Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 19:11, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:шығындардың жіктелуі,оның мақсатары мен мәні. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Содержимое работы - 1 файл

баскару есебі курсовой.doc

— 276.50 Кб (Скачать файл)

Ақаудан болған шығындарды азайтатын сомаға жататындар: пайдалану мүмкін болатын баға бойынша жарамсыз деп танылған өнімдердің құны, ақаудың пайда болуына кінәлі жұмысшылардан ұсталған нақтылы сомалар, сапасыз материалдарды және шалафабрикаттарды жеткізудің нәтижесінде ақаудың пайда болуына байланысты жабдықтаушылармен соттасу немесе оларды жазалауға кеткен нақты сомалар.

Ақаудан болған шығындар ай сайын өндірістің сәйкес түрінің шығындарына жазылады және ақау табылған бұйымның немесе жұмыстын өзіндік құнына енгізіледі.

Ақаудан болған шығындар аяқталмаған өндірістің өзіндік  құнына жақтайды. Тек қана жеке және сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық аяқталмаған белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістін өзіндік құнына жатқызылады.

 

   Аяқталмаған өндіріс – технологиялық процестермен қарастырылған, барлық өңдеу сатыларынан өтпеген өнімдер, сонымен бірге техникалық қабылдаудан және сынақтан өтпеген, жинақталмаған бұйымдар деп түсіндіріледі.

Түзетуге  келмейтін шалафабрикаттар (бұйымдар), сонымен бірге өңдеуге берілмеген шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар және жинақтайтын дайын бұйымдар аяқталмаған өндіріске жатпайды.

Толық күшін жойған тапсырысқа жататын, бөлшектер  және басқа шалафабрикаттар да аяқталмаған  өндіріс құрамында қалмайды.

Аяқталмаған өндіріс қалдығының саны және көлемі технологиялық процестің ұзақтығына және сипатына, өнімдердің ерекшелігіне және оның шығарылу көлеміне тәуелді. Мысалы, электроэнергетика және қазба жұмыстарымен айналысатын салалардың көбінде аяқталмаған өндіріс мүлдем болмайды. Көлік жасауда, ұзақ кезеңде күрделі өнім жасалады, онда аяқталмаған өндіріс қалдығы елеулі болады.

Өндірісте шалафабрикаттардың қозғалыс есебін ұйымдастыру  тәртібі, өндірістің технологиялық  және ұйымдастырылу ерекшелігіне, дайындалатын шалафабрикаттардың тізімдемесінде, орындалған жұмыстарды жұмысшылардан қабылдау және босалқыларды аралық сақтау тәртібіне тәуелді.

Аяқталмаған өндіріс есебі жедел және бухгалтерлік болып бөлінеді. Жедел есеп бухгалтерияның бақылауымен цехтық жоспарлы-диспечерлік қызметтің жұмысшыларымен жүргізіледі.

Көлік жасауда, металл өңдеуде және де басқа өнеркәсіп салаларында өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысының жедел есебі негізгі екі түрге бөлінеді: бөлшектік-операциялық және бөлшектік.

Бөлшектік-операциялық есеп сериялы өндірістерде маршурттық қағаздармен жүргізіледі.

Бөлшектік есеп жаппай өндіріс жағдайында пайдаланылады. Сондықтан дайындау цехтарында дайындалған бөлшектердің саны өңдеу есебі бойынша құжаттардың негізінде анықталады.

Бөлшектерді өңдеуге беру накладнойлармен, лимитті-жинақтау карталарымен, жинақтаушы ведомостармен жүзеге асырылады.

Шалафабрикаттар мен бөлшектердің қозғалыс есебін жеңідету және шалафабрикаттарды беруде құжат  айналымын азайту үшін және бөлшектерді  бір цехтан екіншісіне беруді айлық  картамен жүзеге асыруға болады.

Аяқталмаған өндіріс қалдығы жөніндегі көрсеткіштердің дұрыстығына тексеру жүргізу мақсатымен оларға кезеңдік түгендеу жүргізілуі керек.

