Инфляцияға қарсы саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:41, курсовая работа

Краткое описание

Инфляция – қағаз ақшаның нсыздануына байланысты болатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдерi мөлшерiнiң тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетiп, осының нәтижесiнде тауарлармен қамтамасыз етiлмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны бiлдiредi.

Содержание работы

Кiрiспе.
1-Тарау. Инфляцияның мәнi, түрлерi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.1. Инфляцияныңң мәнi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.2. Инфляцияның түрлерi.
2-Тарау. Инфляцияныңң экономикалық және әлеуметтiк зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
2.1. Инфляцияны бәсеңдету шаралары
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары.
3-тарау Инфляцияға қарсы саясат
Қорытынды.
Пайдаланыланған әдебиеттер тiзiмi.

Содержимое работы - 1 файл

Инфляцияныңң экономикалық және әлеуметтiк зардаптары және инфляцияға қарсы саяса 24 бет.doc

— 115.00 Кб (Скачать файл)

      Басылыңқы инфляция өнiм сапасының төмендеуiмен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлiк келiсiмнiң дамуымен көрiнедi. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдiгi бағасынан төмендеуiн қолдау әсерiнен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемi ретiнде қызметiн атқарудан қалады. Егер бiздiң осы уақытқа дейiнгi экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшiн бұл қауiптi емес, одан өлi де болса құтылуға болады.

      Батыс экономистерi жасаған теорияларда  инфляцияның альтернативтi қайнар көздерi ретiнде сұраныс инфляциясы мен  шығындар инфляциясын көрсетедi. Бұл  концепциялар инфляция болуының әр түрлi себептерiн атайды.

      Шетелдiк  экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екi типке бјледi:

    • Сұраным инфляциясы;
    • Өндiрiс шығындарының өсуiнiң немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесiнде болатын инфляция (ұсыным инфляциясы).

      Сұраным инфляциясының мәнiн бiр сөзбен былай деп сипаттауға  болады: “Тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды”. Сұраным инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнiң ұсақ үстемдiгi болған жағдайда да орын алады. Олар өзiндiк айрықша нысан сипатында болады. Мысал ретiнде бiздiң экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейi сақталды. Оған табыссыз жұмыс жасайтын бiрталай кәсiпорындардың санын және артық жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететiн өндiрiстi сақтау арқылы қол жеттi, ал ол еңбек өнiмдiлiгiне керi әсер еттi. Ал жалақының еңбексiз табылған табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айналдырады, бағаны өсiредi.

      Сұраныс пен ұсыныстың арақатысының бұзылуы  сұраныстың көрiнедi. Мұндағы негiзгi себептер: мемлекеттiк тапсырыстардың ұлғаюы, толық жұмыспен камтылған кездегi өндiрiс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуi, өндiрiстiк қуаттардың толық жұмыс iстеуi, кәсiподақтар әрекетiнiң нәтижесiнде еңбекшiлердiң сатып алу қабiлетiнiң жоғарылауы т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемiнен артық ақша төсiп, бағалар өседi. Мұндай жағдайда өндiрiсте жұмыспен қамту толық болғанымен өндiрушiлер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюi шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтiп бағаның жалпы деңгейi өседi.2

Шығындар  инфляциясы бағалардың өсуiн, өндiрiс  шығындарының ұлғаюымен түсiндiредi. Шығындардың көбеюi баға белгiлеудiң  олигополиялық тәжiрибесiнен,  мемлекеттiң  экономикалық және финанстық саясатынан, шикiзат бағасының өсуiнен, кәсiподаєқың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжiрибеде инфляцияның бiр түрiн екiншiсiнен айыру оңай емес, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуi, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретiнде де көрiнуi мүмкiн.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысында экономикасы дамыған елдердiң бәрiнде дерлiк ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркiн рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерiнде де өндiрiс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемi өсiп отырады. Барлық бағалардың бiр мезгiлде өсуi ХIХ-ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы циклдық өзгерiстердiң алапат құбылысы кезiнде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен стагнация жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуi.

Ұсыным  инфляциясы ұсыным мен шығындарды өзгерту  нәтижесiнде  болуы мүмкiн. Ұсыным инфляциясының екi түрi бар:

    • жалықының өсуi әсерiнен болатын инфляция;

    Ұсыным  экономикасы механизмiнiң бұзылуы  нәтижесiнде пайда болатын инфляция.

      Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндiрiстi дамыту барысында елеулi түрде өзгередi. Осыған байланысты инфляцияны кейбiр  елдерде орын алатын жергiлiктi инфляция,  барлық елдердi қамтитын бүкiл әлемдiк  инфляция, елде бiр iшкi экономикалық факторлардың әсерiнен болатын индуцирленген инфляция, мөлшерден тыс несие экономикасынан туындайтын несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан әкелiнген және сыртқа шығарылатын  инфляция,  инфлияциялық процестiң  бiрқалыптылығы еместiгiмен байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшелейдi.

      Инфляцияның философиялық ұғымы мынада: бiрте-бiрте  тереңдеуiне байланысты экономиканы  уақытша жандандыратын фактордан  ұдайы өндiрiс процесiне  кедергi жасайтын факторға айналады.

      Инфляция  кезiнде өндiрiс қарқыны төмендейдi, экономикалық өсудiң пропорциясы бұзылады, ақша-несие , қаржы және валюта механизмi бөлiнедi, елде әлеуметтiк-экономикалық тұрақсыздық күшейедi. Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшiн ұдайы өндiру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең  пайдалы саларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканы  дамуын жеделдетедi. Инфляция баға индексi  (екi әр түрлi уақыт кезiндегi тауарлармен қызметтердiң арақатысын бiлдiретiн көрсеткiш) арқылы өлшенедi. Инфляция деңгейi, әдетте, бiр жылға есептеп шығарылады. Тiптi егер ол бiр ай үшiн есептелсе де, онда алынған шаманы жылмажылғы деңгейге дейiн жеткiзу керек.

II-Тарау.  Инфляцияның экономикалық  және әлеуметтiк  зардаптары және  инфляцияға қарсы  саясат.

II.1. Инфляцияны бәсеңдету шаралары

      Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргiзедi. Мемлекеттiң инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, баға мен  жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды iске асыру арқылы жүргiзедi. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Инфляция экономикалық кеселдiң ерекше түрi. Ол бiр мезгiлде материалдық-қаржылық сәйкессiздiктiң әрi салдары, әрi себептерi ретiнде оны бүкiл шаруашылық механизмiмен емдемей жеңуге болмайды,  яғни, егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесiз болуы мүмкiн. Қазақстанда өндiрiстi дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессiздiктердi бiртiндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкiн емес.

      Инфляция  саясаттың маңызды элементтерiнiң  бiрi қаржыны сауықтыру және халық  шаруашылығын тұрақтандыру, шығыны көп  және табыстылығы (рентабельдiлiгi) төмен шаруашылық субъектiлерiн қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсiру арқылы емес, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде жетуге болады. Сондай-ақ шетелдiк несиелердi пайдалану да маңызды. Бiрсыпыра шетел мамандарының пiкiрiнше Қазақстанда же»ңл өнеркәсiп және туризмдi дамытуда инфляция салдарын  баяулатады. Сондықтан, бұл салалардың  дамуына айрықша көңiл бөлiнуi керек. Сыртқы саудамен айналысатын кәсiпорындарды толық өзiн-өзi валюталық ақтауға көшiру керек. Бiр сөзбен айтқанда, инфляция халықтың әл-ауқатының деңгейiнен терiс әсер ететiн нәтижелерiн азайту қажет.3

      Батыс елдерiнде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынының өнiм  өндiру қарқынынан асып кетпеуiмен түсiндiредi. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады,  себебi ол ақша ұсынымын көбейтедi, ал ақшаның көп болуы экономикалық өсудi шектейдi (басқаша айтқанда жалақы мөлшерiнiң көп болуы материалдық мүдделiктi төмендетедi, ол өндiрiстiң даму қарқынын баяулатады). Американ ғалымы Мильтон Фридмен инфляцияны “өнiмдi шығаруға қарағанда ақшаның  артықшылығымен шақырылатын ақша феноменi” болып табылады деп көрсетедi.

      Көтеген елдердiң экономикасында кейде мынандай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы  деңгейiнiң өсуi өндiрiс көлемiнiң  қысқаруымен бiр мезгiлде болады. Экономиканық бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебi: жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндiрiс шығындарының инфляциясы. Бiрсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебiн нарықтың құрылымдық жетiлмегендiгiмен, ең алдымен бәсекенiң тиiстi деңгейiнiң болмауымен түсiндiредi. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бiр тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың  арзандауына әкелiп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық  баға деңгейiн қамтамасыз етедi. Ал егер бәсеке жеткiлiктi дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуiне  деген “қаттылығын” көремiз, яғни бiр тауарларға бағаның өсуi басқа тауарларға барабар бақаның төмендеуiне әкелiп соқтырмайды. Нәтижесiнде тауарларға және өндiрiс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейi ұдайы көтерiле бастайды.

      Стагфляция  монополиялардың нарықтағғы үстемдiгiне байланысты болады деген де көзқарас бар. Әрине монополиялар белгiлi бiр  дәәрежеде өндiрiс көлемiн азайтып  бағаны көтеру арєқылы жоғары пайдаға  қол жеткiзедi. Дегенмен монополия жоғары баға деңңгейiнiң себебi бола тұра, бiрақ бағаныңң өсуiнiңң себебi бола алмайды.

      Көптеген  зерттеушiлер стагфляцияныңң болу себебiн  инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндiрiс  факторларының қожайындар өздерiнiң  табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкiн екенiн ескере отырып, өздерiнiң қызметтерiнiң құнын көтере бастайды. Бұл өндiрiс  шығындарының өсуiне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болады. Нәтижесiнде стагфляцияға тән бiр мезгiлде бағаның  өсуi және  өндiрiс көлемiнiң төмендеуi орын алады.

      Стагфляция  себептерi туралы теориялық дамудың  тәуелсiз Қазақстан мемлекетi үшiн  де үлкен тәжiрибелiк маңызы бар. Себебi бiз қазiрде терең стагфляция жағдайында өмiр сүрiп жатырмыз. Мамандардыңң пiкiрiнше,  стагфляцияны қоғамдық өндiрiстегi құрылымдық  сәйкессiздiктер (диспропорциялар), басты өндiрiс салаларындағы дағдарыстар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады.Инфляция процесінің Қазақстанда дамуы да осы көзқарасты күәландаралады.Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны бағның үнемі өсуін ынталандырады.Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе: 1994 ;жылы ақша массасы инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845%және 125% 1995 жылы – 216% және 160%құрады.1996жылы ақша массасының өсуі баяулап ,инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.

      Қазақстан тәжірибесі  инфляциямен күресі тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен  жүзеге асыралатын куәландырады.

    Бұл жағдайда     дағдарыстан  шығу үшiн ақша бiрлiгiнiң теңгермелiлiгi 

(балансы)  мен тұрақтылығы, оған деген сенiмдi нығайту қажет. Қазiргi таңда жаңа ақша бiрлiгiн, дәлiрек айтсақ Қазақстанның ұлттық валютасын енгiзу аса маңызды экономикалық қажеттiлiкке айналып отыр. Сонымен бiрге, мынаны мойындауымыз керек – оны енгiзу жолында қазiргi қалыптасқан экономикалық жағғдайға байланысты көптеген қиындықтар тұр. Жаппай өндiрiстiң құлдырауы, бюджет тапшылығы өлi де болса да ұтымсыз салық салу жүйесi бәсекелi индустриальды өндiрiс құрылымының болмауы. ТМД елдерiнiң арасындағы экономикалық  байланыстардың шиеленiстiлiгi бұл процестi жүзеге асыруды күрделендiрiп отыр.

