Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:55, реферат
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту штурмы – мұнда ұжыммен бірлесе отырып талқылауға ортақ тақырып таңдалады, ол тақырып тақтада немесе парақта жазылады. Ұжым мүшелері сол тақырыпта өз ойларын айтады. Мұғалім сол сәтте солардың көзқарастарын жазады. Түсініксіз ойлар мен пікірлерге жұлдызша қойылады. Соңына қарай ұқсас пікірлер біріктіріліп ортақ, қорытынды шешім қабылданады.
Міне осындай ойындар, штурмдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойында ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастыруға болады (Эко – бейне–шығармашыл ұстаздарға қосымша материал-13-21 б).
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің дамуы ұзақ процесс. Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, таным әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімдер, оқушылардың өз жастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, оқушылардың танымдық пен шығармашылық қабілеттері артады.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің дамыту белгілерін көрсетуге болады:
- бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
- әрбір білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
- іс-әрекеттер барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
- бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
- жалпы нәтижелердің болуы.
Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес. Ұжымдық жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны: барлық оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер бірлесе отырып жоспарлайды, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері оқу процесінде, еңбек процесінде дамиды.
Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі – сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады. Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы – оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады.
Ал сабақтан тыс уақытта, яғни бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері – экскурсия, интеллектуалдық ойындар, көңілді кештер, ұлттық меркелер, эстафеталық жарыстар негізінде жүзеге асады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта мұғалімдер ұжымдаса отырып жұмыс істесе, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері біршама дамиды. Мұғалімдер бірлесе істейтін жұмыс түрлері мыналар
- логикалық тапсырмалар, есептер;
- интеллектуалдық сұрақтар;
- сурет салу;
- ХХІ ғ көшбасшысын ұйымдастыру;
- Жеті өнер үйірмесі;
- Жиналыстар жасау;
- Кітап, газет, журналдар оқыту.
Алайда бұл істер күнделікті тәжірибеде көрініс таба бермейді. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытатын мұғалім болғандықтан, мұғалім бастауыш сынып оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатыстырып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.
2.1. Бастауыш сыныпта оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар.
Бастауыш сыныптағы оқушылардың ұжымдық танымдлық іс-әрекеттерін дамыту қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді дамыту үшін ең алдымен оқушылар жеке тұлғасының сапаларын дамытқан жөн. бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінде оқушылардың жеке тұлғасының сапаларын мынадай үш тұрғыда көрсетуге болады:
1)
Психологиялық сапа
2)
Педагогикалық сапа
3)
Әлеуметтік сапа.
Баланың жеке сапаларын дамыта отырып біз оның қоғамда дамуына, ұжымда қалыптасуына ықпал жасаймыз. Баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің дамуыныңы ролі қазіргі уақытта көптеген сондай-ақ көпшілік зерттеулермен дәлелденді (Л.В.Ванков, А.А.Смирнов, В.В.Давыдов, Г.С.Костюк, Д.Б.Эльконин, Н.Ф.Тальцина және басқалары А.А. Люблинская). Мұғалімге бастауыш сынып оқушысының психологиясы жөнінде 12-90 б.
Баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері дамитындай мәнге ие болуы үшін төмендегідей негізгі жағдайларды ескеру қажет:
1)Танымдық іс-әрекеттің мақсаты. Балалар нені, не үшін істейтіндерін білулері қажет. Балаларды қызықтыратындай нақты міндет қою қажет.
Оқушының ұжымдық танымдық іс-әрекетіндегі себептер, яғни алға қойған мақсатқа жету жолындағы әрекетте бар күш-жігерін салуға итермелейтін ынта зор роль атқарады. АүКүДусавицкий мен В.В.Репкиннің зерттеулері көрсеткендей барынша тиімді ұйымдастырылған ұжымдық танымдық іс-әрекеттернегізінде төменгі сынып оқушылары шынай танымдық мүддені білуге тез ауысады (А.А.Люблинская Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде 93-б).
2) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны – бұлар балаларға орындауға тиісті білімдер, яғни оқушылар өздерінің алдына мақсат қоя отырып өздерінің алған білімдерінің негізінде ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамыту.
3) Оқушының танымдық іс-әрекеті дамытушылық сипатқа ие болуы керек, ол үшін балаларға ылғи талап қоя отырып, оны үнемі күрделендіріп отыру керек. Танымдық іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсаты міндеттері біртіндеп күрделендіріледі, орындалатын әрекеттің жылдамдығы мен сапасына қойылатын талап жоғарылайды.
