Ақша несиелік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:05, доклад

Краткое описание

1. Қолма-қол ақшалар эмиссиясы: жүргізу механизмі және реттеу тәртібі.
2. Ақша базасы және оның құрылымы туралы ұғым.
3. Міндетті және артық резервтер анықтамасы.
4. Банк резервтерінің сұранысы мен ұсынысы.

Содержимое работы - 1 файл

АНР 4-тапсырма.docx

— 86.72 Кб (Скачать файл)

    СIС = L (Н + С),

     мұнда,

                      Н – айналысқа шығарылған банктiк билеттер;

                    С – айналысқа шығарылған монеталар. 

    Қазақстандағы негiзгi ақша агрегаттарына, қазiргi кезде ақша-несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгiленуi М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

  • М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесiнен тыс ақша);
  • М1 = М0 + банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi;
  • М2 = М1 + теңгедегi басқа да депозиттер және банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi;
  • М3 (ақша массасы) = М2 + банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттерi.

     Мұндағы,

  • Аудармалы депозиттер – 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусiз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектiң, траттаның немесе жиро-кепiлдiктiң кімегiмен еркiн айналады; 3) төлемдер жүргiзуде кеңiнен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бiр білiгiн құрайды.
  • Басқа депозиттер – негiзiнен ол, белгiлi уақыт аралығынан кейiн ғана алынатындығы немесе әртүрлi шектеулерi жай коммерциялық операцияларда бiраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизмiне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетiн жинақ және мерзiмдi депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттердi қамтиды.

     Ақша  базасының ақша массасына ықпал  етуi ақша мультипликаторы (Ам) көмегiмен мынадай формула арқылы есептеледi: 

       М3 (ақша массасы)

Ам =  ¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

       МВ (ақша базасы) 

    Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері,өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

    Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды.Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды. 
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады.Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы,жедел салым талап етілген салымнан төмен болады. 
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

    Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

    Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

    Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы  тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді. 
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

    АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды.Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады.Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады.Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады. 
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскетлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

    1)міндетті резервтер;

    2)резервтеудің баламалы тәртібі. 

    Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының  өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді.

    Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді. 
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қаржыландыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.

    Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту.Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерцмялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесіе өсіреді.

    Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүцеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.Есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі.

    Несиелендіру және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үіметке несие беру бюджет саясаты аумғында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатыында жүргізіледі. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

    Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.

    Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі жәненесиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады.Оның негізгі мәні ақша эмиссиясынтоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

    Ұлттық банк нарықтағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

    Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді.Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.Орталық банк ақша нарығы операцияларын қажеттілік пойда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.

Информация о работе Ақша несиелік реттеу