      Мемлекеттiң  ақша жүйесiн өзгерту, жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформадан, яғни бiр мезгiлде  жүзеге асырылатын экономиканы тұрақтандыру, бейтараптандыру, жекешелендiру шараларынан  тыс жағдайда өте қауiптi болуы және гиперинфляцияның кѕшеюiне әкелiп соқтыруы мүмкiн.

      Сондықтан, бүгiнде республикалық нарықты  орнықтыруда жүзеге асыратын барлық мүмкiндiктер бар: шикiзат, ресурстар, экономикалық потенциал. Ол үшiн өндiрiсте аса iрi құрылымдық өзгерiстер жасау, шикiзат өндiрудiң тұтынуға дайын түпкi өнiм шығғаруға кјшу єажеттiлiгi айєындайды. Ал экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту арқылы валюталық түсiмдi молайту, республикаға шетел инвестицияларын тарту, жеткiлiктi дәрежеде мемлекеттің алтын резервiн жасауда аса маңызды шаралар болып табылады. Өзiмiздiң ақша бiрлiгiмiз бюджеттiң тапшылығын жойғанымен, белсендi төлем балансы жасалғаннан кейiн  ғана жақсы нәтиже бередi.

      Ұлттық  валютаның негiзгi мақсаты – қалыптасқан  жағдайда оны өндiрудiң барынша  дұрыс механизмiн табу және қажеттi ақша мөлшерiн анықтау. Осыған байланысты бiрнеше пiкiрлер бар. Бастапқы кезеңдегi купон, талон сияқты ақшаның суррогаттарын енгiзу артық ақшаның  көбеюiне, сөйтiп экономикадағы инфляциялық процестердiң күшеюiне әкелiп соқтырады.

      Бiрсыпыра  экономистердiң пiкiрiнше, ұлттық  ақша бiрлiгi алғашқы қолма-қол ақшасыз  есеп түрiнде болуы керек және “шетелдiк валюта ” ролiн атқаруға тиiстi, олар айналыста  шетел валютасымен  қатар қызмет жасауы қажет деп  есептейдi. Түптеп келгенде бұл шарада ұтымсыз, себебi, қажеттi мөлшердегi шетел валютасын сатып алу үшiн қазiргi ауыстыратын бағыт бойынша орасан көп ақша соммасы керек немесе бүкiл алтын қоры мен едәуiр шикiзат ресурстарын сату қажет болар едi. Ал ол жалпы экономикалық, қаржы, тiптi саяси тұрғыдан да орынсыз, себебi шетелдерден экономикалық тәуелдiлiкке, ұлттық валютаға деген сенiмнiң жоғалуына әкеп соқтырады.

      Ұлттық  валютаны нарықтың шын мәнiндегi катализатор  ету үшiн, оны басқа валюталарға  айырбастау қабiлетi бар шетел валюталарынан  және алтын қорынан асып түсетiн мөлшерде шығару керек. Оның мәнi  мынада: 100 пайыздық валюталық жабу астында шығарылған  ұлттық валюта басқа елдiң айырбастау қабiлетi бар валютасын суррогаты ғана болып қалады. Ал бұндай шектеулi шетел валютасына негiзделген қаржы жүйесi республиканың экономикасына пәрмендi әсер ете алмайды.

      Мұндай  жағдайда қаржы тепе-теңдiгiне, валютамен  және алтын қорымен жабылмаған ұлттыє ақша көлемiн тауармен жабу арқылы ғана қол жеткiзуге болады. Алғашқы кезеңде  ұлттыє валютаны жоғарғы сұранымға ие болып отырған тауарларға (импортты ауыстыратын) және импортты тұтыну тауарларына, сонымен бiрге тұтыну қоржыны тауарларына шақтап шығару қажет. Сонда ғана ұлттық ақша тауар массасын көлемiмен қамтамасыз етiледi,  демек, шетел валютасына қарағанда тұрақты және жоғары сатып алу қабiлетi болады

Информация о работе Инфляцияға қарсы саясат