Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:55, реферат
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
1.1. Ұжымдық таным теориясының педагогикалық-психологилық негізі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды., өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді (Жас ерекшелік №№№ Петровский).
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды… балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ үрдіс.
1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арыснда белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші мектептік шақта басталады, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта болады. оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен байланысты:
1) оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
2) бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде болатындығымен;
3) танымдық іс-әрекетпроцесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды іс.
Оқушыларды ұжымдық танымдық іс-әрекеттерде ұйымдастыру – ол аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке, шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді. Осының барлығының негізінде әрбір оқушының меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап, шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер – танымдық белсенділікпен тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық, жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы көрсетуге болады.
Сонымен танымдық белсенділік балаға бірден-бір әсер ететін түрткі, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуына өзіндік үлесі зор (Пидкасистый П.И. Оқудағы оқушының өзара әрекеті. М-1980-181-183 беттер). Ұжымдық таным теориясының психологиялық негізінде жеке адамның жан-жақтылығы, қызығушылығы, қарым-қатынас деңгейі, ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, жігерлігі, белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық процестеріне, таным процестеріне енрекше көңіл бөлініп қарастырылды. Оқушылар ұжымы – мектептің ұйымдасқан бір формасы. әрбір оқушы осы ұжымның мүшесі, сондықтанда бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікіріне ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда ұжымдық таным іс-әрекеттерін әрбір сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану маңызды екені бәрімізге айғақ.
3
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері.
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты коорпорация қатынастары мен ойдың интеллектуалдық құрылымының мазмұнының арасында ішкі байланыстың бар екенідігі дәлелденіп отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің, үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы ең алдымен оқушылардың белсенділігіне байланысты. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыруда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың барлық түрлері, оқушыларда қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескеріледі. Оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың негізгі құралы – оқушы жастардың танымдық іс-әрекетін жанландыру болып табылады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырманы орындауымен, жұмыс істеу алу қабілетімен, жұмыс істей алу деңгейімен анықталады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы “осал жерлер” жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойына тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылықпен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің бірліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтық мағынасын тереңдетеді, оқуға деген жауапкершілікіті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің барысынша бара-бар құралы болып табылады, яғни іс-әрекетті өз ретімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым-қатынаспен, өзін-өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социаметриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің педагогикалық ұйымдастырылуының тағы бір жолы – ол балалардың ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық аспектілері болып табылады. З.Калмыкова – “Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, шығармашылық, қарама-қайшылықтың бірлігіндегі продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен” - деп көрсеткен. (Психология Люблинская А.А. М-1997 144 б)
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтың және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі дайындық болса, екіншісі негіз болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас; іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды.
Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен оқушылардың оқу мақсатын түсінетінін көреміз.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген (Д.Богоявинский, Н.Менчинская, Е.Кабанова-Меллер, В.Реметников және т.б.). Н.Менчинская өз еңбегінде “жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушыларды ақыл-ой дамыуна елеулі әсер береді”- деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің ролін анықтайды.
Педагогикалық психологияда оқу жұмысының тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. “Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі” – дейді Е.Кабанова-Меллер. Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда, оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі, тәсілдері жасырынған.
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Гранит зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Педагогикалық психологияда және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі танымдық іс-әрекеттер топологияларын оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінде толық функциональды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда - неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылықтық жұмыстар өте қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі бөлінеді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқу қызметінде әңгімелесу, пікір алмасу болады, яғни оқушылар мен оқушылар, ұстаздар мен оқушылар арасында кең дамыған әлеуметтік әрекеттестік жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ұжымдық оқу қызметі нәтижесінде біртіндеп оқуға деген ынта мен ептілік пайда болады. бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің падагогикалық ұйымдастырылуының мәнін толық шу үшін алдымызға мынадай міндеттерді қоялық: