Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген жағдайда ол тәуекелділік қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуінен болады, яғни жоспарындағы күтпеген жағдайлардың болуы, кепіл мүліктің сақтандырылмауынан, басшы тәжірибесінің аздығынан және т.б. Бұл және басқа да факторларды банк қызметкерлері кәсіпорындарды, ұйымдарды несиелендіргенде несие қабілеттілігін бағалауды ескереді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11
2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37

Содержимое работы - 1 файл

Жазира - Курсовой (Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері және операциялары).doc

— 285.50 Кб (Скачать файл)


Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

1          Коммерциялық  банктердің  қызметтері   мен  операцияларын

басқару

1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының

      мәні......................................................................................................................5      

1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11

 

2          Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және

олардың ерекшеліктері

2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы 

      салымдарының түрлері...................................................................................15

2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19

2.3 Коммерциялық банктердің  меншікті және тартылған

қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22

 

3          Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын

басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31

 

Қорытынды............................................................................................................36

 

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейі – банктер болып табылады. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқада несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты - ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары банктің дамуы қаржы және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол банктің ресурстары және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және ақша аудару арқылы жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары ол клиенттермен көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен де қарым – қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер әрқайсысы өздерін жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында бәсекелестік болады, сол үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей алатындығын көрсетеді. Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып мінездеме бере алады. Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын жоғалтпай жұмыс деңгейі жоғары екенін білдіреді

Үшінші мыңжылдықтың табалдырығында Қазақстан Республикасы өмірдің барлық салаларында жаһандық өзгерістерді басынан өткеруде. Осы тұста еліміздің банк жүйесінің құрылымы да халықаралық интеграция салдарынан үлкен өзгерістерге ұшырады. Банктердің қызмет істеу ортасыда біршама өзгерді.

Қазақстандағы банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды құрылымы болып табылады. Банктер мен тауарлы өндірістің және айналымның дамуы өзара байланысты. Банктер шаруашылықты несиелендіріп, ақшалай есептеулерді жүргізіп, капиталды бөлуде делдалдар ретінде өз міндеттерін атқарады.

Бүгінгі күні республикамызда 35 екінші деңгейлі банк өз қызметін жүргізуде. Банк жүйесінің құрылымы да күрделене түсті. Қаржылық мекемелердің жаңа түрлері, жаңа несиелік құралдар және клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болды.

Мемлекеттің банктік секторының алдында келесідей мәселелер қойылған: индустриалды саясатты қолдау, ауылшаруашылық комплексін қолдау, тұрғын үй құрылысы бағдарламасына екінші деңгейлі банктердің белсенді қатысуы.

Қаржы-несие жүйесі нарықтық экономиканың маңызды да ажырамас бөлігі болып табылады. Банктік жүйе мен тауарлы өндірістің дамуы бір-бірімен тығыз байланыста. Экономикалық өмірдің ортасында бола отырып, банктер салымшылар мен өндірушілер арасындағы байланыстырушы, капиталды қайта бөлістіруші, өндірістің жалпы тиімділігін көтеруші болып саналады.

Өз курстық  жұмысымды жазу барысында бұл тақырыптың өзектілігін айқындағым келді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың несие қабілеттілігі және қаржы ресурстары  туралы  мәлімет ең бірінші банктерге қажет деп санаймын. Өйткені банктердің табыстылығы мен өтімділігі клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелді болады. Осыған байланысты өз курстық жұмысымда қарастырылған теориялық аспектілер мыналар:

      несие механизмінің мәні мен экономикалық маңызы

      қарызгердің несие қабілеттілігін талдаудың мәні мен экономикалық маңызы

      нәтиженің сальдолық көрсеткішінің негізгі несие қабілеттілігін бағалау жүйесі

      қаржы ресурстарының басқаруын талдау

      төлем қабілеттілігінің мәні мен маңызы

Төлем қабілеттілік – бұл өнімді өткізуге, өндірістің ұдайы процесін жүргізуге және барлық қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша қарыздарды өтеуге жететін кәсіпорынның қаражаты.

Ең маңызды рольді – несиелер алып отыр. Себебі ол халық шаруашылығын қосымша қаражатпен қаржыландыратын негізгі көзі болып табылады.

Банктер пайда табу мақсатында несиелік активті операцияларды жүргізу процесінде несие тәуекелімен кездеседі. Яғни несие берушіге қарызгердің алған қарызы мен пайызын төлемеу тәуекелділігі. Әрбәр несиелік мәміленің түріне қарай несиелік тәуекелділікті анықтайтын факторлар мен себептер тән.

Көптеген жағдайда ол тәуекелділік қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуінен болады, яғни жоспарындағы күтпеген жағдайлардың болуы, кепіл мүліктің сақтандырылмауынан, басшы тәжірибесінің аздығынан және т.б. Бұл және басқа да факторларды банк қызметкерлері кәсіпорындарды, ұйымдарды несиелендіргенде несие қабілеттілігін бағалауды ескереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын басқару

1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының

мәні

 

Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады.

              "Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барасында пайда болды.Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан  да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы мағынасынан біртіндеп жоғалтты. Ол банктің "іскер" деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне көрсетуі олардың қызметтерінің сапасына байланыссыз болады.Коммерциялық банктер -нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

              Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

              Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырытан арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржы  ресурстары жинақталады.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өз кезегінде өкілеттілігін- Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі – депозит  тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк – жарғылық  қордың 50% - дан астамы бас банкіге тиеселі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО–ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)

Әлемдік банктік тәжірибеде қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы  олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болады. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келеді.

Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. маманданды.

Қазақстандағы  соңғы  уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер  филиалсыз, яғни  шоғырланған  болып  келеді.

Батыс еуропа банктік жүйесіндегі ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.

1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.

АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдарашуға рұқсат береді, өзгелері – штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде бір банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.

Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты  банк филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін.

Бөлімшелер мен филиал тораттарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттемелері-мен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырылған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Банкті ұйымдастырудың  құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.  Сондықтан да банктің бір- екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады.: банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты- банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктің ұйымдастыруына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым- қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.

Банкті басқаудың құрылымын анықтау, органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

              Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналыстан кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктеріне ие.

              Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға шығындар жабылады. Себебі, меншікті капитал есебінен банке қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары