Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 19:11, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:шығындардың жіктелуі,оның мақсатары мен мәні. Курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.

Содержимое работы - 1 файл

баскару есебі курсовой.doc

— 276.50 Кб (Скачать файл)

Есепті кезең  қатысына орай шығыстар екі категорияға  бөлінеді

  • Ағымдағы есепті кезең;
  • Кейінге қалдырылған;

Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:

  • Ағымдағы есепті кезең;
  • Кейінге қалдырылған.

   Есепті кезеңнің кірістері мен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:

  • Осы есепті кезеңде алынған кірістер мен байланыстырылған шығыстар (негізгі және негізгі емес қызмет шығыстар);
  • Ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы шығыстары.

   Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есептер және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

   Ұйымның болашақтағы ресурстарына пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша бөлінеді:

  • Инвестициялар (күрделі қаржы);
  • Болашақ кезең шығыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 2.Тарау. Өндірістік шығындардың жіктелуі.

 

2.1. Өндірістік  шығындардың есебін ұйымдастыру.

 

   Өндірістік шығындар есебінің жалпы сызбасында өндірістік шығындар туралы ақпараттардың қозғалысы көрсетілген.

 

Материалдар шоты.

Негізгі өндіріс  шоты.

Сатылған өнімнің  өзіндік құны

Қалдық.

өндірістегі тұтыну.

Қалдық. Баптар (статьялар) бойынша өндіріс шығындары. 

Шығарылған  өнімді өзіндік құны бойынша бағалау.

Нақты өзіндік  құны бойынша шығарылған өнім (тауар).

Нормативтік (жоспарлы) өзіндік құны бойынша шығарылған өнім (тауар). Нақты өзіндік құнның нормативтен ауытқуы.

Қалдық


 

 

Еңбекақыны  төлеу бойынша есеп айыру шоты.

Көмекші өндіріс шоты.

Қалдық.

Есептелген  жалақы.

Қалдық.

Баптар бойынша  өндірістік шығындар.

Өзіндік құны бойынша  негізгі өндіріс жұмыстары (көрсетілетін қызметтер).


 

 

 

Зейнетақы қоры.

Сақтандыру  бойынша есеп айырысу шоттары.

 

Үстеме шығын  шоттары: 8114,8214,8314,8410

т.б.

Касса, Есеп айырысу  шоттары және т.б. ақшалай қаражат  шоттары.

                                     Қалдықтар:

Еңбекақыдан жасалған аударылымдар (төлемдер).

Негізгі құралдарға есептелген амортизация.

Баптар (статьялар) бойынша ағымдағы (кезең) шығындары.

Шығындарды  бөлу (тарату).

Өндіріске жұмсалған  ақшалай қаражаттар.


 

 

    Шығындарды  жіктеудің белгілері  туралы  қызу пікірталастың арқасында  шығындарды анықтаумен қатар,  онық болашақтағы тенденциялары  да анықталды.  Осыдан келіп,  есеп тәжірибесінде Шаруашылық Серіктестіктерінің шығындарын тиімді басқаруға жаңа тәсірдерді тағайындау мен пайдалану мәселелері  отандық және шетелдік  экономикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланып жатыр. « Шығындар есебінің жалпы қабылданған мәнін анықтау –  белгілі бір уақыт кезеңінде  шығындар есебінің сандық өлшемін (натуралды және құндық көрсеткіштер) арқылы жабдықтау, өндіру, олардың еңбегінің өнімін сату, дайын өнімдердің өзіндік құндарын қалыптастыру, тіркеу, топтастыру және жіктеп (кескінінде) талдау бойынша Шаруашылық Серіктестігіндегі өтіп жатқан процестерді көрсетуге бағытталған саналы іс - әрекеттердің жиынтығы ». Мұндай көрініс ШС  басқаруға қажет толық ақпаратты алуды және қаржылық нәтижелерді шығару арқылы қызметін бағалауды қамтамасыз етеді.

