгерістер күніне бірнеше ретте болып отыруы мүмкін. Олар осы жаңалықтарды өз жұмыстарына енгізеді. Жаңалық процесінің мүраты - пайда табу. Мысал үшін, нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне, осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдауда, творчествалық көзқарас жағынан іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тэн тағы да бір сипат - шаруашылық жүргізудегі тэуекелге бел бууы, іске кірісер алдында болашақ бұл дыр қиялдарды болжап білу және оны шеше алуы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіп-қатері көп, ,ал оларды өне бойы экономикалық есептеу мүмкін емес. Шаруашылықтың қауіп - қатері, тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шын мэнідегі шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, ёлде өткен нарықтық конъюктура жайсыз болғаны.
Шағын және орта бизнестің, кәсіпкерлік қызметтің мэні - өндіріс құрал жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану оның негізі болып табылады. Кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізу тәсілі жаңа іске адамның жеке энергиясымен капиталын жұмсаудан көрінеді. Мұндағы кәсіпкерлік әрекетінің ең басты тиімділігі - таңдаудың дұрыстығы немесе тандаған істің кәсіпкердің жеке потенциалына сәйкес келуі деп білеміз.
Шағын және орта бизнестің тарихына көз жіберейік. Ресейде кәсіпкерлік көне заманнан бері Киевтік Русьте сауда-саттық формасында дамыған. Ең бірінші кәсіпкерлер деп - көпестер мен майда алыпсатарлар және қолынан іс келетін өзі жасаған тауарын сатушыларды айтқан . Петр І-шінің кезінде орта бизнес көркейді. Бүкіл Ресейде мануфактуралар құрылып тігін, қару-жарақ, тау ісі салары дамыды. Кеңес Үкіметі келісімінен кәсіпкерлік деген термин жалпы экономикалық оқулықтан алынып тасталды. ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарында ғана шағын және орта бизнес халықтың түсінігіне қайта енді. Әрине өз бизнесін бастау ел тыныш кезде де шешімділікті қажет етеді. Бұл тәуекелге бас тігу өз ақша қаражатын сала отырып, не табыс алады, немесе жоғалту қаупі, бэселелестікке төтеп беру, мұның бәрі белгісіздікке қажет шешімділік. Жер жүзінде миллиондаған кәсіпкерлер тәуекелге бел буып, жаңа бизнес түрлерін ашуда. Осы творчествалық процестің түбірінде экономиканың жеке секторының күш-қуаты, жалпы ұлттың әл-ауқатының кілті жатыр.
Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасында құрылуы мең дамуы тауарлы нарықтың және кәсіпкерлік іс-әрекеттің кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, нарық экономикасына бет бұруының өзі елде кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуға міндетті етті. Бастапқы кезең ретінде көрінген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретінде жүзеге асты. Ал соңғы 5-6 жыл ішінде қолынан іс келетін азаматтар, заңды тұлғалар әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген бизнес кілті - өндіріс екендігін түсінді. Республикамыз табиғи жер қойнауларына бай, жер ауқымы кең, ауыл шаруашылығы - фермерлік іс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсіру, сүт тағамдарын нарыққа шығару соңғы кезде жақсы дамып отыр. Жэне осылайша көркейе алатынына кәсіпкерлердің көздеріде жеткен. Мемлекет тарапынанан да заңдылық, құқықтық атмосфера да бір арнаға түсті десек те болады.