Бастауыш сынып

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:55, реферат

Краткое описание

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.

Содержимое работы - 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары.DOC

— 187.00 Кб (Скачать файл)

1)    оқушылар алған білімдерін бірлікте, ұйымдасқанда көрсете білулері керек.

оқушылардың оқу міндеттері мен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру қажет.

2)    ең алдымен мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып алып,  содан соң балалардың  ептілігі мен ынталығын атқара алуларына жағдай туғызуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттінің педагогикалық ұйымдастырылуын мына жүйе ретінде көрсетуге болады:

 

Жоғарыда көрсетілгендей ұжымдық таным іс-әрекеттерінде ұйымдастыруда ең бірінші, маңызды орынға мұғалім ие болады.

              Ұжымдық таным іс-әрекеттерді ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың бойынна ең бірінші – танымдық қызығушылықты,  танымдық белсенділікті, танымдық шығармашылықты, танымдық ойлау қабілетін, осыдан барып танымдық іс-әрекеттерді көре алуы тиіс. Міне сонда ғана мұғалім оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін  ұйымдастыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері.

 

              Оқушының ғылым негіздерін оқып-үйренуге және оларды  өмірде қолдана білуге қажетті қабілеттері оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасады. Оқушының танымдық және шығармашылық  қабілеттерін дамыту үшін оның іс-әрекетін белсенді ету жұмысын ұйымдастыру керек. Оқушының жан-жақты дамуы тек ұжымдық таным іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады және мақсатты болады.

              Кез келген адамға тән әрекет болады. Сондай-ақ оқушы танымдық іс-әрекеті негізінде мыналар әрекеттер жасайды: білім алады, қосымша әдебиеттер  оқиды, тапсырмалар орындайды, есептер шығарады, рефераттар жазады т.б. Осы әрекеттердің барлығы психикалық  үрдістер түрінде көрініс береді: сезіну, қабылдау, ойлау, еске түсіру, көз алдына елестету т.б. оқушының танымдық іс-әрекетін оқу үрдісінде белсенді ету – оның ойлау қабілетін күшейту. Осы мәселенің маңыздылығын көрсеткен көрнекті психолог С.Рубенштейн төмендегідей түрде түсіндіреді: «Оқытудың негізгі мақсаты тәлімгердің ойлау білуін тәрбиелеу болап табылады. Бұл жағдайда ол бұрыннан  белгілі емес құбылыстар арасындағы жаңа тәсілдерді аша алады, құбылыстардың ішкі құпияларына қатысты мәселелерді шеше алады» (Кулагина И.Ю. М.1997. 125-130 б).

              Оқушының танымдық қабілетін дамыту арқылы оқып-үйренуге, ұжымдасуға деген жағымды мотив қалыптасады. Бұл мотив танымдық тапсырмаларды орындап қана қоймауы керек, сонымен қатар оқушыда сол тапсырмаларды орындау ынтасы, тапсырманы орындауға қызығу және шешілген тапсырманың нәтижесін көру қуанышы пайда болуы керек. Оқушының ұжымдық таным іс-әрекетін  белсенді ету үшін ең алдымен олардың ойлау іс-әрекетін пәрменді ету керек. Оқушының ойлау іс-әрекеті 3 деңгейден тұрады:

1)    түсіну деңгейі

2)    қисынды ойлау деңгейі

3)    шығармашылық ойлау деңгейі.

Түсіну – мұғалімнің іс-әрекет негізінде берілетін әрекет. Мұғалім оқушыларға жаңа материалды берген кезде, онда талдау, абстракциялау, жалпылау, анықтау, салыстыру, қорытындылау  және т.б. ой операциялары болып жатады. Аталған ой операциялары көмегімен оқушы мұғалімнің оқу материалының қисынын, дәлелділігін бақылап отырады. Оқушының ой белсенділігі оның өз бетімен тақырыпты оқып-үйренгенде күшейеді.  Ол тақырыптың тек мазмұнын ғана  ұғып қоймауы керек, сонымен қатар тақырыптағы баяндалған мәселелердің ең маңыздылығын бөліп ала білуі, қарастырылған деректік шындыққа жанасымдылығын, негізділігін және ой қорыту қисынын байқай білуі керек.

Қисынды ойлау деп оқушының танымдық тапсырмаларды ұжымдаса орындау үрдісін айтамыз. Танымдық іс-әрекеттің осы деңгейінде оқушы оқып-үйренетін құбылыстар мен нысангдарды таңдай алулары қажет. Сондықтан да мұғалім  оқушының танымдық іс-әрекеттерін одан әрі дамыту үшін көптеген тапсырмалар берулері қажет.

Шығармашылық ойлау кезінде мұғалім өзінің алған білімдер жүйесін бұрыннан таныс емес құбылыстар мен нысандарға қатысты мәчселерді шешуде мақсатты түрде қолданады. Танымдық іс-әрекеттің аталған деңгейі өзіндік ұжымдық іс-әрекетінде, оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым  баланың қоғамды байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм.

Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі  - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.

Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Ұжым – мектеп оқушысының жеке бсының тұрақты адамгершілік қасиетін неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.  Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттің  көп қырлы жүйесінде балалардың барлық қарым-қатынастары қалыптасады, олар осы жүйеде көрінеді (Петровский А.В. Жас ерекшелік психология А 1987 аудармасы – 237-244 б).

              Балалар бірлескен танымдық іс-әрекеттің алуан түрлері  -  неше түрлі бірлестіктері болады. Ұжымда танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі бір жолы қарым-қатынастың жоғары болуы. Бастауыш сыныпта көптеген үйірмелер болады. Мысалы, (көркем өнер, спорт, би, шешендік сөз, мәнерлеп оқу т.б.). міне осы үйірмелер негізінде ұжымдық таным іс-әрекеті жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының  ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастыру мыналармен:

1.     ұжым қаншалықты тұтас танымдық іс-әрекетінің; субъективті болатындығымен;

2.     балалардың танымдық іс-әрекетінің мазмұнымен;

3.     танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Әрбір бала ұғымының мүшесі, сондықтан да мектеп оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.

Балаларды жалпы бір тұтас, көп салалы ұжым құратын тұрақты және уақытша ұжымның бірлестіктерінде ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттің әр түріне бір мезгілде енгізудің маңызы зор, себебі, бұл бастауыш сынып оқушысының жеке мүддесіне қосымша жаңа баға беріп, оны қоғамдық мәнді міндеттерді шешуге бағдарлап қоймай,  балалардың сан алуан қарым-қатынастарын жетілдіреді. Ұжымда әрбір бала неғұрлым белсенді позиция ұстайтындай мүмкіншілік алатын ситуация жасалады, балалардың танымдық іс-әрекеттерін кеңінен және іс жүзінде дамытатын шарттар пайда болады. ұжымда ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттер процесінде әрбір мектеп оқушысы өзін жеке адам ретінде «жариялай алады», мүддесі бір, жалпы мақсат пен дара жетістіктерге  жетудегі қызығуы бірдей басқа балалардан  қолдау және қуаттау мүмкіншілігін алады. 

Балалар ұжымын мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерінің жүйесін қалыптастыру шарты ретінде құру тәсілдерінің ішінде бірнешеуі өте маңызды орын алады.

1)    Балаларды түрлі ұжымдардың (оқу, еңбек,  көркемөнер, спорт, ой-тұмар, қолөнер, би, дене әсемдігі және т.б.) арнайы ұйымдастырылған “жылжымалы жүйесіне” әр баланың  қабілеттіліктерінің көп қырлы ашылуын, әрбір ұжымдағы оның орнын айқындауды ескере отырып сөзсіз енгізу.

2)    Ұжымның бақылау байланысын, олардың ісінің мазмұнды жағы, көлемі мен оның бағыттылық дәрежесі белгілі өзара шарытас болып, олардың танымдық іс-әрекетінің маңызды мақсатын барлық көп салалы ұжымның жалпы міндетін шешуге бағындыруды қамтамасыз ету.

3)    Әрбір оқушының ол жеке жауапкершілікті мойнына алатын және маңызды беделге  жететін, ұжымдық байланыстарын ұйымдастырып, түзетіп отыруды қамтамасыз ету.

Әрбір баланы біртұтас  қоғамдық маңызды міндеттерді шешудегі жеке нақтылы ұжымның мақсаттарының өзара тәуелділігін ойластырып құрудағы, арнайы берілген көп салалы жүйедегі дамытылған пайдалы танымдық іс-әрекетке  бағдарлы қатынастыру өте маңызды.

Балалар ұжымы дамушының мақсатын, іс-әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратылады.

Оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап танымдық іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, қабілеттерін дамыту, ойларын ұшқырлау, зейінді болуға үйрету,  зеректік пен нақтылыққа үйрету. Жалпы ұжымда – танымдық іс-әрекетті белсенді, ынталы, қызығушылығы жоғары, қабілетті оқушыларға сүйену қажет.

Ұжымда мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың  ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыру.

