Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:50, курсовая работа
Көптеген жағдайда ол тәуекелділік қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуінен болады, яғни жоспарындағы күтпеген жағдайлардың болуы, кепіл мүліктің сақтандырылмауынан, басшы тәжірибесінің аздығынан және т.б. Бұл және басқа да факторларды банк қызметкерлері кәсіпорындарды, ұйымдарды несиелендіргенде несие қабілеттілігін бағалауды ескереді.
Кіріспе
1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11
2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37
Негізгі құралдар қоры банктің несиелік ресурсы емес, себебі ол негізгі қорларғакапиталданған ғимараттар мен құрылғыларға салынған қаражаттар өнімсіз және сесие салым көзі ретінде қолдана алмайды. Бұл мәселе банктің нарықты талдағанда ескерілу қажет.
Пайда. Қорлардан басқа банктің меншікті қаражаттардың маңызды құрамаларының бірі банктің кірісінен шығысын айырғандағы пайда болатын пайда болып есептеледі. Банктің меншікті қаражаттары жиналып оның капиталын құрайдыжәне активті операциялардың қайнар көзі қызметін атқарады.
Банктің меншікті қаражаттарын талдауға негізгі бөлім – банктің ЖҚ-н талдау. Банк қызметі масштабының өзгерісін жалпы сипаттау үшінт ЖҚ өсім деңгейі есептелінеді. Бұл көрсеткішті есептеу негізінде банктің беделі, банк қызметі экспонсиясы айқындалады. ЖҚөсім деңгейін есептеу үшін келесі формулалар қолданылады.
Өсу деңгейі=төленген ЖҚ-дың нақтылы сапасы\ банк жарысында тіркелген бастапқы жарияланған ЖҚ көлемі
Өсім деңгейі =Өсу деңгейі – 100%
ЖҚ өзгерісін уақыт пен кңістікте сипаттайтын көрсеткіштерге белгілі бір жылдарға немесе аумақтық бөлімдерге орта жылдық өсу деңгейі жатады. Мұнда талдау әртүрлі белгілерге қрай бөлшектенуі мүмкін. Талдауға меншікті қаражаттар сомасындағы ЖҚ-дың үлес салмағы (d1) мен банктің меншікті, тартылған және заямдық қаражаттар саласындағы оның үлесін (d2) сипаттайтын көрсеткіштер маңызды орын алады. Меншікті қаражаттар құрылымында (немесе баланс валютасында ) ЖҚ үлес салмағының өсуі КБ беделінің ныңайюын еөрсетеді d1 және d2 көрсенткіштері мына формуламен есептеледі.
d 1=ЖҚ/ меншіктің қаражаттар көлемі*100%;
d 2=ЖҚ/ баланс валютасы*100%
КБ ЖҚ-ң кешенді талдауын 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштермен жүзеге асыруға болады.
Меншіктік қаражаттарды құрылымдық талдау КБ акционерлер құрамын талдауды енгізеді. Ол үшін аналитикалық есеп көрсеткіштерін 010 баланстық шоты бойынша акционерлер дербес шоттары, сондай-ақ банктің өзінің акцияларын шығару мен сату бойынша операцияларын бейнелейтін көрсеткіштер қолданылады. Мұндай талдау жалпы жиналыста қандай кәсіпорындар (кооперативтер, жеке тұлғалар және т.б.) басым дауысқа ие екендігін жеке мүдделерді қанағаттандыру үшін банк қызметін қайда бағыттау керектігін анықтауға мүмкіндік береді.
Банктің меншікті капиталы – банк ісін ұйымдастырудың бір бөлігі. Бүгінгі таңда банктік операциялар тартылған және займдық несие ресурс-тарына негізделеді. Банк несиелік ресурсты өз қаражатын қаржылық тұлға ретінде ұлғайтып алып, көбейте алады. Бір қайнар көзі – бөлінбеген пайда, келесі – тартылған қаражатты, мысалы, акция шығару, займдар және т.б.
Тартылған қаражаттар клиенттдің депозиттері тартылған арнайы қорлар есеп айырысу операциялары бойынша уақытша бос ақша қаражаттары, клиенттердің кредиторлық қарыздарынан тұрады. Ең негізгі элемент – бұл депозит, яғни клиент шотында сақталатын және банк заңы мен шот режиміне сәйкес қолданылатын оның банкке салған ақшасы.
Займдық (депозиттік емес) қаражаттарға банкаралық ссудалар, уақытша банкаралық қаржылық көмекпен өткізілген қарыздық құнды қағаздар жатады.
Депозиттік емес қаражаттардың депозиттерден айырмашылығы, мұнда бастама банкке тән, ал депозиттерді белсенді тұлға – салымшы болып есептеледі.
Тартылған және займдық қаражаттар бірігіп, банктің баланстық міндеттемелерінің көлемін құрайды. Банк міндеттемелері – банкке тиеселі емес, банктік қор айналымға оның активті операцияларының қайнар көзі ретінде уақытша қатысатын қаражаттары.
Банк міндеттемелері ағымдық және басқалай түрлерге бөлінеді. Банктің ағымды міндеттемелеріне: банктер, клиенттер алдындағы міндеттемелер мен жинақ салымдары, төленбеген дивиденттер мен салықтар, берілген акцепт бойынша клиент міндеттемелері және т.б. Басқалай міндеттемелерге: ағымдық сипаты жоқ пассивтер кіреді, мысалы зейнетақы және сақтандыру қорлары, күмәнды қарыздарды жабу резервтері, банктің меншікті қаражатына кірмейтіндерді қоспағандағы басқадай резервтен мен провициялар. Күмәнды қарыздар бойынша провицилар өндірі мүмкін болмаған қарыздарды өтеу үшін резервтеріне қарызгерлердің қарызы бойынша мүмкін, бірақ нақты түрде әлі қалыптаспаған шығындарды өтеуге юағытталған сомалар жатады. Жалпы басқалай міндеттемелер қауырт және алдын-ала белгісіз тербелістерге ұшырамайды және салыстырмалы тұрақты болып келеді. Олардың банктік ресурстардың үлесі де шамалы.
Тартылған және хаймдық ресурстарды банк ресурсын тарту көздерін сипаттайтын келесі топтарға бөлген жөн:
-мерзімді және талап етілгенге дейінгі депозиттер
-есептегі қаражаттар
-заңды және жеке тұлғалардан оларға сатылған қарыздың құнды қағаздар сатудан түскен қаражаттар.
-басқа банктердің несиелері
-кредиторлар.
Бір немесе бірнеше топшалардың банк міндеттемелерінің саласына қатынасы (пайызбен) олардың үлес салмағын көрсетеді және әрбір экономи-калық контрагенттің пассивтік банк операцияларының дамуындағы рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, міндеттемелердің жалпы сомасында тұрғындар қаражаттарының үлесі (шот423/банк міндеттемелері *100%).
Пассивте бейнеленген банктер алдындағы міндеттемелерді оларда орналастырылған активте көрсетілген қаражаттармен теңестіру, бұл банктің тұрақтылығы туралы белгілі бір тұжырымға келуге мүмкіндік береді, себебі мұндай қаражаттарға маңызды тербелістер төніп тұрады және басқа банктерге оның орналастырылған қаражаттар жетіспеуі банктің қаржылық тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкін.
Коммерциялық банктер үшін салымдар – пассивтердің негізгісі активті несие операцияны жүргізу үшін ресурстар меншікті қаражаттар секілді маңызды. Ссудалық операциялардың түрлері депозиттердің сиаптына тәуелді, сәйкесінше банктің кіріс көлемі де тәуелді.
Банктің клиенттерінен тартқан қаржылары ағымдық, деплзиттік, жинақ және басқа шоттарға есептеледі. Есептік кезеңдегі мәліметтерді өткен жыл мәліметтермен салыстыру үшін бұл шоттардағы ақшалар сомаланып, балансқа 1 көрсеткіш болып көрсетіледі.
