«Мұсылман» мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 10:13, реферат

Краткое описание

Дін – адамдарды мəңгілік бақытқа қауыштыру үшін Аллаһу та’ала тарапынан көрсетілген жол. Аллаһу та’ала Адам алейһиссаламнан бері əр мың жыл сайын пайғамбарлар арқылы адамдарға дін жіберіп отырған. Адам алейһиссалам – алғашқы адам жəне алғашқы пайғамбар. Пайғамбарлар – Аллаһу та’аланың діндерін адамдарға уағыздайтын, жеткізетін адамдар. Жаңа дінді жеткізген пайғамбар “Расул” деп аталады. Əр ғасыр сайын ең таза адамды пайғамбар ету арқылы діндерді қуаттандырып отырған. Расулдарға тəуелді бұл пайғамбарлар “Нəби” деп аталады.
Барлық пайғамбарлар бір ғана иман туралы айтқан, яғни олар үмбеттерінен бір нəрсеге иман етуді қалаған. Адам алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссаламның уағыздаған иман негіздері бірдей. Тек қана жүрекпен жəне тəнмен жасалатын амалдар мен сақтануы қажетті жағдайлар ғана басқаша. Аллаһу та’ала расулдары арқылы жіберген діндеріндегі бұндай жағдайлардың кейбіреуін қолданыстан

Содержимое работы - 1 файл

Ислам мәдениеті.doc

— 167.00 Кб (Скачать файл)

себеп болады. Харам ли ғайрихи - өзі, негізі халал  болса да, харам жолмен

келген нəрселер. Біреудің затын иесінің рұқсатынсыз қолдану, үйдегі керекті затын, ақшасын ұрлап, жұмсау, Исламға қайшы келетін жолмен зат сатып алу сияқты əрекеттер осыған жатады. Бұл жерде заттың өзі харам емес, жасалған іс харам болып саналады. Оларды жасаған адам жасаған кезде «бисмиллə» десе, не болмаса адал десе кəпір болмайды. Біреуде бес жарым арпаның салмағындай ақысы қалған болса, қиямет күні сол кісіден жамағатпен оқылған жəне қабыл болған 700 рəкат намазының сауабын Аллаһу та’ала ақының иесіне алып береді. Сол үшін құл ақысынан сақтану керек. Харамның екі түрінен де сақтану – ғибадат жасаудан да артық сауап іс.

7. Мəкрух: Жасалған  амалдың сауабын жоятын нəрселер  “мəкрух” деп аталады. Мəкрухтің  де екі түрі бар: тахриман  мəкрух, танзиһəн мəкрух. Тахриман  мəкрух – уəжіптің тəрк етілуінен туындайтын, харамға жақын мəкрух болып табылады. Тахриман мəкрухті істеген адам əдейі істеген болса, күнəһар болады. Тозақ азабына лайық болады. Намазда істелсе, сол намазды қайтадан оқу уəжіп болады. Егер жаңылып істесе, сəху сəждесін жасайды. Танзиһəн мəкрух – сүннетті тəрк етуден туындайды. Халалға жақын мəкрух болып табылады. Істеген адам азапқа тартылмайды. Көп істесе сауаптан құр қалуы мүмкін.

8. Муфсид: Амалдарды,  ғибадаттарды бұзатын жағдайлар.  Иманды жəне намазды, некені  жəне қажылықты, зекетті жəне сауданы бұзатын нəрселер, жағдайлар муфсид болып саналады. Харамнан сақтану “тақуа” деп аталады. Халал немесе харам екендігі күмəнді нəрселерден сақтану “уəра” деп аталады. Күмəнді бір нəрсе істеп қоймау үшін бір халал істі тəрк ету “зуһд” деп аталады. Парыздарды, уəжіптерді жəне сүннеттерді жасаған жəне харамнан, мəкрухтен сақтанатын мұсылманға ахиретте “сауап” беріледі. Харамдарды, мəкрухтерді істеген адамға жəне парыздарды, уəжіптерді орындамаған адамға “күнə” жазылады. Харамнан сақтанудың сауабы – парызды орындаудың сауабынан бірнеше есе көп. Бір парыздың сауабы бір мəкрухтен сақтанудың сауабынан, ал бұл бір сүннеттің сауабынан көп. Мубахтардың ішінде Аллаһу та’аланың ұнатқандары “хайрат” (қайырымдылық) жəне “хасанат” (ізгілік) деп аталады. Оларды жасаған адамға да сауап жазылғанмен ол сауап сүннет сауабынан аз болады. Сауап берілетінін біліп жасау “Қурбат” деп аталады. Аллаһу та’ала құлдарына мейірімділік танытып, тыныштық пен бақыттың қайнар көзі болған діндерді жіберді. Діндердің соңғысы

– Мұхаммед пайғамбардың (алейһиссалам) діні. Яғни, Ислам діні. Басқа діндер адамдар тарапынан өзгертілді. Мұсылман болсын, кəпір болсын, кез келген адам біліп немесе білмей осы дінге сай өмір сүрсе, дүниеде ешқандай қиыншылыққа душар болмайды. Қазіргі кезде Еуропа мен Америкадағы халықтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы, сенбесе де Ислам дініне сай əрекет жасағандықтарынан. Бірақ кəпірлерге ахиретте ешқандай сауап, сыйлық берілмейді. Осылай еңбек етіп жатқандар егер мұсылман болса, ахиретте де мəңгілік бақытқа қауышады.

