Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 23:35, курсовая работа
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады.
Кіріспе
I. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы мен оның түрлері
1.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар, яғни басқыншылық
соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.
1.2. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және
жария түрде шақыру.
1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
II. Адамгершілікке қарсы қылмыстар
2.1. Геноцид, экоцид ұғымдары
2.2. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
2.3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар
Кіріспе
I. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы мен оның түрлері
1.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар, яғни басқыншылық
соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.
1.2. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және
жария түрде шақыру.
1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
II. Адамгершілікке қарсы қылмыстар
2.1. Геноцид, экоцид ұғымдары
2.2. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
2.3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.
Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Хизб-ут-таһир», «Өзбек-Ислам халифаты» сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .
Осыған орай берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты келесілер болып табылады:
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру;
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлерін ашып көрсету;
Осы мақсаттарды орындау үшін курстық жұмыс келесі міндеттерді шешеді:
- бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;
- бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы» деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық құқықтық нормалардағы алатын орны бейнеленген. Екінші тарау «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне» арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген.
I. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы мен оның түрлері
1.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар, яғни басқыншылық
соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚР ҚК 156-бап).
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі – жалпы қоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын қазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. ҚР-ның қылмыстық кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып танылады. Бұл тарауға 9 қылмыс құрамы енгізілген. Соның ішінде алтауы ҚР ҚК 156, 158-161, 163 баптар жаңалық болып табылады. ‡ш қылмыстың құрамы бұрыннан ҚазССР Қылмыстық кодексінде белгілі болған.
Соғысты насихаттау, жалдамалылық, ұлттық және нәсілдік теқ құқықты бұзу құрамдары жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі ретінде бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық құқық нормаларын сақтау нәтижесінде қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек қана қоғамға қауіпті әрекетті жасауды жатқызады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы құрамның шегінен тыс.
Жалдамалылық (ҚК 162 б) халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б) және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б) құрамдарының сараланған түрлері ерекше.
Араласқан конструкциясы бар қылмыс құрамы экоцид (ҚК 161 б), онда заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің нәтижесінде экологиялық апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда жазаланушылық шартын бекіткен.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. Қылмыстың жасалу тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынғал құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 159 б), геноцид (ҚК 160 б) айқындалған. ҚК-нің ерекше бөлімінің 4 тарауындағы қылмыстардың экоцидтен басқасы субъективтік жағынан кінәнің тікелей қасақаналығымен сипатталады. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішщінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды ишеленістіру мақсаты көздейді.
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар субъектісі есі дұрыс 16 жасқа толған адам. Кейбір қылмыстар арнайы субъектіні таниды, мысалы, мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК 157 б 2 б), қоғамдық бірлестіктің жетекшісі немесе дінің қызмет жағдайын пайдаланатын адам (ҚК 164 б 2 б).
Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендейдей сараптауға болады:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар (ҚК 156-158 бб)
2. Әскери қылмыстар (ҚК 159 б)
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар (ҚК 160, 161 б)
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 162-164 б)
Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Басқаншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау») халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлкетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау.
Қылмыстың тікелей объектісі- халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы. Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі-басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады. Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады. Мысалы, соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердің санын күрт көбейту, азық-түлік немесе жағар-жанар май қорларын ұлғайту, соғыс жағдайына сай келетін жаттығушыларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады. Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады, сондықтан да заңда көрсетілген-басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі арнаулы. Басқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін жалғастыруды айтамыз.
1.2. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және
жария түрде шақыру
Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (ҚР ҚК 157-бап)
1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде болуы мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгі берулер арқылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар басқыншылық соғысты тұтандыруға қызмет етуі қажет. Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт. Жариялылыққа-кінәлының үшінші бір адамның қатысқан (митингілерде, жиналыстарда, топтасқан адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шақырулар мәтінін жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою сияқты әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады. Және осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті-басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі. Бұқаралық ақпарат құралдарына-баспасөз құралдары, радио, теледидар т.с.с. жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленеген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады.
Соғыс бүкіл халыққа, қайғы-қасірет пен құрып кетуіне екеп соқтыратын зулмат жағдайға апарьгп соқтырады. Соғыс, есіресе бүгінгі таңда, қару-жарақтьщ иеше түрі таңда болған кезеңінде өте қауіпгі. Сонымен қатар қазіргі уақьпта да мемлекеттердің бейбіт өмірі өзінің бұзылуын жалғастырып отыр, оның бұзылуын тоқтату үшін көп күш керек екендігі біздерге мәлім.
Сондықтан бейбітшілік үшін күресудің ең ьңғайлы әдісі — басқыншы-лық согыстың тұтануьша жол бермеу.
Басқыншылық соғысты түтандыруға насихат жүр-гізу - халықаралық қүқық бойынша адамзатқа қарсы қылмыстар ретінде басқыншылық соғыстың пайда бо-луына, қозуына өкеп соқтырады. Бүкіл елемдік Афина конгресінде 1927 жылы: "қавдай да болмасын соғысқа ай-дап салу, халықаралық қылмыс деп танылады" делінген резолюция қабылдаңды. 1951 жылы Кеңес Одагымен алемге қарсы соғысты түтавдьфуға насихат жүргізгевдік үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-қүқықтық иормаларды қүрайтын заң қабылданды.