Аяқталмаған өндірісті тексергенде мыналар  керек:

  • бөлшектердің нақтылы барын және өндірістегі аяқталмаған, дайындалудағы және жинақталудағы бұйымдарды, сонымен бірге толығымен жинақталмаған және қоймаға өткізілмеген дайын бұйымдарды анықтау.
  • ескерілмеген дайын бұйымдарды анықтау;
  • аяқталмаған өндірістің нақты жинақтылығын анықтау және бөлшектермен қамтамасыз ету;
  • күшін жойған тапсырыстың қалдығын анықтау;
  • нақтылы өндірісте бар бөлшектерді және бұйымдардың дайындалуы аяқталмағанын анықтау.

Жұмыс орнындағы, өңдеуге апарылмайтын тауарлы-материалдық  босалқылар аяқталмаған өндіріске  енгізілмейді, олар жеке көрсетіледі.

Түгендеу  кезінде аяқталмаған өндірістің нақты барының бухгалтерлік есептің көрсеткіштерінен алшақтығы: артығы – табыс болады, ол кіріске алынады, ал жетіспеушілігі – шығыс болады.

Тәуелсіз  өндірістегі жетіспеушілік және шығындар кінәлі адамдар табылса, солардың мойнына ілінеді.

Аяқталмаған өндіріс қалдығы шығындар баптарының калькуляциялық қиындысында ақшалай бағалауға (негізінен нақтылы өндірістік өзіндік құн бойынша) жатады. Шығарылатындарды құрайтындар ақаудан болған шығындар (жеке және ұсақ сериялы өндірістерден басқа, егер шығын нақты бір тапсырысқа қатысты болса), өндірісті дайындау және меңгеру шығыстары, басқа да арнайы шығыстар.

Бөлшектерді дайындауға  және өнімдерді өндіруге жұмсалған шикізаттар және материалдар  құны, егер өндіріс аяқталмай қалса, онда толығымен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізіледі. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы екі жолмен есептелінеді: өңдеудің сәйкес операциясы бойынша есептеудің жинақталған жиынтығынан, болмаса, сол цехтағы бөлшектерді өңдеуге есептелгеннен 50 пайыз көлемінде және оған алдыңғы цехтардағы бөлшектерді өңдеу үшін есептелген еңбекақы қосылады.

Еңбекақыдан аударылатын аударымдар сомасы негізгі  еңбекақысы белгіленген аударым  пайызына көбейту жолымен анықталады.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме  шығыстардың сәйкес үлгісі қосылады. Оларды дайын өнім және аяқталмаған өндіріс арасында бөлу сол ұйымда қабылданған, үстеме шығыстарды тарату әдістемесі бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан аяқталмаған өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала үстеме шығыстардан шегеріледі.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына енгізілетін үсиеме шығыстар: үнемдеу кезінде – нақты өндірістік шығыстар көлемінде, ал қайта шығын жұмсауда – жоспарда белгіленген көлемде болады. Аяқталмаған өндірістің қалдығы үлкен болмайтын, өнеркәсіптің жеке салаларын ұйымдастыру, олардың тікелей шығын сомасы бойынша, болмаса, шикізаттардың, негізгі материалдардың және шалафабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Аяқталмаған өндірісті бағалай техникасы  өндірістік шығындар есебінің қабылданған  әдістеріне (шалафабрикатты және шалафабрикатсыз) байланысты болады.  Шалафабрикатсыз вариантта ол нормативтік калькуляция немесе технологиялық карта негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бөлшектерді (бұйымдар) белгіленген шығын баптары бойынша дайындау шығындарындағы әрбір цехтық қатысу үлесі есепке алынады.

