Инфляцияға қарсы саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:41, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция – қағаз ақшаның нсыздануына байланысты болатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдерi мөлшерiнiң тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетiп, осының нәтижесiнде тауарлармен қамтамасыз етiлмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны бiлдiредi.

Содержание работы

Кiрiспе.
1-Тарау. Инфляцияның мәнi, түрлерi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.1. Инфляцияныңң мәнi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.2. Инфляцияның түрлерi.
2-Тарау. Инфляцияныңң экономикалық және әлеуметтiк зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
2.1. Инфляцияны бәсеңдету шаралары
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары.
3-тарау Инфляцияға қарсы саясат
Қорытынды.
Пайдаланыланған әдебиеттер тiзiмi.

Содержимое работы - 1 файл

Инфляцияныңң экономикалық және әлеуметтiк зардаптары және инфляцияға қарсы саяса 24 бет.doc

— 115.00 Кб (Скачать файл)

II.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары.

      Инфляцияның зардаптары күрделi және көп түрлi болып  келедi. Инфляцияның жоғары деңгейi баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестiң ушығуы барысында инфляция ұдайы өндiрiске кедергi келтiрiп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтiк шиеленiстердi тереңдетедi. Инфляция аттың текiректеп шауып, бой бермеген кезiндегiдей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтiрiп, экономикалық саясатты жүргiзуге жол бермейдi. Бағаның әр түрлi өсуi экономика салаларының арасындағы сәйкестiлiктi бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, iшкi рынокта тауарлар өткiзудi қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтiп, бұл процестi таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына  ынтаны жойып, ақша-несие жүйесiнiң қызметiн бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретiн мекемелер зиян шегедi. өндiрiстiң интернационалдануы инфляцияны бiр елден екiншiсiне аударады, халықаралық валюта  және несие қатынастары күрделенедi.

      Инфляцияның әлеуметтiк зардаптары да бар, ол ұлттыє табысты қайта бөледi, халыққа  салық үстiне салық болып, номиналды  және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуiнен кейiн єалдырады. Инфляция зардабын барлыє жалдамалы жұмысшылар, еркiн кәсiп иелерi, зейнеткерлер т.б. басынан өткiзедi. 

II.3. Инфляцияға қарсы  саясат.

      Инфляцияның әлеуметтiк және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердiң үкiметiн белгiлi экономикалық саясат жүргiзуге мәжбүр еттi. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап iздейдi. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейiмделу керек пе?  Бұл дилемма әр елде өзiнше, сол елдiң ерекшелiктерiне сәйкес шешiледi. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейiндегi мәселе. Басқа бiр елдер бейiмделу шараларын қарастырады.

      Инфляцияға  қарсы саясатты талдауда оның екi бағытын  күрсеткен жөн. Бiрiншi бағыт белсендi бюджеттiк саясатты жақтайды, мемлекеттiк шығыстар мен салықтарды икемдi пайдаланып, төлеу қабiлетi бар сұранысқа ықпал жасайды.

      Инфляцияға  артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейiн  жоғарылатады. Нәтижесiнде сұраныс  қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейдi. Алайда, солармен бiр мезгiлде өндiрiс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгiлерi байқалады, жұмыссыздардың саны өседi. Бұл инфляцияны тежеудiң қоғамдық бағасы.

      Экономиканың  құлдырауы кезiнде сұранысты ұлғайту  үшiн арнайы бюджеттiк саясат жүргiзiледi. Егер  сұраныс жеткiлiксiз болса, мемлекеттiк қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейi төмендетiледi. Төмен деңгейлi салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтiп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттiк қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70-жылдары көптеген елдердiң тәiрибесi көрсеткендей, оны күшейтедi.  Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкiметтiң салық  арқылы маневр жасау мүмкiндiктерiн тарылтады.