Мұсылман адамның  алдымен əһли сүннет сеніміне сай  иман келтіруі, одан соң харам істерден сақтануы, одан кейін парыздарды орындауы, одан кейін мəкрухтерден сақтануы, содан соң мустаһабтарды орындауы қажет. Бұл тізімдегілер осы ретпен жасалмаса, яғни алдында тұрғанды істемей кейінде тұрғанды істесе, оның ешқандай пайдасы болмайды. Мысалы: иманы жоқ адамның харамнан сақтануының, харам іс жасап жүрген адамның парызды орындауының пайдасы жоқ. 

                                               Мəшһур парыздар

Отыз үш парыз

Тəйəммумнің парызын  үшеу деген ғалымдар да бар. Сонда  барлығы отыз үш парыз болады.

Иманның шарттары (6)

1. Аллаһу та’аланың  бар жəне бір екендігіне сену.

2. Аллаһу та’аланың  періштелеріне сену.

3. Аллаһу та’аланың  түсірген кітаптарына сену.

4. Аллаһу та’аланың  пайғамбарларына сену.

5. Ахирет күніне  сену.

6. Тағдырға, яғни  жақсылық пен жамандықтың Аллаһу  та’аладан

екендігіне  сену.

Исламның шарттары (5)

7. Кəлимаи шаһадат  айту.

8. Күніне бес  уақыт намаз оқу.

9. Мал-мүліктің  зекетін беру.

10. Рамазан айында  ораза тұту.

11. Жағдайы бар  адамның өмірінде бір рет қажылыққа  баруы.

Намаздың парыздары (12)

А) Сыртқы парыздары - 7. Олар “шарттары” деп те аталады.

12. Хадестен  тазару.

13. Нəжістен  тазару.

14. Сəтри аурат  (əурет жерді жабу).

15. Истиқбали Қыбла (Құбылаға қарау).

16. Уақыт.

17. Ниет.

18. Ифтитах (тахрима)  тəкбірі.

Ə) Ішкі парыздар бесеу, олар “рүкін” деп аталады.

19. Қиям.

20. Қыраат.

21. Рүку.

22. Сəжде.

23. Қадаи ахира  (соңғы отыру).

Дəреттің парыздары (4)

24. Дəрет алғанда  бетті жуу.

25. Қолдарын  шынтақтарымен қоса жуу.

26. Бастың төрттен  біріне мəсіһ тарту.

27. Аяқты тобықтарымен  қоса жуу.

Ғұсылдың парыздары (3)

28. Ауызды шаю  (мазмаза).

29. Мұрынды шаю  (истиншақ).

30. Бүкіл денені  жуу.

Тəйəммумнің парыздары (3)

31. Жүніптіктен  немесе дəретсіздіктен тазаруға ниет ету.

32. Екі қолын  таза топыраққа ұрып, бетіне мəсіһ  жасау.

33. Екі қолын  таза топыраққа ұрып, сол қолымен  оң қолын, оң

қолымен сол  қолын шынтақтан алақанға дейін  сипау.

Елу төрт парыз

1. Аллаһу та’аланы  бір деп танып, Оны əрқашан есте ұстау.

2. Адал нəрсе  ішіп-жеу.

3. Дəрет алу.

4. Күніне уақыты  кіргенде бес уақыт намаз оқу.

5. Намаз үшін  əйелдердің хайздан жəне бүкіл  мұсылмандардың

жүніптіктен ғұсыл  алуы.

6. Ризықтың  Аллаһу та’аладан екеніне жəне  ризыққа Аллаһтың

кепіл екеніне сену.

7. Адал, таза  киім кию.

8. Аллаһу та’алаға  тəуекел етіп, еңбектену.

9. Қанағат ету.

10. Берген ниғметтері  үшін Аллаһу та’алаға шүкіршілік  ету. Яғни

ниғметтерді бұйырылған орындарында қолдану.

11. Аллаһу та’аланың  жазған тағдырына разы болу.

12. Қиыншылыққа сабырлылық таныту.

13. Күнəларға  тəубе ету.

14. Ғибадаттарды  ықыласпен жасау.

15. Адам жəне  жын тайпасының шайтандарын дұшпан  деп білу.

16. Құран кəрімнің  үкіміне разы болу.

17. Өлімді хақ  деп білу жəне өлімге дайындалу.

18. Аллаһтың  достарына дос, дұшпандарына дұшпан  болу. (бұған

“хубби филлаһ жəне буғды филлаһ” делінеді).

19. Ата-анаға  жақсылық жасау.

20. Сауапты (маруф)  істі ұсынып, жамандықтан (мункəрден)

тыю.

21. Махрем болған туыстарымен араласу.

22. Аманатқа  қиянат жасамау.

23. Əрдайым Аллаһу  та’аладан қорқып, харам істерден  сақтану.

