Нарықтық экономика жүйесіндегі қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2012 в 12:29, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы тѕрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Содержание работы

Кiрiспе…………………………………………………………………………… 2
. Қаржы жүйесінің теориялық негiзi
1.1. Қаржы жүйесінің экономикалық мәнi ………………..……………… 3
1.2. Қаржы жүйесінің кiрiсi мен шығыстары және олардың құрылымдары……………………………………….…………..……… 8
1.3. Қаржы жүйесі бюджеттiң негiзгi принциптерi және жергiлiктi
бюджеттiң құрылу ерекшелiктерi……………………………………... 17
. Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстары және оның құрылу принциптерi
2.1. Оңтүстiк Қазақстан облысының қаржы жүйесі бюджет
тапшылығының баланстылығына талдаулар…………………………... 24
2.2. Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджеттiнiң
тапшылығының негiзгi себептерi мен оны жою көздерi… ……………..

Қорытынды………………………………………………………………..… 60
Пйдаланылған әдебиеттер тiзiмi………………………………………… 62

Содержимое работы - 1 файл

Қаржы жүйесінің теориялық негiзi - www.topreferat.kz.doc

— 164.50 Кб (Скачать файл)

 Кiрiстер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы мемлекеттiң  нақты әлеуметтiк –экономикалық,  тарихи жағдайда жѕзеге асыратын iске асыру бағыттарына байланысты соның өзiнде мемлекет кiрiстердi қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдiстерiн пайдаланады. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң көздерi әдетте, салықтар немесе төлемдер болып табылады. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында – мемлекеттiк бюджетке қаржы тѕсiмдерiнiң басты көзi кәсiпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын төлемдер мен айналым салығының тѕсiмдерi болып келедi. Бұл төлемдер экономикалық мәнi жағынан салықтық тѕсiмдер болып табылғанымен, ресми тѕрде олай саналмайды. Сол сияқты 1991 жылға дейiн формальдi тѕрде салықтар қатарына жатпағанымен iс жѕзiнде өнiм мен оны өткiзу бағасының құрамына енетiн, жанама түрде халық төлейтiн әлеуметтiк салықтандыруға (10%-ке дейiн) бөлiнген қаражаттар бюджетке тѕсетiн. Халық шаруашылығы дамуының қазiргi кезеңiнде республикалық бюджеттiң кiрiсi мыналардың есебiнен қалыптасып отыр:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • меншiк формаларына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, (соның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың) пайдасына салынатын салық;
  • жер салығы;
  • тiркелген (ренталық) төлемдер;
  • құнды қағаздармен жасалынатын операцияларға салынатын салық;
  • Қазақстан республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк iшкi ұтыс заемының  қазыналық бондарын өткiзуден тѕскен табыстар;
  • Қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдердi аукциондарда сатудан алынған табыстар;
  • Мемлекеттiк мѕлiктi өткiзуден тѕскен тѕсiмдер;
  • Басқа да жалпы республикалық салықтар, алымдар мен салық алынбайтын әр түрлi төлемдер;
  • Сыртқы экономикалық қызметтен тѕсетiн табыстар (экспорттық және импорттық баж салығы, импорт бойынша сатып алынған бiрiншi қажеттегi тауарды сатудан тѕскен тѕсiмдер).

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк  формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жѕргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес Ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Мына қорларға тѕсетiн  және олардан аударылатын қаражат  республикалық бюджеттiң кiрiсi  құрамында ескерiледi.

Жер қойнауын қорғау және   минералдық шикiзат базасын ұдайы толықтыру қоры;

Экономиканы өзгерту  қоры;

 Жол қоры;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  мемлекеттiк қоры;

Кәсiпкерлiк қолдану  және бiрлестiк қоры;

Табиғат қорғау қоры;

1994 жылға раналған  республикалық бюджетке келiп тѕсетiн табыстар көздерi бойынша –салықтар, алымдар мен басқа тѕсiмдер оның кiрiсiнiң 40 пайызынан астамын мақсатты  қаржыландыру қоралары 50 және сыртқы экономикалық қызметiнiң кiрiсi  6,3 пайызын құрайды.

Жергiлiктi бюджеттердiң  кiрiстерi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген көздер және жалпы ақша есебiнен құралады.

Қазақстан республикасы азаматтарының шетел азаматтарынан  және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк баж  салығы, су ѕшiн төлем және табиғи ресурстаға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар ставкаларвн жергiлiктi әкiмдер айқындайтын жергiлiктi салықтар мен алымдар, Қазақстан республикасының  1992 жылғы мемлекеттiк iшкi заемын орналастырудан тѕсетiн тѕсiмдер, алымдар мен салық салынбайтын әртѕрлi төлемдер толығымен жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен есептелiнедi; республикалық бюджетке есептелетiн жекелеген табыс тѕрлерi бұған қосылмайды. Жалпы мемлекеттiк салықтар, алымдар мен теөлемдер бөлiгiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi.

Мемлекеттiк бюджеттiң  шығыс бөлiгi көптеген бағыттарды қамтиды. Олар iрiлендiрiлiп, былай бiрiктендiрiледi: халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы бүкiл шығыстардың 19 пайызын құрайды;

Әлеуметтiк- мәдени шараларды қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы- 6 пайыздан астамын құрайды.

Қалған қаржы мемлекеттiк  ѕкiмет, мемлекеттiк басқару, сот  органдарымен прокуратураны, құқық  қорғау органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалады.

Қаржының бiр бөлiгi министрлер кабинетiнiң резерв қорын құрауға, мемлекеттiк борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.

Республика бюджетiнiң  шығыс бөлiгiнiң құрамы мен құрылымы- әлеуметтiк- экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыруға  6,4 % мемлекеттiк ѕкiмет органдарын, сот органдарын және прокуратураны ұстауға- 0,8 %. Қаржы резервiн құру және мемлекеттiк борышты атқаруға шығындар қарастырылады. Халық шаруашылығын және әлеуметтiк –мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының едәуiр бөлiгi субвенция формасында төменгi бюджеттерге жiберiледi.

Кiрiстер мен шығыстардың  тәптiштелген тiзiмi мен топтамасы  бюджет жiктемесiмен айқындалады. ²Бюджет жiктемесi²- бұл мемлекеттiң қаржы органдардың бѕкiл бюджеттiк қызметiнiң негiзiн қалайтын бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының жѕйеленген экономикалық топтамасы.

Бюджет жiктемесi  мемлекеттiң  экономикалық және әлецуметтiк дамуының жоспарлы, болжамдары мен бағдарламалары министрелер мен ведомствалар, ұйымдар  мен мемлекеттердiң қаржы жоспарларының  бюджеттiң байланысын қамтамасыз етедi, жеке сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметаларға және жоспарларға бiрiктiруге мѕмкiндiк бередi, жиынтық жоспарлар мен бюджет жазбаларының байланысын қамтамасыз етедi.          

Бюджет жiктемесiнiң бөлiм, тарау  және баптары болады. Бюджет кiрiстерiнiң жiктемесiнде бөлiмдер кiрiстердiң (қосылған құнға салынатын салық, халықтан алынатын мемлекеттiк салықтар және тағы басқа) тараулар әрбiр бөлiмде өзiндiк мәнге ие: мысалы ²қосылған құнға салынатын салық² бөлiмiнде тараулар өнiм өндiретiн және осы салықты арнайы бөлiмдер бойынша төлейтiн халық шаруашылығы кешендерiн анықтайды. Сыртқы экономикалық қызметтiң кiрiстерiн есептейтiн бөлiмде импорт және экспорт баж салықтары, тауар айырбасы операцияларынан тѕсетiн кiрiстер, биржа операцияларынан тѕсетiн тѕсiмдерге және тағы басқа тарауларға бөлiнедi.

Шығыстар  жiктемесiнде бөлiмдер қаражаттардың негiзгi бағыттарын көрсетедi. Мысалы: 100 бөлiм ²халық шаруашылығы², 150 бөлiм ²сыртқы экономикалық қызметпен байланысты шығындар², 200 бөлiм ²ағарту², 201 бөлiм ²мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары², және  тағы басқаны көрсетедi. Ал тараулар ұйымдар мен кәсiпорындар бiр тұрпатты мекемелер, сондай-ақ шығындар мен шаралар тѕрлерi бойынша шығындарды  бiлдiредi.

Кәсiпорындар мекмелер мен ұйымдар  ѕшiн кiрiстердi есептейдi және бөлiмдер мен тараулар тұрғысынан шығындарды қаржыландыру тараулар бойынша жѕргiзiледi.

Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарды  қаржыландыру шығындардың жеке түрлерiн  анықтайитын баптар бойынша жүргiзiледi: еңбек ақы қоры (еңбекке ақы  төлеу), жалақы есебi, кеңсе және шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу кѕрделi жұмысалым, күрделi ғимараттарды жөндеу және тағы басқалары.

 Қазақстан Республикасындағы  бюджет жүйесi тѕрлi денгейдегi  бюджеттiң жасалуы барысында қалыптасатын  қатынастарды реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң орындалуын бақылайды және орындалуын, бекiтiлуiн, қаралуын, жасалу тәртiбiн айқындайды. Бюджет мемлекеттiң  орталықтандырылған ақшалай қоры, заңмен немесе жергiлiктi үкметтi органдардың шешiмiмен бекiтiлген. Заң актiлерiмен қаралаған салық есебiмен, төлемдерден басқа да мiндеттi төлемдерден, капиталмен жѕргiзген операциялар табысының, салықтық және басқа да тѕсiмдерден қЅрылған және мемлекеттiң өз қызметiн атқаруды қамтамасыз етуiне тағайындалған ақшалай қор болып келедi.

Қазақстан Республикасының  бюжет жүйесi  түрлi денгейдегi бюджеттiң  жасалуы барысындағы қалыптасатын қатынастарды реттейдi, республикадлық және жерглiктi бюджеттердiң орындалуын бақылайды және орындау, бекiтiуiн, қаралуын, жасау тәртiбiн айқындайды. Бюджет мемлекеттiң ортаықтандырылған ақшалай қоры, заңмен немесе  жергiлiктi ѕкiмет органдардың шешiмiмен бекiлтiген, заң актiлерiмен қаралған салық есебiмен, төлемдерден басқа да мiндеттi төлемдерден, капиталмен жѕргiзiлген операциялар табысынан салықтық және басқа да тѕсiмдерден құрылған және мемлекеттiң өз қызметiн атқаруды қаматамасыз етуiне тағайындаған ақшалй қор болып келедi. Бюджеттiк өтiнiш -Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiктерi  бекiикен формасы бойынша олардың әкiмшiлктерiнiң берген бюджеттiк бағдарламаларының қаржылық негiздемелерi. 

Бюджеттiк алу –облыстық  бюджеттермен және Алматы, Астана қалаларының  бюджетiнен республикалық бюджетке заңмен  айқындалған соммада берiлетiн  заңды трансферттер немесе жергiлiктi  маслихаттың шешiмiмен айқындалған соммада аудан және қала бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн заңды трансферттер.

Бюджеттiк жiктелу- қызметтiк, ведомстволық  және экономикалық сапасы бойынша  Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлiктерi бекiткен  бюджетке түсу және  бюджеттен жұмсалу топтамалары болып келедi.

Облыс бюджетi – бiр-бiрiнiң  арасындағы өзара жатқызылатын  операциялар есебiнсiз жасалған облыстық, халалық және аудандық бюджеттiң  жиынтығы.

Бюджеттiк бағдарлама- айқын бiр мемлекеттiк  қызметтi орындау  бойынша iс шаралар жиынтығы.

Бюджеттiк процедура  – бюджеттi жасау, қарау, бекiту, қолдану  бойынша, оның орындалуы бойынша  есебiн бекiтудегi  мемлекеттiк  органдар  мен қызметтiк  тЅлғалардың  қызметтерiн заң өкiлдерiмен белгiлеу.

Үкiметпен кепiлдендiрiлген қарыз- Қазақстан республикасының ѕкiметiнiң кепiлдiгi бар, айқын бiр уақытта  игерiлген сумма және қайтарылмаған, өтелмеген заемдар.

Мемлекеттiк құнды  қағаздар – үкiметтiң  және жергiлiктi  атқарушы органдардың  шығарған құнды  қағаздарын және Қазақстан республикасы Ұлттық банкiнiң  құнды қағаздары.

Мемлекеттiк бюджет- бiр  –бiрiмен өзара жатыстырылу есебiнсiз, республикалық жергiлiктi бюджеттер  жиынтығы.

Бюджеттер тапшылығы  – шығыстар көлемiнiң бюджеттен  қайтарымды негiзде  бөiнген кредиттердiң  бюджетке тѕсетiн түсiмдердiң  жалпы сомасынан асып кетуi. Бекiтiлген республикалық бюджет тапшылығының  мөшерi Ұлттық валютамен және iшкi жалпы  өнiмге қатысты  процестен, ал жергiiктi бюджеттiң  тапшылығы  Ұлттық валютамен  көрсетiледi.

Бюджет кiрiстерi- салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдерден алынатын тѕсiмдердiң салыққа жатпайтын және  өзге де тѕсiмдердiң, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде кеiп тѕсетiн капитамен жасалынатын  операциялардан түсетiн кiрiстердiң көлемi.

Жергiлiктi бюджеттер – облыстық бюджеттер арнаулы экономикалық  аймақтардың қаржы қорлары қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа)  қала аудандарды  қоспағандағы, аудандардың бюджеттерi; жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз ауы – облыстар, Астана және Алматы  қалаары әкiмдерiнiң   жергiлiктi  атқарушы органдардың шарты немесе бағалы қағаздарды нысанадағы заемдарда тарту, алу, орналастыру, қызмет көрсету және  өтеу процесi. Бюджеттiк профициттiк пайдалану – борыштың  негiзгi соммасын қайтаруға  жiберiлетiн бюджет профицитiнiң заем қаражаттары тѕсiмi шегерiлген көлемi.

  Бюджет профицитi               

 

    1. Бюджеттiң негiзгi принциптерi және жергiлiктi бюджеттiң құрылу ерекшелiктерi

    Мемлекеттiк  бюджет бiртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптерiне негiзделедi. Бiртұтастық принципi-бюджет жѕйесiнiң ұйымдық эканомикалық орталықтандыру дәрежесiн бiлдiредi. Бұл принцип бұрынғы Кеңес Одағының бюджет жѕйесiнде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазiргi уақытта жергiлiктi органдардың дербестiк алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнiнде бiршама құқықтар берiлуiне байланысты әлсiреп отыр.

   Бiртұтастық мемлекетте  бiрiңғай бюджет жѕйесiнiң, елдiң  аумағында әрекет ететiн мемлекеттiк  табыстардың жалпы жѕйесiнiң өмiр  сѕруiнде, мемлекеттiк шығындардың  бiркелкiлiгiнде қаржы құжаттарының бюджет жѕктемесiнiң бiрлiгiнде көрiнедi. Бұл принцип бюджеттi жоспарлаудың әдiстерi ұйымдастырылудың  бiрiңғайлылығын  оның әлеуметтiк-эканомикалық болжаммен өзара байланысын қамтамассыз етедi. Бюджеттiң бiртұтастығы принципiнiң мiндетi парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрмендi бақылау орнату.

     Толықтық  принципi-ѕкiметтiң барлық қаржы  операцияларының, барлық жиналатын  кiрiстер мен жұмсалатын шығындардың  бюджетте шоғырландырып, мемлекеттiң  барлық тѕсiмдерi мен шығындары әрбiр бапта ескерiлетiндiгiн бiлдiредi. Қазiргi уақытта бұл принцип iс жѕзiнде қолдалынбайды. Өйткенi бюджеттi арнайы шығыстармен былықтыру жөнсiз деп саналады, сондықтан соңғы кезде мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк-әлеуметтiк сақтандырудың дербес бюджеттi бөлiп шығарылады.

    Қаржының едәуiр  бөлiгi арнайы бюджеттен тыс  қорлар бойынша жѕрдi. (зейнет  ақы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтiк сақтандыру және  т.б.). Бұдан басқа ²Қазақстан республикасындағы бюджет жѕйесi туралы² заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру ѕшiн немесе белгiлi бiр мақсаттарға қаржы жетпесе ағымдағы бюджеттiң орындалуы ескерiлiп қосымша бюджет құралды. Оны мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекiтедi.

      Нақтылық принципi-бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау ѕшiн қажет, ол бюджеттiң мемлекеттiң қаржы операцияларының  нақты көрiнуiн көрсетiлген сомалардың сәйкес келуiн қарастырады мұнда нақтылық даму болжамдары, бағдарламалары көрсеткiштерiне негiзделiп бюджет резервтерiмен нығайтылған барлық кiрiстер көздерi мен шығыстар бағыттары есептеушiлерiнiң негiздемелерiне қарай анықталады.

Жариялық принципi- бюджеттiң  кiрiстерi мен шығыстары туралы мәлiметтердi жұртшылықты бюджеттiң құрамы және құрылымымен, тапшылық көлемiмен және оны жабудың әдiстерiмен (шығындарды қысқарту, кiрiстердi көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру ѕшiн баспасөзде жариялау талабын бiдiредi. 

Информация о работе Нарықтық экономика жүйесіндегі қаржы жүйесі