Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................
АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.........................
Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері...................................
НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
Несие саясаты, оның элементтері.......................................................
Несие механизмінің мазмұны..............................................................
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері..............................................
Несиелеу әдістері..................................................................................
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары........................................................................................
ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Содержимое работы - 1 файл

курстық жұмыс ДКБ.doc

— 299.00 Кб (Скачать файл)

     Несие саясатынан несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие  мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақш капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.

     Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі  және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие саясатының құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20 жылдарынан 90- жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие саясаты құрылды.

     Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие  мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен  тұтыну салаларының банк операцияларын  пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.

     Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:

     Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен  орталықтануы нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.

     Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады. Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем ақысы сақталады. Сондай-ақ клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі.

     Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының  бірігіп қаржы капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың  пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.

     Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие – қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие – қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша-есеп және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі күрделі, әр көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен құрылады: орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несие – қаржы институттары.

     Несие саясаты несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несие саясаты несие механизмі көмегімен жүзеге асырылады.

     Жалпы несие саясаты мынадай сипатта  болуға тиіс:

– нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;

– несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;

– нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

– оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

     Несие  саясаты несиелік қызметтің келесідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді (сурет 1).

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 1. Несие саясаты арқылы анықтайтын несиелік қызметінің бағыттары 

     Несие саясаты несиелік қызметтің басты  бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай элементтер көрсетілуге тиіс:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • несиелік портфельді басқару;
  • несиелеуге бақылау жасау;
  • құзыретті бөлу принциптері;
  • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
  • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
  • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
  • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

   Іс  жүзінде несие саясатын іске асыру  тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:

    1. несиелеу саясаты;
    2. несиелеу стандарты;
    3. несиелеу нұсқаулықтары.

    Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта  – «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету» біріктіріледі. 

      Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін  нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

      Несиелеу  стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

      Несиелеу  стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:

– қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

– несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

– әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

– қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

– құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

– несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер.

     Несиелік  нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

     Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты  бір бағыттарына жатады.

     Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

     Несие саясаты – бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды  орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі.

     Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша  ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары – пайда табу мүддесін жүзеге асырады.

     Несие саясатының тапсырмалары :

     Банктік несие құрамының жақсаруымен  байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т.б.

     Несиелендіру  бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады,оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық  шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т.б дамуы керек.

     Несие саясатында несие операциясын жетілдіру  технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады.

     Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т.с.с.

     Несие саясатында тағы бір маңызды элемент  болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады.

     Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен  тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді.

     Банк  өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды  ішкі және сыртқы деп бөледі.

     Сырткы  факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады.

     Елдегі  саяси жағдайлардың тұрақсыз жағжайы  банктердің несиелік салымдарын ұстап  қалуы мүмкін, шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкін.

     Экономикалық  жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс  төлем қаражаты сияқты өседі, бұл  мезгілде несиені қайтармау тәуекеліде өседі. 
Экономикалық құлдыраудың артында жүретін инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады.

     Елдің ішіндегі экономиалық жағдайлар  келесідей әсерлерге байланысты болады;

     - Мемлекетің салық саясаты (банктің пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан жоғары)

     - Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың 20%-ын өзіне алып қалмайды)

     - Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.

     Банктердің  несие саясатына заңдылық базасының  да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк – несие беруші мен  несиегердің мүдделерін қорғауынан оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың түрлері дами алмайды.

Информация о работе Ақша-несие саясаты