Ақша несиелік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 11:05, доклад

Краткое описание

1. Қолма-қол ақшалар эмиссиясы: жүргізу механизмі және реттеу тәртібі.
2. Ақша базасы және оның құрылымы туралы ұғым.
3. Міндетті және артық резервтер анықтамасы.
4. Банк резервтерінің сұранысы мен ұсынысы.

Содержимое работы - 1 файл

АНР 4-тапсырма.docx

— 86.72 Кб (Скачать файл)
  1. Қолма-қол  ақшалар эмиссиясы: жүргізу механизмі  және реттеу тәртібі.
  2. Ақша базасы және оның құрылымы туралы ұғым.
  3. Міндетті және артық резервтер анықтамасы.
  4. Банк резервтерінің сұранысы мен ұсынысы.
 

   Ұлттық  банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, бақа да материалдық құндыпықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

   Негізгі Ұлттық банк унитарлықорган болып табылады. Мемлекет-жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа  да құндылықтардан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа д қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде  құрылып,ол өзіндік табыс есебінен толтырады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар  бойынша шығындарды жабуға арналады.

   Ұлттық  банкінің қаржылық жылдағы пайдасы  сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде  анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір  бөлігі жатады.

   Пайданың  жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық  бюджетке аударылады. Ұлттық банк және мекемелері барлық салықтар ментөлемдерден босатылады.

   Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі  міндеті – Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

   Ұлттық  банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық  құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма  –қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының  ресми ақша бірлігі – теңге  болып табылады.

   Ұлттық  банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың  жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою  және қолма-қол ақшаның инкассациялау  тәртібін орнатады.

   Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар  мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген  сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

   Валютаны  өзгертуге тек қана Қазақстан  Республикасының Парламентінің  құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету  шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау  құқығы Қазақстан Республикасының  Президентіне жүктеледі.

   Ұлттық  банк Қазақстан Республикасының  валютасын шет ел мемлекеттерінің  ақша бірліктеріне айырбастау бағамын  анықтау тәртібін белгілейді.

   Қолма-қол  ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру  жолымен жүзеге асады.

   Екінші  деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы  шегінде қолма-қол ақша түрінде  қолда алады, сонымен қатар, операциялық  кассадағы қолма-қол ақша қалдығына  шек қойылмайды.

   Эмиссия- бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.

   Қолма-қол  ақша түріндегі эмиссия- айналысқа  банкноталар мен монеталардың қосымша  шығарылуын сипаттайы.

   Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының  негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма- қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол  есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге  болады.

   Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл  кассалық түсімдердің кассалық шығындардан  көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды  эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.

   Депозиттік  банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде  несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі  банк арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл –  сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы  жолымен құрылған ақшалар өз кезегінде  өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда  болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.

   Депозиттік  банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын  және ақша мультипликациясын бақылау  арқылы жүреді.

   Ақша  базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын  ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол  ақшалар, міндетті және артық резервтер  жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі  арнайы шотта несие кореспонденттік  шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты  банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

   Артық резервтер дегеніміз - банктердің Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі коррепондеттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

   Ол  ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының  кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

   Ақша  мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер  мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның  үлес салмағына байланысты болады.

   Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликацияланбауына  байланысты. Ақша мультипликациясының  интенсивтілігі олардың экономикадағы  айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның  коэффиценттік жылдамдығы азаяды.

   Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл  жағдайда банк жүйесі арқылы жүретін  төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне  әсер етеді және ақша-несие саясаты  үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы  ақшлардың айналыс жылдамдығының  азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің  және ұзақ мерзімді инвестициялық несие  салымдарының өсуін көрсетеді, бұл  тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы  және ұлттық валютаға деген сенім  болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол  ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын  сенімді активтерге аударуменен  бірге жүреді.

   Ақша  айналысының жылдамды экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс  жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация  деңгейі жоғарылайды. 

    Ақша  айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

     Ақша айналысының объективтiк негiзiне де тауар өндiрiсi жатады. Тауар өндiрiсi тұсында тауарлар әлемi: тауар және ақшаға білiне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiне және жалпы ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрi қарай дами түседi. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнiм айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының кімегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

     Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кiредi.

    Қолма-қол ақшалар айналысыбұл нақты ақшалар қозғалысын бiлдiредi. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етедi. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуiр бөлiгiн орталық банктерден шығарылған банктiк билеттер құрайды. Ақша шығарудың кiшкене бөлiгi (10%-ға жуығы) қазыналық билеттердi шығарушы қазынашылықтың үлесiне тиедi.

    Қолма-қолсыз ақшалар айналысықолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

    Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер,  пластикалық карточкалар электрондық аударымдар кімегiмен пайдаланылатын клиенттердiң шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

    Қолма-қол  ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелдiлiк  бар. Ол ақшаның үнемi бiр айналыс  сферасынан екiншi бiрiне ітiп отыруынан  байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегi депозитке салынуы, олардың  қолма-қолсыз ақшаға айналуын бiлдiрсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшiн  ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

    Ақша  айналысының негiзгi сандық кірсеткiштерi бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

    Ақша  массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындарға және мемлекетке тиiстi және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып  алу және тілем  құралдарының жиынтығы.

     Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi кірсеткiштер пайдаланылады. Ондай кірсеткiштердi ақша агрегаттары деп атайды.

    Өнеркәсiбi жағынан дамыған елдердiң қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау  барысында тімендегiдей ақша агрегаттары қолданылады:

    М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегi ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

    М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдарынан (тірт жылға дейiнгi) тұрады;

    М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелiк мекемелердегi жинақ салымдарын құрайды;

    М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қосылған iрi коммерциялық банктердегi депозиттiк сертификаттардан тұрады.

    АҚШ-та, ақша массасын анықтауда тірт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда - үш, Англия мен Францияда – екеу, Ресейде - үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

    Қазақстан Республикасында Ұлттық банктiң 12.01.1995 ж. Директорлар кеңесiмен N 2 хаттамасымен бекiтiлген “Ақша массасын, ақша базасын  анықтау әдiсi және iшкi және сыртқы активтердi анықтау барысында баланстық  шоттарды жiктеу туралы ережесiне”  сәйкес ақша базасы мен ақша массасы  есептеледi.

    Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) – бұл мiндеттемелерге жататын резервтiк және бастапқы ақшаларды бiлдiредi. Ол мынадай формулада есептеледi:

    МВ = СIС + RR + DСВ,

     мұнда,

          СIС  – айналыстағы нақты ақшалар;

          RR – мiндеттi резервтер;

        DСВ  – екiншi деңгейдегi банктердiң  ұлттық банктегi коршоттағы қаражаттары. 

Информация о работе Ақша несиелік реттеу