Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:59, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста пластикалық әдіспен кеуекті керамикалық кірпіштерді өндіретін жобалық қуаттылығы 13 млн. дана жылына өнім шығаратын зауыт жайлы жазылған. Кеуекті керамикалық кірпіштің шикізат материалдары, өндіру процестері, стандарт талаптарына сай сынау әдістерін қолданып, пластикалық әдіспен кірпішті алу туралы мәліметтер бар. Көрсетілген сынау әдістері МЕСТ талаптарына сай келеді және тауардың сапалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады.
Аннотация..................................................................................................................
Нормативтік сілтемелер............................................................................................
Анықтамалар..............................................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар..................................................................................
Кіріспе........................................................................................................................
1. Өнім номенклатурасы..........................................................................................
2. Шикізаттардың сипаттамасы................................................................................
3. Өндірістік әдісті таңдау........................................................................................
4. Өндірістің технологиялық нобайы.....................................................................
5. Өндірістің жұмыс істеу режимі............................................................................
6. Өндірістік бағдарлама...........................................................................................
7. Шикізат араласпасының құрамын анықтау........................................................
8. Шикізат өндірісінің материалдық балансы.........................................................
9. Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамалары............................................
10. Құрал-жабжықтардың санын есептеу................................................................
11. Өнім сапасын бақылау........................................................................................
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері..............................................
Қоршаған ортаны қорғау..........................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қалыптанатын шихтаның құрамы: топырақ - 70%; ағаш жаңқасы - 30%.
8 Шикізат өндірісінің материалдық балансы
Шикізат өндірісінің материалдық балансы жобалық өндіріске қажетті шикізаттық материалдар көлемін анықтау үшін қажет. Жобаланып отырған өндіріс орнының жылдық өнімділігі 13000000 шартты дана кеуекті керамикалық кірпіш.
Өндірілетін бұйымның номенклатуралық параметрлері: ұзындығы -250 мм, ені - 120 мм, биіктігі - 88 мм; тығыздығы 1400кг/м ; су сіңіргіштігі -15 %; КСЖ (күйдірілгендегі салмақ жоғалтуы) - 10%.
Қалыптанатын шихтаның құрамы: топырақ - 70%; ағаш жаңқасы - 30%.
Топырақтың орташа тығыздығы - 1700 кг/м3; ағаш жаңқасының орташа тығыздығы - 500 кг/м3.
1) Шикізат өндірісінің материалдық балансын есептеу үшін алдымен жарамсыз өнімді есептеп аламыз:
ЖӨ = 13000000 * 1,02 = 13260000 дана
2) 13260000 дана кірпіштің жалпы көлемін есептейміз:
V - 13260000*0,25*0,12*0,088 = 35006 м3
3) Кірпіштің жалпы көлемін бұйым тығыздығына көбейтіп, жалпы салмағын есептеп аламыз:
m = 35006 *1400 = 49008960 кг
4) Дайын бұйым алу үшін массаны дайындау және күйдіру кезіндегі коэффициентін ескере отырып, қалыптау массаның салмағын есептеп аламыз:
m = 49008960 *1,15*1,10=61996334 кг
5) Осы мәндерді көлемдік мәнде көрсету үшін шикізат салмағының оның орташа тығыздығына көбейтіндісін есептептейміз:
V = 61996334 *1700 = 105393767800 м3
Жобадағы зауытқа жылына 13 млн дана кірпіш алу үшін керек шикізат, яғни топырақ мөлшері: V= 105393767800 м3
6) 61996334 кг кірпіш қалыптауға кететін шикізат шығынын есептеу үшін проценттік қатынаста шихтаның көлеміндегі топырақ пен ағаш жаңқасының мөлшерін есептейміз:
Топырақ 70%:
Ағаш жаңқасы 30%
7) Осы мәндерді көлемдік мәнде көрсету үшін шикізат салмағының оның орташа тығыздығына қатынасын есептептейміз:
2-кесте. Шикізат қажеттілігі.
Шикізат түрі |
Шикізат қажеттілігі | |||||||||
|
Жылына |
тәулігіне |
ауысымына |
сағатына | ||||||
|
кг |
м3 |
кг |
м3 |
кг |
м3 |
кг |
м3 | ||
Топырақ |
33382642 |
19637 |
109451 |
64,5 |
54726 |
32,3 |
6841 |
4,1 | ||
Ағаш жаңқасы |
1430684 |
28614 |
46908 |
94 |
23454 |
47 |
2932 |
5,9 | ||
Барлығы |
34813326 |
48251 |
156359 |
158,5 |
78180 |
79,3 |
9773 |
10 |
10 Құрал – жабдықтар санын есептеу
Технологияльщ схеманы таңдап болған соң әр кезеңде қолданылатын құрал-жабдықтар саны есептелінеді. Яғни саз және қоспалар өңдейтін, масса дайындайтын және қалыптайтын, престеуші және тасымалдаушы т.б. қондырғылар. Таңдалған құрал-жабдықтар технологияльщ тағайындалу, өнімділік сияқты талаптарға жауап беру керек.
Қондырғыларды таңдау технологиялық процестерді жүргізу үшін тиімді құрал-жабдықтар мен тасымалдаушы транспорттардың өзара сай болуын да қажет етеді. Бұл ерекшелікті қондырғыларды есептегенде ескеру керек. Біз құрал-жабдықтарды сипаттау тарауында көрсетілген қондырғының өнімділігін анықтаймыз. Қондырғыны технологиялық схемаға қарап аламыз.
Қондыргылар саны:
NA = Qr/Пr
мұндағы: Qr - өңдеуге қажетті өнім саны (жылдық өнімділіктің сағатына шығатын өнімі);
Пг - қондырғының сағатына шығаратын өнімі.
Жылдық есептік тәуліктер саны - 305
Тәуліктегі жұмыс сменасының саны - 2
Жұмыс сменасының ұзақтығы, сағат - 8
Жалпы тәулік жұмыс сағаты-16
1. Жалпы жылдық сағат санын табу керек:
305x16 = 4880
2. Жылдық өнімділіктің сағатына шығатын өнімді табу керек:
20000000/4880 = 4098
3. Вакуумды таспалы пресс қондырғыларының санын табу үшін сағатына шығатын өнімді қондырғының сағатына шығаратын өніміне бөлеміз; қондырғы - 10000 шт/сағ
NA= Qr / Пг = 4098/10000 = 0,41
4. Вакуумды таспалы пресс қондырғыларының саны = 1
Пышақты саз кескіш: Nn= Qr/IIr = 8,1/10=1
Мұндағы: Qr= өндірістің 1 сағаттық өнімділігі 8,1 м . Пг = құрал-жабдық өнімділіп, ол 10 м /сағат
Егер параллель орналасқан технологиялық линияларды есептеу саны бүтін болып шықпаса, оны үлкен жағына қарай дөңгелектейміз. Тәжірибе жүзінде қолдану коэффициент келесі формула бойынша есептелінеді:
qф = Qr/Пr*Nn
qф =8,1/10*1=0,8
Бұл коэффициент 0,7-0,9 шегінде болу керек. Әр технологиялық саладағы қондырғылар саны екіден кем болмағаны жөн, өйткені қондырғы біреу-ақ болып ол істен шықса, өндіріс тоқтап қалады.
Егер қондырғыларды есептеу қиындықтарға алып келсе, оны келесідей етіп аламыз: үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылар үшін (майдалағышштар, таспалы пресс, тунельді пеш, және т.б.) және тасымалдағыпі транспоттар (элеваторлар, ленталы конвейерлер, шнектер, жәнет.б.) 0,8-0,9.
11 Өнім сапасын бақылау
Керамикалық заводтарда техникалық бақылау. Техникалық бақылаудың негізгі мақсаттары
1. Дайын бұйымның сапасын бақылау.
2. Шикізаттардың сапасын бақылау.
3. Мөлшерлеудің, массаны дайындаудың кептіру, күйдіру режимін бақылау.
4. Бұйымға, сертификатты, керекті құжаттарды дайындау.
Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) сапалы және шикізат материалдарының дүрыс қабылдауларына жауап береді. Өндірісті бақылаудың негізгі жұмысы:
Кірпішті сырттай қарай өлшеу.
Сырттай қарап өлшеу үшін: құрылыс кірпішті алып, төмендегі анықтамаларды орындайды:
а) дәлдігі 1мм-ге дейінгі масштабтық сызықпен кірпіштің ұзындығын, енін, қалыңдығын өлшейді, қалыпты өлшемдерден ауытқуын анықтайды. Мұнда қалыпты құрылыс кірпіші тузу қабырғалы, шеті айқын және беті тегіс, 250x120х88мм өлшеміндегі тікбұрышты параллелипипед түрінде болатындығын ескерген жөн, ауытқулар лабораториялық журналға жазылады;
ә) төсеншіі /250x120 мм/ және /250x88мм/ бойъшша жиектерінің қисаюыж анықтайды: ол үшін. кірпіштің тиісті жиегімен сызғыш қыры арасындағы кеңістік 1мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшенеді. Кеңістік көлемін мм-мен көрсетеді;
б) қисықтық жиектерде ұзына бойына жарылған жер бар екенін, яғни кірпіштің бар қалыңдығы: арқылы өтетінін жарылыс бар екенін анықтайды және ол жарылғының кірпіш төсенішіндегі ең ұзын жерін өлшейді. Ұзына бойына жарылым саны мен ең ұзын жері жазылады;
в) кірпіштің қыры мен бұрыштарындағы опырылған немесе жұмырылған жерлері анықталып, барынша ұзындары өлшенеді. Опырылымдардың саны мен барынша ұзын жерілері жазылады;
г) кірпішті көтеріп ұстап балғамен ұру арқылы күйдірілу дәрежесін анықтайды. Кірпіш жете күймеген жағдайда баяу ұн, ал дұрыс күйгеішен кейін ашық ұн шығады.
