Керамический кирпич

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:59, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыста пластикалық әдіспен кеуекті керамикалық кірпіштерді өндіретін жобалық қуаттылығы 13 млн. дана жылына өнім шығаратын зауыт жайлы жазылған. Кеуекті керамикалық кірпіштің шикізат материалдары, өндіру процестері, стандарт талаптарына сай сынау әдістерін қолданып, пластикалық әдіспен кірпішті алу туралы мәліметтер бар. Көрсетілген сынау әдістері МЕСТ талаптарына сай келеді және тауардың сапалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады.

Содержание работы

Аннотация..................................................................................................................
Нормативтік сілтемелер............................................................................................
Анықтамалар..............................................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар..................................................................................
Кіріспе........................................................................................................................
1. Өнім номенклатурасы..........................................................................................
2. Шикізаттардың сипаттамасы................................................................................
3. Өндірістік әдісті таңдау........................................................................................
4. Өндірістің технологиялық нобайы.....................................................................
5. Өндірістің жұмыс істеу режимі............................................................................
6. Өндірістік бағдарлама...........................................................................................
7. Шикізат араласпасының құрамын анықтау........................................................
8. Шикізат өндірісінің материалдық балансы.........................................................
9. Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамалары............................................
10. Құрал-жабжықтардың санын есептеу................................................................
11. Өнім сапасын бақылау........................................................................................
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелері..............................................
Қоршаған ортаны қорғау..........................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Содержимое работы - 1 файл

кеуек кирпич 2.doc

— 315.50 Кб (Скачать файл)

                                            Мазмұны

Аннотация

Бұл курстық жұмыста пластикалық әдіспен кеуекті керамикалық кірпіштерді өндіретін жобалық қуаттылығы 13 млн. дана жылына өнім шығаратын зауыт жайлы жазылған. Кеуекті керамикалық кірпіштің шикізат материалдары, өндіру процестері, стандарт талаптарына сай сынау әдістерін қолданып, пластикалық әдіспен кірпішті алу туралы мәліметтер бар. Көрсетілген сынау әдістері МЕСТ талаптарына сай келеді және тауардың сапалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады.

Курстық жұмыстың жалпы  көлемі: бет.

Кестелер саны:

Сурет саны:.

Анықтамалар

Керамикалық бұйым деп - минералдық және органикалық үстемелер қосылған саздан немесе оның қоспасынан қалыптау және күйдіру аркылы жасалатын қолтума материалды айтамыз.

Саздар деп - құрамы өте майда түйіршікті шөгінді тау жыныстарын айтады.

Саздың иілгіштігі деп - саз камырының сырткы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай деформациялануға және Бұл күштердің әсері тоқтаған соң, түскен қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады.

Кептіру деп - материал мен теңіректегі орта арасындағы жылу және масса алмасуымен байланысты жүретін көптеген қүбылыстарды айтамыз.

Керамикалық деп - әр алуан ылғалдыктағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен  қалыпталып және          жоғарғы        температурада күйдіріліп жасалатын жасаңды тас материалдары мен бұйымдарьш айтады.

Саздан жасалынып, жоғары температурада өртелген материалдар керамика технологиясында керамикалық шыны (черепок) деп аталады.

Химиялык құрамы бойышпа ең таза, көпшілігінде каолиниттен күралған саздарды каолиндер деп атайды.

Кәдімгі кірпіш деп - қоспасы бар, не қоспасыз саздан жасалынған немесе       жоғарғы          температурада         өртелінген         жасанды       тас материалдарын  атайды. 

Керамикалық кірпіш - әр алуан ылғалдылыктағы, көбінесе минералдық немесе органикалық қоспалары бар, сазды біркелкі массаның түрлі тәсілдерімен қалыптап және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалы.

Ауалық шөгу - кептіру процесінде шикізаттан судың булануынан.

Ротамиксер - конус пішінді тесіктері.

Өндірістік куат - жобаланған өндірістегі белгіленген өнімнің нағыз бірліктегі максималды шығарылымының көрсеткіші.

Шөгу деп - сызықтық өлшемдерінің және үлгінің кептіру (ауалық шөгу) және күйдіру (отты шөгу) кезіндегі көлемінің кішіреюі.

Нормативтік сілтемелер

1. ГОСТ 530-95. Керамикалық кірпіштер және тастар.

2. ГОСТ 7025-91. Керамикалық және силикаттық кірпіштер ментастар.

3. ГОСТ 18343 -80. Поддоны  для кирпича и керамических  камней.

4. ГОСТ 7484-78. Керамикалық     кірпіш   пен  тастардың  техникалык талаптары.

5. ГОСТ 530-80. Керамикалық кірпіш пен тастар.

6. ГОСТ 530 - 90. Сыртқы көрсеткіштері бойынша бұйым бетінен ауытқу.

Белгілеулер мен  қысқартулар

МЕСТ - мемлекеттік стандарт

мм - милиметр

м3 - шаршы метр

т.б. - тағы басқа

м - метр

сағ - сағат                     

кг - килограмм

т.с.с.-тағы сол сиякты

°С - градус Цельсий

% - пайыз

ОТК - техникалық бақылау бөлімі

г - грамм

см3 - шаршы сантиметр

шт - штук

м2 - метр квадрат            

МПа - қысымның өлшем бірлігі

Ек - жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ.

Т - негізгі қондырғылардың (пештің) жобаланған тоқтатылуы, caғ.

К - жұмыстың күнтізбелік уақыты, caғ.

оқ - қысу кезіндегі үлгілердің беріктік шегі

ом - майысқандағы үлгілердің беріктік шегі

Кіріспе

Керамикалық материалдар  көптеген ғимараттардың конструктивті элементтерінде қолданылады.

Күйдіру денесінің құрылымына қарай керамикалық бұйымдар кеуекті және тығыз түрлерге бөлінеді. Кеуекті бұйымдар - глазурьлі қабаты жоқ болған жағдайда су өткізеді және ұрғанда тұйық дыбыс шығарады.

Ғимараттардағы элементтердің тағайындалуына байланысты керамикалық бұйымдар мен материалдарды келесі түрлеріне ажыратуға болады: қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар және олардан алынған панельдер); қасбеттік (беттік кірпіш, қасбеттік плиталардың түрлері, сәулеттік - көркемдік детальдары); ішкі ғимаратты әрлеуге арналған бұйымдар (қабырға және еденді әрлеуге арналған плиткалар); жабынға арналған бұйымдар (қуысты тастар, балкалар және қуысты тастан жасалған панельдер); жабын бұйымдары (қыш); жерасты коммуникациясына арналған бұйымдар (канализация және дренажды қүбырлар); техникалық-санитарлық бұйымдар (жуыну үстелдері, унитаздар, ванналар); жол кірпіші; жылу оқшаулағыш бұйымдар (ұялы керамика, перлит керамикасы, диатомитті және салмағы жеңіл шамотты бұйымдар).

Керамикалық материалдарға бетон толтырғыштарын жатқызуға болады. Мысалы: керамзит және аглопорит.

Керамикалық бұйымдардың қолданылуының әр түрлілігі олардың қасиеттерінің кең көлемдегі көрсеткіштерін қамтамасыз етуді талап етеді. Бұған дайындаудың көптеген тәсілдерін, әр түрлі құрылғыларды, әр түрлі технологиялық әдістерді қолдану арқылы жетеді.

Бұйымдардың тағайындалуына байланысты олар негізгі керекті нақты анықталған қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Мысалы: кірпіш үшін негізгі қасиеттер әр түрлі механикалық беріктік, су сіңіргіштік, аязға төзімділік; қышқа - аязға төзімділік; дренажды құбырларға - кеуектілік. Кірпіш пен қыш үшін механикалық беріктік түріне қысу, майысу және созу кезіндегі беріктік, еденге және жол плиткалары үшін - соғу (ұру) кезіндегі және жанасу кезіндегі беріктік, канализациялық құбырларға - атқылау кезіндегі беріктік жатады.

Керамикалық материалдарды алу үшін құрамында темірдің тез еритін тотыктары мен киын еритін заттары бар табиғи балшықты минералды коспалармен араластырылады. Осы араластан дайындалған бұйымдар жоғарғы температурада күйдіріледі. Осындай тез еритін заттардың ерімеген бөлшектерін байланыстыру нәтижесінде күйдірілгенген керамика алынады.

Табиғи жағдайда топырақты балшық кең тараған және керамика өндірісінде қолданылатын жалғыз ғана шикізат деп саналады. Оны сумен араластырғанда, әр түрлі пішіндерді жеңіл қабылдайтын иілгіш балшыққа айналады. Керекті пішінді қабылдап болған соң, жоғарғы температурада күйдіріледі, нәтижесінде әр түрлі кұрылыс материалдары, тұрмыстық заттар мен сәулеттік бөлшектер алынады.

Құрылыста колданылатын керамикалық бұйымдар өздерінің тығыздығына орай екі топқа бөлінеді: қуысты және тығыз. Қуыстыларға су өткізгіштігі 5% көп бұйымдар жатқызылады. Мысалы, әр түрлі кірпіштер, әйнекейленбеген керамикалық қаптағыш плиталар, ағынды судағы дренажды құбырлар, черепица, керамзит және басқа кеуекті керамикалық бұйымдар.

Тығыз керамикалық материалдарға  су өткізгіштігі 5% кем бұйымдар жатады. Мысалы, әйнекейленген және клинкерлі балқымалы коспадан қалыпталған бұйымдар, жол құрылысында қолданылатын қырлы кеспелі тастар, санитарлы тазалық тораптарға және еденге керекті қаптағыш плиткалар.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды -инновациялық стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2005-2014 жылдар аралығында құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялары өндірісінің дамуы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының болашақтағы даму жоспарларына қойылған. Яғни, тиімді құрылыс материалдарын және сапалы жылу оқшаулағыш материалдарын шығару кажеттілігі аталып көрсетілген және олар шетелден әкелінетін құрылыс материалдарымен бәсекелесе алуы керек.

Тұрғын үй және азаматтық құрылыс қарқынының өсуіне байланысты керамикалық материалдар өндірісі де дамуда.

Керамикалық кеуек материалдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматтандырылған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі - қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдар пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде күйдіру. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, кеуек кірпіштер, түрлі мақсатка арналған керамикалық тастар.

Кеуекті қуыс денелі жеңіл кірпіш - жасалу тәсілі қуыс денелі кірпішті шығарғандай, керамика масса құрамына жанып кететін заттар (ағаш, көмір, диатомит және т.е.с. заттардың ұнтақтары) қосылады. Жеңіл салмақты кірпіш кәдімгі кірпішпен салыстырғанда оның тығыздығы және жылу өткізгіштігі төмен болады да қабырғаның қалыңдығын және үй конструкция массасын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл кірпіштің мөлшері 250x120x88 мм, тығыздығы 700/1450 кг/м3, қысқандағы мықтылығы 3,5/10 МПа, аязға төзімділігі Ғ 10.

1 Өнім номенклатурасы

1 Негізгі параметрлері мен өлшемдері:

1.1 Керамикалық кірпішті параллепипед пішінінде жасайды және өлшемдерінің түрі болады. Қуыстары горизонтальды орналасқан кірпіштің өлшемі - 250x120 х88мм.

1.2 Келтірілген мөлшерлерден мм қателіктері аспауы қажет: Пластикалық әдіспен алынған лесстер, трепельдер, диатомидтерден алынған бұйымдар үшін:

ұзындығы бойынша..............................................................................±7

ені бойынша...........................................................................................±5

Пластикалық    қалыптау    және    жартылай    құрғақ    пресстеуден

алынған бұйымдар үшін:

ұзындығы бойынша..............................................................................±5

ені бойынша...........................................................................................±4

қалыңдығы бойынша............................................................................±3

2 Түрлері мен өлшемдері:

2.1 Біртекті және қалыңдатылған кірпішті толық денелі етіп шығарады (кеуексіз және техникалық кеуектердің көлемі 13% - тен көп емес) және кеуекті болып шығарылады. Сыртқы қабырғалар үшін кеуекті кірпіштің қалыңдығы 12мм - ден кем болмауы қажет. Кеуектер бұйымда басқа түрде болуы мүмкін.

2.2 Қуыстар бұйымда табанына перпендикуляр және параллельді немесе өтпелі және өтпелі емес болуы мүмкін. Көрінетін қуыстардың ені 16мм - ден көп емес, цилиндрлі өтпелі кеуектің диаметрі және кеуекті квадратты бұйымның өлшемі 20мм - ден көп болмауы қажет.

2.3 Беріктігі  бойынша кеуектері вертикальды  орналасқан бұйымдарды мына маркалар бойынша жасайды: 75,100, 125, 150, 175, 200, 250, 300. Горизонтальды кеуектері бойынша: 25, 35, 50, 100.

2.4 Аязға төзімділігі бойынша: F15, Ғ25, Ғ35, Ғ50.

2.5 Керамикалық бұйымның мерзімді белгісі, оның аты, түрі, беріктік маркасы және аязға төзімділігі бойынша түрлерге бөлінеді.

3 Мерзімділік белгісі бойынша:

Кеуекті керамикалық кірпіш беріктігі  бойынша біртекті маркаға: 150, аязға төзімділігі F15 бөлінеді.

Кеуектері горизонтальды, қалыңдатылған керамикалық кірпіштің беріктік маркасы 100, аязға төзімділігі F15.

4 Техникалық талаптар:

4.1 Бұйымдар қазіргі талаптарға сай болуы керек. Техникалық регламенті және алушы мен шығарушының негізделгендігіне байланысты.

4.2 Мінездемелері

4.3 Сыртқы түрі.

4.3.1 Бұйымдардың сыртқы пішіні тегіс және қабырғалары тік болуы қажет. Бетінің фактурасына байланысты (ложоқтычек) бұйымда тегіс немесе рифленді болады.

Информация о работе Керамический кирпич