Банктік қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері

2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая работа Банковский надзор.docx

— 119.47 Кб (Скачать файл)



 

Уәкiлеттi орган халықаралық банк тәжiрибесiнде  пайдаланылатын қосымша пруденциалдық  қалыптар және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер белгiлеуге  құқылы.

Уәкiлеттi орган банк заңдарына сәйкес банктерді  және  банк холдингтерін не олардың  лауазымды адамдарын пруденциалдық  нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді банктің бұзғаны үшін жауапқа тарту жөнінде шаралар қолданады.

Банктiң  қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында уәкiлеттi орган белгiлi бiр күнге  банк және банк тобы капиталының мөлшерiн  белгiлейді.

Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен  лимиттердi маңызы мен есептеу әдiстемелерiн, белгiлi бiр күнге шектi банк және банк тобы капиталының мөлшерiн, ашық валюталық позицияларды есептеу  тәртiбi мен олардың лимиттерiн, резервтiк  талаптардың нормаларын, оларды сақтау әдiстерi мен есептеу әдiстемесiн, тиiстi есеп беру түрлерi мен оны табыс  ету мерзiмдерiн уәкiлеттi орган  белгiлеп отырады.

Банк  уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін  бұзған жағдайда, банк уәкiлеттi органға  қайта капиталдандыру жоспарын жібереді. Жоспарды бұзушылықтарды жою жөніндегі  іс-шараларды және олардың мерзімін егжей-тегжейлі көрсете отырып, өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін  бұзған күннен бастап бір айдың ішінде ұсыну қажет.

Ал, енді осы  пруденциялық нормативтердің отандық  банктік тәжірибеде қаншалықты орындалып  жатқандығы жайлы тоқталып көрейік. 2001 жылы екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғаны байқалса, ал 2004 жылы банктердің ішінде тек қана 1 банк белгілі болды. Ол туралы мәліметтер төмендегі кестеде берілген 

Пруденциялық  нормативтерді бұзған екінші  деңгейдегі банктердің саны

 

 

Пруденциялық  нормативтердің аттары

 

01.01.02жыл

 

01.01.03жыл  

 

01.01.04жыл

            

Жарғылық капиталлдың  төменгі мөлшері                                

Меншікті капиталдың жеткілікті

коэффиценті (k1)

 

 Меншікті капиталдың  жеткілікті

 коэффиценті (k2)

 

 Банкпен ерекше қатынастағы  бір қарыз

 алушыға келетін тәуекелдің  жоғарғы

 мөлшері (k3.1) 

                

Жалпы клиенттері бойынша  бір қарыз   алушыға келетін  жоғарғы мөлщері  (k3.2)                   

 

Ағымдағы өтімділік  коэффиценті (k4.1)

Банктің негізгі құралдарға және қаржылық    емес активтерге жұмсаған инвест-ның  жоғарғы мөлшері (k5)

 

Ашық валюта позиция лимиті                                                    

Пруденциялық нормативтерді  бұзушы

банктердің саны        

 

         1

 

         2

 

 

         2

 

 

         6

 

 

 

         5

 

 

     3

 

         3

 

 

 

         7

 

        29

 

            0

 

            3

 

 

            3

 

 

           1

 

 

 

           1

 

 

           3

 

           2

 

 

 

          2

 

         15

 

        0

 

        0

 

      

        0

 

 

        1

 

 

        0

 

        0

 

        0      

 

 

      

       0

           

       1

Ескерту – автормен құрастырылған: Қазақстан  Ұлттық банкінің статистикалық бюллетен мәліметтеріне сүйене отырып жасалынды. № 6 (103), маусым 2004 жыл.

Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде  анықталған банк заңдарының бұзылуына  жол берген  екінші деңгейдегі банктерге  шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына  сәйкес жүзеге асырылады. Банктердің пруденциалдық  нормативтерді сақтауына бақылау  жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Ай сайын, есептіден кейінгі  айдың алтыншы жұмыс күнінен  кешіктірмей, банктер уәкілетті  органға пруденциалдық нормативтер  есебі үшін қажетті мәліметтерді, нұсқаулық белгілеген коэффициенттер есебі туралы анықтамаларды, сондай-ақ есептіден кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша дайындалған  активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін  салыстыру жөніндегі кестелерді береді. Банк ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап береді. 

Санкциялар.Банктерге қолданатын санкциялар заңда көрсетілген негіздер бойынша бөлінеді. Санкцияның мәні ол заңда белгіленген нормаларды уақытылы және дәл орындалуын бақылап отыру. Сол себебті бұндай құзыретті заңмен тек уәкілетті органға ғана беріліп отыр.  

