Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 10:23, курсовая работа
Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындау кезінде, саға саясаты аяясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортименте өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқару¬шы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді.
Кіріспе 3
Басқару есебі жөніндегі жалпы түсінік 5
Басқару есебінің мәні мен мағынасы 5
Басқару есебінің пәні оның объектілері 13
Басқару есебінің әдістері мен тәсілдері 14
Басқару есеп шешім қабылдаудың негізі ретінде 20
Шешім қабылдау және шектелген факторлар 20
Шешімдер қабылдаудағы басқару есебінің ролі 22
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиет 32
Басқару есебінде пайдаланылатын әдістер әр түрлі:
Басқару есебінің мақсаттары:
Басқару есебінің пәні – объектіге ықпал ету процесі немесе өндірістің ең жоғары тиімділігіне жету үшін ұйымды басқару мақсаты мен адамдардың қызметін үйлестіру процесі болып табылады. Басқару – басқару пәніне жоспарлаудың, ұйымдастырудың, үйлестірудің, ынталандырудың және бақылаудың көмегімен әсер етуді жүзеге асырады.
Басқару жөніндегі ғылым теориясы басқару есебінің пәні жөніндегі концепцияны құрады. Басқару есебінің пәніне жалпы түрде өндірісті басқару процесінің барлық жүйесіндегі объектілердің жиынтығы кіреді. Басқару пәнінің мазмұны ашатын оның көп санды объектілерін екі топқа біріктіруге болады:
Өндірістік ресурстардың құрамына кіретіндер:
Басқару есебінде бұл ресурстар кәсіпорынның, цехтар мен бөлімшелердің және өндірістік бөлімдердің қоймаларындағы өндірістік босалқылар ретінде танылады. Олар ауыл шаруашылығы өндіріс саласында өнім өндіруге шикізат ретінде қатысады.
Басқару есебі объектісінің екінші добына кіретіндер:
Басқару есебінде объектілердің басқадай топтамасы таңдалып алынуы мүмкін, бірақ ол қандай жағдай да басқарудың негізгі мақсаттарына жауап беруі керек.
Басқару есебі жүйесінде басқару объектілері белгілі бір өзгеше көріністе болады. Алдымен өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесіндегі мақсатты пайдалануы, қозғалысы, жағдайы бойынша көрсетіледі.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесінде басқару есебінің объектілерін көрсететін әртүрлі әдіс- тәсілдер жиынтығы – басқару есебінің әдістері деп аталады. Ол келесі элементтерден тұрады: құжаттау, түгелдеу, бақылау, бағалау шоттарын топтастыру және жинақтау, жоспарлау, талдау бақылау, мөлшерлеу және лимиттеу.
Құжаттау –
бастапқы құжаттар және кәсіпорынның
өндірістік қызметін жеткілікті толық
түрде көрсетуде басқару
Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес бастапқы есепті ұйымдастыруға кешендік қадамдар жасау мыналарды қамтамасыз етеді:
Түгелдеу объектінің нақты жағдайын көрсететін тәсіл.
Түгелдеудің көмегімен есептік көрсеткіштерден ауытқу анықталады: бірде есепке алынбаған құндылықтар, ал бірде жоғалтулар, жетіспеушілік, ұрлық көрсетіледі. Түгелдеу материалдық құндылықтардың сақталуына, олардың пайдаланылуын бақылауды, есеп ақпараттарының толықтығы мен жеткіліктігін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Топтастыру
және бағалау, бақылау шарттарын
пайдалану объекті эөнінде
Бақылау шоты – бұл жиынтық шот, яғни осы кезендегі операциялардың жиынтық сомалары бойынша жазулар жазылады.
Жоспарлау, мөлшерлеу және лимиттеу кәсіпорынның басқару жүйесіне кіреді.
Жоспарлау – ол нарық шартымен кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сәйкес жүргізуге бағытталған үздіксіз циклдік процесс. Ол келешектің мәселелерін шешумен байланысты. Егер жоспарлау статистикалық зерттеу мен шаруашылық қызметтің қорытындысын талдауға негізделген болса, онда ол тиімді.
Мөлшерлеу шығындарды өнім шығаруға жұмсаудың неғұрлым тиімді жолдарын іздеу және ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған оптималды мөлшер мен мөлшерлеуді кәсіпорын қызметінің барлық формасын қамтитын мөлшерлеу шаруашылығы құрады.
Лимиттеу - босалқылар мен шығындардың мөлшер жүйесіне негізделген, материалдық шығындарға бақылау жасаудың алғашқы сатысы. Лимит – мөлшерден шығатын, біреудің белгіленген шекарасы. Лимиттеу жүйесі тек ғана цехтағы материалды босату лимиті есебінен ғана емес, сонымен бірге есептік және бақылау операцияларынан тұрады. Сондықтан басқару есебі жүйесінде мөлшерлеуі материалдық шығындардың құрылуына белсенді әсер етуіне мүмкіндік беретін жедел ақпараттар ролін атқарады. Талдау процесінде өндірістің тиімділігі мен нәтижесінде пайда болған ауытқулар мен олардың есептері анықталып, соған сәйкес басқару шешімдері қабылданады.
Бақылау – кәсіпорын қызметіне алдын-ала белгіленген тапсырмаларды орындауға бағытталған жоспарлау мен талдаудың қорытынды процесі. Бақылаудың негізгі жүйесі кері байланысқа қызмет етеді, яғни ол бақылау – өлшеу қызметтерін жүзеге асыру үшін сенімді, керекті және мақсатты ақпараттарды береді. Бақылаудың әр түрлі жүйелері мен түрлері бар. Олар барлық уақытта өзгереді, қызметтің өзгеше сферасын көрсете отырып, әрбір кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты болады.
Әдістің барлық элементтері бір-бірінен жекеленген түрде емес, басқару мақсатындағы шешімдерге бағытталған ішкі шаруашылық байланыс жүйесінде бірігіп әрекет етеді.
Бухгалтерлік аналитиктер дайындаған ақпараттар шешімдер қабылдаудағы олардың соңғы әсер етуімен қарастырылуы крек, яғни басқару есебін дұрыс қабылдау үшін қажетті шартты шешімдер қабылдау процесін түсіну болып табылады: жоспарлау процесі, бақылау және реттеу процесі.
Көрсетілген шешімдер қабылдау модельдерінен байқағанымыздай, алғашқы бес кезең шешімдер қабылдау процесін немесе жоспарлауды көрсетеді. Жоспарлау мәні жағынан шешімдер қабылдау жөніндегі жұмыстарды және альтернативтік варианттардың арасынан таңдауды жүзеге асыру болып табылады. Соңғы екі кезең таңдалып алынған альтернативтік варианттарды жүзеге асыру мақсатымен нақты көрсеткіштерді түзетуден және бағалаудан құралатын басқару процесін көрсетеді.
Фирма қоғам жағынан шектеуге ұшырған. Қоршаған ортаны тазалауды қолдау, кәсіпорынның инфоқұрылымын және демалыс пен ойын – сауық орындарын құру.
Шешімдер қабылдау процесінің екінші кезеңі алға қойған мақсатқа жету үшін жұмыстың мүмкін болатын варианттарын іздеумен аяқталады: Егер компанияның әкімшілігі өнімнің ассортименті мен бүгінгі күнгі нарықтағы өтімділікке ғана назар ауларса, онда ақша қаражаттарының қозғалысы мен өз өнімінің нарықта өтуінің тарылуына алып келетін тенденцияға бақылау жасаудан шығып қалады, яғни қауіп пайда болады. Ол келешектегі нарықтағы бәсекелестікті ұстап тұру үшін қажетті, жеткілікті ақша қаражаттарын басқару мүмкіндігінен айырылады. Ең жоғары мөлшерде ақша қаражаттарының құйылуы дамыған экономика жағдайында мүмкін болатын жағымды және жағымсыз тенденциялар жөнінде әкімшіліктің үнемі ақпарат алып отыруы және келешектегі әр түрлі күтпеген жағдайлардан компанияны қорғауға болатын шараларды бірден қабылдау үшін маңызды болып табылады.
Компания келесі жұмыс варианттарының біріне немесе бірнешеуіне сүйенуді ұсынады:
Істің алтернативтік варианттарынан кейін күтілетін конъктура және экономикалық жағдайлардың өзгерісі жөніндегі ақпараттарды алудың қажеттілігі туындайды. Бұл шешім қабылдау процесінде ең қиын және маңызды кезең.
Істің ықтимал сферасы анықталғанда, әкімшілік өзінің қызметінің мүмкін болатын, өсу қарқынын бағалауды, компанияның мүмкіндігін сәйкесінше нарықтағы үлесінде ұстауды және әр түрлі экономикалық ортадағы істің әрбір альтернативтік варианттары үшін ақша қаражаттарының қозғалысын жүзеге асыру керек. Өзінің шешімін күтетін мәселелер құбылмалы және түсініксіз экономикалық ортада болуы мүмкін, сондықтан істің әрбір альтернативтік варианттарға әсер етуі мүмкін және шешім қабылдауда бақылаудан тыс болатын белгілі факторларды қарау қажет. Бұл басқарылмайтын факторлар – экономикалық орта деп аталады. Экономикалық ортаның осындай мүмкін болатын жағдайларына экономикалық шум, инфляцияның жоғары деңгейі, өндірістің түсуі, бәсекелестіктің күшеюі мысал бола алады.
Жоғарыдағы айтылған ақпараттардың негізінде фирманың таңдап алған варианттары оның ресурстарының өндірісте ұзақ уақыт қалыптасуына шақырады және фирманың жағдайы экономикалық ортаның әсеріне байланысты болады. Таңдалып алынған курс келешекте қабылдауы мүмкін шешімдерді және фирманың ұзақ мерзімді және стратегиялық деп аталады.