Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................
АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.........................
Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері...................................
НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
Несие саясаты, оның элементтері.......................................................
Несие механизмінің мазмұны..............................................................
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері..............................................
Несиелеу әдістері..................................................................................
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары........................................................................................
ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Содержимое работы - 1 файл

курстық жұмыс ДКБ.doc

— 299.00 Кб (Скачать файл)

     Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру, оларды жеке басқаруға беру, сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару, инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту банктер ролін арттырады. Мұның сыртында, алып пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруда және мақсатты несиелер мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде банктік институттардың маңызы көтерілді.

     Банктер жүйесінің осылайша қалыптасуы дамыған  нарықтық экономикалы көптеген елдер  үшін объективті болып келеді, олардың қаржылық рыноктарында ақшалай қаражаттардың үздіксіз қозғалысы, ақшалай қорлардың жинақ объектісінен инвестицияның объектісіне банктік институттар болып саналатын қаржылық делдалдар арқылы ауыстырушылықта болады.

     Көптеген  нарықтық институттар ішінде республиканың  банктік жүйесі өзінің дамуында айтарлықтай қысқа кезеңде қалыптасуының теріс салдарларын көп жағынан жеңе білді, экономика секторының қайта құрылуы бойынша жетекші болды, олардың өлшемі қолайлы инвестициялық ахуалдың және инвестицияның елге құйылысының кепілдемесі болып отыр. Ақшалай – несиелік реттеудің құралдары нарықтық экономиканы дамытудың макроэкономикалық тұрақтануында, оның салалары мен нарықтық инфрақұрылымның өрлеуі мен дамуында аса маңызды рол ойнайды. Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфрақұрылымының жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды пайдалана келіп, ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру мүмкін болды.

     Банктік қызмет рыногында бәсекес көтерілді. Банктерді инвестициялық және депозиттік банктерге бөлу банктер мен банктер қызметі туралы заңдармен ғана таратылған жоқ, сондай-ақ банктер заңнамаларын одан әрі жұмсарту банктерді дәулетті көтерме корпоративтік келушілерге қызмет көрсетуге қайта бағдарлаудан халықтың қаражатын тарту жұмысына, банк қызметін кеңейтуге, банктер жұмысының беделді жақтарын нығайту жөніндегі мемлекеттік зерттеулерді өрістетуге бағдарды тездетті.

     Өтпелі  экономиканың жағдайында банк бәсекелестігін дамыту банктердің қосымша ресурстарын  тартудағы өзара байланысты және олардың көлемін сол банктердің қаржылық орнықтылығы дәрежесімен экономиканың нақтылы секторында қайта инвестициялауды күшейтеді. Әлемдік практикада осыған ұқсас үрдіс бар, атап айтқанда, берілген несиелердің көлемі шектеусіз өсе келе, басқа операциялар бойынша банк табысынан асып түсіп, пайданың орнына зиян шектіреді. Әрбір банктің бір – бірлерінің қызмет нәтижелерін жоққа шығарарлықтай қарама-қайшлықтарының үйлесуі өткір проблемаға айналды: операциялардың табыстылығы көтерілді және ол бойынша тәуекел төмендеді.  

3.2 ҚР-да  ақша – несие жүйесінің қызметі  мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі 

     Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына  сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

     ҚР-дағы ақша жүйесі келесі бағыттарда әрекет етеді:

  • тауарлар мен қызметтерге бағаның қалыптасуы
  • тауар айырбасымен қызмет ету
  • нәтижелі өндіріс құрылыстың қалыптасуы
  • еңбек өнімділігінің артуы үшін стимул жасау
  • шаруашылық субъектілері қызметтерінің нәтижелерін бағалау
  • жаңадан жасалған құнның қайта бөлінуі

     Несие жүйесі кең мағынада несие қатынастарының, несие нысандарының, қаржы мекемелерінің жиынтығы. Несие жүйесі тар мағынада бұл есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы елдегі ақша айналысын реттейтін басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.

     Несие жүйесінің – өз қызметтерін орындау барысында несиелік қатынастар туындайды. Несие жүйесі – уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтайды, оны қайтару және төлеу шарттарды қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелерінің әртүрлі субъектілерінің арасындағы экономикалық байланыстар. Несие жүйесінің экономикадағы ролі 3 суретте көрсетілген.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 3.  Несие жүйесінің экономикадағы ролі

ҚР-ның  несие жүйесінің элементтері 4 суретте  көрсетілген. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 4. ҚР-ның несие жүйесінің элементтері.

ҚР-ның  несие жүйесінің маңызы 5 суретте  көрсетілген. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 5. ҚР-ның несие жүйесінің маңызы. 

     Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен  Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.

     Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын  Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді. Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.

     Банктердің  жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу-сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциялық нормативтер белгілейді.

     Қазақстан Республикасында информациялық  процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.

     ҚР-ның  Ұлттық банктің міндеттері:

  • ақша айналымы, несие банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша-несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді;
  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау

     Ұлттық  банк жұмысының негіздері келесіде:

    1. Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
    2. Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялануды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
    3. Халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
    4. Банк ісін лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
    5. Банк ісін бақылау және қадағалау;
    6. Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
    7. Ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
    8. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу.

     Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүргізуіндегі Ұлттық Банкінің атқаратын  қызметтері 6 суретте көрсетілген. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 6. Қ Р-ның ақша-несие саясатын жүргізуіндегі Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері.

     3.3 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты 

     Осы бөлімде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

     1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

     Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

     Ақша-несие  саясаты:

  • қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
  • ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

     Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.

     Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.

Информация о работе Ақша-несие саясаты