Сынып ұжымы мен оның танымдық тұрғыдан дамуының өзіндік педагогикалық-психологиялық шарттары бар. Олар:
- Оқу іс - әрекетінде – оқушылардың өзара көмек берулері, мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттері, оны ұйымдастыру формалары;
- Сабақтан тыс кездегі ұжымдық танымдық іс-әрекеттер, оқушылардың саяси оқиғаларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа деген қызығушылық және оның көріну жолдары: кино, театрларға бару, үйірмелерге, акцияларға қатысу, пікірталастар, мектептің қоғамдық өмірге араласуы;
- Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны, еңбек түрлері мен оны орындату сипаты;
- Сыныпқа басшылық жасайтын ұйымдармен байланысты оның көріну жолдары, сыныпқа ата-аналар қоғамының ықпалы;
- Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің дамуы;
- Ұжымның жеке оқушыға, оқушының ұжымға ықпалы;
- Сыныптағы жалпы эмоциялық ахуал сипаты: ашық-жарқын, сергек қарқынды, қысымшыл, ашушаң, т.б.
- Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер, ұжым мүдделері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, оны дамыту жолдары.
Бастауыш сыныптағы ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді дамуты ол әрбір мұғалімнің, басшының, тіпті ата-ананың да негізгі міндеті болып саналады.
Егер де бала мұғалімдердің ұйымдастырғысы, дамытқысы келген іс-әрекеттерін қабылдауға ынталанбаса, мұғалім қанша тырысқанымен, оны оқушылар меңгере алмайды. Ол үшін мұғалім баланы ең алдымен белсендіруі қажет. Баланың белсенділігі – оның танымдық дамуындапғы қажетті фактор. Баланың белсенділігін, қызығушылығын оятатын басты тұлға, ол – мұғалім. Мұғалім баланы танымдық іс-әрекеттерге оятатын, оның мүддесін, бағдарлылығын, оның іс-әрекет себептерінқалыптастыратын құралдарды білуі керек.
Мұғалім оқушылардың белсенділігін, күш қуатын, танымдық іс-әрекеттерге бағыттағанда, яғни мектепшілік мейрамдарға дайындалу, олимпиадаларға қатысу, интеллектуалдық ойындарға қатысу т.б. Оқушының белсенділігі дамып, танымдық іс-әрекеттерге деген қызығушылықғы оянады.
Танымдық іс-әрекеттердің дамуыының тағы бір шарты – балалардың ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасуы болып табылады. Балар ойлана отырып іс-әрекетке көшеді. Сондықтан да баланың ойлауын, оның дамуын, көптеген ғалымдар, психологтар зерттеген. Атап айтатын болсақ Л.С.Выготский, А.А.Люблинская, Г.И.Минская, Х.А.Ганькова. Н.Г.Салмина т.б.
Сонымен қатар баланың қабылдауын дамыту қажет. Себебі бала берген білімді қабылдамаса, оны ұйымдастырылған ұжымдық танымдық іс-әрекет жүзеге аспайды. Баланың қабылдауын дамыту ол ең алдымен байқағыштықты дамытудың негізгі шарттарымен байланысты болады. Баланы байқағыштыққа үйрету оның жеке басының бақылағыштық, терең қабылдай білушілік, белгілерді көре және айыра білу, танымдық әрекеттерді терең меңгеруге, табиғат объектісі өміріндегі, адамдар іс-әрекеттердегі қасиеттерін көріп-білуге, тануға үйретеді.
Байқағыштық көптеген мамандықтар саласында жемісті қызмет ету үшін, танымдық іс-әрекетті дамытудағы аса қажетті бағалы қасиет.
Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді - ойын әрекеті барысында да дамытуға болады.
Бастауыш сынып оқушысының негізгі іс-әрекеті оқу болғанымен, ойын бала өмірінде үлкен рольге ие. Ойынның бала өміріндегі орнын анықтаумен Н.К.Крупская, А.С.Макоренко сияқты көптеген көрнекті педагогтар шұғылданды. Айталық Н.К.Крупская: “Баланың әлемді танып-білуіне үлкен әсер ететін ойын”,- десе, А.М.Горький: “Балының ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп шын мәніндегі еңбекке айналады” – деген. (Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. Б.Смаилов А.1989 13-21 б).
Сабақтан тыс уақытта балаларды сюжеттік-рольдік ойындарда ойнату арқылы баланың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытуға болады. Балара өздері сюжеттік-рольдік ойындарда ойнай отырып ең алдымен ұжымдасады, ортақ шешім алады, өздерінің қабілеттерін, шығармашылықтарын, танымдарын, оқып-білгендерін көрсете отырып, өздеріне жаңа бір мәлімет алады, білімдерін толықтырып, біліктіліктері мен іскерліктерін арттырады.
Балар ұжымын дамытуда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Балаларды қоғамдық маңызыды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.Балар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. ә!рине, сондықтан да коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыпынтарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:
1) Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
2) Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен;
3) Танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.
Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.