Уәкiлеттi орган көрсетiлген негiздер бойынша банкiге бұрын қолданылған  ықпал ету шараларына қарамастан оған санкциялар қолдануға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде белгiленген негiздер  бойынша айыппұл салуға;

2) Барлық немесе жекелеген  банк операцияларын жүргiзуге  берiлген лицензияны тоқтата тұруға  не оны қайтарып алуға;

3)  Банкiнi консервациялауға;

4)  Банк ашуға берiлген  рұқсатты қайтарып алуға құқылы;

5) Банк капиталы iс жүзiнде болмаған жағдайда және уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет бұзса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi банктiң нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып шешiм қабылдау;

6) Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесiнiң төрағасы мен мүшелерi, Басқарманың төрағасы мен мүшелері, банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) оларға бақылауды жүзеге асыратын және банк операцияларын жүргізгенде негізге алынатын құжаттарға қол қою құқығы бар банктің өзге де басшылары, банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, банк филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi деп танылады. Банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атынан сенiмхатсыз мәмілелер жасауға құқығы бар адамдар басшы қызметкерлер деп танылады. Банктiң аталған басшы қызметкерiнiң iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.

7) Банкті салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (оларды сақтандыру) жүйесінен шығару  туралы салымдарға (депозиттерге) міндетті  ұжымдық кепілдік беру (оларды  сақтандыру) жөніндегі ұйымға қойылатын  талап;

8) Банктің немесе банк тобының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерінің мәндері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен белгіленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейін төмендеген жағдайда, кредиттік серіктестік болып қайта құрылады.

Банк жоғарыда айтылған құқықтан бас тартқан немесе ерiктi түрде  қайта құрылатын банкiлер жоғары органдарының тиiстi шешiмдерiнiң болмауы, ерiктi түрде қайта құру салдарынан депозиторлар мүдделерiнiң бұзылуы, ерiктi түрде қайта құру салдарынан пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң бұзылуы, ерiктi түрде  қайта құру салдарынан монополияға  қарсы заң талаптарының бұзылуы  банктің кредиттік серіктестік  болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, және ол Заң талаптарын сақтаса, кейіннен жаңа инвесторға  иеліктен шығарып  беру үшін банк акцияларын уәкiлеттi органның сенімгерлікпен басқаруына беру жөнінде  банк акционерлерімен шарт жасасу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Акционерлер акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруден бас тартқан  жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа  жүгінуге құқылы. Банк операцияларын  жүргiзуге арналған банк лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.

Уәкiлеттi орган банк операцияларын  жүргiзуге арналған банк лицензиясын  қайтарып алғаннан кейiн банктiң  уақытша әкiмшiлiгiн тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi. Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.

Уәкiлеттi орган банк операцияларын  жүргiзуге арналған лицензия қайтарып алынғаннан кейiн он жұмыс күні iшiнде  белгiленген заң тәртiбiмен сотқа  банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.

Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға  болады.

Банкілік қызмет үрдісінде  маңызды мемлекеттік реттеу әдістерінің  бірі ол барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны тоқтата тұру не оны қайтарып алу. Лицензияны тоқтата тұру не оны  қайтарып алу мынадай негіздер бойынша  жургізіледі:

  • банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi, сондай-ақ басшы қызметке тағайындау немесе сайлау үшiн ұсынылатын кандидаттар белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
  • Қазақстан Республикасының аумағында шетелдердiң қатысуымен банкiлер құрған жағдайда, Басқарма кеңесiнiң ең болмағанда бiр мүшесi Қазақстан Республикасының азаматы болуға және ол Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеп тұрған банкiде кем дегенде үш жыл басшы қызметте болған тәжiрибесiн, Қазақстан Республикасының банк және шаруашылық заңдарын бiлетiндiгiн куәландыратын құжаттарды тапсырмаған жағдайда;
  • банк бiр жыл iшiнде барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға, жарғылық капиталға төлем жасауға міндетті. Ондай жасамаған жағдайда;
  • банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асырса;
  • төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамаса;
  • уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзса;
  • банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөнiндегi мiндеттi сақтамаса;
  • банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзса;
  • уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе көрiнеу анық емес етiп берілсе;
  • уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу, яки жазбаша ұйғарымдарды орындамаған жағдайда;
  • банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған жағдайда;
  • банк туралы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асырған жағдайда;
  • банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға сәйкес қызметтi лицензия берiлген күннен бастап қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда;
  • банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;
  • банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдаса;
  • банкпен аффилиирлендірілген тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;
  • банктің инспекция жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;
  • аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы есепті алған кџннен бастап үш ай ішінде әдейі жоймаған жағдайда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру

жолдары.

Қазақстан Республикасында екі  деңгейлі банк жүйесі жұмыс істейді, банкілерді қадағалау ҚР-нің банктік  және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің  сақталуын қамтамасыз ету, ҚР банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын  жетілдіру, дамыту болып табылады. Банктік  қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық әдістері қолданады. Реттеу әдісі кең  таралған әдіс болып табылады.  Реттеу әдісі ҚР Банк заңдарымен, ҚР Қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі  агенттік тарапынан қабылданған  нормативтер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады.

Банктік қызмет саласында реттеу мен қадағалау  жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Агенттік 2005 жылы:

- сыртқы  экспансияның кеңеюін, банктердің  сырттан қарыз алуын және

жылжымайтын мүлікпен байланысты кредиттеу көлемінің  ұлғаюын ескере отырып, екінші деңгейдегі банктердегі тәуекелдерді басқару  жүйесін жетілдіруге;

- халықаралық  тәжірибені ескере отырып банктерді  пруденциалдық реттеуді

жетілдіруге;

- банктің  меншік құрылымының айқындығын  қамтамасыз етуге;

- тұрғын  үй құрылыс жинақ ақша жүйесін  және ипотекалық кредиттеуді

жетілдіруге;

- шоғырландырылған  қадағалауды жетілдіруге аса  зор көңіл бөлді.

Агенттік 2001 жылдан бері өткізіп отырған екінші деңгейдегі банктерде

тәуекелдерді  басқару жүйесін енгізу банк секторының тұрақты дамуының сақталуына өз әсерін тигізді.

2005 жылы Агенттік  екінші деңгейдегі банктердегі  тәуекелдерді басқару жүйесін  жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды. 

Екінші  деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің  болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) орындауы жөніндегі тәуелсіз аудиторлық ұйымдардың 2004 жылдық қорытындылары  бойынша ұсынылған шолуларын  талдау нәтижелері негізінде Нұсқаулықтың негізі және қосымша талаптарын орындау  орташа банктер бойынша 64% құрағаны анықталды. Осыған орай, Агенттік 2005 жылдық қыркүйегінде тәуекелдерді басқару  мен ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын  негізгі және қосымша талаптарды нақтылау, сондай-ақ көрсетілген талаптарды енгізу мерзімдерін оңтайландыру бөлігінде  осы Нұсқаулыққа түзетулер енгізді. Банктердің тәуекелдерді басқару жүйелері жөніндегі реттеуші есептілікті  ұсынуымен қатар, осындай шараларды  енгізу Агенттіктің қадағалау тәжірибесінің  тәуекелді қадағалауға бағытталған  пруденциалдық реттеудің халықаралық  стандарттарына жақындауына ықпал  етеді және екінші деңгейдегі банктердегі  тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі  кемшіліктерді одан да шұғыл бағалауға жол береді. Қазіргі уақытта Агенттік банктерге стресс-тестілеу өткізу әдістемесін әзірлеуде әрі оған сандық және сапалық сияқты талдау құрамдастары кіреді. 2005 жылы банктердің сырттан қарыз алу көлемін реттеу мақсатында Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп резервтік активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ резервтік талаптарды қалыптастыру тәртібін айқындау бөлігінде, ең аз резервтік талаптарды есептеу әдістемесін қайта қарады. Сондай-ақ банктердің сырттан қарыз алу өсімінің процесін басқару мақсатында Агенттік 2004 жылдың аяғында Standard & Poor’s агенттігінің «ВВ-»-ден төмен ұзақ мерзімді рейтингісі немесе басқа рейтинг агенттіктері біреуінің дәл осындай деңгейдегі рейтингісі бар немесе 2005 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент емес – ұйымдарда орналастырылған активтер бойынша 100%-тен 150%-ке дейін тәуекел дәрежесін ұлғайту арқылы Қазақстаннан тыс жерлерде орналастырылған активтерге қатысты банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне одан да жоғары талаптарды енгізді.

