Ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша-несие саясаты – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................
АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері.........................
Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері...................................
НЕСИЕ САЯСАТЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ МЕХАНИЗМІ
Несие саясаты, оның элементтері.......................................................
Несие механизмінің мазмұны..............................................................
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері..............................................
Несиелеу әдістері..................................................................................
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары........................................................................................
ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Содержимое работы - 1 файл

курстық жұмыс ДКБ.doc

— 299.00 Кб (Скачать файл)

     Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына).

     Несие операциясының дамуының басты факторы  болып банкаралық бәсекелестік табылады.

     Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға  банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан  банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.

     Ақша-несие  саясатын қатайту несиелер бойынша  нарықтық ставкаларға Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің ресми  ставкалары әсерінің сипатын өзгертуді болжайды. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары экономиканы несиелеу, оның ішінде ставкаларды төмендету бойынша банктер қызметтерін жандандыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталса, «экономиканың қызып кетуін» болдырмау қажеттігі жағдайында ставкаларды төмендету мәселесі енді өзіндік мақсат ретінде қойылмайды. 

2.2 Несие  механизмінің мазмұны 

     Несие механизмі – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

     Қазіргі несие механизмі экономикалық механизмнің  бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

     Несие механизмі несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының белгілі  бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың  жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

     Несиелік  механизмге несиенің мазмұны және өзіндік  ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

     Несиелік  механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады (сурет 2).

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 2. Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері 
 

2.3 Несиелеуді  ұйымдастыру принциптері 

     Несиелеу  принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

     Несиелеу  принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің  берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

     Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

1 топқа  – жалпы экономикалық тәртіптегі  принциптер:

 – несиенің мақсаттылығы;

 – несиенің дифференциалдығы.

2 топқа  – несиенің мәнін бейнелейтін  принциптер:

 – несиенің мерзімділігі;

 – несиенің қайтарымдылығы;

 – несиенің төлемділігі;

 – несиенің қамтамасыз етілуі.

     Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің  мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара  алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

     Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз  алушының жағдайы жақсы болып  келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

     Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты  формасы ретінде мынадай шарттарды  сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын  анықтау барысында несие мөлшері  мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді  іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дурыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.

     Несиелерді  қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналысында көптеген мәселелер орын алуда.

     Несиелеу  принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.  

2.4 Несиелеу әдістері 

     Несиелеу  әдістері – несиенің берілу және қайтарылу  ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың  қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

     Реформалауға  дейінгі кезеңдегі отандық тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:

– қалдық бойынша;

– айналым бойынша.

     Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

- айналым бойынша несиелеу әдістері;

- қалдық бойынша несиелеу әдістері;

- айналым-қалдықтық.  

     Қалдық  бойынша несиелеу барысында несие  қозғалысы несиеленетін құндылықтар  қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі  тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған  өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Қалдық бойынша несиелеу барысында несие несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен өзара байланысты.

     Айналым бойынша несиелеу әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық  құндылықтар айналымымен, яғни олардың  түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып қалып отырды. Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды.

     Айналым және қалдық бойынша несиелеудің  іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде  айналым – қалдықтық әдісі  түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несиеге деген қажеттіліктің  туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы – материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі. Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтиежсінде айналым-қалдықпен әдісі түзіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

3. ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

3.1 ҚР-ның  ақша-несие саясатының қалыптасу  негізі, мақсаты мен тапсырмалары 

  Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының қүрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

     2000 жылы шамамен алғанда жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына  жету үшін ақша-несие және бюджет  саясатын қатайтумен қатар ішкі  инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге  ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады. Жинақтаушы зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.

     Үкімет  мемлекеттік бюджет пен бюджеттен  тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы, көбінесе, инфляция қарқынының төмендеуімен, мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға инфляциялық емес көздерді пайдаланумен, мемлекеттік құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.

     Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс  істеуін қолдау үшін ақшалай-несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле  түспек. Банк жүйелерінің дамуына  орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда: ҚҰБ (Қазақстанның Ұлттық банкі) сыйақы (мүдделер) ставкасын бекіту, міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу, және, әсіресе, ашық рынокта операциялар жүргізу. Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тосуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға, сондай-ақ, қаржылық рыноктар жағдайларына бағытталатын болады. Ақша – несие саясатының дәстүрлі құралдарын пайдалану, банктік қадағалауды күшейту, қаржылық жаңа құралдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады.

     Алдағы  үш жыл ішінде Қазақстанның қаржылық секторы, банктермен қатар, қаржылық қызмет рыногында: ломбард, несиелік серіктестіктер, делдалдық фирмалар, лизингтік және сақтандыру компаниялары, жинақтау зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және активтерді басқару жөніндегі компаниялар секілді мекемелермен толығатын болады. Депозиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында, депозиттерді міндетті ұжымдық сақтандыру тетігін жасау және жүзеге асыру жөнінде екінші деңгейлі банктермен жұмыс жалғаса бермек.

     Қор рыногын дамыту жөніндегі заңнама  жетілдіріле түседі.

     Валюталық рыноктың жұмыс істеуін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, валюталық реттеуді бұдан ары ырықтандырудың нарықтық құралдарын дамытумен қатар валюталық ағыстың жүйелік мониторингісі, талдау және төлемдік теңгерімнің жағдайын болжамдау жөніндегі жұмыс жақсартылатын болады. Жалпы алтын – валюта резревтері үш айлық импорттың көлемінен кем болмайтындай деңгейде қолдау көреді.

     Валютаның айырбастау бағамының саясаты валютаның  сатып алушылық қабілетінің жалпы  пара – парлығын қамтамасыз ету, ішкі валюталық рынокта алыпсатарлық операциялардың белсенді дамып кетуін болдырмауды және төлемдік теңгерімнің бекітуін есепке ала отырып жасалынады.

     Республикадағы  бүгінгі банктік екідеңгейлі  жүйе мынадай жүйелер – бірінші  деңгей Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкін, көрсетеді, екінші деңгей – екінші деңгейдегі банктер. Қаржы рыногының маңызды институты болған өтпелі кезеңдегі банктердің дамуы тұрақсыздыққа және құрылымдық қайта құрылуға қатты ұшырады. Жүйелі нарықтық қайта құрылуда банктік капитал ролінің көтерілуі, капиталдандырудың халықаралық стандарттарын және қаржылық орнықтылықты банктердің сақтауларының қажеттілігі олардың қайта құрылым жасау, ірілену, тарату және қосылу секілді заңды процестеріне бастау салды.

Информация о работе Ақша-несие саясаты