Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 11:46, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес.

Содержание работы

І Кіріспе....................................................................................................................3
1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.............................................................................................................5
ІІ Негізгі бөлім
2. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР....................................................10
2.1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жургізу.10
ІІІ СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ...............................................................................15
3.1. Соғыс жүргізудің тыйым салынган күралдары мен әдістерін қолдану....15
Жалдамалылық ...........................................................................................17
3.3. Геноцид ...........................................................................................................19
3.4. Экоцид.............................................................................................................21
4. ӘЛЕУМЕТТІК, НӘСІЛДІК, ҰЛТТЫҚ, ДІНИ, ТЕКТІК-ТОПТЫҚ
ЖӘНЕ РУЛЫҚ АСТАМШЫЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАУҒА НЕМЕСЕ ҮГІТТЕУГЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ
ПРИНЦИПКЕ ҚОЛ СҰҒУ....................................................................................23
4.1. Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру....23
ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Бейбітшілік.doc

— 139.00 Кб (Скачать файл)

     Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сенімдерін қорлауға бағытгалған қасақана іс-әрекетгерге оларды ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсіту, келемеж ету әрекеттері жатады.

     Азаматтардың дінге көзқарасына, тектік-топтық, ұлттык, рулық немесе нәсілдік белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттауға — азаматтардың мінез-құлқы, кабілеті немесе ерекшеліктері туралы олар-дың ұлтқа, дінге, руға жататынына қарай бағалап, оны тарату әрекетгері жатады. Осы жоғарыда көрсетілген әрекеттер кепшілік алдында және бұқаралық акпарат кұралдарын пайдалана отырып жүзеге асы-рылады. Қылмыс құрамы формальдық болып табылады, ол Заңның диспозициясында кәрсетілген әрекетгердің біреуін істеген уакыт-тан бастап аяқталған деп танылады.

     Қылмыс  субъективтік жағынан тікелей қасаканалықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс адам. Қылмыстық кодекстің 164-бабының 2-тармағында осы қыл-мыстың ауырлататын түрі — адамдар тобымен немесе бірнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ак әзінің қызмет бабын пайдала-на отырып, адам не қоғамдык бірлестіктің жетекшісі жасаған нақ сол іс-әрекеттер үшін жауаптылық кезделген.

     Адамдар тобыныңтүсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабынын 1-тармағында, бірнеше рет  жасалған қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында берілген күш көрсетуге жеңіл, орта дене жарақатын келтіру, ұрып-соғу, немесе бас бостандығынан еріксіз түрде айырулар жатады. Ауыр дене жарақатын келтірген жағдайда қылмыс жиынтығы бойынша сараланады (Қылмыстык кодекстің 103-бабыжәне 164-бап).

     Күш қолданамын деп корқытуға әр түрлі  дене жарақатын келтіретін әрекеттерді  жасауға сез берулер жатацы. Адамның қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекетінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 141,228-баптарында берілген. Осы баптын бірінші және екінші бөліктерінде кезделген ауыр зар-даптарға әкеп соққан іс-әрекеттер осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (164-баптың 3-тармағы). Ауыр зардаптарға — ауыр дене жаракатын алу, ірі материал-дық зиян келтіру, қоғамдық көліктің біршама уақытқа жүрмей қалуы, ұлтаралық жанжалдың шығуы т.б. жатады.

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі – жалпы  қоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын қазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. ҚР-ның қылмыстық кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып танылады. Бұл тарауға 9 қылмыс құрамы енгізілген. Соның ішінде алтауы ҚР ҚК 156, 158-161, 163 баптар жаңалық болып табылады. ‡ш қылмыстың құрамы бұрыннан ҚазССР Қылмыстық кодексінде белгілі болған.

     Соғысты насихаттау, жалдамалылық,  ұлттық және нәсілдік теқ құқықты бұзу құрамдары  жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі ретінде бейбітшілік  және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық  құқық нормаларын сақтау нәтижесінде  қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек қана қоғамға қауіпті әрекетті жасауды жатқызады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы құрамның шегінен тыс.

     Араласқан конструкциясы бар қылмыс құрамы экоцид (ҚК 161 б), онда заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің нәтижесінде экологиялық апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда жазаланушылық шартын бекіткен.

     Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. Қылмыстың жасалу тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынғал құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 159 б), геноцид (ҚК 160 б) айқындалған. ҚК-нің ерекше бөлімінің 4 тарауындағы қылмыстардың экоцидтен басқасы субъективтік жағынан кінәнің тікелей қасақаналығымен сипатталады. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішщінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды ишеленістіру мақсаты көздейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 

   
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы,1995.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. Астана, 2010.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Қарағанды, 2008.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсіндірме. Алматы: «Норма-К» баспаханасы, 2009.
  5. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумының қаулылар жиынтығы, ҚР  Жоғарғы Сотының Пленумы, ҚР  Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары (1961-2009 жылдар). – Алматы: ЖШС «Норма-К» баспаханасы, 2009.
  6. ҚР  Жоғарғы Сотының Пленумдарының Қаулылары. 1992-2009 жылдар. Сұрақты оқулық. Алматы: ЖШС «Норма-К» баспаханасы, 2009.
  7. Г.Ф. Поленов.  Қазақстанның Қылмыстық құқығы. Алматы, 1997.
  8. Е.И. Қаиржанов. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 1998.
  9. Б.Ж. Жүнісов.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. Жалпы және Ерекше бөлім. Қарағанды, 1998.
  10. А.Н. Ағыбаев. Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы. Алматы, 2008.

Информация о работе Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру