Адамгершілікке қарсы қылмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 23:35, курсовая работа

Краткое описание

Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады.

Содержание работы

Кіріспе
I. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы мен оның түрлері
1.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар, яғни басқыншылық
соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.
1.2. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және
жария түрде шақыру.
1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
II. Адамгершілікке қарсы қылмыстар
2.1. Геноцид, экоцид ұғымдары
2.2. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
2.3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Содержимое работы - 1 файл

Сагатов.doc

— 143.00 Кб (Скачать файл)

Геноцид-халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген  қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол  ол  бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет. 1948 жылғы  Халықаралық  конвенция геноцидтен сақтандыру және оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 наурызда қол қойылған. Қылмыстың тікелей объектісі-этникалық, ұлттық, нәсілдік немесе діни  топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты, осы топтың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру, не осы  топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де  тіршілік жағдайларын туғызу арқылы, толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден көрініс табады:

1) ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни  топтың мүшелерін осындай белгілері  бойынша өлтіру (екі немесе одан да көп) өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 96-бабында берілген;

2) олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру ҚК 103-бабын талдауды қараңыз);

3)бала тууға күшпен бөгет жасау, бала көтеруге тыйым салу, жыныс мүше-леріне операция  жасау арқылы оларды бала көтеру немесе ұрық шашу қабілетінен айыру;

4) балаларды мәжбүрлеп біреуге беруге-ата-аналарынан балаларды тартып алып басқа топқа немесе басқа адамға беру немесе осындай күшпен алынған балаларды басқа біреуге сату, құлдыққа берулер жатады;

5) күштеп көшіруге-тұрғылықты адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне қарай мекенінен жер аудару, басқа жаққа еріксіз көшірулер жатады;

6) топтың мүшелерін қырып-жою. Есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық немесе ішінара қырып-жоюға бағытталған қасақана әрекеттер. Бұған мұндай топтың мүшелеріне медициналық, гуманитарлық, азық-түлік немесе басқадай көмек  бермеу, соғыс немесе стихиялық апатқа ұшыраған осындай топқа көмек беруге тыйым салу, т.б. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ғатолған кез келген адам.

 

Экоцид ұғымы (ҚР ҚК167-бап)

Экоцид - Өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау,сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау — он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстың тікелей объектісі-адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.  Қылмыс объективтік жағынан өсімдіктер немесе жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су  ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жаппай жоюға оларды түп-тамырымен  жою, жер бетінен жоқ етіп жіберу, сөйтіп экологиялық жүйені бұзулар жатады. Атмосфера, жер немесе су ресурстарын улауға-тірі организмдердің улануына, өлуіне немесе ауыр зардапқа  ұшырауына әкеліп соғатындай ауаны, суды немесе жерді уландыру әрекеттері жатады. Экологиялық апатқа- жер  бетінде адамзаттың өмір сүруіне қауіп келтірген экологиялық жүйені бұзу әрекеттері жатады. Өзге де осындай әрекеттерге-өзендерді, көлдерді, ауаны ластандыру, былғау арқылы экологиялық апат қаупін тудыру әрекеттері жатады. Қылмыс құрамы материалдық. Осыған орай, кінәлының заңсыз іс-әрекеттері мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы  тиіс. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.2. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау

Халықаралық қорғау аясындағы адамдар  мен ұйымдарға қарсы қылмыс. Халықаралық  қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап)

 

Қылмыстық кодекстің 163-бабында халықаралық қорғау аясына алынған адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшін жауаптылық көзделіп отыр. Бұл қылмыстық-құқықтық  норманың негізгі мәні халықаралық қорғауға алынған ұйымдар мен адамдарды кез келген экстремистік  топтың   шабуылынан, қылмысты қол  сұғуынан қорғау, сөйтіп соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіруге жол бермеу болып табылады.  Осы норманың заңдылық негізгі халықаралық қорғаудағы адамдарды, оның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмысты тойтару және ондай қылмыс істегендерді жазалау жөніндегі 1973 жылғы Конвенция болып табылады. Осы Конвенцияда халықаралық қорғауға алынған адамдар мен ұйымдардың ұғымы берілген. Осы Конвенцияға сәйкес, мұндай адамдардың қатарына:

а) Конституция бойынша  анықталған мемлекет басшысы; үкімет басшысы; сыртқы істер министрі; аталған адамдармен бірге жүрген отбасы мүшелері; мемлекеттің өкілі немесе арнаулы қорғануға құқығы бар басқадай лауазымды адамдар; қорғануға арнаулы құқығы бар халықаралық үкімет аралық ұйым- дардың кез келген агенттері немесе лауазымды адамдардың  немесе олармен бірге тұратын отбасы мүшелері; дипломатиялық, консульдық және сыртқы сауда қызметкерлері және олардың бірге  тұратын отбасы мүшелері. Қылмыстық заң, сондай-ақ әр түрлі халықаралық қорғауға жататын қоғамдық ұйымдар мен олардың өкілдерін  қорғауды  өз міндеті деп біледі. (Мысалы, халықаралық қайырымдылық қорының, гуманитарлық көмек беретін үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін қорғау т.б.) Қылмыстық кодекстің 163-бабындағы осы норма жоғарыда көрсетілген адамдар шет мемлекеттің аумағында болған кезде ғана қолданылуы мүмкін. Көрсетілген қылмыстың жәбірленушісі халықаралық қорғау аясына алынған адамдар болады. Қылмыстың заты-халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе  тұрғын үй-жайлары, не көлік құралдары болады. Қылмыс объективтік жағынан шетелдік  мемлекеттің өкіліне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне, сондай-ақ халықаралық   қорғау аясындағы адамдардың қызметтік немесе  тұрғын үй-жайларына, не көлік құралдарына шабуыл жасау, сондай-ақ осы азаматтарды ұрлау немесе бас  бостандығынан күштеп айыру, егер осы әрекеттер соғысқа араңдату немесе халықаралық жағдайды шиеленіс-тіру мақсатында жасалу арқылы сипатталады. Шабуыл жасауға жәбірленушіні ұрлау, оның денсаулығына орта дәрежелі зиян келтіріп, шабуыл жасаймын деген және соған ұқсас басқадай қорқытулар жасау; жәбірленушінің қызметтік  немесе тұрғын-жайына, көлік құралдарына басып кіру, бас бостандығынан еріксіз айыру т.б. әрекеттер жатады. Егер шабуыл жасаудың нәтижесінде заңда көрсетілген адамның бірі қасақана өлтірілсе, онда іс-әрекет қылмыстырдың жиынтығы бойынша (163, 96-баптар) сараланады. Қылмыс субъективтік жағынан  тікелей қасақаналықпен жасалады. Адам халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасайтынын сезеді және соны  істеуді тілейді. Қылмыстың субъективтік жағының белгісі, қылмыстың мақсаты-соғысты араңдату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру болып  табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.

Осы қылмыстың ауырлататын түріне: бірнеше рет не қару қолдану, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтірумен ұштасқан, абайсызда адам өліміне әкеп соққан нақ сол әрекеттер жатады (163-баптың 2-тармағы).  Бірнеше рет істелген қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11-бабында, адамдар тобының алдын ала сөз байласу-ының ұғымы Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағында берілген. Қаруға кез келген атылатын, жарылатын қарулар жатады. Денсаулыққа ауыр зиян қасақана немесе абайсызда келтірілуі мүмкін, абайсызда өлімге әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық  баптың осы тармағымен саралануға жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру

 

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР ҚК 164-бап)

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында «тегіне», әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,  нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»

Қылмыстың тікелей объектісі-әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни бостандықтар мен теңдіктерді қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтік жағынан әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік  діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, сондай-ақ азаматтардың дінге көзқарасын, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін  насихаттау, егер осы әрекеттер көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалу арқылы сипатталады. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға әр түрлі ұлттардың, нәсілдердің, рулардың азаматтардың арасында жан-жалдар  туғызуға әрекеттер жасау жатады. Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін не діни сенімдерін қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттерге оларды ұлттық немесе діни белгілері бойынша кемсіту, келемеж ету әрекеттері жатады. Азаматтардың дінге көзқарасына, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік белгілері бойынша олардың айрықшылығын, артықшылығын немесе кемдігін насихаттауға-азаматтардың мінез-құлқы, қабілеті немесе ерекшеліктері туралы олардың ұлтқа, дінге, руға жататынына қарай  бағалап, оны тарату әрекеттері жатады.  Ауыр зардаптарға-ауыр дене жарақатын алу, ірі  материалдық зиян келтіру, қоғамдық көліктің біршама уақытқа жүрмей қалуы, ұлтаралық жанжалдың шығуы т.б. жатады. Қылмыс құрамы формальдық болып табылады, ол заңның диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап  аяқталған деп танылады.  Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субъектісі-16-ға толған есі дұрыс адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 7. Әдебиеттер тізімінің мазмұнына:

Нормативтік қайнар кездер:

 

1. ҚР Конституциясы, Алматы, 2004

 

2. ҚР Қылмыстық кодексі. Алматы, 2005.

 

3. Материалы к изучению курса уголовное право: Особенная часть:Сб.постановлений Пленума Верховного Суда РК:Учеб.пособие/ сост.Саматова Г.Б. Алматы, 1999.

 

4. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда КазССР, РК и нормативных постановлений Верховного суда РК (1961 – 2003 гг.). Алматы, 2004.

