Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 14:52, реферат
Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі ең алдымен оның тиімділігін көтеру және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік құралдар тиімдірірек пайдалану керек.
Өнеркәсіп өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер міндеттер негізінен жүзеге асырылады:
1. негізгі құралдарды іске қосу;
2. пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік құралдарды пайдалануды жақсарту.
Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың негізгі құралдардың өсуі жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте өнім өндірісінің өсімін жыл сайын жаңадан іске қосылатын құралдардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік құралдар арқылы алуға болады.
- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
- медициналық аспаптардың жетілдірілген түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын аспаптар, автоматты және жартылай орындайтын құралдар, әмбебап аспаптар, автоматтық машиналарды, сандық бағдарламалармен басқарылатын аспаптық құралдар;
- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;
- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының бірі – негізгі құраларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.
Әр кәсіпорын үшін негізгі құралдардың тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының тиімдісін таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.
Негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту оның айналымын жеделдету деп санауға болады, соңғысы өз кезегінде физикалық және моральдық тозу арасындағы айырманы қысқарту проблемаларын шешуге ықпалдасады, негізгі құралдарды жаңарту қарқынын жетелдетеді. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану мәселелері қазіргі экономикалық реформалау кзеңінің тағы басқа мақсатымен тығыз байланысты - өндірілетін өнімнің сапасын көтеру, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында жоғары сапалы өнім сұранысқа ие болып тезірек өткізіледі.
Қызмет көрсетуші
Бұл маңызды өндірістің мамандандырылуын дамытуға және медициналық қызмет көрсетуші ұйымдардардың сәйкесті техникалық қайта жарақтануға көңіл аудармасқа болмайды. Ұйымдардың мамандынуына тән емес қызмет түрін алып тастау, ірі орталықтарға тартылатын, медперсоналдардың резервтері бар кішігірім және орташа қалаларда арнайы медициналық орталықтарды қалыптастыру – бұның барлығы медициналық мекемелердің бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ететін негізгі құралдарды және қызмет көрсету күш-қуаттарды пайдалануын жақсарту мәселелерді шешу бойынша шаралардың қатарына жатқызылады.
Медициналық мекемлердің техникалық–экономикалық көрсеткіштерін талдау құралдары мен аспаптарының жаңа элементтері, оның ішінде кәсіпорынның мүлігіне салықты көбейту (өндірістік құралдар үшін қосымша төлем ақыларды нақты еңгізу), рентабелділікті және басқа да қаржылық көрсеткіштерді анықтау үшін жаңа әдістемелерді қолдану мүмкіндік негізгі өндірістік құралдарды пайдалануына ықпалдасады.
Демек, кәсіпорын негізгі құралдар тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары болып:
- медициналық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру, аспаптарды тиімді пайдалану;
- құрал-жабдықтардың жұмысқа
қабілеттілігін қадағалау,
- құрал-жабдықтардың техникалық және реконструкциялық жағынан қайта қаруландыру.
- стратегиялық маңызды бағыттарды өткізу мүмкіндігін жасау, гипс өнімін және гипс шикізатын диверсификациялау.
Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формациялардың аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Қоғамдық өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі екендігі жақсы мәлім. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Демек, кәсіпорын тиімділігін жоғарлату жолының негізгі бағыты ретінде ғылыми-техникалық прогресстің алар орны өзгеше. Яғни, өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).
Осы ерекшеліктер кәсіпорынның тиімділігін жоғарлатуда аса маңызды рөл атқарады, атап айтқанда;
Дегенмен, кәсіпорын іс-әрекетінің
тиімділігін арттыру үшін олардың
мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс
ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды
біршама кең көлемді
Өндіріске принципиалды жаңа технологияны енгізу, өндіріс процесіне үлкен икемділік, тез өзгеріп тұратын өндірістік және жеке қажеттіліктерге бейімделу мүмкіндігін беру, микроэлектрониканы кеңінен қолдану мен тарату көптеген материалдық және еңбек шығындарын үнемдеп, комплексті автоматтандыруға көшуге жағдайдың тууы кәсіпорынның игілігіне, сонымен қатар, өндірістің ғылыми сыйымдылық дәрежесін де күрт көтереді. Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайына үлкен ықпал ететін циклды факторлардан тәуелсіздігі аз, жоғары тұрақтылықты сипаттайтын жоғары технология салалар кешенін пәрменділікпен дамыту үлкен маңызға ие болады. Ақпараттық саланың рөлі мен маңызының өсуі әр қилы электронды – есептеу техникалары өндірісі мен оны бағдарламамен қамтамасыз ету, сол сияқты ақпаратты жинақтап, өңдеуді де қамтиды.