Қазақстандық  банктердің шетелдік рыноктарға, атап айтқанда ТМД елдеріне

қатысты уақытша  бәсекелестік басымдығын ескере отырып Агенттік 2005 жылдың қарашасында бас  банктер өздерінің резидент емес - еншілес банктеріне беретін кредиттеріне қатысты шектеулер біршама азайтылды, яғни ҚР резиденті емес – еншілес  банктерде орналастырылған активтер бойынша 150%-тен 100%-ке дейін тәуекел  дәрежесі төмендетілді. Бұл еншілес  банктердің қызметіне реттеуші органдардың  тарапынан қадағалаудың болуымен, сондай-ақ еншілес  банктердің тиісті рыноктардың  жай-күйі мен тәуекелдері туралы хабардар болуымен түсіндіріледі. Сол  мезетте, екінші деңгейдегі банктердің нарықтық тәуекелге душар болу дәрежесінің  ұлғаюына нақты көрсететін екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдары портфелі өсуінің қазіргі заманғы үрдісі кезінде, нарықтық және операциялық  тәуекелдерге баламалы екінші деңгейдегі банктердің капиталдануын арттыру  мақсатында Агенттік Басқармасы 30.09.05ж. № 358 қаулыны (бұдан әрі – қаулы) қабылдады, оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық  нормативтерді есептеу әдістемесіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда үшінші деңгейдегі капиталды  пайдалануды және банктердің меншікті капиталының есебіне мерзімсіз  қаржы құралдарын қосуды көздейді. Осындай әдіс халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Банктерді қадағалау  жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарына сәйкес келеді. Екінші деңгейдегі банктердің меншік құрылымының айқындығын және жария болуын арттыру мақсатында, 2005 жылғы желтоқсан айының соңында  Агенттік екінші деңгейдегі банктердің басшылығына Банк қызметінің айқындығын арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық  және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныстар жіберді. Қазіргі уақытта тек «Альянс  Банк» АҚ  ғана осы Меморандумды жасасуға өз келісімін берді.Республикада жылжымайтын мүлік рыногының  дамуы екінші деңгейдегі банктерде  тәуекелдерді басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді талап етті. Осыған орай, 2005 жылды. 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен операцияларды жұргізуге кредиттер бойынша тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ипотекалық кредиттің бірігейлендірілген анықтамасы мен оған қойылатын ең аз талаптар бекітілді, әрі олар халықаралық тәжірибеде көзделген стандарттарға сәйкес келеді.

Агенттік  Басқармасы 2005 жылғы 25 маусымда “Екінші  деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық  нормативтермен есеп айырысудың нормативтік  мәні мен әдістемесі туралы Нұсқаулықты  бекіту туралы «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы № 213 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 223 қаулы қабылдады, онда жылжымайтын  мүлік құрылысын салуға қатысушыларды, оның ішінде тапсырыс берушіні, қатысу үлесі барларды және қатысу үлесі  барлардың кепілгерлерін 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап “бір заемшы” ретінде  тану көзделген. Сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын  талаптар тармақтандырылды: қамтамасыз ету жөніндегі бағалау құны 7000 АЕК аспайтын заемдар 50 % тәуекел  дәрежесі бар деп, ал қамтамасыз ету  жөніндегі бағалау құны 7000 АЕК  асатын ипотекалық тұрғын үй кредиттері 75% тәуекел дәрежесі бар деп бағаланды.

2005 жылы банк  аясындағы реттеу мен қадағалауды  жетілдіру үшін барлығы 27 нормативтік  құықтық акт қабылданды. 2005 жылы  шоғырландырылған қадағалау аясында  банктердің ірі қатысушылары  мен банк холдингтерінің қаржылық  жай-күйінің мониторингі жүзеге  асырылды, банк пен оның аффилиирленген  тұлғалар арасында жасалған мәмілелер  талданды, сондай-ақ  банктік топтары  бар банктердің банктік топтарға  арналған пруденциалдық нормативтерді  сақтауына қадағалау жасалды. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  Қазақстан Республикасының қаржы  секторында 11 банктік топ бар. 2005 жыл ішінде Агенттік екінші  деңгейдегі 10 банктің қызметіне,  оның ішінде 9 жоспарлы және 1 жоспардан  тыс инспекторлық тексеру жүргізді. “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы”  Қазақстан Республикасының Кодексі  негізінде 1 банк әкімшілік айыппұл  салу арқылы әкімшілік құықтық  жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, өткен жыл ішінде құқық қорғау органдарының сұратулары

бойынша екінші деңгейдегі банктерге 5 тексеру жасауға  Агенттік мамандары

тартылды. Агенттіктің 2005 жылы қашықтықтан қадағалауды  жүзеге асыру

қорытындылары бойынша банктерге банктік заңнамаларды бұзудың 98 фактісі

бойынша 31 банкке шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде 32 жағдай бойынша міндеттеме-хаттар талап етілді, 25 жағдай бойынша жазбаша  ұйғарым берілді, 38 жағдай бойынша  ескерту жасалды, 3 жағдай бойынша  жазбаша келісімдер жасалды. Айыппұл  салу түріндегі санкциялар 10 екінші деңгейдегі банкке 19 жағдай бойынша  қолданылды, салынған айыппұл сомасы  

1. 834. 814 теңге  болды. Мүнымен қатар, банктік  операцияларды қолданылып жүрген  заңнамалардың нормаларын жүйелі  түрде бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Агенттік ұлттық және шетелдік валютамен банктік және өзге операцияларды жүргізуге “Қазақстандағы Қытай Банкі” ЕБ АҚ-на берілген лицензиялардың жеке тұлғалардың аударым операциялары бөлігі бойынша қолданылуын тоқтата тұрды (30.07.2005 ж.бастап 30.09.2005 ж. дейін).

