Негізгі құралдардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 09:24, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 жылғы № 3 ұлттық комиссиясы бекітіп 1997 жылы күшіне енді.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарты бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі мақсаты кәсіпорын меншігіндегі немесе оның уақытша пайдаланудағы негізгі құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық есебін жүргізу немесе жедел басқару болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 40.38 Кб (Скачать файл)

Кіріспе 
 

        Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына үлкен өзгерістер енгізді. Бұрынғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай мемлекеттік меншіктің негізінде құралса, енді есеп айырысу, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.

        Қазіргі кезеңде біз экономикада  бухгалтерлік есеп пәнінің ескі  механизмін бұзып, жаңасын әлі  толық құрып болғанымыз жоқ.  Сондықтан бүгінгі күні төмендегі  маңызды проблемалар бойынша  пайда болған мәселелерді шешуді  қажет етеді: 1. Бухгалтерлік есеп  шоттарының Бас, одан соң Типтік, Жұмыс жоспарларын халықаралық  стандарттар негізінде жетілдіру; 2. Қаржылық есеп беру мен салықтық  есеп жүйесі бойынша жиынтық  табысты анықтау және салыстыру; 3. Экономиканы мемлекет тарапынан  реттеудің салықтық тәртібін  енгізу;

       Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды  басқаруда үлкен роль атқарады, өйткені оның қызметі, қаржылық  жағдайы туралы толық ақпарат  береді. Жалпы айтатын болсақ  бухгалтерлік есеп пен қаржылық  есеп бір – бірімен тығыз  байланысты екі сала.

      Қарастырылып  отырған курстық жұмыс кәсіпорындағы  негізгі құралдарды жіктеу, бағалау  және түсулерінің есебі бойынша  жиналған мәліметтерден тұрады.

      Курстық жұмыстын мақсаты: негізгі құралдарға байланысты барлық мәліметтерді талдау және мәніне жету.

Кәсіпорындағы негізгі құралдарды жіктеу, бағалау  және түсулерінің есебі Қазақстан  Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

         Ал курстық жұмыстын негізгі  бөлімін қарастыратын болсақ, бұл  бөлімде негізгі құралдар туралы  толық мәліметтер берілген. Негізгі  құралдар бұл – материалдық  өндіріс саласында да, өндірістік  емес салада да ұзақ уақыт  бойы қызмет етеді. Осы негізгі  құралдарға: жер, үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар  мен құрал – жабдықтар соның  ішінде автоматты машиналар және  жабдықтар, өлшеу және реттеу  аспаптары және қондырғылар мен  лабораториялық жабдықтар, есептеу  техникасы, басқа машиналар мен  құрал – жабдық, көлік құралдары,  құрал – сайман, өндірістік мүлік  және жабдықтар, шаруашылық мүлік,  жұмысшы және өнім беретін  мал, шыққан күрделі шығын басқа  да негізгі құралдар жатады. Негізгі  құралдардың есебі № 6 БЕС сәйкес  ұйымдастырылады. 

Ал кәсіпорынның негізгі құралдар есебін қарастыратын болсақ, негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын  инвентарлы карточкаларда әрбір  инвентарь объектісі бойынша  жүргізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь кітабында  жүргізіледі.

      Қаржылық  есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құн  бойынша бейнеленеді.

Бастапқы  құн жеткізу және орнату шыңындары  мен егер ол автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің құрылысы немесе сатып алуының  нақты шығындарынан құралады.

      Негізгі құралдардың синтетикалық есебі  № 2410 «Негізгі құралдар» шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 «Негізгі құралдардың  амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі.

      Негізгі құралдардың тозуы объектінің бастапқы құны мен қызмет мерзімінен келіп  шығады. Бұл кезде № 2420 шоттары  кредиттеледі, ал

№ 8045 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық  емес активтердің амортизациясы» шығындар шоты дебеттеледі.

      Қайта бағалау мен негізгі құралдарды одан кейінгі индекстеу есебі  үшін № 5320 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты қолданылады. Оның кредиті  бойынша негізгі құралдардың  бастапқы құнының көбеюі, ал дебеті бойынша индекстелген тозуы бейнеленеді.

      Негізгі құралдардың жойылу немесе сатылу себебі бойынша оларды шығыс ету үшін шоттардың 2 түрі қолданылады: № 6210 «Активтердің шығуынан түскен кірістер» мен № 7410 «Активтердің шығуынан алынатын шығыстар». Жылдың соңында бұл екі шот  № 5410 «Есепті жылдың пайдасы» шотында  жабылады. Табыстар жағы шығыстар жағынан  артық болса бұл пайданы білдіреді. Кері жағдайда – жасалған операциядан  болған залалды білдіреді.

      Қазіргі уақытта кәсіпорын жұмысының  тәжірибесінде негізгі құралдарды жалға алу кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы және кезең барысында  негізгі құралдарды өтеп алу құқығымен  ұзақ мерзімді жалға алум болып бөлінеді.

      Егер  біз қаржыланған жалға алу  барысында негізгі құралдарды өтеп алу шешімін қабылдасақ, онда олардың  құнын № 2410 «Негізгі құралдар» шотына № 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» шотымен корреспонденция  жазамыз.

      Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған  тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде  алынған материалдық құндылықтарға  жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген  тәртіпте жауапқа тартылады.  Негізгі  құрал – жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға беру кезінде  екі дана етіп акт дайындалады. Акт  негізінде мүлікті түгендеу карточкалары мен негізгі құрал – жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны  туралы белгі соғады.  
 
 
 
 
 

1 Негізгі құралдардың есебі

            Экономикалық мәні мен жіктемесі 
         

   Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 жылғы  № 3 ұлттық комиссиясы бекітіп 1997 жылы күшіне енді.

   Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандарты  бойынша реттеледі. Бұл стандарттың  негізгі мақсаты кәсіпорын меншігіндегі немесе оның уақытша пайдаланудағы  негізгі құралдар есебі методикасын  анықтау, шаруашылық есебін жүргізу  немесе жедел басқару болып табылады.

№ 6 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі  құралдардың есебі негізгі сұрақтарын келесі көрсеткіштерді дұрыс анықтау  болып табылады:

  1. Мойындау кезеңі;
  2. Қызмет ету мерзімі;
  3. Амортизация есептеу әдісі;
  4. Кезеңдегі күрделі салым;
  5. Бағалау әдісі;

Өндіріс процессі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады. Олар: 1. Еңбек заттары; (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)

2. Еңбек  құралдары; (станоктар, машиналар)

Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын  мүліктер, жер учаскілері, үйлер, ғимараттар, көп жылдық өсімдіктер және жермен тығыз байланысты көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, автомобиль жолдары  және т.б.

      Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

  1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;
  2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығаруын  қозғалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;
  3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
  4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді қайта құруды және шығындарды жүргізумен байланысты есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;
  5. Моральді және физикалық ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;
  6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру;

Негізгі құралдардың топтары:

  1. Күш беретін машиналар, жабдық – машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генгераторлар, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина қозғалтқыштар;
  2. Жұмысшы машиналар мен жабдықтар, бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және жабдықтар, станоктар, насостар, электрлі маторлар;
  3. Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары, бұл өндіріс процестерін өлшеу реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар; (амперметр, микроскоп, водометр, монометр)
  4. Есептеу техникасы, процесті жылдамдату автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар; (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары)
  5. Өзге де машиналар мен жабдықтар; (телефон станциялары, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары)
  6. Көлік құралдары, адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары; (автомобильдер, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы)
  7. Инвентарлық объект, барлық тиесілі керек жарақтармен және керек заттармен бірге жекелеген объект;
  8. Темірді, ағашты өндеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар;

    Кесетін, ұратын, қысатын, және тығыздайтын еңбек  құралдары;

  1. Инвестициялық объект, басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар. Жұмыс үстелі, шкафтар, өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін заттар;
  2. Шаруашылық инвентар, кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар.    

          Үстелдер, шкафтар, кілемдер және  т.б.;

  1. Көп жылдық өсімдіктер жасына қарамастан қолдан егілетін көп

     жылдық  өсімдіктер; (жеміс – жидек, жузәмдіктер,  көп жылдық гүл       өсімдіктері, роза плантациялары,  тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер)

  1. Жерлерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. Бұл, ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған инвентарлық сипаты жоқ шығын. Жер учаскілерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, егістікке жер бөлу, жерлерді тастардан тазарту;
  2. Өзге де негізгі құралдар, бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары жатады.     
 

  
 

1.1 Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау 
 

   Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап қайта өндіруді жоспарлауға  мүмкіндік береді. № 6 бухгалтерлік есеп стандарты бойынша бастапқы ағымдағы баланстық құндарды сату құнын  және жою құнын ажыратуға болады. Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу  сәтінде көрсетіледі, оған барлық қажетті  нақты өндірістік шығындар, негізгі  құралдарды орнату және сатып алу  шығындары соның ішінде:

  1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар; (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша қосылған құн салығы және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж)
  2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
  3. Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар;
  4. Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Жер учаскесінің  бастапқы құнына мыналар кіреді: 1. Шотта  көрсетілген сату бағасы; 2. Жылжымайтын  мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық  сыйақы;

3. Сатып  алу, сату құжаттарын ресімдеу  бойынша заңгердің көрсеткен  қызметін төлеу; 4. Салықтар мен  алымдар; 5. Жерді мақсатты пайдалануға  әзірлеу жөніндегі шығындар.

Сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:

1. Сатып  алу бағасы; 2. Тасымалдау шығындары; 3. Монтаждау; 

4. Жабдықтың  пайдалануға жарамдылығын тексеру  мақсатында сынақтан өткізу.

Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі  құралдарды қабылдау – өткізу № 1 нысанындағы  актілермен реттеледі.

Жас өсімдіктердің  бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау  жөніндегі нақты шығындардан  құралады.

Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге ұатысты  техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға  беріледі. Оған бас бухгалтер қол  қояды және оны субъект басшысы  немесе соған өкілетті адам бекітеді.

Негізгі құрал басқа объектіге сатылған кезде акт үш данадан жасалады. Оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі негізгі құралдарды қабылдайтын  тұлғаға беріледі. 
 
 
 
 

Информация о работе Негізгі құралдардың есебі