Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:

Содержание работы

Мазмұны
Кіріспе
1 Меншік капиталының есебі
1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
1.2 Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары
1.3 Жарғылық капиталының есебі
1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
1.5 Резервтік капиталдың есебі
1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

2 Меншік капиталының аудиті
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері
2.2 Жарғылық капиталының аудиті
2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
2.4 Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

курсовая.doc

— 215.00 Кб (Скачать файл)

     Мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталы, өндіріс  кооперативі сияқты, екі функцияны  орындайды – мүліктік және кепілдік. 

Жарғылық  капиталды тексергенде аудитор  бірінші кезекте  келесі жағдайларды  қарастырады :

1) Бас  кітап бойынша баланстық көрсеткіштерді  тексеру;

2) синтетикалық  және аналитикалық  есепті енгізудің  дұрыстығын тексеру;

3) жарғылық  капитал құрылуының дұрыстығын тексеру;

4) құрушының  салымдары  толық және уақытылы  келуін жазуды тексеру;

5)  жарғылық  капиталының өзгеруінің дәлелділігін  және қатысушылардың құжаттарының  және уақытылы енгізілуін тексеру;

6) мүлікті  түгелдеу және басқа мүліктік құқық, өндірістің жарғылық  капиталына жарна ретінде негізу

7)  жарғылық  капиталы есебінде табылған қателіктерді,өңделген  және дәл ұсыныстар бойынша   жұмыс істеп тұрған  заң бойынша   жою;

8) жарғылық  капитал көлемінің құқықтық-нормативтік  акті талаптарына сай болуын;

9) жарғылық  капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;

10) бухгалтерлік  есепте жарғы капиталының   шамасына ықпал ететін операцияларды  көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың  дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде  төменгідей өткізбелерге ерекше көңіл бөлінеді :

     Дт 5020 «Төленбеген капитал» шотына және Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына; жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кт 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына, 12 «Негізгі құралдар», 20 «Материалдар», 22 «Тауарлар», 42 «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шотардағы ақша», 44 «Ұлттық валюта ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және 45 «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелердің шоттарына жазу түседі.

     Жарғылық  капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары  кіреді. 

Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1 баланс  көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне  сәйкестігін тексеру Баланс, 501,502,5010,5020,521 шоттары бойынша  Бас кітап
2 Жарғылық  капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізілімі, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттар, НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру актілері, төлем тапсырмалары кірістік кассалық  ордерлер және т.б
3 Жарғылық  капиталды қалыптастырудың дұрыстығын  тексеру  Қолданылып  жүрген заңнама құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтама
4 құрылтайшылардың  жарнасын (салымдарын) кіріске алудың  толықтығы мен мерзімділігін  тексеру НҚ мен МЕА  қабылдау-тапсыру актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары, кірістік кассалық ордерлер, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазуларжәне т.б
5 Жарғылық  капитал өзгерісінің негізділігін  және оны құрылтайшы құжаттарға  енгізудің мерзімділігін тексеру Құрылтайшылардың (меншік иелерінің) және акционерлерінің  жалпы жиналысының шешім хаттамалары,эмиссия  жобасы мен құрылтайшылық шарты
6 кәсіпорынның  жарғылық капиталға жарна ретіндесалынған   мүлікті құқықтарды түгендеу Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі (ведомость) және с.с
7 қолданыстағы  заңнамамен салыстырғандағы жарғылық  капитал есебінде анықталған  ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды  әзірлеу мен негіздеу Аудитордың  тұжырымдары, есептеулері және ұсыныстары

     Бұл аудит процедураны жүргізгенде тексерушінің басты  анықтайтыны :субъектінің қашан және қай ауданда тіркелгендігі, құрушылары кім және олардың жарғылық капиталында бөлігі қандай, құрылу тізімі қандай?

     Жарғылық  капиталының құрылу тізімі заңмен және құрушы құжаттармен реттеледі. Меншік формаларына байланысты әртүрлі құрылады. Мемлекеттік субъектілердің жарғылық капиталы, мемлекеттік бюджеттен субъектіні пайдалану және қызметін жүзеге асыру кезеңінде басталады (барлық құрылыс, монтаждау,жөндеу жұмыстары,құралдардың сомасы, айналым және ақша қаражаттарынан тұрады). Мемлекеттік емес коммерциялық  кәсіпорындардың жарғылық капиталы құрушылардың салымдарынан құралады (ақшалай, материалдық т.б ).сондықтан ол бірнеше құрушы акционерлік қоғамдардың, заңды және жеке тұлғалардың, серіктестіктер және басқа құрушы субъектілердің меншігі болып табылады.

Аудитор білу керек, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тіркелуі және қайта тіркелуінде жарғылық капитал тексерілмейді. Тәуелсіз  экспертпен орындалатын экспертиза қызығушы тұлғамен төленеді. Тексеру орындалуы мүмкін :

1) қатысушының  талабы  бойынша, (ол құрушы болады), серіктестік мемлекеттік тіркеуден  өткен соң;

2) соттың  шешімі бойынша ;

3) әр  қаржылық жылдың – қаржылық  есеп берудің қорытындысы бойынша. 

     2.3   Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың   аудиті

     Резервтік капитал – іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған  шығындарды және инвесторларға осы  мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады. Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ. Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс. Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан  бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады. Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғартуға  міндетті. Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі.

