Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 08:40, курсовая работа
ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады.
КІРІСПЕ......................................................................................3
І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан
ұсталатын ұсталымдар...........................................................................7
ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................11
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті.......................................11
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің
мақсаты мен міндеттері.......................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................25
Тарифтік мерзімді еңбекақыға мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнімнің көлеміне, орындылған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. уақыт мөлшері мен өндірілетін мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.
Нарықтық экономикалық жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеуде елеулі өзгерістер болып жатыр. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу, материалдық көмек көрсету, сыйақы төлеу жұмыс берушінің құзырына беріледі. Экономикалық бюджеттік салаларда, өндірістік салаларда еңбекақы тарифтік кестеде енгізілген мөлшерлеме негізінде есептеледі, яғни бірыңғай тарифтік кесте қолданылады. Бірыңғай тарифтік кестеде 21 разряд көрсетілген, әр разрядқа өзіндік тарифтік мөлшерлемесі белгіленген. Қандай да бір разрядқа ие болған жұмысшыға жалақысы еңбекақының ең аз мөлшері тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік сетканың бірыңғай разряды | Тарифтік коэффиценттің бір разрядқа қатынасы | Тарифтік сетканың бірыңғай разряды | Тарифтік коэффиценттің бір разрядқа қатынасы |
1 | 1,0 | 12 | 2,20 |
2 | 1,02 | 13 | 2,37 |
3 | 1,15 | 14 | 2,55 |
4 | 1,24 | 15 | 2,74 |
5 | 1,33 | 16 | 2,95 |
6 | 1,43 | 17 | 3,17 |
7 | 1,54 | 18 | 3,41 |
8 | 1,66 | 19 | 3,67 |
9 | 1,78 | 20 | 3,94 |
10 | 1,91 | 21 | 4,24 |
11 | 2,05 |
|
|
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақытына тағайындалған қызмет ақысына сәйкес есептеледі. Мерзімді еңбекақы өндірістік күнтізбеде белгіленген жұмыс күнінің жоспарлы уақытына сәйкес есептеледі. Мысалы, жұмысшы 18 күн еңбек етті, оған тағайындалған қызмет ақы 90000 теңге жұмыс күнінің жоспарлы балансы 21 күнге тең.
90000 / 21 * 18 = 77142 теңге 48 тиын
Кесінді еңбек ақы нақты өндірілетін өнімнің санына есептеледі, яғни өндірілетін өнімнің саны көбейтіледі бір өнімге төленетін бағаға. Мысалы, жұмысшы 20 дана өнім өндірді, өндірілетін өнімнің бір данасына 1000 теңге төленеді. Жұмысшының еңбек ақысы 20000 теңгеге тең.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындарда бекітілген сыйақы төлеу тәртібіне сәйкес сыйақылар және басқа төлемдер төленуі мүмкін. Сыйақының сомасы төлеу мерзімі жұмыс берушінің құзырына берілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс түнгі сағаттарда, демалыс және мереке күндерде еңбек еткені үшін төлемдер төленуі тиіс. Түнгі сағаттарда еңбек еткені үшін әр сағатқа еңбек ақы 1,5 есе мөлшерден кем болмауы керек. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс уақыты еңбек ақының 2 есе мөлшерден кем болмауы тиіс. Мезгілден тыс жұмыстарға еңбек ақы күндік ақының мөлшерінен кем болмауы керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі еңбек ақымен қатар қосымша еңбек ақы есептелуі тиіс. Соның ішінде демалыс күндерге төлем ақы демалыс күндерге төленетін еңбек ақы жұмысшылардың орташа еңбек ақысының негізінде есептелінеді, яғни демалыс ақы келесі жолдармен есептеледі.
Жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысының сомасы есепті кезеңде нақты істелінген жұмыс күнінің санына бөлінеді. Сөйтіп жұмысшының орташа күндік еңбек ақысы табылады. Орташа күндік еңбек ақы демалыс күнінің санына көбейтіледі.
Мысалы: жұмысшы қыркүйек айында демалысқа жіберілді. Есепті кезең бойынша жұмысшыларға есептелінген еңбек ақы сомасы 1000000 теңге жылына, есепті кезеңде жұмыс істеген саны 180 күн, жұмысшының орташа күндік еңбек ақысы 5556 тенге. Қыркуйек айында жұмыс күнінің саны 21 күн. Жұмысшының демалыс күніне төленетін төлем ақысы 116667 теңгеге тең.
1000000 / 180 * 21 = 116667 теңге
Жұмысшылар мен қызметкерлерге уақытша жұмысқа жарамсыздығымен байланысты жәрдем ақы төленуі тиіс. Оның сомасы жумысшыларға 15 АЕК мөлшері шегінде төленуі тиіс.
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. оларға мыналар жатады:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақысынан жинақтаушы зейнет ақы қорына 10 мөлшерінде келесі жолмен ұсталынады. Жұмысшының табысынан 10 мөлшерінде ұсталымдар шегеріледі. (100000 – 10000 = 90000). Жұмысшының жалақысынан жеке табыс салығы келесі жолмен есептелінеді. Жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысынан 10 мөлшердегі зейнет ақы қорынан жарналар шегеріледі, еңбек ақының ең аз мөлшері, содан қалған сома салық кодексінде бекітілген жеке табыс салығының мөлшеріне көбейтіледі.
Мысалы, жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысы 100000 теңге, жеке табыс салығы:
((100000 – 10000 – 12025) * 10 = 7797; 90000 – 7797 = 82203).
1.3. Еңбек ақының синтетикалық және
аналитикалық есебі
Жұмысшының еңбек ақы бойынша есеп айырылысудың синтетикалық есебі пассивті 3350 шотында жүргізіледі. Аталған шоттың кредитінде жұмысшылар мен қызметкерлердің есептелген еңбек ақының сомасы көрсетіледі, ал дебитінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомасы және еңбек ақысынан ұсталымдары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы келесі құжаттар негізінде есептелінеді:
* жұмыс уақытының есебінің табелі;
* кесімді жұмыстарға наряд;
* үстеме төлемдерге парақша.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде кәсіпорын бухгалтериясында келесі бухгалтерлік өткізблер құрылады:
1. Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелінгенде:
дт кт
8110 3350
2. Көмекші өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелсе:
дт кт
8310 3350
3. Сату - өткізу процесінде еңбек ететін жұмысшыларға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
7110 3350
4. Әкімшілік персоналға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
7210 3350
5. Аяқталмаған құрылыста еңбек етіп жатқан жұмысшыларға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
2930 3350
6. Кәсіпорынның жұмысшыларына сыйақы есептелсе; кезекті демалыс күндеріне төлем ақы есептелсе:
дт кт
8110 3350
8310
7410
2930
7. Жұмысшылар мен қыметкерлердің еңбек ақысынан жеке табыс салығы ұсталынса:
дт кт
3350 3120
8. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан кәсіподаққа жарналар, сату шешімі бойынша, яғни атқару қағидалары бойынша ұсталымдар, банк несиелері бойынша ұсталымдар ұсталынса:
дт кт
3350 3390
9. Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша ұсталымдар есептелсе:
дт кт
3350 1250
10. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы қорынан әлеуметтік салық есептелгенде, келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
дт кт
3150 1030
3150 3350
8110 3150
8310
7210
2930
7110
ІІ БӨЛІМ
ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ МАҚСАТЫ
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері;
2. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.