Аяқталмаған өндірісті бағалау ондағы нақты  бөлшектер негізінде әрбір цех  бойынша жүргізіледі. Цехтар бойынша  аяқталмаған өндіріс қалдығының өзіндік құны жөніндегі көрсеткіштер тұтас ұйым бойынша жинақталады. Олар жалпы ұйымдар бойынша аяқталмаған өндіріс шығындарын және олардың әрбір цехындағы үлестік қатысуын көрсетеді.

Шалафабрикатты  вариантта бөлшектерді бағалау  цехтар бойынша жүргізіледі.

Аяқталмаған өндіріс қалдығы есепті кезеңнің соңында өндірістік шоттардың кредитінен «Негізгі өндіріс», «Меншікті өндірістің шалафабрикаттары», «Көмекші өндіріс» шоттарының дебетіне апарылады.

Өндірістегі шығындардың жиынтық есебі. Дайын  өнімдердің және аяқталмаған өндірістердің  және өнімдердің өзіндік құнын есептеу  арасында барлық өндіріс шығындарын тарату үшін барлық шығындарды қосу керек. Шығындарды бұлай жинау өндірістегі шығындардың жиынтық есебі деп аталады. Жоғарыда айтылғандай, егер жеке және ұсақ сериялы өндірістерде калькуляция және есеп объектісі –өнімнің жеке түрлері болып табылса, ал жаппай және ірі сериялы өндірістерде калькуляция объектісі тек ғана дайын өнім болуы мүмкін, снымен бірге әр түрлі бұйым түрлерін жинақтау үшін немесе бөлшектеп сыртқа сатуда пайдаланылатын шалафабрикатты. Сондықтан жиынтық есеп шалафабрикатты және шалафабрикатсыз вариантта жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Негізгі өндіріс  тұтынатын өнімді шығарып жұмыс  жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады.

Көмекші өндіріс - негізгі өндірісті энергиямен, құралдармен, ыдыстармен, жөңдеу жұмыстарымен, көлік құралдарымен және басқа қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге арналған өндіріс ұйымының басқа бөлімшелері.

 Көмекші  өндірістің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір  цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын ңоменклатурасы өндірістік күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын  өнімнің біртектестігі немесе біртектес  еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы  біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын  есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет керсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалык әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бүндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық)бухгалтериядан  қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8310 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудін көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік  жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға  беріледі, ол кезде  8310 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің көрсеткен кызметін және аткарған жұмысын  тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен  қызметін тарату" деп аталатын талдамалы  кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші  цехтардың жиынтық шығыңдары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт - тонна/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықтадады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

"Көмекші  өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде  өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген  қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп  шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі, Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы кызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың кұны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстармен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде  көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы  болып саналмайтын бөлімшелердің  шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Көмекші өндірістің есебін ұйымдастыру олардың  түрлеріне және олардың орындайтын функцияларына, технологиялық процестің сипатына, өндірілетін өнімдерге, өндіріс көлеміне және басқарудың ұйымдастыру түріне байланысты болады. Көмекші өндіріс түрлері мен орындайтын функциялары бойынша келесідей топтарға бөлінеді:

  • инструменталды, аспапты (құралдарды, құрылғыларды жасау мөрлерді, модельдерді жөңдеу және қайта қалпына келтіру);
  • жөндейтін (негізгі құралдарды, жабдықтарды монтаждау жөңдеу және модернизациялау, қосалқы бөлшектерді дайындау және қалпына келтіру);
  • энергетикалық (энергетика, жылу және басқа энергия өндірісі және оларды бөлу, сумен қамтамасыз ету, су көздерін ашу, желдету, монтаждау, жөндеу және электр желісіне қызмет көрсету.)
  • транспорттық (тиеу-түсіру және транспорттық жұмыстар, көлік құралдарын жөндеу және оларға қызмет көрсету);
  • ыдыстық (ыдыс өндірісі және оларды жөндеу);
  • шаруашылықтың қызмет көрсетуі (өндіріс аумағын және ғимараттарын тазалау, арнайы киімдерін жуу және жөндеу және т.б.).

Информация о работе Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі