Меншікті капиталдың аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:

Содержание работы

Мазмұны
Кіріспе
1 Меншік капиталының есебі
1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
1.2 Меншік капиталын қалыптастырудың жолдары
1.3 Жарғылық капиталының есебі
1.4 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
1.5 Резервтік капиталдың есебі
1.6 Бөлінбеген және жиынтық табыстың (жабылмаған зиян) есебі

2 Меншік капиталының аудиті
2.1 Меншік капиталын аудиттеу көздері
2.2 Жарғылық капиталының аудиті
2.3 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың аудиті
2.4 Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) аудиті
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

курсовая.doc

— 215.00 Кб (Скачать файл)

     Егер  де салым ретінде субъектіге мүлікті  пайдалану құқы берілсе, онда бұл  салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген  барлық мерзімі үшін  есептелген сомадан анықталады.

     Мүліктік  құқы жоқ және басқа да материалдық емс игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серікткстікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды. Қосымша және жауапкершілігі  шектелген серіктестіктердіңжарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

     Аталған  серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің  жарғылық капиталының жалпы сомасының 25%-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

     Ол  мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар  өзінің есебінен бермеген  үлесінің бір бөлігін  қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

     Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының  мөлшері біріңғай валюта көрсетілген  барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам  өзінің шығады  деп жариялап қойған акцмяларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

     Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі  ашық акцмонерлік  қоғам үшін – бес мың минималды есептік  көсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

     Акционерлердің  жалпы жиналысында анықталған  әрі жарияланған санының  шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

     Қоғамның  шығарылған (төленген) жарғылық капиталының  деңгейі шығарылған акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болад. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан  шығарылған немесе сатып алынған және жойылған  акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін.бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минмалды деңгейден төмен болмауы  керек.

     Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

     Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

     Барлық  кредиторларға кем дегенде 30 күн  бұрын хабарланған соң, жарияланған  жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда  кредиторлар  өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

     Қоғам акциялары  жай және айрықша болып  келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын  қанағаттандырады:

  • дивидендтер алуын;
  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны  шығаруға  құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)  акцияның қозғалысы, яғни акцияның  өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік  қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

     Жарғылық  капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші “Жай акциялар”, 502-ші “Айрықшылығы бар акциялар” , 5010-ші “Қосқан үлестер  мен жарналар” шоттары енетін 50-ші “Жарғылық капиталы” деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі. 50-ші “Жарғалық капитал” бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

     50-ші  “Жарғылық капитал” бөлімшесінің  шоттары бойынша операцияларын  қарастырайық.ъ

     501-ші  “Жай акциялар”, 502-ші “Айрықшылығы бар акциялар” шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5020-ші “Төленбеген капитал” шотымен кореспонденцияланады.

     Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе журналдардың номиналдық құны төленсе,онда ол: 1050, 432, 1060, 1010, 1020, дебеті бойынша және 5020 шоттың кредиті  бойынша көрініс табады. Кәсіпорынның жарияланған капиталы - 1 млн. тенге. Ал  құрылған капиталы – 900 000 тенге.Бұл жағдайда мынадай проводка жасалады: 1-ші кезең 5020            5010 – 1млн. тенге

2-ші  кезең 

1050             5020 – 400 000

1020             5020 – 150 000

1010             5020 – 50 000

1060             5020 – 60 000

1310             5020 – 80 000

2413             5020 – 260 000

2730             5020 – 160 000

                                                          

                                   900 000

 

5020             5010 – 1 000 000  

Себебі  жарияланған капитал кейде жабылмаған капитал 5020 шоты активті және пассивті болып келуі мүмкін. Сондықтан 5020-дан  2180-қа береміз. Демек бұл шотта басқа кәсіпорынның деиторлық  қарызы  емес, осы кәсіпорынды ашқан құрылтайшылардың қарызы болып есептеледі. Демек бұл бухгалтерлік есептің ең бір осал жерін көрсетеді.                                                                                                        Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 және 5020 шоты кредиттеледі.

     Жоғарыда  атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген  серіктестіктердің жарлық капиталын  қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 1270 “Есептелген пайыз” шотының дебеті бойынша және 6110 “Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

     Егер  де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5020 шоты дебеттелген және 5010 шоты кредиттелген-қызыл жазылады.

     Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып  кетсе, онда оның үлесін үшінщі тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық  капиталдың  сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.

     Егер  де қатысушылар  шығып  кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал  да  азаяды, демек: 5010 шоты дебеттеледі де, 1040,1010, 2730, 2411-2417, 1310-1315, 1330 шоттары кредиттеледі.

     Егер  де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501,502 шоттары  дебеттеледі де, 521 – «Қайтып алынған  капитал» шоты кредиттеледі.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар

 № Операциялардың  мазмұны Дебиттелетін  шот Кредиттелетін шот
1 Үлес қосушылар  мен салымшылардың акционерлік  қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы 5020 501,502
2 Серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқа) жарғылық қорының  қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) 2730

2411-2930

1310-1317

221-224

1070

1050

1040,1010,1020                           

5020
3 Серіктестіктеодің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық  қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы 5020 2730

2411-2930

1310-1317

221-224

1070

1050,432

1040,1010,1020                           

4 Кәсіпорынның  өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының  құнына 501,502 521
5 Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық  қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды 5020 1050,432

1040

1010,1020

6 Үлес қосушылар  мен құрылтайшылардың және басқа  да салымшылардың акционерлік қоғам  жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары 5020 501,502
7 Жарғылық қорға  шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа  байланысты өсуі 5020 6250
8 Жарғылық қорға  шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі 7430 5020
9 Үлес қосушылар  мен құрылтайшылардың және салымшылардың  ақшалай түрде қосқан үлес салаларының  келіп түсуі  1050,432

1040

1010,1020

5020
10 Үлес қосушылар  мен құрылтайшылардың және салымшылардың  акционерлік қоғамға материалдық  емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы 2730

2411-2930

1310-1317

1330

5020
11 Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына 521 1050,432

1040,1010

1020

12 Сатылып алынған акциялардың сатып алу және аталы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:
  • егер акциялар өзінің атаулы төмен бағаға сатылып алынса;
  • егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса
521 5410

521

13 Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы 2940,1040

1010,1020

531
14 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы  құнының өсуі 2412-2930 5320
15 Негізгі құралдарды қайта бағалауға  байланысты оларға  бұрын  есептеліп жинақталған тозу  құнының өсуі 5320 2421-2429 
16 Негізгі  құралдардың  пайдалануына қарай қайта бағалау  сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны 5320 5410
17 Инвесторлардың, серіктестіктердің активтері қайта  бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестердіңтаза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына 542 2310
18 Қайта бағадаудың нәтижесінде алынған ұзақ мерзімді қаржы инвестицмяларының бастапқы құны сомасының өсуі 1150 542
19 Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының  өскен сомасына бағасының кемуі 542 1150 
20 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептеп  шығарған уақыттағы, олардың бұрын  қайта бағаланған сомасы 542 5410,6210
 

     1.4  Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

     Капиталдың  қозғалысы бойынша  операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы  әрбір кәсіпорын үшін зор болып  саналады. Төменде капиталдың қозғалысы  бойынша  тиісті операциялар көрсетілген.

     Төленбеген  капитал есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5020-ші «Төленбеген  капитал» шотын пайдаланады. Бұл  шотта заңды және жеке тұлғалардың  шаруашылық  серіктестіктің жарғылық  қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады. 5020 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, өзінің табиғаты бойынша активтік  шот болып табылыды. Сондай-ақ , 5020 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

     Жарияланған  (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық  қор сомасына 5020-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші «Жарғылық  капитал» бөлімшесінің шоттары – 501-ші «Жай акциялар» , 502-ші «Артықшылықты акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5010-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

     Жарғылық  қорға салымдардың салынуының жүзеге асыруылына қарай 5020-ші «Төленбеген  капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

     -материалдық   емес активтерді жарғылық  қорға жарна ретінде төлеу кезінде-2730 шоттары;

     -жерді,  негізгі құралды, малды, аяқталмаған  құрылыс объектілерін жарғылық  қорға жарна ретінде төлеу  кезінде-2411-2417 шоттары;

     -материалдар  мен тауарларды жарғылық қорға  жарна ретінде төлеу кезінде  1310-1315,1317 , 1330 шоттары;

     -ақшалай  қаражаттарды жарғылық қорға  жарна ретінде аударған кезінде  -1010, 1020, 1040, 1050, 432 шоттары дебеттеледі. 

     Егерде 5020  шотының дебеттік қалдығы  болмаса, онда кәсіпорын көзінің  жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

     5020-ші  шоты бойынша аналитикалық есеп  акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар)  бойынша  жүргізіледі.

Информация о работе Меншікті капиталдың аудиті