24. Аллаһу та’алаға  жəне Пайғамбарына мойынсұну.

25. Күнəдан алыс  тұрып, ғибадат етумен айналысу.

26. Улул-əмірге, əміршілерге, заңдарға бағыну.

27. Əлемге ғибрат  көзімен қарау.

28. Аллаһтың  бар екендігі туралы тафаккур  ету (ойлану).

29. Тілін харам,  балағатты сөздерден сақтау.

30. Жүректі дүниелік  нəрселерден тазалау.

31. Ешкімді масқара  етпеу.

32. Харам нəрсеге  қарамау.

33. Барлық жағдайда  сөзінде тұру.

34. Құлағын харам  сөз жəне сазды нəрселер тыңдаудан  сақтау.

35. Парыздарды  жəне харамдарды оқып үйрену.

36. Таразы, өлшеу  құралдарын дұрыс қолдану.

37. Аллаһу та’аланың  азабынан əрдайым қорқу.

38. Мұсылман  кедейлерге зекет беру жəне  оларға көмектесу.

39. Аллаһу та’аланың  рақымдылығынан үміт үзбеу.

40. Нəпсінің  қалауына ермеу.

41. Аш адамды  Аллаһ разылығы үшін тойдыру.

42. Жеткілікті  мөлшерде ризық (яғни азық, киім  жəне үй) табу

үшін еңбектену.

43. Мал-мүліктің  зекетін, егіннің ушрын беру.

44. Хайз жəне босанған əйеліне жақындаспау.

45. Жүрегін күнəлардан  тазалау.

46. Тəкаппар  болудан сақтану.

47. Балиғатқа  жетпеген жетімнің малын қорғау.

48. Ұл балаларға  жақындаспау (лиуата-гомосексуализм - үлкен

харам).

49. Бес уақыт  намазды уақытылы оқып, қазаға қалдырмау.

50. Зұлымдықпен  ешкімнің мал-мүлкін алмау

Ажырасқан əйеліне  “мəхр ақшасын” төлеу құлдың ақысына жатады. Төлемесе, дүние мен ахиретте үлкен азапқа тартылады. Құл ақысының ең маңыздысы – туыстарына жəне қол астындағыларға

Аллаһу та’аланың  бұйрықтарын үйретпеу. Оларға дін ілімін үйретуді тəрк ету. Олардың жəне бүкіл мұсылмандардың діндерін үйренуіне жəне ғибадат жасауына зұлымдықпен немесе алдап кедергі болған адамның кəпір, ислам дұшпаны екендігі белгілі болады. Бидғат өкілдерінің, мазһабсыздардың əһли сүннет сенімін өзгертуі, дінді, иманды бұзуы да осындай сипатқа ие.

51. Аллаһу та’алаға  серік қоспау.

52. Зинақорлық  жасаудан сақтану.

53. Шарап жəне  алкогольді ішімдік ішпеу. Спиртті  ішімдіктер

ауыр нəжіске  жатады.

54. Бостан-босқа,  өтірік нəрсеге ант ішпеу.

Мəшһүр харамдар

1. Себепсіз  адам өлтіру.

2. Зинақорлық  жасау.

3. Лиуата (гомосексуализм) жасау - барлық дінде харам.

4. Шарап жəне  əр түрлі алкогольді ішімдік  ішу.

5. Ұрлық жасау.

6. Есірткі қолдану.

7. Біреудің  мал-мүлкін тартып алу.

8. Жалған куə болу.

9. Рамазанда  себепсіз мұсылмандардың алдында  тамақ жеу.

10. Өсімге ақша  алу, беру.

11. Көп ант  ішу.

12. Ата-анаға  қарсы келу.

13. Махрем болған  жақын туыстарымен араласпау.

14. Соғыста дұшпаннан  қашу.

15. Жетім малын  орынсыз жеу.

16. Таразыдан  жеу.

17. Намазды уақытынан  бұрын немесе кейін оқу.

18. Мумин бауырының  көңілін қалдыру, ренжіту.

19. Пайғамбардың  айтпаған сөзін айтты деу.

20. Пара алу.

21. Дұрыс куəгерліктен  қашу.

22. Мал-мүлкінің  зекеті мен ушрын бермеу.

23. Күші жете  тұра күнə жасап жатқан адамға тосқауыл болмау.

24. Тірі жануарды  отқа жағу.

25. Құран кəрімді  үйренген соң оқуды ұмыту.

26. Аллаһу та’аланың  рахметінен үміт үзу.

27. Мұсылман  болсын, кəпір болсын адамдарға  қиянат жасау.

28. Доңыз етін  жеу.

29. Расулуллаһтың  сахабаларының бірін жек көру жəне ол туралы

жаман сөз айту.

30. Тойып тұрса  да ішіп-жеу.

31. Əйелдердің  ерінің төсегінен қашуы.

32. Əйелдердің  күйеуінің рұқсатынсыз қыдыруы.

33. Ары таза  əйелді “зинақор” деу.

34. Нəмимə, яғни  мұсылмандар арасында сөз тасу.

Информация о работе «Мұсылман» мәдениеті