ғ) кірпіштіц аумақтық салмағын анықтау үшін сырттай қарап өлшеп болған ісірпіштің біреуін 1 г дәлдікке дейін таразыға тартып аумағын есеитейміз.
д) кірпіштің ылғал тартуын анықгау.
е) кірпіштің қысқандағы және майысқандағы беріктік іпегін анықтау үшін көлемін және салмағъш есептегеннен кейін преске салып анықтаймыз.
ж) кірпіштің бетіндегі дутиктердің d-5 мм үлкен болмау керек. Себебі, кірпіш суға тигенде дутиктер ісініп, кірпіпггің жарылуына әкеліп соғады.
Қабылдау ережелері.
• Кірпіш пен тастың әр партиясы мекеме-өндірушілерінің техникалық қадағалауымен кабылдау керек.
• Кірпіштің немесе тастардың партия өлшемін кабылдау, заводтың бір пешінде бір тәулікте өңделу мөлшеріне байланысты. Әр партиядағы кірпіш немесе тастың маркасы және түрі бірдей болуы керек.
Кірпіш немесе таетың әр партиясын бақылау үшін бұйымның 0,5% мөлшерде алу керек, бірақ 100 данадан кем емес. Бұйымды алдын-ала келісілген решен әр тордан немесе поддоннан алынады. Алынған бұйымдардың өлшемдері және сыртқы көрінісін стандарт талабына сәйкестігін тексереді, кейін сынайды.
• Кірпіштің маркасын оның қысуға және иілуге беріктігі бойынша орнатады.
• Кірпіштің немесе тастың су сіңіргіштігін әр 6 ай сайын, шикізат немесе технологиясы, шахтаның құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі өзгергенде анықтайды. Кірпіштің немесе тастың аязға төзімділігін әр бір айналым сайын және әр кез шикізат немесе технологиясы (шихта құрамы, қалыптау параметрі, күйдіру режимі) өзгергенде анықтайды.
• Кірпіштің немесе тастың қабырға қалау кезінде араласпамен үстасу беріктігін жылына бір рет шикізат немесе технологиясы өзгергенде анықтайды.
• Кірпіштің немесе тастың дутиктерінің пайда болуын сынау айына бір рет карбонатты құрамы өзгерген кезде анықтайды.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке кұрылыстар табылады. Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы - гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені Бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты қамтамасыз ету үшін атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға әкономикалық шығынның үлкен маңызы бар. Санитарлы - гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар кірпіш өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.
Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20°С - ден төмен аудандарда ауалың аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желдету системаларын қарастыру керек.
Зиян қоспалар бөлінетін цехтарда ауаны ластаудан сақтау үшін:
а) құрылғылар, приборлар және өзге де жылу бөлетін құралдар оқшаулану керек;
ә) қолдану кезінде ылғал бөлетін құрал - жабдықтар арнайы жабынмен жабылу немесе оқшаулану керек;
б) шаң - тозаң болу арқылы өтетін техникалық процестер адамдардың қатысуынсыз өтетіндей болып оқшаулану керек, ал техникалық процестерден бөлінетін тозаң, бу, зиянды газдар атмосфераға бөлінер алдында залалсыздандырылу керек. Вибрациялық қондырғылар қолданылатын цехтарда вибрация әсерін және шуды төмендететін шаралар жасалу керек.
Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері
Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында да әкімшілік еңбектің қауіпсіздік жағдайлары жасауы тиіс. Әкімшілік өндірістік жараңаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы қүралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті, әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және Бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайларын жасау жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай ережелерді кәсіподақ келісімі бойынша бекітеді.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке кррғану күралдары беріледі.
Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ үйымдарымен бірлесе отырып, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.
Құрылыс бұйымдары мен материалдарын өндіретін бірлестік ұйымдарында техникалық қауіпсіздік ережелірінің орындалуы және күрылыс материалдарын өндіру жұмыстарындағы санитарлық өндірістікті қарап, қамтамасыз ету инженерлі-техникалық жршсшыларға жүктеледі.