    Бірақ  дамыған өндірістік есеп теориясы мен басқару және бастапқы даму жағдайында мұндай тәсілдің пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің пікіріміз бойынша, техникалық жағынан бәрі өндіріс шығындарының есептік мәнін анықтау өндірістік қызметтің басқарушы есебін ұйымдастыруға  немесе өндіріс шығындарын есе трансформациялау әдістерінің түрлі бағыттарын қамтуы керек. Сайып келгенде, шығындар есебінің  мазмұнын анықтау, ұйымдастыру моделдерінің  нақты алғышартын жасайды. Басқару процесіне кері ақпараттық ағын ретінде есеп тек шындықты (нақтылықты) ғана көрсетіп қоймай, болашақта экономиканы моделдеу үшін ақпаратты дайындайды, демек мұндай есептеу жүйесі өзіндік құнды басқарудың  жоғарыда аталған негізгі мәселелеріне сәйкес келеді.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Өндірістік шығындардың калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары,аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі.

 

Кешенді өндірістің және жанама өнімдер шығарудың  ерекше сипаттамасына байланысты белгілі  бір кезеңге дейін, өндіріс процесінің алдында өнімдер айырмасы жоқ немесе жеке түрлері бойынша бөлінбейтін болып табылады (барлық шығындар бір өнімді өндіруге бағытталады). Мысалы,сыр сүттен, бензин мұнайдан өндіріледі.

Бірге өндірілетін және жанама өнімдердегі  ерекшелік, бір өнімді өндіретін  салада міндетті түрде екіншісінің өндірілуіне алып келетін бірге өндірілетін және қосымша өнімдер есебіне негізделген.

Әртүрлі өнімдерді біруақытта өндіруде, олардың  әрқайсысының өзінің сату бағасы болады. Бұл өнімдер бірге өндірілгендер  деп аталады.

Басқа өнімдермен біруақытта өндірілетін, бірақ сату бағасы басқаларға қарағанда төмен болатын өнімдер жанама деп аталады.

Бөлу  нүктесі – өндіріс процесіндегі өнімдерді бірге өндірілетіндерге және жанамаға бөлу кезеңі.

Бірге өндірілетін өнімдердің арасында кешенді  шығындарды тарату әдістері:

  1. натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдістері;
  2. бөлу нүктесіндегі сату құны негізіндегі әдіс;
  3. сатудың таза құндық әдісі;
  4. жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісі.

Натуралды көрсеткіштерді пайдалану әдісі  – әрбір өнім бірдей табыс әкелгенде, кешенді шығындар әрбір өнімнің жалпы өндіріс көлеміндегі үлесіне сәйкес пропорционалды есептелгенде қолданылады.

Бөлу  нүктесіндегі сату құны негізіндегі  әдісінде кешенді шығындар бірге  өндірілетін өнімдер бойынша  сатудан алынған табытардың бағасына пропорционалды түрде таратылады. Мұнда жұмсалған жоғары шығындарға жоғары баға сәйкес келеді.

Сатудың таза құндық әдісі – өнімдер өндіруде кешенді шығындардан басқа қосымша  бар өндірістерде пайдаланылады.

Жиынтық пайдадағы тұрақты үлес әдісінде кешенді шығындарды әрбір жеке өнім үшін жалпы жиынтық пайдадағы пайыздық үлесі бірдей болатындай етіп таратылады. 

 

Шикізаттар мен материалдар  – өнімді әзәрлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы желде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі. Лимиттік-алу карталары және талап-наклоднойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады.

Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету: үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланғган көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шыгыс нормасы бойынша өмімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін

Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде тартылады.

Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістсрдің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:

  • технологиялық немесе өндірістік процестерді қамтамасыз ету үшін, өнімдерді дайындау процесіндегі пайдаланылатын көмекші материалдар;
  • сырттан алынған, сондай-ақ балқыту агрегаттарына арналып өзінде өндірілген, үйлерге, мартен пештеріне, металдарды жылыту үшін, престеу немесе белгіленген технологиялық процестермем бұйымдарға байқау жүргізу мақсатындағы цехтарға және технологиялық мақсаттарға қажетті өніндер;
  • технологиялық мақсатгарға (электрмен балқыту, электрмен пісіру, электролиз) жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері;
  • технологиялық  мақсаттар  үшін   пайдаланылатын   кәсіпорынның өзінде   өндірілген  электрлік немесе басқа энергияның түрлері.

Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарын тұрады.

Шикізаттар мен материалдар  шығындары німнің өзіндік құнында  елеулі үлестік салмаққа ие болады. Сондықтан оларды тиімді пайдалануға бақылау жасаудың үлкен маңызы бар.

Материалдардың  өндірісте жұмсалуын бақылау. Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік, техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.

