Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 00:27, курсовая работа
Нарықтық экономикада ұдайы өндіріс процестерінде жан-жақты экономикалық байланыстарын бiлдiретін және кәсiпкерлiк қызметінің мақсаты ретiнде болатын пайда орталық орында орналасады. Пайданы өсіру талпыныс оны жеке кәсiпорындар ғана емес, елдің де экономикалық және әлеуметтiк дамуының бас қозғаушы күші және негiзгi көзiне айналдырады.
Кәсiпорындардың шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерiн сипаттайтын басты сапалық көрсеткiштерiнің бiрі пайда болып табылады.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп
жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың
алдын ала төлеу нысаны да қолданылады.
Алдын ала төлем жүргізу төлем
мерзімі өткен тиелген
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды [6].
Шығарушы салаларда
табиғи себептерге байланысты табыс
есімін пайдалы қазбаларды шығарудың
өзіндік құнын төмендету
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (Кесте 2 қараңыз).
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
Кесте 2
Кәсіпорынның жалпы табысын анықтау
№ |
Көрсеткіштер |
Жоспар бойынша |
Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша |
Нақты |
1. |
Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс |
|||
2. |
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
|||
3. |
Жалпы табыс (1қатар-2қатар) |
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
Мұндағы: QiH - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
SiH - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
SiЖ - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
Мұндағы: РiH және РiЖ - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
3. Өткізу көлемінің
өзгерісінің жалпы табыс
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін көрсетті.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. "Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Жалпы табысты талдау нәтижелері кестеде көрсетілген (Кесте 3 қараңыз).
Кесте 3
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ |
Көрсеткіштер |
Сомасы, мың тг |
Жоспарлы табысқа %-бен |
1. |
Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
||
2. |
Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
||
3. |
Өнімді өткізу көлемінің артуы |
||
4. |
Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер |
||
Жиыны: |
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кесте құрастырылады (Кесте 4 қараңыз).
Кесте 4
Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
Өткен жылғы |
Есепті жылғы |
1 |
Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс |
||
2 |
Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны |
||
3 |
Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
||
4 |
Баға индексі |
||
5 |
Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа
қалай әсер еткенін анықтау
үшін, есепті жылы өнімді өткізуден
түскен табысты өткен жылдың
еркін сатылу бағасымен (ҚҚС
және акцизсіз) қайта есептеп,
содан кейін оны есепті жылдың
еркін сату бағасымен (ҚҚС
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы енімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде болуы тиіс.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген өнімнен түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы табыстың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс;
Дж - жалпы табыс;
Рк - кезең шығындары [10].
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен үздіксіз байланыста жүргізу қажет.