Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 19:40, реферат
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс калдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ.
Кіріспе 2
І.Бухгалтерлік баланс 4
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері 4
1.2 Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны 6
1.3 Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны 11
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер: 18
ЖОСПАР
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс калдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дүрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез эрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялык негіздері мен эдістемелік қағидаларын жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
3
Осы менің «Бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрылымы» атты рефератымда бухгалтерлік баланс қүрылымына өте кең түрде нысандар тереңдетіліп берілген. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік баласы актив пен пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оньщ сол жағында, ягни активінде кәсіпорнның қаржылары, заттай және ақшалай шыгындары көрсетілсе, оң жағында, ягни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Ал, баланстың пассив деп аталатын бөлігінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы қпаратты мәлімет жазылады. Мүндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады.
Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды болмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады. Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал ағымдағы өзгерістер бухгалтерлік есептің шоттарында ескеріледі.
4
Баланс - сөзі латың тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы - шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мэліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорының мүлкін ақшалай багамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің эдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. №10-4/1143 хатына сэйкес кәсіпорындар мен үйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі.Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
5
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне ( атауына ), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді.
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткіші (жол) бухгалтерлік баланстың бабы деп аталады. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына орай жүзеге асырылады. Баптардың ерекшеліктері:
актив баптар шаруашылық қорларын құрамы, орналасу және пайдалануы бойынша, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар олардың пайда болу көздері бойынша көрсетуге қызмет етеді;
активтік баптар барлық материалдық құндылықтарды, ақша ресурстарын, берешектерді, ал пассивтік баптар меншікті капиталды, кәсіпорынның қарыздарын көрсетеді.
Баланс - брутто және баланс - нетто деген бар. Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талаптарына сәйкес белгіленген баланс нысаны пайдаланылады, мұның өзі баланс - неттоға сәйкес келеді.
Баланс - брутто түрлі ғылыми зерттеулер үшін пайдаланылады.
Бухгалтерлік баланс - неттоның активінде екі бөлім, пассивінде үш бөлім бар.
АКТИВ:
I. Ұзақ мерзімді активтер.
II. Ағымдағы активтер.
Меншікті капитал мен міндеттемелер:
I. Меншікті капитал (Акционерлік каптиал).
II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
6
III. Ағымдағы міндеттемелер.
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті бап болады (№1 - кесте).
Баланс - нетто бірқатар баптар ашық түрде көрсетіледі. Мысалы, «Материалдық емес активтер», «Негізгі құралдар» баптары бойынша бастапқы құны, тозу және қалдық құн көрсетіледі.
Баланс - нетто актив валютасына материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың қалдық қүндар ғана енгізіледі.
Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар топтарға, ал топтар бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сэйкес келеді.
Материалдық емес активтер - бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (бір жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларды амортизация есептеудің эдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл - патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі қүралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) жер;
э) үйлер мен ғимараттар;
б) машиналар мен жабдықтар;
в) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқада түрлері;
г) жинақталған тозу;
7
д) аяқталмаған күрделі құрылыс.
Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінгі қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.
Инвестициялар - кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар), жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған үзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі.
Мұнда мынадай баптар ашылады:
а) еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;
ә) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін
инвестициялар;
б) ағымдағы құнды көрсететін өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан ерекшеленеді.
Агымдағы активтер.
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы - материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).
Алдағы кезең шығындары - есепті күннен бастап бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.
Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер бір жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары - мерзімі бір жылға дейін.
Дебиторлық берешек - есепті күннен бастап бір жыл ішінде алынуы мүмкін.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) аванстық төлемдер;
э) алуға арналған шоттар мен вексельдер;
б) еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;
в) лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;
г) өзге де дебиторлық
берешектер.
Сомасы бір жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымсдағы активтерге толықтай қосылады.
Меншік капитал мен резервтер.
Баланстың пассивінің меншікті капиталының бірінші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі. Жарғылык капитал - кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сэйкес оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:
а) мэлімделген, шығарылған және айналымда жүрген ( мәлімделген, жазылатын және төленген капитал ) акциялардың саны мен соммасы ;
ә) төленбеген төленген капитал;
б) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;
в) оларға
ие адамдардың қүқы, девидендтерді белу
мен мүлік бөлігін
төлеудің шарттары;
г) ерекшелінген акциялар бойынша төленбеген девидендтер;
д) өтемі
төленіп алынған меншікті акциялар ( алынып
қойылған
капитал);
е) болашақта шығаруға мэлімделген акциялар. Өзге меншікті капитал:
а) номинал қүнынан артық төленген капитал;
ә) негізгі қүралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау соммасы. Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорында қалыптаскан резевтік капиталдың қалдығы көрсетіледі. Бөлінбеген кіріс.( жабылған зиян). Ұзақ мерзімді міндеттемелер.