Ұжымда танымдық іс-әрекетті дамытқан кезде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Ұжымда бала танымдық іс-әрекетті жасау үшін мысалы, бірігіп жоспарлау, әрбір ұжым мүшесіне көмектесу, оқу, іс-әрекеттерді бақылау, зейінді, ойлауды, қиялды дамыту.

Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжымның танымдық  іс-әрекетінің мақсатты перспективасын таңдау.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттеріне қалыптастырудың психологиялық аспектілері өте маңызды орынға ие. Себебі бала осының негізінде өзінің бойында ұжымдық қатынастарды, танымдық іс-әрекеттерді, қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, зейінді, іс-әрекет түрлерін (еңбек, оқу, ойын), қабылдауды, қабілетті дамыта алады.

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін қалыптастырудың аспектілерін жүйе ретінде көрсетуге болады.

Жүйеде көрсетілгендей мұғалім, оқушы, ата-ана олар өздері  бір бөлек ұжым танымдық іс-әрекеттерді қалыптастыруға бірден-бір әсер ететін күштер. Осы күштердің өздерінің ортақ сапалары болады. осы сапаларды іске асыру барысында танымдық іс-әрекеттер қалыптасады. Танымдық іс-әрекеттер отбасында, мектепте – оның ішінде оқу үрдісінде, үйірмелерде қалыптасып дамиды. Осы аталғандардың ынтымақтастығы, ұйымдасуы, ортақтасуы, бір мақсатты көздеуі, қызығушылығы – ұжымға әкеледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды алға қарай  жетелейді. Олардың бойында іскерлікті , дағдыны қалыптастырады. Сондай-ақ жақсы мінез-құлық қалыптасады.

Балалардың жауапкершілігі, зейінділігі, қабілеттілігі артады, оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастары нығая түседі. Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, баланың жеке басын қалыптастыруға  мақсатты түрде ықпал жасайтын құрал.

Танымдық іс-әрекеттің толық қалыптасуында В.В.Давыдовтың еңбегінде көрсетілгендей 70-10 жастағы балаларда сананың маңызды ерекшелігі ретінде психикалық процестердің, қимылдардың ішкі жобасы мен өзінің жеке қимылының рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болады.

әрбір танымдық іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктері және ортақ сапалары бар. Мысалы, мектеп жасындағы баланың жетекші іс-әрекеті – оқу, яғни оның ойын, еңбек әрекеттерінде бала өзінің танымын дамыта алады. Ол еңбек, оқу, ойын кезінде ұжымға  - түседі, танымын арттырады.

Ұжымдағы танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың негізгі принципі – іс-әрекеттердегі оқушылардың қызығушылығы мен өздерінің шешім табулары болып табылады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың жүйесін мына түрде көрсетуге болады.

 

Бағдар                   Түсінушілік                  Мотив                 Көзқарастарды

                                                                                                   қарастыру

Оқушылар              Олардың               Көмекші                    

білетін                    ұсыныстары          материалдар

ойлайтын               сұрақ қою              пайдаланылады

нәрселерді,            арқылы                  (басылымдар,

ұғымдарды            түсіндіріледі          суреттер,



талқылау                                               көрнекіліктер т.б)

 

Көзқарастарды, ойларды салыстыру

 

              Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттер нәтижелі және қызықты дамуы үшін мына әдістемелерді қолдануға болады:

              Кемушілік  - бұл әдістеме оқушыларды ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Бұл жерде бір істі атқару үшін ұжым мүшелері ең бірінші бағыт – бағдар алады, іс-әрекеттің маңыздылығын ашады, көмекші материалдар пайдалана отырып бір шешімге келеді. Мұнда әркім өз көзқарасын айтады, содан ортақ шешім шығарады.

              Бір ұжым әдістемесінде бір ортақ қырын береді. Бастапқыда әрбір оқушы өз бетінше ойланып өз көзқарастарын жазады. Кейініректе 2 адамнан, онан соң  4 адамнан, 8 адамнан ұжымдасып бастапқыда берілген тапсырманы ұжымдаса отырып шешеді.

              Ұжымдағы танымдық іс-әрекеттерді рольдік ойындар арқылы да қалыптастыруға да болады:

              Ұжымда балаларға кімнің немесе ненің ролі деген сұрақ қойылады?  Оқушылар қандай да бір адамның, әртістің, немесе жан-жануарлардың бейнесі н  өзінің іс-әрекеттері, мимика, сөйлеуі т.б. арқылы келтіріледі. Бұл ойын балалардың шығармашылық ойлауын, байқағыштығын, зейінділігін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.

Информация о работе Бастауыш сынып