Қорыта келе, негізгі құралдарды анағұрлым толық пайдалану медициналық қызмет көрсету көлемінің өзгеруі барысында жаңа өндірістік күш-қуатты іске қосу қажеттілігі азаяды, ал сонымен кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануға (тұтыну қорға пайдадан салымдардың үлесін көбейту, резервтік қордың көп бөлігін технологиялық үрдістерді механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға мүмкіндікті туғызады) ықпалдасады.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін көтеретін техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық факторлары бойынша кәсіпорындардың ұдайы жұмысы табысты медициналық қызметтің, қаржылық жағдайдың тұрақтылығының, дамып жатқан нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелік қабілеттілігінің өсірудің кепілі болады.
Қорытынды
Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек. Олар өндірстік күштердің маңызды элементтері болып табылады және олардың дамуын анықтайды.
Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады
Еңбек заттары адам еңбек
процесіеде еңбек құралдарының көмегімен
әсер ететін заттар. Олар бір рет
қана қатысады, толығымен тұтынылады
және өзідернің құнын өнім құнына
көшіреді. Босалқы бөлшектер немесе сервистік
қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде
ескеріледі және пайдада немесе залалда
оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда,
ірі босалқы бөлшектер және резервтік
жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен
астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса,
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
ретінде сыныпталады. ҚЕХС 16 стандарттағы
тану бірлігін, яғни жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісі нені құрайтынына
ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты
ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану
өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды
талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген
шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді,
құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп,
осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға
болады. Осы тану принципіне сәйкес ұйым
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
бойынша өзінің барлық шығындарын оларды
шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісін сатып алуға немесе салуға
байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ
кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен
немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен
шеккен шығындарды қамтиды.
Бастапқы шығындар жылжымайтын мүлік,
үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны
қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін.
Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен
жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісін пайдаланудан алынатын болашақ
экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей
байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі
басқа активтерді пайдаланудан алынатын
болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның
алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын
мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай
активтері активтер ретінде танылуы мүмкін,
өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған
болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс
тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық
пайдалар алуын қамтамасыз етеді.
Еңбек үрдісінде негізгі құралдар өте жоғары орын алады, өзінің жиынтығында олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы пайджалану барысында негізгі құралдар кәсіпорынға келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері қалпына келеді; кәсіпорынның ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.
Үздіксіз ғылыми-техникалық
прогрес негізінде еңбек
Жедел техникалық прогрес
жағдайында техниканың жетілдірілуі
үнемі өтуде, ескі техиканы ауыстыратын
жаңа, жоғары өнімділікті механизмдердің
және аппараттардың түрлері
Негізгі және айналмалы құралдарды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.
Негізгі құралдарды тиімді пайдаланғанын талдағаннан кейін негізгі көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жалпы тиімділігін бағалауға болады.
Жалпылама сипаттайтын маңызды көрсеткіштер бойынша – қорқайтарымы және қор сыймдылығы, - осы кәсіпорында соңғы үш жыл бойы негізгі құралдар соңғы жылы тиімді пайдаланылды. Сонымер қатар еңбектің ең жоғары өнімділігі 2011 жылы қалыптасты, яғни бұл жылы жұмысшының бір басына негізгі құралдардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп келетін. Бұл ең алдымен жалпы құрылымда жоғары үлес салмақты алатын жаңа құралдарды еңгізу есебінен болды. Сонымен бірге кәсіпорында негізі құралдарды тиімді пайдалану есебінен өндіріс көлемін ұлғайтуға болады, бірақ ол үшін еңбектің өнімділігін көбейту керек.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін көтеру жалпы халық шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады.
Бүгінгі таңда Қапзақстан Республикасында бухгалтерлік есепті қайта қалыптпстыру процесі халықаралық тәжірибеге бағдарламамен белсенді өтуде. Бұл негізінен, біріншіден, жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуімен байланысты экономика позициясынан бухгалтерлік есеп әдетте кәсіпорын туралы ақпараттарды дайындау процесі ретінде қарастырылады және кәсіпорындағы негізгі құралдардың операциялары барысындағы негізгі құралдар қозғалысының есебі 2410 «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп Қазақстан стандартқа сай ұйымдастырылады.
Информация о работе Негізгі құралдарды пайдалануды талдау және оның маңыздылығы