Алайда тартылған депозиттік қаражаттар құрылымын талдауда оларды мерзімділігі, тарту субъектілері бойынша топтастыру қажет. Мысалы, тартылған депозиттер мерзімділігіне қарай: қысқа, орта және ұзақ мерзімді болып, ал тарту субъектісіне қарай жеке, заңды тұлғалардан , бюджеттік ұйымдар мен әрқилы қоғамдардан және т.б. тартылған қаражаттар болып бөлінеді. Клиенттер мен мерзімі бойынша тартылған қаражаттарының құрылымын талдау экономиканың қай секторынан және қандай мерзімге негізгі ақша массасы тартылып жатқаны анықталады. Осылай, жалпы шоғырланған қаражаттардың ішінде мерзімді депозиттер үлесінің ұлғаюы, пайыздық шығыстардың өсуіне қарамастан жағымды әскп береді.
Мерзімді салымдар тартылатын қаражаттардың тұрақты бөлігі болып табылады, бұл ұзақ мерзімді несиелендіруді жоғары пайызбен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олардың ресурстық базадағы қажетті деңгейі - 50%-дан төмен емес.
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары
Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.
Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық капиталдың қалыптасуы әр түрлі болады.
Банктің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан оның жарғылық қоры толықтай қатысушылардың -заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларының есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несисінің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.
Банктің жарғылық капиталына акционерлік (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтер түрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.
Аударылатын дивидендтердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және шығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).
Банкке түскен пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция боынша дивидендтерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізледі.
Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған заладың орнын толыруға арналған, банк облигациясы бойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксізболған жағдайда артықшылықты ация бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді.Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға аударылады және оны есептеу қайтадан басталады.
Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.
Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол (сақтандыру резерві) – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады. Бұл резервті қалыптастырудың міндетті сипаты бар.
Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы – банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамысз етеді. Ол шама ретінде қарастырылуы мүмкін оның шегінде банк өз міндеттемесі бойынша жауапкершілігіне кепілдік береді. Банк іс-тәжірибесінде өзіндік қаражат ресурстардың ысырапқа ұшырауы салдарынан залалдың орын алатынына қарамастан банктің төлем қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін резерв ретінде саналады, өйткені, өзіндік қаражат акционерлерге міндетті түрдегі қайтарымға жатпайды. Банктегі өзіндік қаражаттын мөлшері оның қызмет ауқымын анықтап береді. Әдетте, Ұлттық банк экономикалық нормативтерді банктердің материалдық базасын дамытудың көзі болып табылатын өзіндік қаражаттың мөлшеріне қарай белгілейді. Оның есебінен банк өзіне қажетті үй-ғимаратты, машинаны, құрал-жабдықты, есептеуші техниканы және т.б. керек-жарақтарды сатып алады. Аталмыш шығынды қаржыландырудың тікелей көзіне пайданың есебінен қалыптасатын, банктік өндірістік және әлеуметтік жағынан дамытатын қор жатады.
Өзіндік қаражаттың шамасын коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:
1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;
2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;
3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;
4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді. Дамыған нарқы жағдайында несие саясатын ырықтандыратын болсақ, коммерциялық банктер несие ресурстарына оңай қол жеткізеді әрі банкке қажетті өзіндік қаражаттың деңгейін кемітеді. Қаржы нарығының жеткліксіз дамуына қарай ұштастыра отырып несие саясатын күшейтетін болсақ, өзіндік қаражатты тұрақты түрде өсіріп отыруға тура келеді.
Бұл аралықта банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдаланылуы мүмкін:
банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін;
пайданы немесе шығарылатын акциялардың санын (банк пайдала-
нушыларының санын) арттыру. Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда қосымша шығынды қажет етпейді. Пайданы жинақтау өз кезегімен банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынандай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.
Отандық коммерциялық банктер әбден қалыптасқан нарықта өз орнын тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекеттенетіні белгілі. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.
Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемесінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға алған қаражат жатады.
Ресурстар үшін жүріп жатқан бәсекелестік күресте банктердің қолданатын маңызды құралына әр түрлі процент саясаты жатады, өйткені салым қаражатынан алынатын табыс клиенттерді ынталандырады.
Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары