Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 19:07, курсовая работа
Курстық жұмысытың маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай-ақ бұл курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі................................................................................................................5
1.1. Шағын және орта бизнес түсінігі....................................................................-
1.2. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.................8
1.3. Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі...............................................................................................................12
ІІ. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары........................19
2.1. ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы..........................................-
2.2. ҚР-дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары..............22
Қорытынды............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер......................
Реструктуризациялау мақсаттары мен оларға жету критерийлері. Реструктуризациялаудың басты мақсаты – кәсіпорынды дағдарыстан шығару болып табылады. Бұл жерде ең бастысы өндірістің тиімділігіне жету, активтерді басқару сипаттамаларын өзгеру және заемдық қаржыландыру мүмкіндіктерін қолдану сияқты бағынысты мақсаттарға жету керек.
Кәсіпорынның қызмет етуі бойынша тиімділігінің маңызды көрсеткіші ретінде меншікті капитал құнын жоғарлату болып табылады. Сондықтан реструктуризация әдетте осы бағыт бойынша жүзеге асырылады. Осы жердегі кәсіпорынның құнын көрсеткішін реструктуризациялау критерийі ретінде алу кездейсоқ емес. Кәсіпорынның иелерін түпкілікте өндірістің типі мен технологиясы, өнімнің параметрлері, өткізу нарықтары сияқты проблемалар аз қызықтырады. Олардың капиталы салымдарының тиімділік критерийі ретінде кәсіпорын иесінің жеке әл-ауқат деңгейінің жоғарлауы мен фирманың тұрақты дамуына себепші болатын салымдар құндарының тұрақты өсуі болады. /14/
Кәсіпорынның құны бизнесті бағалау арқылы анықталады. Бағалаудың дәстүрлі үш тәсілдемелер ішінде біздің пікіріміз бойынша тек ақшалай ағымдардың дисконтталған құнын анықтау әдісі ғана компанияның ішкі экономикалық құнын толық тұрғыда бейнелеген. Бұл ақша ағымдарының кәсіпорынның нарықтық құны көрсеткіші мен жоғары дәрежеде корреляциялаумен ерекшелінеді. Сондай-ақ ол операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерге қатысты барлық шешімдерді ескеретін ақшалай ағымды көрсеткішін экономикалық мәнімен ерекшелінеді.
Фирманың
құны көрсетіші – кәсіпорынның тұрақтану
периоды (есептік период) бойынша
ақша ағымдарының ағымдық
Ақшалай ағымдар қарыздық міндеттемелерді, меншікті айналмалы қаражаттарға және капитал салымдарына қажеттілік, мақсатты бағыттағы өз басқаруында қалған кәсіпорынның қаржылық ресурстарындағы өзгерістерді ескерумен таза пайда көрсеткіш негізінде анықталады.
Ақшалай ағымдардың дисконтталған әдістері арқылы алынған бизнестің құны өте жиі теріс шама болып қалады. Бұл болса, кәсіпорын иелерінің ақша қаражаттарын басқа жаққа кетуін білдіреді. Бұл көбінесе меншікті айналмалы қаражаттардың хроникалық тұрғыда жетіспеушілігі, елеулі қарыздық міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі. Капитал жұмсалымдарына қажеттіліктері кесірінен болған дағдарыстар жайттарға байланысты болады.
Реструктуризациялаудың тұжырымдамасы. Реструктуризацияның дәстүрлі міндеті – бизнестің құны көрсеткішін максимализациялау. Оның тұжырымдамасын әзірлеу келесі әдістемені көздейді. Бірінші кезеңде кәсіпрорынның құны жоғарыда айтылғандай ақшалай ағымдардың құнын дисконттау әдісі арқылы іске асырылады. Содан соң кәсіпорынның операциялық (негізгі), инвестициялық және қаржылық қызметтерін реструктуризациялаудың түрлі варианттары әзірленеді.
Операциялық (өндірістік) факторлар шендерінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы, бағақалыптасуы, шығындардың тиімділігі, өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен өнімді жылжыту жүйелері, өнімді сатқаннан кейінгі қызмет көрсету жүйесі (өнім сапасына кепіл беру) туралы талдауды қажет етеді./13/
Инвестициялық факторларға қатысты құнның қозғалуын анықтайтындарға негізгі және айналмалы құралдарға жұмсалымдарды басқаруды, меншікті айналмалы қаражаттың деңгейін оптимизациялауды жатқызуға болады. Осыған орай тауарлық материалдар қорлардың деңгейі, дебиторлық берешек жинау, несиелік берешекті басқару, қуаттылықтың көбеюі, капитал жұмсалымдарын жоспарлау, активтерді сату талданады.
Қаржылық факторларға келетін болса, меншікті капиталдың құны, оның қарыз сапасы мен ара қатынасы, капиталдың құрылымы жатқызылады. Бұл қаржылық қызметті реструктуризациялау шеңберінде іскерлік тәуекелдің факторларын басқару, капиталдың оптималды құрылымын ұстап отыру мен үлестік салым бойынша пайда саясаты талданады. Мәселен, іскерлік тәуекелдің төмендеуі табыстың ставкасын төмендетеді./13/.
Әзірленген
шаралар тексеру ақшалай
Алайда көптеген жағдайларда кәсіпорын несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру басты мақсат болатын жәйттарды ескеру керек. Оған жету көп жағдайларда реструктуризациялаудың дәстүрлі міндетімен үйлеспейді. Мәселен, капиталдың құнын жоғарлату немесе максимализациялау, әдетте елеулі капитал жұмсалымдарын және қосымша сыртқы қаржыландыруға қажеттіліктен туындайтын тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталады.
Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорындарды реструктуризациялау стратегияларының варианттары (альтернативалары). Кәсіпорынның ауыр дағдарыс периодында реструктуризациялаудың тұжырымдамаларын іріктеу мен таңдаудың бизнес құнының нольге жетуі мен нольге жақын деңгей кезіндегі тәуекелдің минималды деңгейімен шектелуі мүмкін. Мұндағы басты шарт ақша ағындарын дисконттау моделінде ескерілетін қарыздық міндеттемелерді кәсіпорын үшін ең тиімді орындау графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын толық қанағаттандыру болып табылады. Берілген тұжырымдама кәсіпорын иелері үшін тартымды болмайды. Дегенмен біздің ойымыз бойынша бұл стратегияның реструктуризациялаудың бір моделі немесе варианты болуға құқығы бар.
Жоғарыдағы альтернатива ретінде біз несие берушілердің мүдделерін қанағаттандыратын және кәсіпорын иелерінің минималды талаптарын ескеруге кепіл беретін реструктуризациялау стратегиясын ұсынамыз. Мұндай тұжырымдама қарыздық міндеттемелердің бекітілген өтеу графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын қанағаттандыратын және тәуекел мен өтімділік деңгейлері бірдей альтернативті инвестициялардың табыс ставкасы бойынша ағымдық құнға келтірілген құрылтайшылардың бастапқы салымдарына шамалы бизнестің құнына жететін кездегі реструктуризациялау стратегиясын бейнелейді. Мұндай кезде қойылған мақсаттарда жету кезіндегі тәуекел нольдік құн тұжырымдамасын жүзеге асырудағы тәуекел деңгеімен жоғары болады. Алайда осындай тұжырымнама кәсіпорын иелеріне жұмсалған қаражаттардың минималды тәуекел деңгейімен инвестициялауды ескерумен қайтатыны көзделеді.
Ұсынылған реструктуризациялау тұжырымнамалары бизнестің құнын максимализациялауды көздеуді бейнелейтін стратегиялардың жиынтығында таңдануы мүмкін. Нольдік құн, фирма иелерінің мүдделерін қорғау мен бизнестің құнын жоғарлату стратегиялары несие берушілердің жиналысы тарапынан дағдарыстық жағдайдан шығудың альтернативті тұжырымдамалары ретінде қарастырылуы керек. Бұл кезде дағдарыстан шығу тұжырымдамаларын таңдауда басты критерийлер ретінде тәуекел мен реструктуризациялау варианттарының қаржылық жүзеге асыра алушылық қолдану орынды болады.
Кәсіпорынның
дағдарыстық жағдайы
Қорытынды
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың 3 түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарықта негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ-түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлемі 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу -шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимум мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10%-тен аз болмау), шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемалармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
Информация о работе ҚР-дағы шағын және орта бизнестің даму тенденциялары