ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 19:07, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысытың маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай-ақ бұл курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі................................................................................................................5
1.1. Шағын және орта бизнес түсінігі....................................................................-
1.2. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.................8
1.3. Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі...............................................................................................................12
ІІ. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары........................19
2.1. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы..........................................-
2.2. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары..............22
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер......................

Содержимое работы - 1 файл

ҚР-да шағын және орта бизнестің дамуы.doc

— 265.00 Кб (Скачать файл)

     АҚШ тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса, екіші біреулері ашылады.

     Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

     Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын адвокаттық кеңес құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңес негізгі міндеттері: 

  • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу;
  • шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу, т.б. 

     Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды роль ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты - қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

     Кәсіпорындарды  шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, 10 адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар - шағын, 50-499 - орташа, 500 - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі - шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар. 80-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын заемдардың 65%-ы кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұтап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

     60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздануы ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаға азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты.

     Бұл сұрақта Қазақстандық шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі кездегімен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.

     Дамыған индустриялды мемлекеттерде шағын  бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ-дегі сыбағалы үлесі 30%-дан аспайды. Бірақ шағын бизнес субъектілерінің  елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.

     Мұндай жағдайдың қалыптасуы ең алдымен осы сектордың бәсекелесе алмау қабілетімен байланысты.

     Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.

     Қазақстандық  экономиканың соңғы жылдардағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.

     Соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерлік бұл  сектордағы тіркелген кәсіпорындардың  және оларда жұмыс күші сандарының төмен өсуі қарқындарымен сипатталады. Жоғарыда айтылғандай олардың шығаратын өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі төмен болып тұр. Мәселен, 2005ж. және бизнес субъектілерімен өндірілген өнімнің жалпы ішкі өнімдегі сыбағалы үлесі сәйкесінше 17% және 20%-ды құрады. Ал оның аймақтық құрылымы болса біркелкі емес. Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының салалық құрылымы да біркелкі емес. Шағын бизнес кәсіпорындары өздерінің қызметтерін көбінесе саудалық-делдалдық секторына шоғырландырады. Ал бизнестің аяқтан тұру процесін басқару бұл секторда кәсіби еместілігімен сипатталады.

     Мұндай  салдардың себептеріне тек қадағалаушы  органдардың қысым жасауы, салық  салудың ауыртпалығы, технологияларды  импорттауға жоғары кеден төлемдері, нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, заңнаманың тұрақсыздығы мен қаржы-қаражат тартудың қымбаттығы ғана емес, сондай-ақ мемлекет тарапынан шағын және орта бизнес секторын реттеп, қолдаудың жүйесіздігі жатқызылады.

     Несие алудағы проблемаларды шешу үшін көптеген тараптар жағынан шаралардың кешені талап етіледі. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкелік субъектілері өздері несие алуды жеңілдету үшін шараларды жүзеге асыру керек. Бұл шаралар ең алдымен олардың ашықтылығын, транспорпаренттіліктерін және инвестициялық көркемділігін жоғарлатуға бағытталу қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер: 

1. Арзаева  М.Ж. Шағын және орта бизнесті дамытудағы қаржы-несиелік мәселелері. //ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - №3 (67) 2008ж.        60-63бет

2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.

3. Кошанов А.К., Рамазанов А.А., Шевченко В.В. Смешанная экономика: трансформенная модель развития Казахстана. - Алматы. 1997.

4. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы//19.06.1997

5. Гражданский  кодекс Республики Казакстан. 

6. Аль  – пари. Август – октябрь, 1997 г.

7. Статистический  сборник Казакстана за 1998 и1999 г.\\  оперативная информация.

8. Аль  – пари № 2, 1998 г.

9. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.

10. Малый  бизнес: правовые и экономические  аспекты. г. Астана,

1996 г. 

11.Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000. стр 146-155;

  12. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.

13.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2001.

14.Кремер  Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник  для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – с.284.

15. Хван А.М. Развитие малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан. // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №3 (49). 2005ж. 94-95б.

Информация о работе ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары