Еңбекақы шығындарының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 08:40, курсовая работа

Краткое описание

ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................3
І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан
ұсталатын ұсталымдар...........................................................................7
ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................11
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті.......................................11
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің
мақсаты мен міндеттері.......................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................25

Содержимое работы - 1 файл

Еңбекақы шығындарының аудиті.doc

— 241.00 Кб (Скачать файл)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: «Еңбекақы шығындарының аудиті»

 

 

 

 

                                                                             Орындаған: Сейтбекова М.С.

                                                                             Тексерген: Жолаева М.А.

 

 

 

 

АЛМАТЫ – 2011


 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ......................................................................................3

 

І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5

            1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5

    1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан

ұсталатын ұсталымдар...........................................................................7

 

ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ............................................................11

            2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және

          жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті.......................................11

         2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің

        мақсаты мен міндеттері.......................................................................14

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23

 

                ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


КІРІСПЕ

 

ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл саясат жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері кәсіпорынның құзырына беріледі. Олар өз бетінше еңбекақы мен еңбек нәтижесінің материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың көлемін анықтау мүмкіндігіне ие болады.

Еңбекақы қызметкерлерге ақшалай және сирек (натуралды) түрде есептелуі мүмкн. Әр қызметкерлердің еңбек табысы кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижесін ескере отырып оның жеке салымына байланысты анықталады. Ол салықтармен реттеледі және көлемі шектелмейді.

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады. Қызметкерлердің құрамындағы өзгерістерді кадр бөлімі жүргізеді. Кадр бөлімінің қызметкері кәсіпорынағы қызметкерлердің санын, жұмысшылардың категорияларын, кәсіпкерліктерін, мамандықтарын, қызмет орындарын, біліктілігін, жұмыс стажын, кәсіби білімін және бұдан да басқа мәліметтерді есепке алып отырады.

Жұмыс беруші жұмысшыларды жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек келісім шартқа отырады. Жеке еңбек келісім шарт ол жұмыс берушімен жұмысшы арасындағы жазбаша түріндегі келісім шарт. Аталған құжатта жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімдер қарастырылады. Келісім шарт белгілі бір мерзімге құрылады. Аталған келісім шартта еңбек тәртібінің жағдайы, жұмысшының еңбекақысы, оның құқығы мен міндеттері және тағы сол сияқты мәліметтер көрсетіледі.

Кадр бөлімі жұмыскерлердің құрамының есебін келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:

1.                             Жұмысқа жаңадан қабылданған жұмысшылар бойынша: “Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық” шығарылады. Осы бұйрық негізінде кадр бөлімінің инспекторы әр жұмысшыға жеке карточка толтырылады.

2.                             Жұмысшылардың кезекті демалысына: “Демалыс беру туралы бұйрық” шығарылады. Бұл бұйрық екі данадан толтырылады. Бір данасы бухгалтерияға өткізіледі, екінші данасы кадр бөлімінде қалады.

3.                             Қызметкерлер жұмыстан шығарылғанда: “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық” шығарылады. Бұл бұйрық та        2 данадан толтырылады. Бір банасы бухгалтерияға, ал екінші данасы кадр бөлімінде қалады.

Бухгалтерияда жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу үшін, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбекақы бойынша және басқа да төлемдер бойынша есеп айырысу үшін жұмыс уақыты есебінің табельі толтырылады. Табельді бір адам толтырып, тиісті құжаттармен бухгалтерияға өткізеді. Табельде жұмысшының жұмысқа келген күндері, жұмысқа келмеген күндері және оның себептері көрсетіледі. Егер жұмысшылар мерзімінен тыс түңгі сағаттарда, мейрам күндерінде еңбек етсе, онда “Үстеме төлемдерге” (“Лист на доплату”) жеке парақ толтырылады.

Кәсіпорынның құрамына қабылданған жұмысшылар жұмысқа қабылдау мерзіміне қарай: тұрақты, уақытша, маусымдық деп бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты көрсетілмеген жұмысшылар жатады. Уақытша жұмысшыларға белгілі бір мерзімге қабылданған жұмысшылар жатады. Маусымдық жұмысшыларға маусымдық жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады.

Курстық жұмыстың өзектілігі – кез келген кәсіпорынның бухгалтериясында еңбекақының мәні және оның дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмысты нақты орындауға кепіл.

Курстық жұмыстың мақсаты – еңбекақы және оның түрлерін, нысандары мен жүйелерін, еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдардыұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.

 

 

 

 

 

 


І БӨЛІМ

ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

 

1.1.           Еңбекақы және оның түрлері, нысандары

мен жүйелері

 

Еңбекақы – қызметкерлердің орындаған жұмыс көлеміне, жұмыс істеген мерзіміне және еңбек шарттарында белгіленген міндеттері үшін төленетін төлемдер.