“Қазақстан  Индустриалды Банкі” АҚ-ның уәкілетті  органға көпе-кернеу жүйелі түрде  анық емес есеп беруі және нормативтік  құқықтық актілерді бұзғаны үшін Агенттіктің  24.12.2005 ж. № 438 Басқармасымен  “Қазақстан Индустриалды Банкі” АҚ-на банктік және өзге операциялардың жекелеген  түрлерін жүргізуге берілген лицензияның  қолданылуы 6 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар Агенттік “Қазақстан Индустриалды Банкі” АҚ-ы акционерлерінің  лицензияның қолданылуын уақытша  тоқтату қажеттігін тудырған себептерді жоятындығына және банкті сауықтырудың төтенше шараларын қолданатындығына сенгісі келеді.

ҚР банктік  заңнамаларын жүйелі түрде бұзғаны  үшін “Қазақстан Наурыз Банкі” АҚ-нан  лицензия қайтарып алынды (Агенттік Басқармасының 02.06.2005 ж. № 172 қаулысы).

2005 жылы Агенттік  Басқармасынық қаулысына сәйкес  “Бірінші кредиттік

бюро” ЖШС- не кредиттік бюро қызметін жүзеге асыруға құқық беру үшін

21.11.2005ж. №  1 лицензия берілді. 

Банк  қызметiн халықаралық  аспектiде   дамыту орнықты әрi тұрақты банк жүйесiнiң   болуын,   банк   iсiнiң   мәдениетiн   және  екінші  деңгейдегi банктер қызметiн  реттеудiң сапасын арттыруды  талап  етедi,  сондықтан банк жүйесiнiң  қаржылық  жағынан  орнықты  болуы  қамтамасыз етiлуге тиiс.

Ол үшiн  банктер қызметiн  пруденциалдық  реттеудi  одан әрi  жетiлдiру, халықтың салымдарына кепiлдiк  беру  тетiктерiн  нығайтуды  жүргiзу,  сондай-ақ   тұтас  алғанда қаржы жүйесiн   институционалдық   дамыту   қамтамасыз   етiлуi  керек. Банк  қызметi тәуекелдерiн басқару жөнiнде  ұсынымдар енгiзiліп, шоғырландырылған  негiзде қадағалау әдiстерi жетiлдiруі  тиіс. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы  жүйесiне деген сенiмдi қолдау, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн  қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар  жасау болып табылады. Сонымен қатар қадағалау органдары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, қадағадау, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігінің деңгейі жоғары  болуы қажет.     

 

 

                                              Қорытынды. 

Курстық жұмысымның қорытындысында қаржы саласының өзекті мәселелеріне тоқталып өткенді дұрыс санаймын. Банктік қызметті реттеу мен қаржылық қадағалу, экономикалық анализдің және банктің жарғылық қызметін бақылаудың негізгі бағыты болып табылады. Қай мемлекет болса да өзінің  қаржы жүйесінің тұрақты қызмет етуіне мүдделі болып отырады. Олардың банкроттыққа ұшырауы экономикаға қауыпты жағдайлар туғызады.

Наурыз  Банк АҚ Қазақстандағы банкроттық жағдайға көз сала отырып, қандай мәселелердің орын алғандығын қарастыру орынды деп  ойлаймыз.

Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарды мемлекеттік  реттеу және қадағалау агенттігінің қарашаның тоғызындағы 2004 жылғы  АҚ «НаурызБанкҚазақстан» консервациялық режимді еңгізу туралы жарғысында мынадай  негіздер басшылыққа алынған:

  • төлем мен аударым операциялары бойынша шарттың міндеттемелері үнемі (он екі жүйелі күнтізбелік айдың ішінде немесе одан көп рет) тиісті дәрежеде орындалмаған;
  • уәкілетті органның қалыптық құқықтық құжаттарын үнемі (қатарынан он екі жүйелі күнтізбелік айдың ішінде немесе одан көп рет) бұзған және жазбаша ұйғарымдарды орындамаған;
  • уәкілетті органға есептер мен мәліметтерді бермеген немесе көрнеу анық емес етіп берілген.

Информация о работе Банктік қадағалау