      Екiншi бағттың авторлары экономикада  пайда болған кемшiлiктердi ақша-несие  саясаты арқылы реттеудi ұсынады. Реттеудiң  бұл түрi үкiметтiң тiкелей бақылауынан  тыс, дербес орталық банк арқылы жүргiзiледi. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз пайызының ставкасын өзгертедi. Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзiмдiк ықпал жасау құралы ретiнде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердiң ойынша үкiмет төлеу қабiлетi бар сұранысты тежеу үшiн инфляциялық шаралар қолданады. Өйткенi экономикалық өсудi ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейiн жасанды әдiстер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтiредi, яғни жұмыссыздықты өсiрiп өндiрiстi құлдыратады. Кейбiр есептер бойынша инфляцияны 1%-ке тјмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзiнiң табиғи деңгейiнен 2% жоғарылатады, ал нақты Жүй-нi 4%-ке кемiтедi.

      Бақылаудан  шыққан инфляцияны ауыздықтау үшiн  бiраз елдердiң үкiметтерi 60-жылдардан бастап, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргiзуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуiн тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рыноктық стратегиядан гөрi әәкiмшiлiкке көбiрек бағыт ұстанғандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейдi. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлi экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеудi тиiмсiз етедi.

      АҚШ-тың  тәжiрибесi табыс саясатын жоққа  шығарды. Мұнда 1971-1974 жылдарда үкiмет  жалақы мен баға деңгейiне тiкелей бақылау жүргiздi.  Одан кейiнгi жылдарда бұл мселеде тек кеңес берумен ғана шектелуде. Ал үкiмет басына Р.Рейганның республикалық әкiмшiлiгi келiсiмен аталған мәселелермен шұғылданатын үкiмет мекемесi жойылды.

      Соңғы жылдары инфляция бұрынғы КСРО елдерiндегi ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк жағдайында инфляция “қысыңқы”, “басыңқы”, “жабыңқы” күйде болып, көптеген тапшылықтар болуы мен өнiм сапасының үнемi төмендеу түрiнде көрiнiп келдi. Рыноктың құрыла бастауы инфляциялық процестердi едәуiр дәрежеде өшірттi. Инфляцияны бәсеңдету үшiн баға мен табысқа түгелдей әкiмшiлiк бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына терiс әсер еттi.

Қорыта айтқанда, инфляция сан қилы, көп факторлы күрделi процесс, ол белгiлi бiр дәрежеде барлық елдердi қамтиды. Инфляцияның жоғары  елдiң, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтiредi.Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін.Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйелген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын  төмендету.Осыдан  басқа , бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына,  ресурстар мен капиталдардың еркін жылжуына кедергі болады.Нәтижесінде, экономикадағы тапшылық жинақтала туседі, тұтынуды нормалау қажеттігі туады.Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша ,егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер  үкіметтің инфляциясымен күресуге күші де , құралдары да жеткілікті деп сенсе , онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді.Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайда атап өту қажет:монополиялық күштердің –тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің –бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды.Экономикада инфляцияның(әсіресе сұраныс түрткі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді.Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайда түзетуге көмек бере алады.

      XXғ  60-шы жылдары нарық экономикалы  елдерде жүргізген табыстар саясатының  тиімділігі күткендей болмады.Сондықтан  70-ші жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізуден бас тартты.

      Бағаға  ықпал жасаудың  жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың   “ дефляциялық” шаралар жатады.Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлемінде қолданған болатын.Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне , берілетін несиенің көлемінде,есепке беру ставканың өсуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтердің нормасына бірте-бірте шектеу енгізеді.

      Айналымдағы ақшаның  көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдықәдістер арқылы жиынтық сұранысты зайтуға тырысады:мемлекеттік сатып алуға және инвестицияға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе, тікелей және жанама салықтарды өсіріп , амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.

      Инфляцияны  төмнедету мақсатымен валюта саясатының  инструменттері пайдалынылуы мүмкін:шетелдерден  келетін ақшаға шек қою , ұлттық валюта курсын көтеру.

