Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 07:24, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................5-6
Негізгі бөлім
1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар.......................................7-14
2.Бағалы қағаздардың түрлері................................................................................15-18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның маңызы..........................................................19-23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты.....................................24-26
5.Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары...........................27-29
Қорытынды………………………………………………………………………...30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….……….32

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.DOC

— 225.00 Кб (Скачать файл)

Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазакстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған.  

5.Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу.

Қор биржалары.

  Бағалы   қағаздар   нарығын   кұру   және   дамыту   шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және сала-аралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген  сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысынын барометрі  болуға мүмкіндік  береді.  Бағалы  қағаздар  нарығының дамуы экономканы котеруге мынандай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді.

 Тауар  нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру,   шағын кәсіп-орынды   қолдау,   ақша айналысын нығайту.

Тауарлар  мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы ресурстарды  қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарыный біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырдың   тиімді   құралдарына   айналуда.   Сондықтан   да   бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы    кағаздармен    жасалатын    операциялардың   теориясы техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлекеттік    кәсіпорындарды   акционерлеу   және   жекешелен -руге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады. Бағалы қағаздар нарығынын міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар    мен    сатып    алушылардың    көңілінен    шығатын бағада   инвестицияға   толық   қаражат   жұмсауды   қамтамасыз ету болып табылады.

        Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың - брокерлер мен инвестициялык дилерлердің катынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, кашан, қандай шартпен және қандай бағалды қағаздар шығару қажет кендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушалармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік және  Дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.

Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағидалардан тұрады:

-әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;

-бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық    фирмалардың,    қор    биржалары    және тауар  биржаларының  қор   бөлімдері,   брокерлік  фирмалар және т.б.) біліктілігі.

Бұл  аталған  мекемелердің  жұмырындағы   кәсіби   сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестицялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын маман болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар   нарығының   дамуы   туралы   хабардар   болуға   тиіс.

   Қазақстан нарықты обьективті  түрде  реттеу үшін мыналар  қажет: біріншіден, оның мемлекеттік   сектордың  кәсіпорындармен қалыптасып  келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің   тапшылығын   қаржыландыру   үшін   қажетті  ресурстарды   іздестірумен   тікелей   байланысты   болуы;  

екінші  республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы;

үшіншіден, ақша массасына ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі  біліктілік республикамыздағы  нарыққа  өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Біздің  экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық кұндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

Қор нарығын  мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды.

Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нары-ғының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.

Бағалы  қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік  саясаттың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.

Бағалы  қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастама қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субектілерінің   қызметіне   мемлекеттік,   әкімшілік  және   жаңа (экономикалық) бақылау қою шараларының жүйесін жасау сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтықтарға   толық   мемлекеттік   араласу   жүйесін   дайындау  жасау Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.

Бағалы   қағаздар   нарығына   мемлекеттік   ықпал мақсаты мынадай:

-  макроэкономикалық теп-теңдікті қамтамасыз ету.

-  нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

    - бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және

     экономикалық қорғау;

Құқықтық  қорғау. бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.

Экономикалық  қорғау. бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау дане қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.

Нарық экономикасы дамыған елдерде  инвестициялық бизнесті бақылауға  және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен арнайы органдардан басқа да сол саланың өздерінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін "заңдар" мен "ведомостволар" бар.

Өзін-өзі  реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:

     -стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері мәміле жасасу

   тәжірибесіне қатынасады; өзін-өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар

    есебі-нен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.

Өзін-өзі  реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі, бұл бағалы қағздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.

Өзін-өзі  реттеу өзінің көп жылдық іс-тәжірибесінде  нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің ерекшеліктерін, жұмсалымсалымарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.

Сонын нәтиіжесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі  реттеу қалыптасты. Мемлекттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты. 
 
 
 

Қорытынды.

       Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін, яғни Қазақстан жан жақты  қамтылған жүйелі де мақсатты және белсенді қаржы саясатын ұстанып отыр. Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып отыр. Сонымен, құнды қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс пайдалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде калыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен. Соңғы жылдары әлемдегі ең жоғары дамыған Солтүстік Америка мен Батыс Европа елдерінің өздерінде қаржы-валюта жүйесін тұрақтандырып нығайтуға баса назар аударылып отырғаны белгілі.

Қазақстанның  болашағы, экономикалық-әлеуметтік дамуы, түптеп келгенде, өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады. Қазіргі таңда Қазақстан  жағдайында өндіріс орындарынң тиімді қызмет атқаруы  олардың сыртқы әлем нарығына шығып орын алуына тіреліп отыр. Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Саңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келін, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатың негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.  Сонымен, түрғындардың сакталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстаннын ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім ондіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр. Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып қарастыруға болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдын қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде бағалы қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады. Бағалыы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Мұның негізгі себебін білетін мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен оффшорлық аймақтарда тіркелгеи филиалдары бар көрінеді. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары Қазақстаннан арзанға алынған шикізатгы әлемдік бағамен түпкі тұтынушыларға еткізіп, түскен табысты шетелдік банкілерге салып отырады. Бұл Қазақстан экономикасына көптеген есепке алынбаған және көзге корінбейтін зиян келтіреді екен. Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады. Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің кұрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің міндеттері мен құқығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазакстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алғандығы мәлім. Ұлттық экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазакстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Артыкова  Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия»  жоғарғы оқу орындарына арналған  оқулық.    Алматы, 1990 жыл.

2. Әубәкіров,  Я.Ә.,  Абдуллаев  А.А. «Саяси  экономия» Алматы  1991  жыл.

3.Әубәкіров   «Экономика теория негіздері»  Алматы, 1999жыл.

4.Әубәкіров  Я.Ә., Байжұмаев Б.б.,  Жақыпова  Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық  теория»  Алматы, 1999жыл.

5.Дүйсенбаев  К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева 

  «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»  Алматы, 2001ж.

6. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық журнал Астана                                               2000ж №9

7. Мельников  В.Д., Ілиясов Қ. «Қаржы» Алматы, 1994ж.

8. Мейірбеков  А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.  Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.

9. Назарбаев  Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде қалыптасуы 

    мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.

10. Қазақстан  Республиксының еңбек туралы  заңы. Алматы 2000ж. 

11.Үмбеталиев  А., Ғ. Керімбек  «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік»             Алматы, 2002ж.

12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.

13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер»  Алматы, 2001ж.

14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті  басқару.А,2002ж.

15. Экономика  зарубежных  стран.  Москва, 1990г.

16. История экономических  учений Москва, 1994г.

17. Реуэль А.Л.  «Экономических учений» Москва 1972г.

18. Ядгаров Я.С.  «История экономических  учений»   Москва 1998г.

Информация о работе Бағалы қағаздар