Материалдық босалқыларды өндіріске босату белгіленген мөлшерлі лимитті-заборлық карта бойынша, ал нормадан тыс немесе бір материалдың орнына екінші материалды ауыстырғанда бір жолғы талаптар немесе басқа құжаттармен - кәсіпорын басшысының рұксатымен жүзеге асырылуы қажет.

Бірақ қоймадан цехтарға босатылған материалдар нақты шығындар болып табылмайды, есепті кезеңнін соңында цехтарда пайдаланылмаған шикізаттар мен материалдар қалуы мүмкін. Есепті кезеңнің соңында цехтарда өнделмей қалған материалдар мен шикізаттар қоймаға наклодной бойынша қайтарылуы тиіс. Пайдаланылмаған цехтардан қоймаға қашарылған материалдық босалқылардың құны лимитғі-зоборлық карта және талап құжаттарынын негізінде өндіріске жіберілген материалдардың құнынан шегеріледі.

Нақты шығын келесі жолмен анықталады: ай басындағы цехтардағы пайдаланылмаған қалдық материалдар қосылған қоймадан өндіріске жіберілген материалдар азайтылған (-) ай соңындағы цехтан материалдар қалдығы және есепті кезең ішінде қоймаға қайтарылған материалдар. Кәсіпорында материалдардың өндіріске босатылуына ғана бақылау жасап қоймай, сонымен бірге олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау қажет. Оның мәні нақты материалдық шығындарды, нақты шығарылған өнімдердің көлемі мен салыстыру және белгіленген нормадан ауытқуды анықтап, олардың себебі мен оған кінәлілерді табу.

Бақылау тәсілдері пайдаланылған материалдардың, технологияның және өндірістің ұйымдастырылу ерекшелігіне байланысты болады. Олардың кеңірек тарағандары: иормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету (белгі берегін құжаттау тәсілі), түгелдеу әдісі, топтамалық пішу.

Нормадан ауытқуды құжат  жүзінде көрсету тәсілі – материалдың  бір түрін екіншісімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларға қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болғанда және т.б. жағдайларда қолданылады. Осы тәсілдің мәні нормадан тыс материалдарды босатқанда немесе ауыстыру кезінде, жеке құжаттар (талап, ауыстыру актісі) толтырылады, яғни ол белгіленген нормадан ауытқу жөнінде хабар береді,

Кәсіпорынның кейбір салаларында (тамақ, тоқыма) шикізаттар мен материалдарды өндіріске босатқанда құрылымдық жылжудардың нәтижесінде ауытқу пайда болады. Олар алдын-ала жасалан есептеу тәсілімен анықталады, яғни ол нормадан ауытқудың кұжат жүзінде дайындау тәсілінің әр түрлілігін көрсетеді.

Мұндай жағдайда ауытқуды нақты пайдаланылған материалдарды, олардың технологиялық норма бойынша жұмсалғанымен салыстыру арқылы анықтайды.

Сондықтан технологиялық нормалар бойынша жиынтықтағы барлық нақты тиелген қоспаларды материалдың әрбір түрі, сорты, маркасын жалпы тиелгендерге пайыздық қатынасына көбейту жолымен анықтайды. Есепті кезеңнін соңында белгі беретін құжаттардағы көрсеткіштердегі шығындар бойынша жиынтықтар, олардың пайда болу себептері бойынша қайта шығын жұмсау көлемін (санын) анықтауға мүмкіндік береді.

Топтамалық пішу әдісі дайындау және басқа да өте тапшы, ұзақ тұратын материалдарды жұмые орнында кесу, пішу жүзеге асырылатын өндірістерде қолданылады: металл, тері, мата, ағаш. Бұл тәсіл кесілетін (пішілетін) материалдардың әрбір партиясына ашылған, есеп картасында өндіріс шеберлерімен жүзеге асырылады. Ессп картасында кесілетін материалдардың саны, бір дайындау партиясының мөлшері және осы партиядан алынуға тиісті дайындамалар мен қалдықтардын саны. Кесу (пішу) жүзеге асырмаған соң, есеп картасына осы партияда дайындалған нақты дайындаманың саны және алынғаи қалдықтар жазылады. Кесу (пішу) нәтижесін білу үшін нақты алынғаи дайындама санын және қалдықтарды материалдардың норматнвтік шығындарымен салыстырады, нақты жасалған дайындама санын шығын нормасына көбсйту жолымеи анықтайды.

Информация о работе Еңбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі