Банктік қадағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:29, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Банк қызметтерін қаржылық қадағалау және оны ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Банк қызметтерін қаржылық қадағалаудың мәні, құрылымы
1.2 Банктік қадағалау әдістері

2. Банктік қадағалау және банк қызметтерін реттеу
2.1 Қазақстан Республикасында банктік қызметті қаржылық қадағалаудың құқықтық негіздері
2.2 Қаржылық қадағалаудың экономикалық нормативтері және олардың маңызы
2.3 Банк қызметтерін пруденциялдық реттеу
3. Банк қызметтерін қаржылық қадағалауды жетілдіру жолдары .

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 78

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая работа Банковский надзор.docx

— 119.47 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішківедомствалық болып  бөлінеді. Ведомствадан тыс банктерге  бақылауды салық инспекциялары, қаржы құқық бақылау комитеті қорғау органдары жүргізеді. Олар банктің  қызметін әртүрлі бағытта: шаруашылық, ағымдық, бухгалтерлік есебінің жай-күйін  заң және нормативтік актілердің сақталуын, ақша-кредит саясатының дұрыс  жүргізілуін т.б. тексереді.

Банк қызметін ішкі ведомствалық бақылау  мен қадағалау банк жүйесінің  жоғарғы сатысы –  ҚР Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау жөніндегі агенттік жүзеге асырады.   

Банкiлердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының ақша-несие жүйесiнiң  тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банкiлердiң қызметiн  реттеудi, соның iшiнде:

  • резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банкiлер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
  • банкiлер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
  • банкiлердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
  • банкiнiң қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
  • банкiлерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
  • банкiлерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.

Банктердің қызметін реттеу жекелеген банктерге қатысты да, шоғырландырылған негізде де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі  агенттіктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша  нормативтік құқықтық актілерімен  анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер  және банктік қызмет туралы»  ҚР заңының 41-бабына сәйкес, екінші  деңгейдегі банктердің қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз ету,  олардың салымшыларының мүдделерін  қорғау, сондай-ақ республикадағы  ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын  қолдап отыру мақсатында аталған  банктердің қызметін реттеуді  мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

 

Банктер қызметтерін реттеу жолдары

 

 

     ҚР  Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мен қадағалау жөніндегі агенттік халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған  талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР  Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау  жөніндегі агенттік белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін  анықтауға құқылы. Пруденциялдық  нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің  нормативтік белгілері мен есептеу  әдістемесін, белгіленген күнге  банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік  талаптар нормасын және оларды есептеу  әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін уәкілетті орган белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер  резервтік қор құруға міндетті.  Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді  төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері  мен көлеміне қарай өздерінің  қызметінің сенімділігіне бақылауды  қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы  банктер туралы заңға сәйкес, уәкілетті  орган бекіткен тәртіпте күмәнді  және үмітсіз қарыздарға  қарсы  арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

 

1.2  Қаржылық  қадағалау әдістері

           Қазақстандағы екінші деңгейдегі  банктердің қызметін реттеу қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау жөніндегі  агенттігінің көмегімен жүзеге  асады. Мұндағы басты міндеттерінің  бірі – бұл банктердің қызметін  реттеуді экономикалық тиімді  жолмен жүргізуді қамтамасыз  ету, яғни банктік сектордың  сенімділігі мен тұрақтылығын  қолдау. Ал ол міндетті шешуде  банктердің қызметін  қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді  қолдану мәселесі туады.

Бұл –  қашықтан (дистанционды) қадағалау  әдісі және инспекциялық әдісі.

Қашықтан  қадағалау әдісі – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялдық қағалау әдісі.    

Ақпараттық  есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық  талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге  қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсеткіштің атауы\күні

1.01.11

1.09.11

негізгі борыш сомасы,млрд. теңге

Жиынтығына  %-бен

негізгі борыш сомасы,млрд. теңге

Жиынтығына  %-бен

Несие портфелінің барлығы

9065,9

100,0

9802,9

100,0

Стандартты

2389,4

26,4

2457,4

25,1

Күмәнді

4858,2

53,5

5268,4

53,7

1-санатты күмәнді

1598,8

17,6

1497,9

15,3

2-санатты күмәнді

573,3

6,3

588,5

6,0

3-санатты күмәнді

954,3

10,5

1200,6

12,2

4-санатты күмәнді

486,4

5,4

467,2

4,8

5-санатты күмәнді

1245,4

13,7

1514,2

15,4

Үмітсіз

1818,3

20,1

2077,1

21,2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қашықтан  талдау жүргізетін мамандар мынадай  міндеттерді шешеді:

1) Банктердің  пруденциялық нормативтер мен  сақтауға міндетті басқа да  нормалар мен лимиттерді, резервтік  талаптар және күмәнді қарыздарға  қарсы провизиялады құру барысының  орындалуын тексеру. 

2) Банктердің  қаржылық қызметін қарастыру,  оның болашақтағы жұмысы мен  дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас  банктердің нәтижелерімен саластыра  отырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы  мен нәтижесіне қатысты мынадай  маңызды сұрақтарды қамтиды:

        - капитал;

        - активтердің сапасы;

        - пайдалылық пен рентабельділік;

        - өтімділік. 

Қаржылық  талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы  тиіс.

Капиталды талдау.Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.

Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс.Сондықтан  банктің капитал бойынша ұстанымын  жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді. Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қалыптастыратын  талдаушы мынадай сұрақтарды ескеруі  қажет:

    • Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
    • Ең төменгі капитал мөлшерінен  асқан жағдай болды ма?
    • Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
    • Ең  төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
    • Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай?

Оның  көбеюі мен азаюының себептері неде?

    • Банк капиталының сапасы қандай?

    Капиталдың кез келген  бөлігін банк үшін тұрақты  қаражаттар көзі     деп  санамауға себептер бар ма?    

Активтердің сапасын талдау.Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды.Ал пайдасының азюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырау мүмкіндігі туындайды.

Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің  маңызды бір бөлігі болып табылады.

Қашықтан  бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша  банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін  факторлардың қатарына қосу мүмкін. Бірақ  қашықтан басқарудың тимділігі банк беретін ақппараттардың сапалылығымен  ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын  нақты көрсететін мәлеметтерді алу  үшін, банкте проблемалық ссудалады  анықтауға және оларды тиісті түрде  жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің  ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен  қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін  жаңа несиелерге байланысты  болады.

Жалпы активтердің  сапасын қашықтан талдау кезінде  тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі  керек:

  • Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер байқалды ма?
  • Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?
  • Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?
  • Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарлауы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін?

Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?

  • Үмітсіз несиелерді баланстан шығару.Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?
  • Банктің несиелік қызметінің шығының жабу үшін  құрылған  банктің жалпы резервтерінің сомасы. Банктің  құрған резервтерінің жоғарылауы немесе  төмендеуі?

Ұлттық  банктің нормативтті талаптарының сақталуы?

(Активтер  мен капиталдарға байланысты  АҚ «Казкоммерцбанктің» Шоғырландырылған  уақытаралық бухгалтерлік балансын, дипломдық жұмыстың қосымша парағында  көре аласыз.)

Табыстармен шығыстарды талдау.Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың  тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер  банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырау мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан қадағалау  қажет.

Банктің табысын  талдау барысында талдаушы мынадай  негізгі үш сұраққа жауап береді:

Информация о работе Банктік қадағалау