Еңбекақының 2 түрі бар:

1.      Негізгі еңбекақы;

2.      Қосымша еңбекақы.

Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек еткен уақытына немесе істелінген жұмысшылардың саны мен сапасына төленетін жалақы. Негізгі еңбекақының құрамына есептелінген жалақының барлық түрлері кіреді. Сонымен қатар сыйақылар, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытқа төленетін төлемдер, түңгі сағаттарда, мейра күндерінде еңбек еткені үшін есептелген төлемдер де кіреді.

Қосымша еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек туралы заңына және  ұжымдық келісім шартта ескертілген жұмыс істемеген уақытына төленетін төлемдер. Бұған жататындар кезекті демалысқа демалысақы, мемлекеттік және қоғамдық міндетті орындауға кеткен уақыттың ақысы, жасөспірімдердің льготалық сағаттарына төленетін ақы, аналардың сәбилерін емізуіне кеткен уақытына төленетін төлемдер.

Еңбекақының мерзімді және кесімді нысандары бар.

Мерзімді еңбекақы – еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді, яғни жалақы жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе нақты жұмыс істеген күніне төленеді.

Мерзімді еңбекақының төмендегідей жүйелері бар:

1.      Жай мерзімді;

2.      Сыйлықты мерзімді.

Жай мерзімді жүйе – бұл тарифтік мөлшерлеме немесе қызметкердің қызметақысы, жұмысшының жұмыс уақытының саны бойынша анықталатын еңбекақы. Еңбекақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар:

Сыйлықты мерзімді еңбекақы – бұл жүйеде еңбекақы тек нақты жұмыс істеген уақытына ғана емес, сонымен қатар сыйақы төленеді. Кәсіпорында қолданылатын сыйақы жүйелері бойынша берілген сыйақының түрлері жатады (жоспарды орындаған үшін, мейрам күндеріне және тағы да басқа).

Кесімді еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылаған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімінің саны және көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

1.      Тікелей кесімді;

2.      Кесімді сыйлықты;

3.      Үдемелі кесімді;

4.      Аккордтық;

5.      Жанама кесімді. 

Тікелей кесімді – бұл жүйеде жалақы тек қана орындалған жұмыс, өндрілген өнімдер үшін төленеді. Бұл жүйеде әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын кесу немесе қою арқылы еңбекақы есептелінеді;

Кесімді сыйлықты – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады. Кесімді сыйлықты жүйеде жұмысшының кесімді еңбекақысын қоса, қол жеткізген сандық-сапалық көрсеткіштеріне сыйақылар есептелінеді;

Кесімді үдемелі төлемі (үстеме кесімді) – бұл жүйесі жұмысшының белгіленген жоспарын орташа өндңірілген өнімдер үшін көтермелеу бағамен еңбекақыны есептеуді қарастырады. Жоспар мөлшерінде дайындалған өнімдер үшін жұмысшыға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептелінеді, ал нормаларын асыра дайындаған өнімдер үшін үдемелі өсімді бағалар бойынша есептейді;

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады.  Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың  санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай – ақ, бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбінесе құрылыс салушы шаруашылық субъектілерінде, жөндеу жұмыстарымен айналысатын субъектілерде және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлердің санын қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді;

Жанама кесімді жүйе – бұл жүйе қосалқы және басқа да жұмысшының еңбекақысы қызмет көрсететін учаскілерінің, цехтің негізгі жұмысшылардың төлемақысына шаққандағы пайызбен анықталады, яғни бұл көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Олардың жалақысы негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пайыздық шамамен бнлгіленеді;

аккордты жүйеде алдын-ала істелінетін жұмыстың көлемі, оған төленетін ақы және сол жұмыстың аяқталу мерзімі анықталады. Бұл әдісте көбінде бригадалық әдіспен істейтін бригадаларға қолданылады.

 

 

 

 



1.2.       Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбек

ақыдан ұсталатын ұсталымдар

 

Еңбек есебінің маңызды элементі болып  оның техникалық  мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне  қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

1.      Тарифтік кесте;

2.      Тарифтік еңбекақы мөлшері;

3.      Тарифтік мамандық анықтамалары.

Осыларға негізделіп  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың  барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады  және жұмысшы қызметкерлердің  мамадық дәрежесіе қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы  мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әр бір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте атқаратын әрбір жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы – қызметкерлердің өзіне  берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

Тарифтік кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленіге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасына айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік  еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы  мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Информация о работе Еңбекақы шығындарының аудиті