Қаланың жарнамаларын жасаудың тарихи деректері және теориялық негізідері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 13:18, реферат

Краткое описание

Жарнаманың ерте бiр түрi, қалалық айқайшы . Ежелгi Греция "Алтындай ғасыр" Афины көшелерi бойынша құлдардың сатулары туралы жариялап жүретiн. Айқайшылар мал және басқа тауарларды көрдi. Жарнаманың тағы бiр түрi ол әбзелшiлер өз затының мандайларына құратын таңба қоятын болды. Қауесет сайын әбзелшiнiң абыройы, сатушы туралы хабарды таратып жiбердi ,кейін олар тек таңбамен тауарды iздей бастады. Тауарлық таңбалар және марка атаулары бiздiң күнде де сапасын айыра алу үшін бұл мақсат пайдаланады. Таңбаның маңыздылығы, өндiрiс және нарықта саласында күннен күнге ұлғая түсті.

Содержимое работы - 1 файл

Жарнама.docx

— 224.87 Кб (Скачать файл)

Баланс жасалмаған формалар дискомфорттың сезiнулерi шақырады.

Жөндем және симметриялық формалар тез басқа  анағұрлым оқиды, назар аударады.

Elitarium.ru

Автор: сарапшы  Рудольф Иванович Мокшанцев, экономика  және басқаруды экономикалық ғылымдардың  докторы, Жаңа сiбiр мемлекеттiк академия. 

                                               Түстік шеңбер

Түстік шеңберді екі бөлікке бөлуге болады. Оның бір жағына қызыл, сары, тоқ сары түстер орналастырылады. Олар жылы түстер деп аталады, себебі олар от пен күнге  ұқсас болып келеді. Ал, екінші бөлігіне ашық көк, көкшіл-жасыл, көк, сия көк түстер кіреді. Олар суық түстерге жатады, себебі, олар мұз бен суды еске түсіреді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               

                Тустер қосындысы 
 
 

                              Түстер қосындысы

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Түстердің араласуы-кескіндеме өнерінің теориясы мен практикасындағы  ең басты мәселе болып табылады.

Түстердің шеңбер түрінде орналасуы ыңғайлы. Ол түстер заңдылықтарының көп теориясын  ашып көрсетеді.

1 заңдылық:

Кез-келген түстік шеңбердің ерекшелігі қарсы жатқан түстердің байланысы болып табылады. Олардың қосындысы ахроматикалық  түстердібереді. Ондай түстер қосымша  түстер деп аталады.

2 заңдылық:

Түстік шеңберде бір біріне жақын жатқан орнасақан  түстер қосындысы жаңа бір түсті  сезінуге мүмкіндік береді. Мысалы: қызыл мен сары түс қосындысы  тоқ сары түсті берсе, сары мне  көк түстердің қосындысы жасыл  түсті береді. Екінші заңдылықтан  шығатын қорытынды негізгі үш түсті қосу арқылы әр пропорцияда  кез-келген түстік рең алуға болады.

3 заңдылық:

Бірдей түстердің  қосындысы дәл сондай түсті береді.

         Бояулардың оптикалық және механикалық қосындыларының қорытындысының арасында біраз өзгешеліктер болады. Ол бояудың физикалық табиғатына негізделеді. 

         Өзара қосымша түстер. Хроматикалық контраст  Бояуды аралстыру негізінде пайда болған құрмалас түсте 
 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Жарнама туралы Заң

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы

                    Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,         2003 ж., N 24, 174-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 332-333

                                      МАЗМҰНЫ     

 Осы. Заң Қазақстан Республикасының аумағында, жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

                               1-тарау. Жалпы ережелер      

1-бап.  Заңның мақсаттары     

 Осы Заңның мақсаттарына байланысты  жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.      

2-бап.  Заңның қолданылу  аясы     

1. Осы Заң  Қазақстан Республикасының аумағында  жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын  және пайдаланатын жеке және  заңды тұлғалардың қызметi процесiнде  туындайтын қатынастарға қолданылады. 
      2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.       

3-бап.  Негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; 
      1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама; 
      2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама; 
      3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 
      4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
      5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде радио және (немесе) теледидар хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
      6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы; 
      7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады; 
      8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер. 
      
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.      

4-бап.  Қазақстан Республикасының  жарнама туралы  заңдары     

 1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.      

5-бап.  Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар     

 Жарнама авторлық  құқықтың және сабақтас құқықтардың  толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс. 

2-тарау.  Жарнамаға қойылатын жалпы және 
арнайы талаптар      

6-бап.  Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар     

1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе  пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы  бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды  қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс. 
      2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады. 
      Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. 
      Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс. 
      2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады. 
      3. 
алып тасталды 
      4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi. 
      Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет. 
      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады. 
      6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс. 
      7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс. 
      8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен белгiленедi. 
      
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.      

8-бап.  Теле және радиобағдарламалардағы жарнама     

1. Жарнама сипатындағы  хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және радиобағдарламалардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма процентiнен аспауға тиiс. 
      Жарнама беру кезiнде оның дыбысы берiп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс. 
      2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, соның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр аумағының жетi жарым процентiнен аспауға және телехабарлардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс. 
      3. Ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президентiне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни хабарлар берілімдерiн, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары көрсетілімдерiн жарнамамен, соның ішінде жүгiртпе жол әдiсiмен де бөлiп жiберуге тыйым салынады. 
      4. Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады.      

9-бап.  Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама     

 Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды. 
      Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.      

10-бап.  Кино, бейне және  анықтамалық қызмет 
               
көрсетудегi жарнама     

1. Сериялар арасындағы  үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады. 
      2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi. 
      3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.      

11-бап.  Сыртқы (көрнекi) жарнама     

1. Сыртқы (көрнекі)  жарнаманы орналастыру плакаттар,  стенділер, жарық беруші табло,  билбордтар, транспаранттар, афишалар  түрінде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртіпте өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. 
      Сауда (дәріханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жайма сөрелерін (терезелерін) безендіру, сыртқы және есікке ілінетін маңдайшалары мен плакаттары, ішкі безендірілуі, егер бұл безендіру осы кәсіпорында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы жарнамалық ақпаратты қамтыса, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері болып табылмайды. 
      Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс. 
      2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға: 
      1) ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгілi бiр мерзiмге беретiн құжат; 
      2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі. 
      3. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртiпте және мөлшерде төлемақы алынады. 
      4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi салық қызметi органдарына тапсыруға мiндеттi. 
      5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады. 
      6. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар өтiнiштi алғаннан кейiн он күннiң iшiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негiздi түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi. 
      7. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады. 
      
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.      

12-бап.  Көлiк құралдарындағы жарнама     

 Көлiк құралдарында  жарнама тарату, орналастыру жол  қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.      

20-бап.  Қазақстан Республикасының  жарнама туралы 
               
заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық     

1. Қазақстан  Республикасының жарнама туралы  заңдарының жарнаманың мазмұнына,  тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады. 
      2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады. 
      3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады. 
      4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды. 
     
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.      

21-бап.  Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi     

 Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

                        5.2. Өндіріс орнындағы  қауіпсіздік

ДК (ПК) мен бөлмеде жұмыс  істеуге қойылатын  санитарқ-эпидемиологиялық  талаптары.

1.ДК  пайдалану кезінде бөлмеде құрылыс  нормасына және ережелеріне сәйкес  табиғи және жасанды жарықтандыру  құрылыстары болуы қажет.

2. Жұмыс  істеу орындарын жертөледе орналастыруға  рұқсат етілмейді.

3.ДК  жұмыс орындарын мекемелердің  және білім беру мекемелерінің  жер төлелерінде орналастыруға  рұқсат етілмейді.

Информация о работе Қаланың жарнамаларын жасаудың тарихи деректері және теориялық негізідері