Төленбеген капиталдың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:42, курсовая работа

Краткое описание

Құнның өзінің өсуі калай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі ммкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байыған дығын корсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды.

Содержание работы

Кіріспе
1 тарау. Капиталдың ұғымы
1.1. Жарғылық капиталдың түсінігі.
1.2. Капиталдың бухгалтерлік баланстың орындалуы.
1.3. Өзіндік капиталдың МСФО бойынша есебі.
2 тарау. Меншікті капиталдың есебі.
2.1. Резервтік капитал
2.2. Төленбеген капиталдың есебі.
2.3. Есептік кезеңнің және алдыңғы кезеңнің бөлінбеген табыстың есебі.
2.4. Капиталдың шаруашылық және амалдық есебі.
2.5. Меншікті капиталды жетілдіру жолдары.
2.6. Аналитикалық және синтетикалық есебі.
3.0. Қорытынды
4.0. Қолданылған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Жоспар АЖАР.doc

— 175.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе

1 тарау. Капиталдың  ұғымы

1.1. Жарғылық  капиталдың түсінігі.

1.2. Капиталдың  бухгалтерлік  баланстың орындалуы.

1.3. Өзіндік капиталдың  МСФО бойынша есебі.

2 тарау. Меншікті капиталдың есебі.

2.1. Резервтік капитал

2.2. Төленбеген  капиталдың есебі.

2.3. Есептік кезеңнің және алдыңғы кезеңнің бөлінбеген табыстың есебі.

2.4. Капиталдың шаруашылық және амалдық есебі.

2.5. Меншікті капиталды жетілдіру жолдары.

2.6. Аналитикалық  және синтетикалық есебі.

3.0. Қорытынды

4.0. Қолданылған  әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

Капитал деп  келешек игілікті өндіруді молайту  үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен  басты мүлік деген ұғымды білдіреді. 

Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады. 

Нарықтық капиталға  көшкен кезде капитал сөзі жиі  айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды. 

Егер ақшаларды  құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда  көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады. 

Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді. 

Ақшаның капиталға  айналуының басты шарты ақша иегерінің  нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады. 

Экономикалық  теория классикалық мектебінің негізін  слаған А. Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П.Самульсон мен У. Нордхауздың  ойынша, капитал бұл өндіріс құрал-жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон капиталды бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген. Капиталға бұдан басқа да көзқарастар бар: капитал бұл өндіріс қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал бұл уақыт. Уақыт фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал-жабдығы адамдар және ақшалар да капитал бола алады. 

Бірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К.Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал әртүрлі жақты формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал бола алмайды, олар сонда ғана капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса. 

Өзінің басты  еңбегі "Капиталда" К.Маркс капиталдың бірқатар аныктамасын берген. Бул кездейсоқ емес. "Капиталдың" бірінші томында. капитал - бүл күн, бұл өзін-өзі өсіретін күн деп көрсетілген. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бүл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Ол капиталды заттар жиынтығы (оөндіріс күрал-жлбдығы) ретіндс карастыруды жоққа шығарып. капитал - бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі коғамдық катынастар екенін айтқан. 

Құнның өзінің өсуі калай болады? Алғашқы кезде  былай көрінуі ммкін: құнның өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ, ол болса кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне, сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байыған дығын корсетеді, ал коғам масштабында құнның еселенуі болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 тарау. Капиталдың  ұғымы

    1.1. Жарғылық  капиталдың түсінігі. 

     Кәсіпорынның  жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

     Ол  акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің  қаражаттарының, материалдық емес активтердің  және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін. 

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқықғы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек., бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қайта тіркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымыдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса  аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау  кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық  бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының  алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым  ретінде субъектіге мүлікті пайдалану  құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі  үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір – бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қтаысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының  мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген  барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам  өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төленуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғамы үшін – бес  мың минималды есептік көрсеткіш, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды  есептік көрсеткіш құрайды.

Акционерлердің  жалпы жиналысында анықталған әрі  жарияланған санының шегінде  акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен  белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі  шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған  жарғылық капиталы түгелдей төленіп  және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған  капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында  қабылданады, бірақ оларды минималды  деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

 Барлық кредиторларға  кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары  жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:

-дивидендтер  алуын;

-қоғамды басқаруына  қатысуын;

қоғам жойылғаннан  кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Айрықша бар акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

 

Капиталдың сонымен  қатар мынадай түрлеріне тоқталайық: 

Қарыз капиталы дегеніміз белгілі бір мерзімге % үстемесін өсіру шартымен берілетін ақша капиталы. 

Мемлекеттік капитал  дегеніміз мемлекет бюджетінен берілетін  ақша. 

Кәсіпкерлік капитал  дегеніміз инвестор белгілі бір  мерзімге өнім өндіру үшін берілетін  капитал. 

Портфельді капитал-бұл  инвестор белгілі бір елдің инвестициясына иелік етуі. 

Жекеменшік капитал-жеке тұлғаның мемлекеттік емес формасы  немесе кәсіпорыны. 

Тұрақта капитал-өндірісте  өз құнын бірден өзгертпейтін капиталдың бөлігі 

Өзгермелі капитал-өндіріс  процесінде өз құнын дереу өзгертетін жұмысшы күшіне сіңген капитал бөлігі. 

Капиталдың техникалық құрылымы дегеніміз өндіріс құрал  жабдықтар массасының оларлың іске қосатын жұмысшыларының санына қатынасы. 

Негізгі капитал  бұл шаруашылық жүргізуші субьектіге келешекте табыс табу мақсатында өндірістік қызмет үшін қажетті бастапқы капитал. 

Бұл капитал  кәсіпорынның мөлшерін және жай-күйін  анықтайтын негізгі көсреткіш болып  табылады. Ол құрылтайшылар құжаттарында қатысушылар салымдарының жиынтығы ретінде немесе акцияларға жүргізілген  жазулар сомасына тең тіркелген сомаларда көрсетіледі. Капиталдың шамасы кәсіпорынның қызмет барысында тұрақты болады және кей жағдайларда ғана оның шамасы өзгеруі мүмкін. Капиталдың өзгеруі оның шамасын құрылтайшы құжаттарында қайта бекітуі және қайта тіркеу процедурасымен келістірілген. Капиталдың мөлшеріне өзгерту жөніндегі шешім заңдарда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады. 

Информация о работе Төленбеген капиталдың есебі