Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 07:24, курсовая работа
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Кіріспе.............................................................................................................................5-6
Негізгі бөлім
1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар.......................................7-14
2.Бағалы қағаздардың түрлері................................................................................15-18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның маңызы..........................................................19-23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты.....................................24-26
5.Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары...........................27-29
Қорытынды………………………………………………………………………...30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….……….32
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражаты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жон. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-Министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған. Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым қүрыла қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жсткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құраддары жоқ. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, аддьш ала дайындалған концепцияга жүгінгені дұрыс. Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар кемегімен қосымша капитал ату анағүрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарықка қатысушылардың оларды талқылауына 2 - 4 жеті, оларды сатып алу - сатута жоне есепайырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен.
Қазіргі кезеде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық меселелер көп. Экономикаяық мәселелерге:
а)нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә)бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
б)заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в)салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы (делозитно-регистраторская система);
г)бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
д)нарық инфрақүрылымы өсу деңгейіңің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мөселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен денгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығыньщ мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген оқу орталықтары дайындайды. Оқу орталықтарының жұмысын Үлттық комиссия төрағасының жарльпына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырады: Аттестациялық комиссияньщ құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі оның басқармасы болып, ал мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық, туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.
Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар: Банктік үлгі - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкстанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бғгалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол банктен алған ақшаға қарағанда "арзан" ақша.
Аралас
үлгі - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі
арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де,
банк емес мекемелер де шүғыдданады (мысалы,
Жапонияда). Қазақстан Республикасындағы
бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі
- кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі
арқылы меншік қатынастарын өзгертуге
жеке инвесторлар мен оз мемлекетіміздің
әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде
жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан
жоқ. Дүниежүзілік тежірбие дөлелдегендей
банктер бағалы қағаздар нарығында жеке
үстемдік (монополизация) роль атқарады.
Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің
бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен
бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан
еліміздегі экономикалық өзгеріс өлеуметтік
бейімделген бағалы қағаздар нарығын
қүруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы
қағаздар нарығының құрыуына әрбір азаматтың
қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы
мүмкіндіктерді бағалы Қағаздар нарығының
банктік емес үлгісі, яғни емесе нарықтық
үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырма-шылықтары мыналар:
1.Нарықта
акционерлік капитал үлесінің көптігі;
2.Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық
қағаздардан көптігі; 3.Өндірісті қаржыландырудағы
тура банктік несиенің аздығы; 4.Нарықтағы
банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа мемлекетіміздің
бағалы қағаздар нарығының нарықтық
үлгісін таңдап алуға себепші
болған фактор бар. Ол: Өндірісті өркендету
үшін шығарыльш сатылған акциядан түскен
ақша - ол "арзан" ақша. Өнеркәсіп
өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта
құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді
формасы. Себебі акционерлердің де, оңда
қызмет істеп жүргендердің де мүддесі
шешіледі.
4. Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты.
Бағалы
қағаздар операцияларын
Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы (заң күші бар жарлықтар шығарды. Олар Азаматтық кодекспен бірге бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды;
1. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" N2227 Президенттің зан күші бар жарлығы. Жарлықтың әрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы және бағалы қағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге жарлықта қор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқы бекітілген. Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 5 желтоқсанындағы N 2672 және 1995 жылдың 23 желтоқсандағы N 2720 жарлықтарымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді.
2. 1995 жылдың 2 мамырдағы "Шаруашылық серіктестіктері туралы" N 2255 Президенттің заң күші бар жарлығы. Жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып және оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатьын тарту механизмінің құқықтық мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруына болады. Аталған жарлыққа Президенттің 1995 жылдың 31 тамызындагы N 2447 жарлығымен өзгерістер және толықтырулар енгізілді.
3.1995 жылдың
30 наурызындағы "Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы" N 2155 Президенттің
заң күші бар жарлығы. Онда "Қазақстан
Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар
шығаруға
құқылы және ол туралы жауапты" делінген.
Аталған жарлықка Президенттің 1995 жылдың
20 шілдесіндегі N 2370, 1995 жылдың 2 тамызындағы
N.. 2396, 1995 жылдың 12 желтоқсанындағы N 2672,
1996 жыддьщ 27 қаңтарындағы N 2830 жарлықтарымен
және 1996 жылдың 3 шіддесіндегі Қазақстан
заңымен түзетулер енгізілді.
4.1995 жылдың
- 31 тамызындағы "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк ісі туралы" N 2444 Президенттің
заң күші бар жарлығы екінші
деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға
құқық берген.
Банктік операцияларға: құқықтық және
жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін
есептеу, бағалы қағаздарды сақгау, акциядан
баска бағалы қағаздарды (облигациялар,
депозиттік сертификаттар, вексельдер)
эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда
бағалы
қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар
жатады.
Аталган жарлыққа Президенттің 1996 жылдың 27 қаңтарындағы N 2830 жарлығымен және 1996 жылдың 27 қыркүйектегі Қазақстан заңымен өзгерістер және толыктырулар енгізілді.
5. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі "Салыктар және баска бюджетке төленетін міндеттемелер туралы" N 2235 Президенттің заң күші бар жарлығы. Осы жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарьгна арналған.
Бұл жарлықка да бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
6. 1995 жылдың 23 желтоқсаңдағы "Жекеменшіктеңдіру туралы" Н 2721 Прези-денттің заң күші бар жарлығы мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекеменшіктеңдіру объектісі екенін, акциялардың мемлекеттік бумаларын жекеменшіктендіру жағдайларын және тәртібін көрсеткен.
7. 1995 жылдың 17 сәуіріндегі "Лицензиялау туралы" N 2200 Президенттің заң күші бар жарлығы бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген. Бұл жарлыққа да бірнеше дүркін өзгерістер мен толыктырулар енгізілген.
8. 1998 жылдьщ 10 шілдесіндегі "Акционерлік қоғамдар туралы" 281-1 Қазақстан Республикасының заңы. Осы заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жағдайларын; қоғамның органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.
9. Басқа зандар және нормативті-құқықтық актілер оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерінің, ҰК өкілдігін реттейтін Президенттің заң күші бар жарлықтары жатады.
Сонымен Қазақстан