Бағалы қағаздар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 07:24, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзете асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................5-6
Негізгі бөлім
1.Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылар.......................................7-14
2.Бағалы қағаздардың түрлері................................................................................15-18
3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері,бағалы қағаздар
нарығының қызметі және оның маңызы..........................................................19-23
4.Бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру бағыты.....................................24-26
5.Қ.Р-да бағалы қағаздар нарығын реттеу. Қор биржалары...........................27-29
Қорытынды………………………………………………………………………...30-31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….……….32

Содержимое работы - 1 файл

Бағалы қағаздар.DOC

— 225.00 Кб (Скачать файл)

Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:

Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың колы қойылған "индоссамент" деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады. Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолма-қол сатып алушыға береді.

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан хабарландыру Хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай, механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.

Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атауды акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола береді. Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады. Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

Облигация деп   эмитенттің   белгілі   бір   шартты   орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны   (мүддені)   төлеуді   міндеттенген   жазбаша арыз құжатын айтады. Ол корпорацияның    активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал  акционерлік   капитал   деп   есептелмейді.    Облигация    шығару   -қосымша капитал тартудың бір нысаны.  Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруга жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

    Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі  болғандықтан онық кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік - эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде - корпорация мүлігінің, бір бөліпн иеменденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ен маңызды дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбе өзгешеліктері   бар.   Ол   өзгешеліктердің   маңыздылары.   Облигация   иемденушісіне   сыйақы   (мүдде)   төленеді.

Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт  аралығында ғана  кіріс түсіреді.  Облигация  бойынша сыйақы    (мүдде)    басқа    өтелетін    дивидендтерден    бұрын төленеді.   Корпорацияның   сыйақыны   (мүддені)   уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.  Акционерде    дивиденд    түрінде    төлем    алады.    Бірақ    дивидендтің мөлшері тіркелмейді  және  ол  арнаулы  уақытта төленбейді. Егер корпорация дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің  дауыс беру құқы жоқ. Ол акционерлер  жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда  шешуші дауыс құқығы бар.

  Облигация  бойынша сыйақы (мүдде) корпорацияның  шығынына жатады. Ол салық төлейтін  пайдадан төленеді. Ал дивиденд  салық төлегеннен қалған корпорацияның  таза  пайдасынан өтеледі. Облигация    бойынша    мезгіл-мезгіл    төленетін    сыйақы түріндегі   пайда   купонға   алмастырылады.   Купон  деп   облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы

(мүдде)  мөлшері  көрсетілген. Төленген  сыйақының  орнына  облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйакы төлеудің "түрін "купондарды қырқу" деп айтады.  Облигацияда бірсыпыра элементтер  көрсетіледі.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни енімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорынын жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.

Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні -несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің)   сатушыға   (вексель   иемденушіге)   берген   карыз міндеттемесі. Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану  арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады. Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені    дамытуда    ертеден    келе    жатқан    ең    бір    басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.  Қазіргі  кезде  электронды несие жүйесінің кез келген операцияны бар болғаны бір  сағаттың   ішінде   орындайтын   мүмкіндігі   бар   (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25%-ін құрайды). Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған   айналым  қаржысының  уақытша  жетіспестігін  вексельмен толтыру онша қиын емес.  Ол  үшін  саудадағы  сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын   жеделдетеді.   Қазақстан   Республикасында   қазіргі нарықтық қатынастардың калыптасуы кезінде, төлем  құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық  байланыстарының   үзіліп   және   үлкен   мөлшерде   өтелмеген  төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель  шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды. Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық корлардың айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар зат құндылықтарының корын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады. Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу болып табылады.  
 

3.Бағалы қағаздарды шығару және оның элементтері, бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы.

Бағалы қағаздар — ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену   құқын   беретін   құжатты    сертификат   деп атайды. Шығарушы  жөнінен бағалы  қағаздар нарықтық  және  нарықтан  тыс та екіге бөлінеді. Нарықтан  тыс бағалы  қағаздар әлеуметтік  нарықтық қатыастардың  дамуы негізінде пайда болған   қағаздардың ерекше  түрі. Оларға  жинақ облигациялары зейнетақы  қорларының  облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары  және  с.с жатады. Жинақ  облигациялары  негізінен  жеке  тұлғалар  арасында   орналастырылады. Бұл  бағалы  қағаздар  қазіргі  кезде  АҚШ-та кең  тараған. Зейнетақы  қорларының облигациялары оларға, сысалы АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз  алдына қызмет істейтін адамдардың  ақшасына  шығарылған  облигациялар жатады.  Ал  депозиттік  облгациялар қысқа мерзімді,  орта  мерзімді,  ұзақ  мерзімді болып  үшке  бөлініп ,  тек жергілікті  басқару органдарына ғана сатылады.  Бұл ұйымдар шамалы  болса да  табыс әкелетін,  бірақ салық төлеуден  босатылған  өздерінің облтгацияларын  шығару  мүмкін.

Нарықтан  тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпо-рындарға, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар -оларды басқа иемденушіге беруге кұкығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) баска мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарыктан тыс бағалы қағаздарды шығару-ды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал  айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы кағаздар деп атайды. Бағалы кағаздар айналысы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде оларды иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Эмитенттер кімдер? Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады инвесторлар жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Біріншіден  қоғам  құрып, олардың  акцияларын құрылтайшылар  арсынада  орналастырғанда;

Екіншіден қоғамның  алғашқы  жарғылық капиталының  көлемін  жаңадан  акция шығарып  ұлғайтқанда;

Үшіншіден заңды  тұлғалардың, яғни мемлекеттің мемлекеттік  органдар-дың немесе  жергілікті  әкімшіліктердің  облтгация және басқа қаржы  міндеттемелерін  шығару арқылы  қарыз капиталын  пайдаланғанда;

Сонымен қоғам құрлығында оның жарғылық капиталды  құрылтайшы-лар  арасында  толығынан  үлестірілуі  қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.  Эмимент және  эмименттің келісімімен  бағалы қағаздарды  алғашқы  иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы  қағаздарды  сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін  эммиссия проектісін алдын – ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.

Бағалы  қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айырықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс көсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін).Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардын "жалған капитал" екенін көрсетеді.

Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары). Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды      құндылықтардың      орнына      жүретін "символы"      болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құрадды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарыгының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.

   Бағалы қағаздар нарығы нарықтық  экономикада күтпеген кездейсоқ  болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның  қанша алға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет турлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салатарға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату - сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірбиесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда" болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған - жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамньщ зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады.    Ал    нарықтық    қатынастарды    дамыту - қоғамдық     экономиканың шарықтап өркендеуіне  жеткізетіні ақиқат шындық.

Информация о работе Бағалы қағаздар