Еңбекақы шығындарының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 08:40, курсовая работа

Краткое описание

ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................3
І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан
ұсталатын ұсталымдар...........................................................................7
ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................11
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті.......................................11
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің
мақсаты мен міндеттері.......................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................25

Содержимое работы - 1 файл

Еңбекақы шығындарының аудиті.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)

Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы  басқалар да топтарға бөлінеді.

Басшылар қатарына – директорлар, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқада қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен ұйымдарға, яғни шаруашылық субъектіге қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің, яғни шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:

1. Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т – 1;

2. Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т – 5;

3. Демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т – 6;

4. Жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т – 8.

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын  толтырады.

Еңбек кітапшасы – мамндар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай – ақ ескертулері, сөгістері және тағы басқа деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т – 2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты – жөні, ұлты, еңбек стажы, дүние келген күні, айы және дүниеге келген жылы, мекен – жайы және тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.

Шаруашылық субъектісіндегі әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік номер беріледі. Бұл номер – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни уақыттағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімднгі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке айысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір күнтізбелік күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни айдың басынан аяғына дейін, мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды сандық күнтізбелік күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай – ақ басқа да жұмыс істейін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің, сондай – ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі санына теңеліп алынады.

Толық ай істемеген шаруашылық субъектісінде, құрылыс ұйымдарында жаңадан іске қосылған шаруашылық субъектісінде, сондай – ақ маусым мен жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоа есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.

Орташа шамалы көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір категорияларына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

1.                                   Жүкті және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай – ақ бала асырап алған әйелдер;

2.                                   Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);

3.                                   Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталағанжұмысшылар мен қызметкерлер, сондай – ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсугеемтихан тапсыр үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;

4.                                   Әкімшіліктің ынтасы бойынша еңбекақысы сақталмайдемалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар;

5.                                   Орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтауға, олардың қатарынан нақтылы жұмыс істегеніне қарай пропорционалды түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатын, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық номенклатураға бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер табылады.

6.                                   Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіреді. Олардың саны сол жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақыны, сол шаруашылық субъектісінде негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің сол айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықтайды.   

 

2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты

мен міндеттері

 

Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекее ақы төлеуді есептеу өніндегі бастапқы құжаттар ( мысалы, жұмыс істеген уақыт табель мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтінҚР «Еңбек туралы» заңы , Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткішінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын балансындағысымен салыстыру қажет.

Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарыа сәйкестігі тексеріледі.

Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттардың қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазарып өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.

Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар-жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу-төлемдік тізімдемелерде (ведомостерде) қайталауын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.

Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.

Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:

•төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

• жұмыстың қалыпты жадайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны ресімдеу тәртібі;

• құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;

• өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;

• түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;

• жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;

• мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;

• іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

• уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

• жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Қызметкерлер келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым кәсіпорын бойынша (еңбеккерлердің келісімі болғанда) бұйрық негізінде не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.

 

Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлардың (аудиторлық фирмалардың) кәсіпкерлік қызметі, экономикалық субъектілердің талаптары және бас қа қаржылық міндеттемелер, салық деклорацияларын, төлем есеп құжаттары, бухгалтерлік (қаржылық) есеп берулерді, тәуелсіз, ведомостіден тыс тексерулерді жүзеге асыру бойынша қызметтер, бұған қоса басқа да аудиторлық қызметтерді жүзеге асырушы субъект.

Аудит – бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібін қадағалауды тексеру негізінде кәсіпорынның қаржылық есеп беруін тәуелсіз талдау, Қазақстан Республикасының шаруашылық және қаржылық операциялар заңдарына сәйкес, толық және нақты кәсіпорынның қызметінің қаржылық есеп беруінің көрініс табуы керек. Экспертиза аудиторлық қорытындыға сәйкес аяқталады.

Аудит мақсаты – нақты мақсатты шешу, заңмен анықталған, аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі, клиент және аудитор арасындағы келісім – шарт міндеттеме.

Еңбекақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты, бақылаудың күшті жақтарын анықтау, маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.

Еңбекақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты енбекақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбекақыдан аударымдар кезінде нормативтік – құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру.

Тәртібіне сәйкес сыйақылар және басқа төлемдер төленуі мүмкін. Сыйақының сомасы төлеу мерзімі жұмыс берушінің құзырына берілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс түнгі сағаттарда, демалыс және мереке күндерде еңбек еткені үшін  төлемдер төленуі тиіс. Түнгі сағаттарда еңбек еткені үшін әр сағатқа еңбек ақы 1,5 есе мөлшерден кем болмауы керек. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс уақыты еңбек ақының 2 есе мөлшерден кем болмауы тиіс. Мезгілден тыс жұмыстарға еңбек ақы күндік ақының мөлшерінен кем болмауы керек.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі еңбек ақымен қатар қосымша еңбек ақы есептелуі тиіс. Соның ішінде демалыс күндерге төлем ақы демалыс күндерге төленетін еңбек ақы жұмысшылардың орташа еңбек ақысының негізінде есептелінеді, яғни демалыс ақы келесі жолдармен  есептеледі.

Жұмысшының  есепті кезеңде тапқан табысының сомасы есепті кезеңде нақты істелінген жұмыс күнінің  санына бөлінеді. Сөйтіп жұмысшының  орташа күндік еңбек ақысы табылады. Орташа күндік еңбек ақы демалыс күнінің  санына көбейтіледі.

 

Аудитордың мақсаттары:

 

1.                            Еңбекақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:

      өндірілген өнім, орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжаттардың заңға сәйкестігі және саны;

      бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы жазбалары бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметтерінің сай келуі.

2.                            Еңбекақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор келесілерді тексеруі керек:

      кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;

      инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;

      құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексекру;

      орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілді ме, жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбекақы дұрыс жүргізілгендігін тексеру;

      кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру.

 

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеніне байланысты, есептеу кезінде дұрыс болмауы мүмкін, сол себепті стажды анықтау қолмен жүргізіледі, жұмысшылардың қызметтік айлығын, жұмысшының стажын анықтауда оның нақтылығын және дұрыстығын тексеруді жүргізуі қажет:

      Еңбекақы төлеу ставкасының қосымша төлем үшін рұқсат, жалдау күні жөнінде ақпарат бар ма және олар жеке делода бар ма соны тексеру;

-         еңбекақы өсуін қадағалау, жиналыстың протоколдары және кәсіпорын басшысының бұйрығымен рәсімделуде ме;

-         еңбекақыдан аударымдар және ұсталымдарды жүргізуде жеке делода көрсетілген ақпараттарды бухгалтер пайдалануда ма.

 

      Бухгалтерлік баланстағы және Бас Кітаптағы жазбалардың аналитикалық есеп көрсеткіштеріне сай екендігін анықтау.

Информация о работе Еңбекақы шығындарының аудиті