      1. Резервтік капиталға аударымдар – Кт 551 «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 552 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Дт 5410 «Есепті жылдық бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты бойынша.
      2. Резервтік капиталды пайдалану Дт 551,552 шотары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады :

 а)  «Қатысушылардың дивиденттері бойынша  есеп айырысу» 62 бөлімшесі және 4430 «Басқа да» шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 68 бөлімшесі бойынша есепті  жылдың    табысы болжаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивиденттер мен кіріс төлеуге;

 ә)  «Бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян)»  56 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

 Резервтік  капитал есебі 13 журнал-ордерде  жүргізіледі. Аудитор резервтік  капиталды тексергенде оны құру  мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша жыл басы мен соңындағы қалдықтарды 13-ші журнал-ордердің мәліметтеррі бойынша Бас кітапта келтірілген 501 шот қалдқтарымен сәйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.

     Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құннан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сияқы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы Кт 531 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Дт 1050, 1040,1010 шоттарымен бірге немесе 334  «Басқа да дебиторлық берешек» шотында көрсетіледі. 

     Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 531 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот  кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстыру қажет.

     Меншікті  капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады. Төленбеген капиталдың пайда болу есебі :

1) мемлекеттің  тарапынан кәсіпорынның барлық  активтері қайта бағалансын деген  қаулысына сәйкес нарықтың сұранысқа  сәйкес бағаланады. Бұл процес  әр активтің өзіндік коэфицентіне  сәйкес жүргізілді.

2) кәсіпорын  басқа кәсіпорындарға өзінің үлестік қатынасы бойынша алған дивиденттін көлемінен төленбеген капиталдың үлес салмағы артады.

3) 2006 жылдың  қаңтарынан бастап Қазақстанның  экономикасын 70 % -н құрайтын технопарктердің  бағалы қағаздары артуына байланысты.  

Негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалау сомасына бар болуымен айналымы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 541 «негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал», 5320 «Инвестицияларды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» және 5320 «Басқа да активтерді бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал» шоттары арналған.

     Аудитор жоғарыда аталған шоттардағы ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау бойынша  операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексергені жөн. Бұл шоттардың кредиті  бойынша негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 12 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржы инвестициялары» тиісті шоттардың дебетімен бірге корреспонденцияға жасаған қайта бағалау нәтижесінде ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал дебеттеледі бойынша :

а) қайта  бағаланатын негізгі құралдар бойынша  тозуды түзету сомасы («Негізгі құралдардың  тозуы» 13 бөлімшесінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда) : Дт 12 бөлімше  шоттары  Кт 5320 шоты, Дт 5320 шоты, Кт 13 бөлімше шоттары;

ә) істен  шыққан негізгі құралдар бойынша  қайта бағаланған қызмет ету мерзімі  ішінде бөлінбеген табысқа көшірілмеген сома (5410 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотымен корреспонденцияда; Дт 5320  шоты Кт 5410 шоты – НҚ істен  шыққанда);

б) істен (есептен) ығарылған ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары бойынша қайта бағалау сомасы (5410 немесе 6210 «Инвестициялардың, қаржы инвестицияларының шығарылуынан түсетін табыс» 72 бөлімшелерінің шоттары мен бірге корреспонденцияда). 54 «Қосымша төленбеген капитал» шоты бойынша кредиттік айналымдар 13 журнал-ордерде көрсетіледі. Тексеру барысында баланстың қосымша төленбеген капитал» бабы бойынша.  
 
 
 
 

     2.4 Бөлінбеген табыс  (жабылмаған зиян) аудиті

     Аудит жургізу барысында ен алдымен  бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезеңі басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптің 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» және 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал- ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.

     Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды  көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы шоттардың  бірінғай жоспарыны сәйкес 571  «  Жиынтық табыс (зиян)» шотында белгіленеді.

     Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VII  «Табыстар» бөлімнің шотымен алынған  табыстың жиынтық сомасы, ал  дебит  бойынша VIII «Шығындар» бөлімнің шотымен  алынған шығындардың  жиынтық  сомасы көрсетіледі. ДТ 571 және КТ 80 шоттары ; ДТ 70 және КТ 571 шоттары; ДТ 7700  және КТ 3110 шоттары; ДТ 571 және КТ 7700; ДТ 571 және КТ 5410 шоттары. 571 «Жиынтық табыс зиян» шоты бойынша дебит кредит айналымдарын салыстыру арқылы  5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотына көшірілетін таза пайданың (зиянның) сомасы анықталады. Егер есепті  кезеңде пайда алынса, онда  571 «Жиынтық табыс зиян» шоты дебеттеледі және 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5410 шот дебеттеледі және 571 кредиттеледі. Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес  жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 55- бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебиттеледі және 5410 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға дивидендтпен пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5410 шотынан 5430 шотына көшіріледі, сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55- бөлімше шоттарымен резервтік  капиталдың қаржысын өткен жылдың зиянын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебит бойынша «Қатысушылардың дивидентттерімен табыстары бойынша  есеп айырысудың» 62- бөлімше шоты, «Басқалардың»  3390 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 68- шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивидендтер  мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңында аудитор бөлінбегн табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау үшін әр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистірлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есптілік  формалары да кіреді. Бұдан келіп неге аудитор ең алдымен баланстың осы бабын тексереді деген сұрақ туады. өйткені бұл баланстың ең осал жері болып табылады :  
 

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті