Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 23:35, курсовая работа
Берілген курстық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады.
Кіріспе
I. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы мен оның түрлері
1.1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар, яғни басқыншылық
соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.
1.2. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және
жария түрде шақыру.
1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
II. Адамгершілікке қарсы қылмыстар
2.1. Геноцид, экоцид ұғымдары
2.2. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
2.3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қылмыстың тікелей объектісі болып мемлекеттер-дің бейбіт өмірін қорғаудағы жөне бейбітшілікті қамта-масыз ету жольшдағы қоғамдық қарым-қатынастары табылды.
Қылмыстьщ объективтік жағының белііперіне:
1) басқыншылық соғысты түтандыруға насихат
жүргізу;
2) басқьшшылық соғысты тұтавдыруға жария түрде
шақыруы жатады.
Насихатгау (лат. тілінде ргора&апйа - пропаганда), яғни қандай да бір ілімді, көзқарасты, білімді, тереңдеме тарату; бұқаралық көпшілікке идеялық тұрғыда ықпал ету. А.Н.Трайнин айтқандай, насихатган жалпы өзінің қьлмыстық-құқықтық табиғатына қарай, айдап салушылықтьщ бір түрі деп көрсеткен.
Соғысты насихатгау - бұл белгілі бір топтың ара-сывда (топтың үлкен немесе кішілігі маңызсыз) согыс бастауға, тұтаңцыруға бағытгалған көзқарастар мен дудө-маддар тарату. Бүлар дүниежүзілік немесе мемлекет ара-лық не мемлекет топтарьшың арасында, соғыс ашуға ашық немесе жасырын түрде тұтандыруға шақырылуы түрінде болуы мүмкін. Насихаттау, халықаралық дауларды шешудің өдісі ретінде соғысқа шақырудың бір түрі ретінде орын алады.
Соғысқа шақыру, бірінші кезекте ұран тастау, жетекшілік тұрғыдағы үндеу түрінде іске асырылады. "Жариялы", яғни ашық түрде көпшіліктің алдында, олардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Басқыншылық соғысқа шақырудың қауіпті екендігіне ешкім де күмөн келтірмейді, аталған бапта, басқыншьлық соғысты тұтандыруға насихат жүргізуі туралы айтылады, сондықтан да қылмыстық жауаптылық осы әрекегтердің қайталануы болған жағдайда пайда болады. Жоғарыда аталған мөн-жайлар бойынша, қылмыс құрамы жеткіліксіз құралғандығымен түсіндіріледі.
1.3. Жалдамалылық және жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
Жалдамалылық (ҚР ҚК 162-бап).
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық жауап-тылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізеді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормалары белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
1)жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау;
2)оқытып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне немесе қарулы жанжалға тікелей қатысуға әзірлеу;
3)қаржыландыру-жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету;
4)өзге де материалдық қамтамасыз ету-жалдамалыға киім-кешек, азық-түлік беру; сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану-тікелей осындай әрекеттерге қатыстырулар болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көзделген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Қызмет бабын пайдалану түсінігі ҚК-тің 228,307- баптарында берілген. Кәмелетке толмағандарды жалдамалылыққа тарту деп-жасы 18-ге толмаған-дарды кінәлы адамның біле тұра осы әрекетке тартуын айтамыз.Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Адам қазасына бір немесе бірнеше адамның қазаға ұшырауы, ал ауыр зардаптарға ауыр дене жарақатын келтіру, ірі материалдық залал, көп адамның ауруға ұшырауы, т.с.с. зардаптар жатады. Қылмыс құрамы материалдық.
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚР ҚК 158-бап)
Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға-ядролық қарулар жатады. Химиялық қаруларға- уландыратын, тұншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа-әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады. Қылмыс объективтік жағынан химиялық, биологиялық, сондай-ақ ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу арқылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекеттері жатады. Алуға-көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен-сатып алу, айырбасқа алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі.
Сонымен қатар, жер бетіндегі тіршілік иесі – Адам. Осы адам баласы тіршілік барысында бірі-бірінен үрейленіп, бір-бірінен қорғану үшін ойлап тапқан жерді құрдымға жіберетін оттың үстінде отырғанын сезеді. Алайда, өзі ойлап тапқан «апаттан», өзін қорғаудың сыпайы түрін «ядролық қауіпсіздік» деп атайды.
Қазіргі жағдайда Иранның ядролық қару жасауына байланысты әлем елдері соғыс оты тұтана ма деп алаңдап отыр. АҚШ-тың «ядролық қауіпсіздікке» байланысты мәліметіне сүйенсек Иранның ядролық қару жасап шығаруына бір жыл уақыт қалды.
Әлемде ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа 182 мемлекет қол қойып, 154 мемлекет ратификациялады. Дегенмен де, ашық күйінде қалып отырған күрделі мәселе атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупі бар. Осы «ядролық апатқа» байланысты Қазақстан жерінде 2025 ядролық сынақ жасалыпты. Әйгілі Семей ядролық полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналған. Қауіп-тілігі жағынан жапон жеріндегі Хиросима және Нагасаки қалаларындағы ядролық жарылыстан 40 мың есе асып түскен. Жерімізде КСРО мемлекеті жасаған ядролық жарылыстан 1 миллион қазақ халқы о дүниелік болып, жарты миллион адам неше түрлі ауруға шалдыққан. Туылған сәбилер арасында адам баласына ұқсамайтын хайуан тәріздес түрлері кездеседі. Осындай азапты ахуалды тоқтату үшін өз тәуелсіздігін алмай тұрған кезде Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә.Назарбаев батыл қадам жасап өз Жарлығымен КСРО мемлекетіне бағынышты болған Семей ядролық сынақ полигонын 1991 жылы 29 тамызда жапты. 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналы қызметіне ортақ бақылау орнату, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұру, қандай да бір іркілістерге жол бермеу тетігін айқындады. Сонымен қатар, стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда, АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға, олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қару иеленбейтін елдер ретінде ядролық қаруды таратпау 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық және биология-лық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтаж жасау, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсия-лау жүзеге асырылды.
1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады. Қазақстанның «Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа» қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау туралы шартына» мүше ретінде осы шартқа сәйкес міндеттемелерді қатаң ұстанады.
1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитін-де ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосы-луына байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және Ұлыбритания елдері қол қойды. Кейіннен осындай кепілдіктер Қазақстанға Қытай және Франция тарапынан берілді. Ядролық арсеналды шығару бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы мақсатта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қор-ғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстанға техникалық көмек көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты. 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне енді. 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды.1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды. Қазақстан, химиялық қаруы болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті. Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган құрылған. 1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-ші сессиясы өту уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және 2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті.
2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық Жабдықтау-шылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуы-на қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен қосарланған мақсаттағы өнімдердің пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту болып табылады.
2005 жылдың шілдесінде Қазақстан «Краков инициативасы» деген атпен белгілі Жаппай қырып-жою қаруының таралуы саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл бастаманың мақсаты – күдікті әуе және теңіз кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін құрықтау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру болып табылады.
2004 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға қосылып, оны 2007 жылғы 19 ақпанда бекітті.
2005 жылы шілдеде Австрия СІМ-не – Баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес бойынша Халықаралық кодексінің депозитеріне ҚР СІМ-нің Қазақстанның Кодекске қосылуы туралы хабарлайтын нотасы жіберілді. Бұл еліміздің Зымырандық технологияларды бақылау тәртібіне енуіндегі маңызды іс болып танылады.
2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойды. Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. Қазақстан Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті
2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті.
2008 жылдың 1-30 қыркү-йекте бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен бірлескен Интегралды дала эксперименті өткізілді. Атал-ған іс-шаралар ядролық жарылыстарды өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу үшін инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан 2008 жылы елімізде келесі іс-шараларды өткізді: 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор – 2008» атты терроризмге қарсы халық-аралық оқулары өткізілді. 11 қыркүйекте Өскемен қаласы Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ аясында 2011 жылы 12 қазанда Астана қаласында «Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өтті. Бұл халықаралық форумға халықаралық және аймақтық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Бүгінде шамамен 40 шақты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізіп жатыр. Он бес мемлекет атом электр стансаларын салуда немесе салу ниеті бар. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бүкіл әлемдік уран қорының төрттен біріне иелік ететін Қазақтан үшін ядролық энергетика – болашақ инновациялық клаcстерлердің бірі болып табылады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев «осыдан 20 жыл бұрын ядролық қатерге қасқайып қарсы тұрған Қазақстанның саналы қадамы» – деп нақтылап ядролық қарусыз әлемнің ортақ декларациясын жасауды ұсынды.
Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ядролық қарусыз әлем құрудағы Қазақстанның орнын осылай айқындап берді.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар
2.1. Геноцид, экоцид ұғымдары
Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру.Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.
Халықаралық құқық геноцидке ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік мәселелерді шешуде геноцидті қолдану көп жағдайларда аумақтық басқыншылық және езілген халықтарды басқа елдің шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.