Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген жағдайда ол тәуекелділік қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуінен болады, яғни жоспарындағы күтпеген жағдайлардың болуы, кепіл мүліктің сақтандырылмауынан, басшы тәжірибесінің аздығынан және т.б. Бұл және басқа да факторларды банк қызметкерлері кәсіпорындарды, ұйымдарды несиелендіргенде несие қабілеттілігін бағалауды ескереді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқару
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларының
мәні......................................................................................................................5
1.2 Коммерциялық банктерді ұйымдастыру құрылымы...................................11
2 Коммерциялық банктердің операцияларының түрлері және
олардың ерекшеліктері
2.1 Коммерциялық банктердің пассивтік операцияларындағы
салымдарының түрлері...................................................................................15
2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі ..............19
2.3 Коммерциялық банктердің меншікті және тартылған
қаражаттарының жағдайын талдау................................................................22
3 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын
басқарудың тиімділігі және олардың арттыру жолдары ............................31
Қорытынды............................................................................................................36
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................37

Содержимое работы - 1 файл

Жазира - Курсовой (Коммерциялық банктердің рөлі, қызметтері және операциялары).doc

— 285.50 Кб (Скачать файл)

Казіргі кезде банктің операциялар тартылған және зайымдық несие ресурстары есебінен жүргізіледі. Банк несие ресурстарын және өзінің қаражаттарын келесі көздері арқылы толықтыра алады.

1.                 Бөлінбеген табыс.

2.                 Таратылған қаражат.

    Таратылған қаражат – клиенттің депозиттерінен, таратылған арнайы қорлардан, есеп операциялары бойынша уақытша бос қаражаттарынан, клиентң несиелік қарыздарынан құралады.

              Заемдық қаражат – банкаралық ссудалардан, банаралық уақытша қарасылық көмектен және өткізілген құнды қағаздардан құралады. Банктің тартылған және заимдық қаражаттары банк балансының міндеттемелерін құрайды.

              Банк  міндеттемелері – бұл активті операциялардың көзі ретінде банк қорларының айналымында уақытша жүретін банкке тиесілі емес қаражаттар. Банк міндеттемелері ағымды және басқа болып бөлінеді.

Ағымды міндеттеме: банктер алдындағы, клиентура және жинақтау дипозиттері алдынғы, төленбеген дивиденттер мен төленбеген салық алдындағы міндеттемелер жатады.

              Басқа да міндеттеме: ағымды емес сипаттағы пассивтер, яғни зейнетақы және сақтандыру корпорациялары, күмәнді қарызды жабу резерві, т.б. резервтер алдынғы міндеттемелер.

              Тартылған және заимдық  ресурстарды талдау үшін келесі көздері ескеру қажет:

-         жедел және талап етілдіне дейінгі депозиттер;

-         есептегі қаражаттар;

-         заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары;

-         басқа банктердің ресурстары;

                            коммерциялық банктер үшін салым

-         пассивтердің маңызды түрі яғни актив операциялардың жүргізілуі үшін қаражат көзі.

              Банктердің клиенттен тартылған қаражаттары ағымды, депозиттік, жинақтау және басқа да шоттарға аударылады.

              Депозиттік тартылған қаражаттардың құрлымын талдау барысынды оларды топттастыру қажет:

1)     Жеделдігіне байланысты;

- қысқа мерзімді;

- орта мерзімді;

- ұзақ мерзімді;

2)     Тартылған субъектілеріне байланысты

-         заңды және жеке тұлғалар;

-         бюджетік мекемелер;

-         әртүрлі қоғамдар;

              Банктің тартылған қаражаттарын талдау кезінде әр тартылған және зайымдық қаражаттың топтарының үлес салмағын анықтау керек, сонымен қатар валюталық баланстың қалыптасуыдағы банктің барлық міндеттемелерінің үлесін анықтау керек.

Сырттан тартылған қаражаттарды қалыптастыруда банкаралық несиенің пайдалануын таладау

Банктер үшін қаржы көздері ретінде маңызды рөлі банкаралық несие алады.

Банкаралық нарық – бұл ссудалық капитал нарығының бөлігі. Ол жерде несие ли уақытша  бос ақшалары банктер арасында таратылады.

Банкаралық активті және пассивті операциялар банкаралық дипозиттер және бпнкаралық несиелер нарығы болып бөлінеді. Банкаралық депозит – бұл бір банктін екінші банктегі депозит. Банкаралық несие – коммерциялық банктің заямдық  қаражатының негізгі көзі болып табылады.

Банкаралық несие банктердің өтімділік және рентабельдік дипейін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Каммерциялық банктің несие потенцианының негізгі қаражат көзі ҰБ несие болып табылады. Ол қайта қаржыландыру тәртібі ретінде беріледі. ҰБ несие ресурстары қысқа мерзімді несиелендіру мақсатында беріледі.

