Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:41, курсовая работа
Инфляция – қағаз ақшаның нсыздануына байланысты болатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдерi мөлшерiнiң тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетiп, осының нәтижесiнде тауарлармен қамтамасыз етiлмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны бiлдiредi.
Кiрiспе.
1-Тарау. Инфляцияның мәнi, түрлерi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.1. Инфляцияныңң мәнi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.2. Инфляцияның түрлерi.
2-Тарау. Инфляцияныңң экономикалық және әлеуметтiк зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
2.1. Инфляцияны бәсеңдету шаралары
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары.
3-тарау Инфляцияға қарсы саясат
Қорытынды.
Пайдаланыланған әдебиеттер тiзiмi.
Жоспар:
Кiрiспе.
1-Тарау. Инфляцияның мәнi, түрлерi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.1. Инфляцияныңң мәнi, тарихы және пайда болу себептерi.
1.2. Инфляцияның түрлерi.
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптары.
3-тарау Инфляцияға қарсы саясат
Қорытынды.
Пайдаланыланған
әдебиеттер тiзiмi.
Кіріспе.
Инфляция – қағаз ақшаның нсыздануына байланысты болатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдерi мөлшерiнiң тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетiп, осының нәтижесiнде тауарлармен қамтамасыз етiлмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны бiлдiредi.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудiң механизмi мынада: баға деңгейiнiң жалпы өсуi жағдайында өмiр сүруге үйренген халық, бағаның одан әрi өсуiн күтедi. Мұндай жағдайда еңбекшiлер жалақыны көбейтудi талап етедi. Халық тауарларды көптеп алады, өйткенi олардың бағасы ертең тағы да өсуi мүмкiн ғой. өндiрушiлер өз өнiмдерiне өте жоғары баға белгiлейдi, сөйтiп қысқа мерзiмде шикiзат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды.
Дүниежзiлiк қоғамамдастығтың барлық елдерiнде де инфляция өршуiнiң сан түрлi себептерi бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдiң нақты экономикалыєқжағдайына байланысты.
Батыс экономистерi жасаған теорияларда инфляцияның альтернативтi қайнар көздерi ретiнде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетедi. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлi себептерiн атайды.
Инфляцияның сипаты қоғамдық ұдайы өндiрiстi дамыту барысында елеулi түрде өзгередi. Осыған байланысты инфляцияны кейбiр елдерде орын алатын жергiлiктi инфляция, барлық елдердi қамтитын бүкiл әлемдiк инфляция, елде бiр iшкi экономикалық факторлардың әсерiнен болатын индуцирленген инфляция, мөлшерден тыс несие экономикасынан туындайтын несие инфляция, сыртқы себептерден туындайтын сырттан әкелiнген және сыртқа шығарылатын инфляция, инфлияциялық процестiң бiрқалыптылығы еместiгiмен байланысты болатын сатылы инфляция деп ерекшелейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты, инфляцияның мәнiн, маңызын ашып көрсету, инфляцияның түрлерiн атап көрсету және инфляцияның экономикалық және әлеуметтiк зардаптарын атай отырып, инфляцияға қарсы саясатты жазып көрсету болып табылады.
Курстыє
жұмыс, сондай-ақ қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
I-Тарау. Инфляцияның мәнi, түрлері тарихы және пайда болу себептерi.
I.1. Инфляцияның мәнi, тарихы және пайда болу себептерi.
Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция ұзақ уақыт өмiр сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметiмен байланыстырады. Инфляция терминi латын сөзi “inflatio” “қампаю”, тұңғыш рет Солтүстiк Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезiнде пайда болып, айналымдағы ағаз ақшалардың тым көбейiп кетуi процесiн бiлдiрген, ХIХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсiнiгi ХХ ғасырда бiрiншi дүниежѕүзiлiк соғыстан кейiн жиi қолданылып, кеңес үкiметiнiң экономикалық әдебиеттерiнде 20-жылдардың орта кезiнде көрiндi.
Инфляцияның жалпы, әдеттегi анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттiлiктен тыс артып кетуi. Бұл ақша өлшемiнiң құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуiне әкеледi. Алайда инфляцияны айналым процесiн құнсызданған ағаз ақшамен толтыра беру деп түсiндiру жеткiлiксiз. Инфляция тауар бағаларының өсуiнен көрiнгенiмен, ол тек ақшаға тән ғажайып құбылыс емес. Ол – күрделi әлеуметтiк-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлi саласындағы ұдайы өндiрiс сәйкестiлiгiнiң бұзылуы. Инфляция дүние жүзiндегi көптеген елдердiң экономикалық өмiрiндегi ең өткiр проблемалардың бiрi.
Ендi инфляция дегенiмiз не? Осы сіздің басын ашып алайық. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдерi мүлшерiнiң тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетiп, осының нәтижесiнде тауарлармен қамтамасыз етiлмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны бiлдiредi.