      “Дефляциялық” шралардың  тежеу жасайтын әсері  алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді , ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда блоуы дефляция  сясатының кейбір инструментерінен бас тартуға мәжбүр етті.

      Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының  балама жолдары бар.Оның мәні:Инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін , экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек .

      Филлипстің  қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келудің  қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал етіу қажет.Осы үшін қаржылық және ақша саясатына азғана өзгертіп, қатал стандартты, мақсатты қаржыландыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік қолдауды, ротекционистік шараларды,  табыстар саясатының элементерінің қолдануды пайдалануға болады.Соңғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

      Үкімет  үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады:оны бірте-бірте  ұзақ мерзімде көздеп жүргізу (“естен тандыру терапиясы”).Барлық жағдай елдің көлеміне оның экономикасының болмысына, әлемді нарыққа кірудің дәрежесіне және шартарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелеріне қолдауына,ел ішіндегі әлеуметтік-саяси жағдайға және т.б.байланысты болады.

      Қазақстанда инфляцияның дамуы “сұраныс пен  ұсыныс ”инфляциясының әр қилы ұштасуына  қолдану арқылы жүріп отырады.Қазақстанда  ақша массасының өсуінің үш себебін  атап көрейік:

      Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер.

      Екіншіден, Орталық банктің комерциялық банктерге несиесі-қайта қаржыландыру үшін несиелер.

      Үшіншіден, ТМД мемлекетеріне несие-олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.

      Атал5ан несиелердің көзі ақша, негізінде  ақша массасы өскен және инфляция жанадан түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.

      Қазақстаның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцмяға қарсы шаралар тек “естен тандыру  терапиясының” монетаристік әдістер  қолданады.Бұлар күткен нәтимже  бермеді.

      Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратарын қаржыландырумен байланысты.Сондықтан ресурстары жалпы үнемдеу және бюджет тапшлығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналады.

      . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды.  

      Сонымен, қорыта айтқанда, инфляция                                                                                                             дегенiмiз айналымдағы ақша  массасының қажеттiлiктен тыс артып кетуi. Бұл ақша өлшемiнiң құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуiне әкеледi. Ол – күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлi саласындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы. Инфляция дүние жүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық өмiрiндегi ең өткiр проблемалардың бiрi.

      Инфляцияның философиялық ұғымымынада: бiрте-бiрте  тереңдеуiне байланысты экономиканы  уақытша жандандыратын фактордан  ұдайы өндiрiс процесiне  кедергi жасайтын факторға айналады.

      Инфляция  кезiнде өндiрiс қарқыны төмендейдi, экономикалық өсудiң пропорциясы  бұзылады, ақша-несие , қаржы және валюта механизмi бөлiнедi, елде әлеуметтiк-экономикалық тұрақсыздық күшейедi. Инфляция халықаралық  экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс  күшiн ұдайы өндiру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең  пайдалы саларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканы  дамуын жеделдетедi.

      Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргiзедi. Мемлекеттiң инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, аєшаны эмиссиялауды єатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды iске асыру арқылы жүргiзедi. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

  1. Экономикалық  теория негiздерi. Алматы,1998.
  2. Жалпы экономикалық теория. Жауапты ред. Шеденов І. Алматы,2002.
  3. Нүрпейiсов Ж. Экономикалық теория негiздерi. Ақмола,1996.
  4. Жѕнiсов Б. Нарықтық экономикалық негiздерi. Алматы,1994.
  5. Мәдешов Б. Нарықтық экономика теориясына кiрiспе. Алматы,1995.
  6. Сейiтқасымов Ұ.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
  7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы, 2000.
  8. Кјшенова, Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта єатынастары. Алматы, 2000.
  9. Алдаберген °. Тамыз айындағы инфляция. //Егемен Қазақстан.- 2003.- 19 қыркүйек.
  10. Байманова Ж. Теңгенiң тегеурiнi ел экономикасына қалай әсер етедi? //Астана хабары.- 2004.- 13 қараша.

Информация о работе Инфляцияға қарсы саясат