Баланстық пасивті шоттарын кешенді талдау тігінен және көлденегінен жүргізіледі. Тігінен жасалатын тандау кезенде әр статының үлес салмағына  жеке көнілі бөлінеді, мысалы пасивтің жалпы сомасындағы талап етілуге деінгі депозиттер қандай пайыздық  үлесті  оларды және т.б. Бұндай талдау шоттар арасындағы пропорцияны анықтауға олардағы өзгерістерді анықтауға және ол өзгерістер банк табысына қандай әсер ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Көлдеңінен жасалатын талдау кезінде баланс поссивтерінің әр статьясының згерісі қарастырылады. Ол үшін мәліметтерді өткен жоспарлы және күтілген деп бөлінеді. Олардың ауытқуы пайыз түрінде көрсетіледі.

Жоғарында оталған талдауды таблица түрінде қарастырамыз.

                            ҚР-дағы коммерциялық банктердің баланстарының ерекшеліктері төмендегідей:

1.      тартылған қаражаттарға қарағанда меншікті қаражаттардың үлес салмағының аса үлкен емес болуы;

2.      клиенттер группасы бойынша депозиттердің төмен болуы;

3.      ссуданы қаржыландыру;

4.      тартылған қаражаттар құрлымындағы қысқа мерзімді ресурстарының үлкен бөлігі;

5.      активті операцияларды жабудың негізгі көзі-қысқа мерзімді ресурстар;

6.      банктің құнды қағаздарды шығаруы;

              Таратылған қаражаттарды талдау үшін коммерциялық банктің тартылған қаражаттарын пайдалану тиімділік көрсеткіші қолданылады.

              Тт.қ =  тартылған қаражаттардың тиімділік көрсеткіштері.

Бұл көрсеткіш тартылған ресурстар есебінен несие салымдарының сумасының % -н анықтауға көмектеседі. Егер оның мәні 75%-ға тең болса, онда таратылған қаражаттарыеың қолдану тиімділігінің жеткіліксіз болуын білдіреді. Халықтың тартылған ақша салымдарыны4 нормативі белгіленген. Ол келесі формула арқылы есептеледі.

Каммерциялық банктердің банкаралық несиелеу депейін иалдау үшін қатысты көрсеткіштер – қайта қаржыландыру коэффициенті (Кқ.қ)  қолданылады. Қайта қажыландыру коэффиценті басқа банктерден алынған несие қатынастары секілді есептелінеді. Қайта қаржыландыру коэффициенті – басқа банктерден алынған несие салымдардан; банкаралық ссудалар; тартылған қаражаттар; меншікті қаражаттар; жарғылық қор т.б. көрсетеді. Қайта қаржыландыру коэффмцентінің жоғары болуы банкте операциялардың

табыстылық денгейінің жоғарғы болуымен сипаталады.

 

2.2 Коммерциялық банктер активтерінің құрылымы және жіктелуі.

 

Коммерциялық банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады

1)     касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

2)     несиелер;

3)     бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

4)     банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің

көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

              Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:

1)     жоғары өтімді активтер;

2)     өтімді активтер;

3)     ұзақ мерзімді өтімді активтер.

Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:

   Кассадағы қолма-қол ақшалар;

   Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;

   Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;

   ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы)

мүше елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валютада салынған корршоттағы қаражаттар;

   Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.

Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға

мүмкіндік беретін активтерге жатады.

              Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталған-дарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.

              Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер, Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер)

              Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомларына және типтеріне сәйкес келуі керек.

              Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

              1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

   Касса;

   Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай

қаражаттар;

   Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем

құжаттары;

   Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің

негізгі көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс

әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:

   Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;

   Талап етілетін несиелер (онкольдық);

   Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы

резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

              3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.

              4-тоқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруды екінші реттегі активтерге қосымша ретінде бөлу.

              ҚР-ның Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туалы» ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және олар бойынша провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

              Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

              Аталған ережеге сәйкес активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

              Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.

              Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

              Несиелердің жіктелуі олардың сапасына, қамтамасыз етілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, несиелердің жіктелу санаттарына байланысты жүзеге асады.

              Заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 3-кестеде берілген.

                           

 

 

 

Банктің жіктелген активтері және баланстан тыс талаптары бойынша

қажетті провизия мөлшерін есептеу кестесі

 

Резервтеу мөлшері (негізгі

қарыздың сомасынан %-бен)

Резервтеу шарты

1-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

5

төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда

2-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

10

төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

3-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

20

төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда

4-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

25

төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

5-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

50

Барлық жағдайларда

Үмітсіз активтер және шартты міндеттемелер

100

Барлық жағдайларда

Информация о работе Коммерциялық банктердің қызметтері және операциялары