Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:42, курсовая работа
Құнның өзінің өсуі калай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі ммкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байыған дығын корсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды.
Кіріспе
1 тарау. Капиталдың ұғымы
1.1. Жарғылық капиталдың түсінігі.
1.2. Капиталдың бухгалтерлік баланстың орындалуы.
1.3. Өзіндік капиталдың МСФО бойынша есебі.
2 тарау. Меншікті капиталдың есебі.
2.1. Резервтік капитал
2.2. Төленбеген капиталдың есебі.
2.3. Есептік кезеңнің және алдыңғы кезеңнің бөлінбеген табыстың есебі.
2.4. Капиталдың шаруашылық және амалдық есебі.
2.5. Меншікті капиталды жетілдіру жолдары.
2.6. Аналитикалық және синтетикалық есебі.
3.0. Қорытынды
4.0. Қолданылған әдебиеттер.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрлымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы.
Ұйымның барлық мүлігі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.
Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, метериалдық емес активтерден, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардан, басқа да ұзақ мерзімді активтерден құралады. Жалпы ұзақ мерзімді активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал, қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, қорлар, қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және басқа да қысқа мерзімді активтер жатады.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құрылу көздері.
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен қысқа мерзімді қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөлінбеген кіріс.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларының басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық қарыздар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді.
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Барлық ұйымдардың меншікті капиталына екі қасиет тән. Біріншіден, ол материалдық-құндылық құрылым иеленбегендіктен сезілмейді және ол әрқашанда активтің көзі рөлінде қатысады. Екіншіден, меншікті капитал ақшалай түрден заттық түрге ауыса алатын немесе керісінше жағдайда өзінің нысанын өзгертетін «меншікті құралдар» түсінігіне синоним деп қарастыруға болмайды.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
• жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
• мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
• меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
• инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
• резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
• алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Меншікті капитал есебіне Халықаралық қаржылық есеп стандартының бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес V бөлім арналған.
«Капитал және резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған. Капитал- бұл ұйымның активтерінде оның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған үлес.
Аталған бөлім мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 «Шығарылған капитал»
5100 «Эмиссиялық кіріс»
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар»
5300 «Резервтер»
5400 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»
5000 «Шығарылған
капитал» кіші бөлімі
5010- «Жарияланған капитал» -мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады;
5020- «Төленбеген капитал» - онда ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу, салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына эмиссияланған акцияларды төлеу жөніндегі жеке тұлғалар мен ұйымдардың берешегі және салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
5100 «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5110 - «Эмиссиялық
кіріс» - онда шығарылған акциялар
бойынша эмиссиялық кіріс
5200 «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған және шоттардың мынадай тобын қамтиды:
5210- «Сатып алынған
жеке меншік үлестік аспаптар»
- онда өздерінің меншікті үлес
құралдарын сатып алу кезінде
ұйым келтірген шығындар
5300 «Резервтер»
кіші бөлімі резервтерді
5310- «Құрылтай
құжаттарында белгіленген
5320- «Қайта бағалауға раналған резерв» - онда қаржылық активтерді, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5330- «Шетелдік
валютаны қайта есептеуге
5340- «Басқа да резервтер» - онда алдындағы топтарда көрсетілмеген басқа да резервтер көрсетіледі.
5400 «Бөлінбеген
кіріс (жабылмаған залал)»
5410- «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5420- «Есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету» - онда есеп саясатының өзгеруі нәтижесінде пайданы (залалды) түзету жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430- «Өткен жылдардағы
пайда (залал)» - онда өткен
жылдардағы пайда (залал)
Қорытынды
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы үйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
¥йымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған қүрылыстан құралады. Жалпы
айналымнан
тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық
базасын жасауға және дамытуға арналады.
Қолданылған
әдебиеттер