Ақша
тауарларды сатып алу қабiлетi көштi
валютамен салыстырғанда
Коньюнктураның
циклдық толқуынан болатын
Сонымен,
баға өсуiнiң инфляциялық
Бiрiншiден, мемлекеттiк шығыстар мен кiрiстердiң тепе-теңдiгiнiң бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығынан көрiнедi. Егер дефицит Орталық эмиссия банкiсiнен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда “ақша станогы” белсендi пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейедi.
Екiншiден, осындай жолмен, әдiспен инвестицияны қаржыландыру жүргiзiлген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуi болады. әсiресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршiтедi. ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндiрiстiк емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етедi. Әскери ассигнациялар бiр сәтке ғана қосымша төлем қабiлетi бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етiлмеген ақша массасының өсуiне әкеледi. Әскери шығындардың өсуi мемлекеттiк бюджеттi тұрақты тапшылық жағдайында және мемлекеттiк қарыздың ұдайы өсуiне ұрындырады.
Үшiншiден, баға деңгейiнiң жалпы өсуi қазiргi рыноктық экономиканық ерекшелiгiне байланысты. Бұл кезең жетiлген бәсеке кезiндегi рынокта көптеген өндiрушiлер болып, өнiмдердiң түрi аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазiргi рынок белгiлi дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист едәуiр дәрежеде бағаны билейдi. Олигопиялар бағаны өсiрудi бiрiншi болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетiлмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейiн ұстап тұру үшiн өндiрiс пе тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздерi билiк жүргiзетiн рынокта бағаның төмендеуiн болдырмау үшiн олигополия мен монополия икемдi тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндiрушiлердiң келуiн тежеу үшiн олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi көмектеседi.
Төртiншiден, елдiң экономикасының ашық болуы оның бiрте-бiрте әлемдiк шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның қаупi туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетiн мұнайға бағаны өсiрiп, технологиялық тiзбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелдi. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкiндiгi шектеулi. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бiрақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзiлiк рынокта бәсекелестiк қабiлеттi төмендетедi.
Бесiншiден, инфляция өзiне-өзi дем беретiн сипат алады, ол “инфляцияны күту” нәтижесiнде орын алады. Батыс елдерiнiң көптеген экономистерi және бiздiң елiмiзде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндiрушiлердiң инфляцияны күту себептерiн жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты мiндетi.1
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудiң механизмi қандай? Баға деңгейiнiң жалпы өсуi жағдайында өмiр сүруге үйренген халық, бағаның одан әрi өсуiн күтедi. Мұндай жағдайда еңбекшiлер жалақыны көбейтудi талап етедi. Халық тауарларды көптеп алады, өйткенi олардың бағасы ертең тағы да өсуi мүмкiн ғой. өндiрушiлер өз өнiмдерiне өте жоғары баға белгiлейдi, сөйтiп қысқа мерзiмде шикiзат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндiрушiлер өздерiн жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкiндiгiнен сақтанып, алдын ала өз өнiмдерiнiң бағасын жоғарылатты. Нәтижесiнде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдерiндегi бағалар бұрынғы төлем қабiлетi бар сұраныс деңгейiнен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түстi.
Дниежүзiлiк қоғамдастықтың барлық елдерiнде де инфляция өршуiнiң түрлі себептері бар.Құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдiң нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзiлiк соғыс бiткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейiнгi жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюiне мемлекеттiк шығыстар, баға мен жалақының арақатысы,
инфляцияның басқа елдерден келуi және т.б. факторлар себепшi болды. Бұрынңы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептерiне экономикадағы ерекше тепе-теңсiздiк жатады, ол әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк жүйе салдары едi. Кеңес экономикасына тән жағдай Жердегi әскери шығындар үлесiнiң көптiгi, өндiру, бөлу және қаржы-несие жүйесiн монополияландырудың жоғары деңгейi, ұлттыє табыстағы жалағы үлесiнiң аздығы және т.б. ерекшелiктер.
I.2. Инфляцияның түрлерi.
Шет ел
мамандары инфляцияның өту
Баяу инфляция кезiнде баға жай өседi де ақша негiзiнде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейiнде қалыпты құбылыс деп есептеледi.
Қарқынды инфляция кезiнде баға жылына 10-20%-тен 200-300%-ке дейiн өседi. Соның салдарынан жалақы өсiп ол бағаны» одан әрi өсуiне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезiнде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен өседi. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тiршiлiгi қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтiредi. Инфляция 1985 жылы Боливияда – 3400%, 1990 жылы Аргентинада – 2000% құрады.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдiк нысандарына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледi. Еркiн баға белгiлеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрiнде көрiнедi. Ашық инфляция кейбiр тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуiмен немесе оның өсуiнiң баяулауымен сыйыса бередi. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмiн едәуiр бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдiре алмайтынын көрсетедi.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттемелi бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, қөнiмнiң сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бертерлiк айырбастың дамуында көрiнедi. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабiлетi бар құрал және тауарлар мен қызметтердi бөлу өлшемi қызметiн атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдiк бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесiнде пайда болады. Бұндай жағдай уақыттан берi бiздiң экономикамызға тән болып отыр.