 

Оқу әдебиеттері:

 

1. Абдрашит А.А.  Конспект лекций по уголовному праву Республики Казахстан: Особенная часть:Практ.пособие. Алматы, 2004.

 

2. Жолумбаев М.К.Казахстанское уголовное право: Особенная часть:Альбом схем/ М.К. Жолумбаев, А.А. Абдрашит. - Алматы. 2001.

 

3. Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан. Алматы, 2000.

 

4. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан: В 2 кн./ ред. И.И. Рогов. Алматы, 2003.

 

5. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан: В 2 кн./ ред. И.И. Рогов, ред. С.М. Рахметов. Алматы, 2003.

 

6. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации/ ред.Скуратов Ю.И. М.,  1999.

 

7. Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право: Учеб.пособие/ Кудайбергенов М.Б. Алматы, 1999.

 

8. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов: С момента присоединения Казахстана к России до установления Советской власти/ Культелеев Т.М. Алма-Ата, 1955.

 

9. Курс советского уголовного права: Часть особенная/ ред. Н.А. Беляев, ред. М.Д. Шаргородский. Л., 1973.

 

10. Лукашук И.И. Международное уголовное право: Учебник для юрид.фак.и вузов/ Лукашук И.И., Наумов А.В.М., 1999.

 

11. Международное уголовное право в документах: В 3-х т./ сост. М.Б. Кудайбергенов. Алматы, 1999.

 

12. Рарог А.И. Уголовное право: Особенная часть в вопросах и ответах:Учеб.пособие/ Рарог А.И., Степалин В.П., Шишов О.Ф. М., 2001.

 

13. Российское уголовное право: Особенная часть:Учебник/ ред.Кудрявцев В.Н., ред.Наумов А.В. М., 1997.

 

14. Смирнова Н.Н. Уголовное право: (Общая и Особенная часть).Учеб./ Смирнова Н.Н. СПб, 1998.

 

15. Советское уголовное право: Учебник для студ.вузов/ ред.Кригер Г.А.. - 2-е изд.,перераб.и доп..  М., 1988.

 

16. Уголовное право: Слов.-справ./ Лесниевски-Костарева Т.А. М., 2000.

 

17. Уголовное право Казахстана: Особенная часть:Учеб.для вузов/ ред.Рахметов, С.М., ред.Рогов, И.И. Алматы, 2001.

 

18. Уголовное право Казахстана: Особенная часть:Учеб./ Под ред. И.И. Рогова,  С.М. Рахметова. Алматы, 2003.

 

19. Уголовное право Российской Федерации: Особенная часть:Учеб.для студ.вузов,обучающ.по спец."Юриспруденция"/ ред.Здравомыслов Б.В.. - 2-е изд.,перераб.и доп. М., 2000.

 

20. Уголовный кодекс Казахской ССР: С изм.и доп.на 1 марта 1997 г. Алматы, 1997.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік қайнар көздер:

1.     ҚР Конституциясы Алматы 2002 ж

2.     Халықаралық Әскери трибуна Жарғысы. А. 2002.

3.     Халықаралық Әскери трибуна Жарғысы. А. 2002.

4.     «¦жымдық қауіпсіздік жөнінде келісім шартты жұртшылық тану туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 23. 12. 1992 ж ҚР Жоғарғы Кеңесінің Ведомстері 1992 ж. № 4

5.     «Ядерлық қаруды таратпау жөніндегі келісім шартқа қосылу туралы» ҚР Жоғары Кеңесінің қаулысы 13. 12. 1993 ж.  // ҚР Жоғары Кеңесінің Ведомстері 1993 № 23-24

6.     14. 12. 1973 жылы қабылданған «Халықаралық қорғауға ие болатын, адамдар ішінде дипломаттық агенттерге қарсы жасалатын қылмыстарды жазалау және алдын алу конвенциясына ҚР-ның қосылуы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы 23. 01. 1996 ж.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.        Алексеев Н.С. Злодеяния и возмездие: преступления против человечества. М., 1986.

2.        Рахметов С.М., Кременцов С.А. Преступления против мира и безопасности человечества. Алматы, 1998.

3.        Шахунянц Е.А. Международно–правовые обязательства и внутригосударственное уголовное законодательство. М., 1993

 

Қосымша әдебиеттер:

1.        Адельханян Р. Агрессия как преступление против всеобщего мира. //Законность.2003.-№6.

2.        Наумов А. В. Преступления против мира и безопасности человечества и преступления международного характера //Государство и право. - 1995. - №6.

3.        Ромашев Ю.С. Концептуальная модель преступлений международного характера, совершаемых на море. //Государство и право.–1999. - №12.

Информация о работе Адамгершілікке қарсы қылмыстар